жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
жоспар
Бөлім: |
1 – бөлім: Туған жерім -аялы алтын бесігім |
|||||||||||
Педагогтің Тегі, Аты, Әкесінің аты : |
|
|||||||||||
Күні: |
|
|||||||||||
Сынып: 6 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Әбу Насыр Əл-Фараби «Қашықтасың туған жер» өлеңі
|
|||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: |
6.2.3.1- шығармадағы көркем ауыстыруларды (троптарды: метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола, литота, аллегория, антитеза, градация, арнау) анықтау; 6.1.4.1- көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту |
|||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Шығармадағы көркем ауыстыруларды (троптарды: метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола, литота, аллегория, антитеза, градация, арнау) анықтап, мысалдар келтіре алады. Көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқып, жатқа айта алады |
|||||||||||
Сабақтың барысы |
||||||||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||
Сабақтың басталуы 5 минут
Сабақтың ортасы 5 минут
5 минут
6 минут
7 минут
6 минут
7 минут
Сабақтың аяқталуы 4 минут
|
Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу. Психологиялық ахуал «Гүлмен тілек». Топқа бөліну 1-топ: «Шаңыт» 2-топ: «Зиялы» 3-топ: «Тұтам» Ой шақыру Мінез бен ақыл жарасса, адамгершілік ұтады. Әл-Фарабидің осы нақыл сөзінде ақынның айтпақ ойына талдау жаса https://youtu.be/fiPOWrEUph8 бейнесабақтымұқият тыңдау Өлеңді мұқият оқы. Қашықтасың туған жер Қашықтасың туған жер – қалың елім, Небір жүйрік болдырып жарау деген. Шаршадым мен, қанатым талды менің, Шаңыт жолға сарылып қарауменен. Кері оралмай жылдарым жатыр ағып, Қасіреттің жасына көз жуынар. О, жаратқан, көп неткен ақымағың, Құм сықылды тез ысып, тез суынар. Зиялы аз бір тұтам тіршілікте, Әкімдікке күллісі жүгіреді. Көкірекпен сезініп, күрсініп көп, Жаным менің түршігіп, түңіледі. Аударған Аян Нысаналин
2-тапсырма. 25-бет(оқулықтан) Туған жерден жырақта жүрген ақынның сағынышын сипаттап, дәптерге жазыңдар. 6-тапсырма. 26-бет(оқулықтан) Топтық жұмыс Әр топ бір-бір шумақтан алып, шығармадағы көріктеу-айшықтау құралдарын тауып, дәптерге жазыңдар Үлгі: туған жер – эпитет Қасіреттің жасы – метафора Құм сықылды - теңеу Тапсырма Жұптық жұмыс «Қашықтасың туған жер» өлеңінің көркемдік және қолдану ерекшелігіне тоқталыңыз.
Тапсырма Жеке жұмыс «Блумның кубигі» әдісі бойынша тапсырмалар беру. АТА Ислам дәуіріндегі әдебиет қай ғасырларды қамтиды? Бұл дәуірдің көрнекті өкілдері кімдер? Әл-Фараби кім?
ТҮСІНДІР
«Қашықтасың
туған жер» өлеңінің
не туралы екенін түсіндір. НЕЛІКТЕН? «Қашықтасың туған жер» өлеңінде неліктен ақын жаны түршігіп, түңіледі? НЕГЕ? ҰСЫН Өлеңді мәнермен жатқа айтып бер.
Үйге: 9-тапсырма (оқулықтан)
Рефлексия БІЛІМ ҚОРЖЫНЫ
|
Психологиялық ахуал Оқушылар арнайы дайындалып келген гүлдерді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді және гүлдің астына жазылған аттары бойынша топқа біріктіріледі. Әр топ өз топтарына берілген шаңыт, зиялы, тұтам атауларының мағынасын түсіндіреді.
Әл-Фарабидің осы нақыл сөзінде ақынның айтпақ ойына талдау жасайды. Фарабидің өмірі мен шығармащылығына арналған бейнекөріністі көреді.
Оқулықтағы өлеңді мәнерлеп, мұқият оқиды.
Туған жерден жырақта жүрген ақынның сағынышын сипаттап, дәптерге жазады. Талдау жасайды.
Топтық жұмыста бір-бір шумақтан алып, шығармадағы көріктеу-айшықтау құралдарын тауып, дәптерге жазады.
Жұптық жұмыста өлеңнің көркемдік және қолдану ерекшелігіне талдау жасайды.
Жеке жұмыста «Блумның кубигі» әдісі бойынша 6 тапсырманы орындайды. Мәнермен өлеңді жатқа айтады
Оқушылар бүгін сабақтан сабақтан не үйренгенін айтып, тақырып бойынша түсінбеген сұрақтарын қойып, рефлексия жасайды.
|
Ауызша мадақтау Жарайсың!
Керемет
шешім! Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!
Берілген тапсырмалар дың барлығына жетон арқылы бағалау жүргізіледі.
-шығарма авторы жайлы айтады; -өлеңнің не туралы екенін түсіндіреді; -сұраққа жауап береді,. - үзіндідегі ойды автордың неліктен олай айтқанын дәделдейді; -жырды жатқа айтады.
|
Оқулық 6-сынып «Атамұра» баспасы 2018жыл
Қалыптас тырушы бағалауға арналған
тапсырма лар жинағы 6-сынып
Оқулық 6-сынып «Атамұра» баспасы 2018жыл
|
||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген