Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жүйелік блоктың ішкі құрылғылары"

Материал туралы қысқаша түсінік
колледж оқытушыларға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазалы көлік-техникалық колледжі









А ШЫҚ САБАҚ



Тақырыбы: Жүйелік блоктың ішкі құрылғылары







Курс :І

Тобы:69

Мамандығы: СОБ электромонтері

Пән оқытушысы: Каликова Ж.К.



















Әйтеке би кенті

«Бекітемін»

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: С.Нұралы

«____» _____________2016 ж.

Ашық сабақтың жоспары

Пәні:
Информатика

Мерзімі: 10.11.2016

Курс :І

Тобы:69

Мамандығы: СОБ электромонтері

Сабақтың тақырыбы: Жүйелік блоктың ішкі құрылғылары

Сабақтың мақсаттары:

а) БІЛІМДІЛІК: студенттерге жүйелік блоктың ішкі құрылғыларын меңгерту,олардың құрылысы мен жұмысына анықтамалар беру;
ә)
ДАМЫТУШЫЛЫҚ: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, ой өрістерін кеңейту, жаңа ақпараттық технологияға қызығушылығын арттыру;
б)
ТӘРБИЕЛІК: студенттерді , ұқыптылыққа, тәрбиелеу.

Оқыту нәтижелері:
- жүйелік блоктың құрылғыларын ажыратып бере алады;
- құрылғылардың жалғаныуын біледі;
-олардың қызметін біледі;;
- олардыбір-бірінен айырмашылығын біледі;


Негізгі идеялар: -
дербес компьютердің құрылғыларын көрсете отырып,жалғап қосып құрылымын көрсету; 
-уәжді ынталандыру, бірлесе отырып орындалатын жұмыстар негізінде материалды меңгеру, бір-біріне көмек беру;
- өзіндік ойын айта білуге дағдыландыру.
 


Сабақтың кезеңдері:

І. Ұйымдастыру кезеңі: а) оқушылармен сәлемдесу, тізім бойынша түгендеу;

Психологиялық ахуал

«Қонақ келді» ойыны

Екі қолдын алақанын беттестіріп, екі бас бармақты  бір – біріне ашып – жауып, «Ала – ала», балан үйрек саусақ «Немене?» шылдыр шумек саусақтар «Қонақ келді», кішкене бөбек саусақтар «келсе, келсін» ортан

терек саусақтар «Амансыз ба, амансызба?» содаң соң барлық саусақтар «Амансыз ба, амансыз ба?» деп бір бірмен амандасады.

Студентерді топқа бөлу. /Топқа бөлу жұмысы конфет тарату арқылы жүргізіледі.

ІІ. Үй тапсырмасы

1-тапсырма.

1-топқа: Ақпарат анықтамасы және оның берілу тәсілдері

тақырыбы бойынша ассоциация құру

2 топқа: Ақпарат түрлері және компьютерде ұсынылу формалары тақырыбы бойынша жүзім ағашын жасау

2 -тапсырма

Компьютердің негізгі құрамдас бөліктері тақырыбы бойынша

«Дебат диалог» ұйымдастырылады. Мұнда әр топ өздеріне берілген құрылғылар туралы кезекпе кезек айтып, жарысады.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіруЖаңа сабақ электрондық оқулықтың көмегімен жүргізіледі.Жүйелік блоктың ішкі құрылғылары.











Аналық платаАналық плата дербес компьютердің негізгі тақшасы болып табылады .Онда келесі құрылғылар орналасады :



  • Процессор


  • Шина 


  • Жедел жад


  • Тұрақты жад


  • Слоттар 


ПроцессорПроцессор-көптеген жартылай өткізгішті элементтерден тұратын және компьютерде барлық есептеулер мен ақпарат өңдеу жұмыстарын орындайтын электрондық микросхема. Қазіргі компьютерлерде бір немесе бірнеше процессорлар жұмыс істейді.

Процессор тікелей компьютердің класын анықтайды. Егер екі процессордың командалар жүйесі бірдей болатын болса, онда олар программалық деңгейде толығымен үйлесімді болады. Бұл бір процессор үшін жазылған программа екіншісі үшін де орындалатын білдіреді.

Шектелген үйлесімділікке ие болған процессорлар тобын процессорлар топтамасы деп атайды. Мысалы, барлық Intel Pentium процессорлары х86 топтамасына жатады.Бұлардың негізін қалаушы 16- разрядты Intel-8086 процессоры болып табылады.IBM PC компьютерінің ең алғашқы моделі осы процессордың негізінде құ

растырылған. Кейінірек Intel 80286, Intel 80386, Intel 80486 , Intel Pentium 60,66, 75,90,100,133;Intel Pentium MMX, Intel Pentium Pro, Inteil Pentium 2, Intel Celeron, Intel Pentium 3 процессорлары шығарыла бастады.Бұрын дербес компьютерлер үшін процессорлар шығаратын тек Intel фирмасы болса, кейінірек ADM, Cyrix фирмалары да процессор шығарумен айналыса бастады.

Процессордың бір-бірінен өзгешелігі олардың типтері мен ырғақтық жиіліктерінде. Ырғақтық жиілік- олардың жұмыс жылдамдығының көрсеткіші. Ол мегагерцпен өлшенеді.Мысалы, Intel Pentium типтегі процессорлар75,90,100,120,133,150,166,200 және 233 МГц жиілікпен жұмыс істейді.

ШинаПроцессор компьютердің басқа құрылғыларымен, соның ішінде ең алдымен жедел жадпен шина деп аталатын өткізгіштер тобы арқылы байланысқан. Шиналардың негізгі үш түрі бар: мәліметтер шинасы, адрестік шина және командалық шина.

Компьютердің жадысыКомпьютердің жады- оның құрамына міндетті түрде енетін элементтердің бірі. Ол бірнеше түрге бөлінеді және бір-бірінен өлшеміне , ақпаратты сақтау мерзіміне параметрлеріне қарай ажыратылады. Жадтың көлемі байтпен өлшенеді. Бір байт сегіз бииттен тұрады. Бит деп 0 мен 1 мәндерінің біреуін ғана қабылдай алатын ақпарат өлшемінің ең кіші бірлігін айтады.Сонымен 1 байт көлемдегі жадқа бір символ сақтауға болады. Қазіргі кездегі компьютерлердің жадының көлемі миллиондаған байтқа жетеді, сондықтан оны килобайт , мегабайт, гигабайт арқылы қысқаша өрнектеген ыңғайлы:


  • 1 Гбайт=1024Мбайт


  • 1Мбайт=1024 Кбайт


  • 1Кбайт=1024 байт


  1. Жедел жад немесе жедел есте сақтау құрылғысы ақпараттың кез-келген бөлігіне лезде қатынауды қамтамасыз етеді. Бірақ компьютерді өшірген кезде жедел жадтағы барлық ақпарат бірден жойылады. Дербес компьютерлердің жедел жадының өлшемі жылдан жылға өсіп келеді.Pentium типтес компьютерлердіңжедел жадының көлемі 8 Мбайттан 256 Мбайтқа жетеді. ОЗУ-дың құрылысы оны үнемі ұлғайтып отыратындай етіп жасалынған. Компьютердің жедел жадының көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы артады. 

    Қатқыл диск. Қатқыл диск үлкен көлемдегі мәліметтер мен программаларды ұзақ сақтауға арналған негізгі құрылғы.Шындығына келгенде ол бір диск емес бірнеше дискілердің жинағынан тұрады.Қатқыл дискінің негізгі параметрлеріне оның сыйымдылығы мен жұмыс өнімділігі жатады.Қазіргі кезде қатқыл дискінің көлемі 40 Гбайтқа жетті және ол одан әрі ұлғайтылуда.

    Жинақы-дискіге арналған дискенгізгіш. 1994-1995 жылдары аралығында дербес компьютерлердің құрамына кіретін диаметрі 5,25 дюймдік дискілерге арналған дискжетек алып тасталынып , оның орнына өлшемдері тура осындай болатын CD- ROM тасуыштарын енгізді. СD- ROM (Comact Disc Read-Mtmory)сөзінің қазақша аудармасы жинақы-дискіге негізделген тұрақты есте сақтау құрылғысы. Кәдімгі жинақы-диск көлемі 650 Мбайтқа жуық мәліметті сақтай алады. Мәліметтер көлемінің үлкен болуы мультимедиялық ақпараттарға тән, сондықтан CD-ROM дискжетегін мультимедия аппараттық құралдар қатарына жатқызады. Лазерлік дискіде таратылатын программаларды мультимедиялық басылымдар деп атайды.

    Бейнетақша. Монитормен бірігіп бейнекарта дербес компьютердің ішкі бейнежүйесін құрайды. Бейнені даярлаумен тығыз байланысты амалдардың барлығын бейнекарта деп аталатын басқару блогы атқарады.Қазіргі кезде кең тараған бейнеадаптер SVGA.Ол16,7 миллион түстерді экранға шығарып беруді қамтамасыз етеді.Экранның шешуі бейнекартаның негізгі параметрлері болып табылады. Әр монитор үшін өзіне сәйкес тиімді экран шешуі анықталған .Мысалы, өлшемі 14 дюйм болатын монитордың экран шешуі 640х480, ал 19 дюймдік экрандар үшін 1280х1024 шешу пайданылады.Мәтіндік құжаттармен жұмыс істеу үшін 640х480 шешулі мониторлар жеткілікті.Көптеген қолданьалы программалармен жұмысжасау үшін шешуі 1024х768 болатын мониторлар қажет болады.

    Дыбыстық карта. Дыбыс картасы программасы барлық компьютерлік жүйенің дыбысын реттейтін базалық реттеуішке жатады. Яғни ол дыбыс қаттылығын барлық түрін реттейді. Программалық және аппараттық құралдар дыбыстары осы дыбыс ретеуіш қойылған шек көлемінде жұмыс істейді, дыбыс реттеуіштерді индекация тақтасында орнатып болған соң оған таңбаша құрылады. Тышқанның сол жақ басқышын осы таңбашада шерту арқылыреттуіш – мастер ашылады. 

    Ол компьютерде орнатылған барлық дыбыс құрылғыларына әсер етеді. Т ышқанның осы таңбашада оң жақ басқышын шерту кеңейтілген терезені ашады да, дыбысты анықтауға болады: стерео баланс және әр құрылғыға өз дауыс тембірін беруге болады. 




Қоректендіру блогы




Енгізу-шығару порттары


Желілік тақша
















ІV. Білімді бекіту, пысықтау

Бұл кезеңде топтық жұмыстар жалғастырылады.


Топтарға тапсырма беріледі.

1-тапсырма


1-топқа

1
) Сөзжұмбақ шешу және блиц-сұрақтарға жазбаша жауап беру
:


2) «Ой қозғау» әдісі (суреттер бейнеленген кестені сәйкестендіріп толтыру).

О
қушылар әр құрылғының тұсына оның қандай құрылғы екенін жазады және сол туралы мәліметтер айтады.


3.Әліпби стратегиясы

Мұнда топ студенттері бүгінгі айтылған терминдерді тақтаға алфавит ретімен жазып шығады.


4) «Артығын тап»

Ж
үйелік блоктың ішкі құрылғыларынан артығын тауып, әр түрлі түске бояйды. Боялмаған ұяшықтарда орналасқан атауларға түсініктеме береді.


V. Сабақты қорытындылау, бағалау

- Тақырып бойынша түйін.


- Сабақта белсенділік танытқан оқушыларды бағалау және мадақтау.


VІ. Үйге тапсырма

Тақырып бойынша реферат дайындау

Оқып келу

Пән оқытушысы: Каликова Ж.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
26.10.2020
2966
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12