-
еңбек
қауіпсіздігі мен қорғауын ұйымдастыру және еңбек қауіпсіздігі мен
қорғауы саласының бақылаушы органдарының заңды актілерді ұстануын,
стандарт, қаулылар, өкімдер мен ұйғарымдарын
бақылау
-
еңбек қорғау
жағдайын жақсарту бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар
жоспарын әзірлеу
-
университет
бөлімдеріне міндетті медициналық қараулардан өту үшін мамандықтар
мен лауазымдардың тізімін құрастыруға және де заңнама негіздеріне
сәйкес еңбектің ауыр, зиянды немесе қауіпті жағдайларына байланысты
өтемақы мен жеңілдік берілетін мамандықтар мен лауазымдардың
тізімін құрастыруға; еңбек қауіпсіздігі мен қорғауы бойынша
нұсқауларды әзірлеуіне және қайта қарауына; еңбек қауіпсіздігі мен
қорғауы бойынша қызметшілердің оқытылуы мен білімдерін тексеруде
әдістемелік көмек көрсету
-
еңбек
қауіпсіздігі мен қорғауы бойынша жұмысқа жаңадан қабылданған барлық
қызметшілермен кіріспе нұсқама өткізу
-
өндірісте
болған оқиғаларды зерттеуде, кәсіби ауру, олардың себептерін
анықтау, оларды болдырмау іс-шараларын талдайды
-
арнайы киім,
аяқ киім және жеке қорғану құралдарының химиялық тазартуын,
кептірілуі мен жөнделуін, жуылуын, берілуі мен сақталуын
ұйымдастыру бойынша бақылау жүргізу
Еңбек ету
құқығы азаматтардың негізгі
құқықтарына жатады. Еңбек ету құқы деп еңбекке қабілеті бар адамның
өз еңбегімен өмір сүруге қажетті табыс табу мүмкіндігін
айтады.
«Республика азаматының еңбек
етуге құқы бар,ол әрбір адамның дербес өндіруші ретінде
немесе еңбек шарты бойынша өз
қалауына, қабілетіне және арнайы даярлығына сәйкес
еркін еңбек етуге мүмкіндік алу құқығын қамтиды...»
(Конституция, 19-бап).
Демек, азаматтар еңбек етуге
құқын еңбек шартын жасау және кәсіпкерлік қызметпен шұғылдану
арқылы жүзеге асыра алады. Азаматтардың басым көпшілігі еңбек шарты
арқылы еңбек етеді. Еңбек шартының
белгілері:
- еңбекші нақтылы еңбек
ұжымының құрамына енеді;
- еңбек шартында көрсетілген
қызметті орындайды;
- еңбек ұжымында белгіленген
еңбек тәртібіне бағынады;
- еңбектің
саны мен сапасына байланысты еңбек ақыны
алады;
- ұжымның
әкімшілігі еңбекшіге жұмыс істеуге лайықты жағдай
жасайды.
Еңбек шартының бір тарабы
– жеке адам. Ол өзінің
атынан еңбек шартын жасайды, өзінің еңбегімен қабылдаған міндетін
орындайды. Еңбек ету қабілеті 16 жастан, ерекше жағдайда 15 жастан
қалыптасады. Мектеп, техникум оқушыларын 14 жастан жұмысқа алуға
болады. Ол үшін ата-аналарының біреуі келісімін беру керек.
Оқушылар денсаулығына зиян келтірмейтін, жеңіл жұмысты сабақтан тыс
уақытта атқара алады.
Еңбек шарты
дегеніміз- қызметкер мен жұмыс
беруші арасында жазбаша түрде жасалынатын келісім, бұл құқықтық
сипат беретін нормативті құжат. Ол шарт бойынша қызметкер белгілі
бір мамандық бойынша жұмыс істеуге, еңбек тәртіптемесінің
ережелерін сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге
жалақысын уақтылы әрі толықтай көлемде төлеп тұруға
міндеттенеді.
Осы тақырыпты меңгеруге оқушыларға
:
-
алдымен оқушылар өздері меңгеріп көруіне
мүмкіндік беру. Әр оқушыға Еңбек шартының үлгісі беріледі, ол
бойынша мазмұнымен танысады;
-
оқытушының көмегімен барлық оқушылар
керекті мәліметті таба білуге ҚР Еңбек Кодексінің баптары экранға
көрсетіледі және талдау жасалады:
28 бап «Еңбек шартының
мазмұны»;
26 бап «Еңбек шартын жасасуға және жұмысқа
орналасуға салынатын тыйымдар және қойылатын шектеулер»;
30 бап «Еңбек шартының
мерзімі»;
32 бап «Еңбек шартын жасасу үшін қажетті
құжаттар» т. б.
Сөйтіп, оқушыларды ізденімпаздыққа үйрету
және өз ойларын еркін айтуға жағдай жасалады.