15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
“Жұлдыздар шеруі»
“Жұлдыздар шеруі»
1 — жүргізуші:
Сәлеметсіздерме! қадірменді қонақтар, аяулы ұстаздар мен оқушылар! Спорт және өнертану пәндер бірлестігінің айлығының жабылу салтанатына орай, мектебіміздің аудандық, облыстық пән олимпиадалар, ғылыми жорбалар мен байқаулардан, спорттық сайыстардың жеңімпаздары атанған оқушыларымыздың еңбектерін ел алдында дәріптемекпіз.
2 — жүргізуші:
Бұл шара 2026-2027 оқу жылының қорытындысы бойынша озат оқушыларды, дарынды таланттарды, спортшылар мен белсенділерді марапаттауға арналған салтанатты шара. Мектеп үздіктері мен мақтаныштарына алдағы уақытта биік-биік белестерді бағындыруды тілей отыра «Жұлдыздар шеруі» атты салтанатты шарамызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!
1 — жүргізуші:
Бүгінгі өткізіліп отырған шарамызды “Жұлдыздар шеруі» деп тегін атаған жоқпыз. Іс- шарамыздың мақсаты: оқу жылы бойындағы жетістікке жеткен ұстаздар мен оқушылардың еңбегін дәріптеу, ынталандыру, өзгелерге үлгі ету.Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында. . Сондықтан бұл шара мектеп мақтаныштарын ұлықтап, жетістіктерін жоғары деңгейде атап өтуге бағытталған.
1 — жүргізуші: Мектепте үздік оқып, ата-анасы мен ұстаздарының қуанышы болған оқушылар мен бір жылғы еңбек жолдарында үздік нәтиже көрсеткен ұстаздарымыздың еңбектері – мектебіміздің ғана емес, ауылымыздың да мақтанышы. Олардың болашағынан ел-жұрты үлкен үміт күтеді. Олардың барлығы да өз білімдерін дәлелдей алды. Олар сапалы білім, саналы тәрбие берген ұстаздардың еңбегін, аялап өсірген ата-аналарының үмітін ақтап, жүзден жүйрік шығып бүгінгі күні «Жұлдыздар шеруін» құрып отыр. Бүгінгі күн – үздіктер үшін де, ұстаздар мен ата-аналар үшін де қуанышты, салтанатты сәт.
2 - Жүргізуші: Биылғы жылы оқуышыларымыз білім биіктерін бағындырып, жақсы жетістіктерге жетті. Ел ертеңі, ақылына білімі сай тәуелсіз елдің жастары – Сіздерсіздер. Сондықтан да жауапкершілікті терең сезініп, әрқашан сенім биігінен шыға білулеріңізге тілектеспіз!
1-жүргізуші:
Білімдінің бұл өмірде жеңгені көп,
Білім қалар халқымның сенгені боп.
Білімді шәкірттердің тобын бүгін
Атадық «Жұлдыздар шеруі»-деп.
2-жүргізуші:
Ұрпағы,
ұландары текті жердің,
Қашанда
болмысына сүйсінемін.
Келешек ғалымдар
да, даналар да,
Шығады өздерінен деп
білемін!
- дей отырып , мектебіміздің үздік
оқушыларын ортаға шақырамыз.
1-жүргізуші: Алдарыңызда бүгінгі «Жұлдыздар шеруін» бастауыш сыныптың үздік оқушылары бастап келеді. Келесі кезекте 5-11 сынып оқушылары арасында өткен түрлі байқаулар мен олимпиадалар, ғылыми жоба, интеллектуалдық ойындар жеңімпаздары жүріп келеді.
2-жүргізуші: Сонымен қатар өнерлі жастар мен республика, облыс, аудан көлемінде спорттық жарыстарға қатысып, жүлделі орындар, алтын,күміс,қола медалдар жеңіп алып жүрген спортшы жастарымызды қарсы алыңыздар!
1-жүргізуші: Құрметті үздіктер, алдағы уақытта тек жақсы жетістіктеріңізбен, жоғарғы көрсеткіштеріңізбен қуанта беріңіздер. Бәріңізге ақ жол тілейміз!
2-жүргізуші: Бүгінгі тамаша кешімізде қаншама жаңа жұлдыздар жанды десеңші. Мектебімізге осындай жұлдыздар тәрбиелеген үшін ата-әжелеріне, ата-аналарына қамқорлығы, зеректігі , шыдамдылықтары үшін алғысымызды айтамыз.
1-жүргізуші:
«Жұлдыздар шеруі» салтанатының алғашқы құттықтау сөзі Көкдөнен ауылдық округінің әкімі Атабаев Төлеген Алпамысұлына және Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектебінің директоры Касеналиева Айгүл Аскербекқызына беріледі.
КОНЦЕРТ
2-жүргізуші: Біздің мектептің де білім беру мен тәрбие ісінде орындап келе жатырған миссиясы жоғары. Түрлі тақыптағы семинарларға, байқауларға, сайыстарға қатысуда өзіндік орны бар мекеме.Сондай байқауларға қатысып, жүлделі орындар иеленіп жүрген талапты да , талантты оқушыларымыздың қатарын толықтырып жүрген мектебіміздің Музыка пәні мұғалімі Нұғманова Қайнар Алимханқызы. Өнерлі оқушыларымыздың дарынды жастардың құрметіне дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалаңыздар!
1-жүргізуші:
Өнерді жанымменен түйсінемін,
Қашанда өнерлі жас сүйсінерім.
Әдемі би билесін мың бұралып,
Биімен шашу шашып бишілерім.
........................................................................................................................
сынып оқушыларының орындауындағы көңілді биді қарсы алыңыздар.
2-жүргізуші:
«Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй», — деп Абай атамыз айтқандай, назарларыңызға
ән: «.....................», орындайтын ............................................................................................................................
1-жүргізуші:
Өнерді жанымменен түйсінемін
Қашанда өнерлі жас сүйсінерім.
«Қазақ» биін билесін мың бұралып,
Биімен шашу шашып бишілерім.
Ортада «Ақшағала» фестивалінің жүлдегерлері ..........-сынып оқушыларының орындауында .................................. биі.
2-жүргізуші:
Күмбірлей күй естілсе домбырадан,
Көңілге шаттық сезім қондырар ән.
Шымырлап шыққан кезде шырқау көкке
Елітіп тұла бойың балбырыған. — деп сахнаға
.......................................................................................................................
1-жүргізуші:
Бар әлемнің биін билеп келемін,
Тынбай соққан даланың бір жүрегін.
Бетке алады тағдыры ортақ би елін,-
демекші ендігі кезекті «....................» биіне береміз, орындайтын «..........................» бишілер тобы.
2-жүргізуші:
Бойыңа бар сұлулық жиналғандай,
Мүсінің ақ мәрмәрдан құйылғандай.
Жарқ етіп шыға келген ел алдына
Әнші қыз тамылжыған әнің қандай,
..........................................................................................................................
МАРАПАТТАУ БӨЛІМІ
1-жүргізуші: Мағжан Жұмабаев атамыз: «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм қазақ жанына үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады» деген екен.
2-жүргізуші:
Ия,
мектепте тек білім алып қана қоймай,
сонымен бірге өмірлік өз жолымызды
қалыптастыра бастаймыз. Ортамен,
адамдармен қалай қарым-қатынас орнату
қажет соның бәрін осында үйренеміз.
Мектеп – өмірлік ұстазымыз. Барлығын
дерлік осында үйренеміз, көреміз, ой
түйеміз.
1-жүргізуші:
«Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! Бүгін біз мектептің ең үздік, ең талантты жастарын марапаттау үшін жиналып отырмыз. Дарынды шәкірт – елдің үміті, болашақтың шамшырағы!»
2-жүргізуші: Ендеше мектебіміздің «Жұлдыздар шеруі» салтанатты шарасы аясында мектеп үздіктерін марапаттау рәсімін бастаймыз. Марапаттау рәсіміне Көкдөнен ауылдық округінің әкімі Атабаев Төлеген Алпамысұлы және Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектебінің директоры Касеналиева Айгүл Аскербекқызы ортаға шақырылады..
1-жүргізуші:
Бойларыңда от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалыңдатып, шарықтаңдар әрдайым!
2-жүргізуші:
Үлгі бізге аталардың ерлігі,
Ұлағаты, өнегесі, еңбегң.
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі.
1-жүргізуші: Бүгінгі дарынды оқушыларымыз бен олардың ата-аналарын марапаттау кеші өз мәресіне жетті. Дарынды шәкірт – елдің үміті, болашақтың шамшырағы!» Жетістіктеріміз көп, оқушыларымыз алғыр, отбасымыз аман болсын!
2-жүргізуші:
«Құрметті қауым! Бүгінгі марапатталған оқушылар – біздің мектептің мақтанышы. Олардың жетістігі – ұстаздың еңбегі, ата-ананың мейірімі, өздерінің талпынысы. Дарынды жастарға қолдау көрсетейік, себебі олар – еліміздің ертеңгі көшбасшылары!» Осымен, бүгінгі «Жұлдыздар шеруі» атты салтанатты кешімізді жабық деп жариялаймыз! Келесі жылығы жұлдыздарды жаққанша сау саламатта болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген