Тақырып бойынша 11 материал табылды

“Жұлдызды аспан ”

Материал туралы қысқаша түсінік
Аспанмен танысу ондағы шоқжұлдыздардың бейнелері, галактикалар құрылымы мен пайда болуы туралы зерттейтін космология ғылымы мен космогония космостық денелер мен олардың жүйелерінің дамуының зерттелуі жайлы баяндалады. Сол сияқты күннің жылдық көрінерлік қозғалысын, шоқжұлдыздар туралы түсініктер беріледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, № 33 орта мектептің 11 ”А“ сынып оқушысы Жандос Мирастың “Жұлдызды аспан ” атты ғылыми жобасына





Пікір



Біздің күнделікті өмірде аспан әлемінің сырлары, жұлдыздар мен шоқжұлдыздарды танып білу, тереңірек түсіну.

Аспанмен танысу ондағы шоқжұлдыздардың бейнелері, галактикалар құрылымы мен пайда болуы туралы зерттейтін космология ғылымы мен космогония космостық денелер мен олардың жүйелерінің дамуының зерттелуі жайлы баяндалады. Сол сияқты күннің жылдық көрінерлік қозғалысын, шоқжұлдыздар туралы түсініктер беріледі.



















Жоспары



І Кіріспе

ІІ Зерттеу бөлімі.

2.1 Күннің көрінерлік жылдық қозғалысы

2.2 Жұлдызды аспан

2.3 Жұлдыздар мен шоқжұлдыздар арасы



ІІІ Қорытынды



ІҮ Пайдаланылған әдебиеттер

























Анотация.

Научный проект ученика 11 «А» класса средней школы

33 Жандос Мирас на тему «Звездное небо»





В работе собраны ценные сведения, касающиеся астрономических прогнозов, возникших под влиянием интересов людей к тайнам небесного мира, а также наименования природных явлений.



Научные прогнозы иследования:



Иследование и изучение небесных явлении помогло бы людям предотвратить случайные стихийные явление и узнать их причины.

Теоретическая значимость иследования:



Провести разносторонные изучение тайн небесного мира, основываесь на накопленный опыт народа, живущего под небосводом.





Методы иследования:



Сбор материалов о тайнах небесного мира, обобщение, сопоставление и анализ.









Annotation.

The scientific project of the pupil 11 «А» form of the secondary

school № 33 Zhandos Miras on the theme «Star Sky»





There is valuable information concerning аstronomical prognosis arised under the influence of people’s interest to the mysteries of celestial world and the names of natural appearances.



The scientific prognosis of the project:



Researches and studying celestial appearances will help to the people to avert casual elemental appearances and to know their reasons.



The theoretical meaning of the project:



To held versatile learning of mysteries of celestial world founding on accumulated experience of the people liveng in the world.



Methods of research:



Collection of the materials about mysterious celestial world6 generalization compare and analysis.









Аннотация.

33 орта мектептің 11«А» сынып оқушысы Жандос Мирастың «Жұлдызды аспан» тақырыбындағы ғылыми жобасы.





Адамдар аспан әлемінің құпиясына қызығушылығынан туындаған астрономиялық болжамдар, табиғат құбылыстарына, ұқсастығына байланысты атаулар құнды деректер мен мәліметтер жинақталған.





Зерттеудің жұмысының ғылыми болжамы:



Қазақ халқының ұғымындағы аспан әлемі туралы мағлұматтары кездейсоқ оқиғалар мен тосын жайттардың алдын – ала білудің септігін тигізер еді.



Зерттеудің теориялық мәнділігі:



Аспан әлемінің астында өмір сүрген адамдардың аспан құпияларын жан – жақты зерттеп халық даналығы мен байланыстыра отырып талдау жасау.

Жұмыстың орындалу әдісі



Аспан әлемі құпиялары туралы жазылған материалдырды жинақтау, ой қорытып талдау жасау.









Ұсыныс





  1. Әлемнің ғажайып сырлары туралы және аспан денелерінің физикалық табиғаты туралы зерттеулер факультатив сабақ бағдарламасына еңгізілсе.





  1. Ғылыми-техникалық дүниенің қазіргі табиғи ғылыми бейнесін қалыптастыруда негіз болып табылатын табиғатының іргелі заңдарын танып білудегі астрономияның ролін көрсету.































Жандос Мирастың ғылыми – жұмыс барысында жүргізген жұмыстарына арналған күнделік







Уақыты

Атқарылған жұмыстар мазмұны

Қатысқан оқушы

15.09.2017

Мен бұл күні зерттеу жұмысымды қолға ала отырып аспан әлеміне байланысты кітаптар оқи отырып материалдар жинақтадым

Жандос Мирас

25.09.2017

Аспан әлеміндегі жұлдыздардың орналасуымен атауларын анықтадым

Жандос Мирас

07.10.2017

Күннің көрінерлек қозғалысы мен жұлдызды аспанның көрінерлік қозғалысы жайлы мәлімет жинадым

Жандос Мирас

20.10.2017

Мен бұл күні жұлдыздардың орналасуы мен белгіленулеру жайлы суреттер жинақтадым

Жандос Мирас

15.11.2017

Зерттеу жобама бағыт-бағдар беріп отырған жетекшіммен бірге зертханалық құралдармен танысып, қызықты мағлұматтар жинадым

Жандос Мирас







Кіріспе

Қазақ хал қы табиғат құбылыстарының, атап айтсақ, күн мен түннің алмасуын, айдың жаңалануын, жыл мезгілдерінің қайталанып отыруын аспан әлемін жіті бақылай жүріп, ұшан-теңіз мағлұмат алған. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса жинақталған тәжірибесін қорытып, жұлдызды аспан туралы астрономиялық түсінік-ұғымдарымен білім жиған. Соның нәтижесінде көшпенді халықтың тұрмыс-тіршілігіне, өмір сүру салтына орасан пайдасы бар байырғы қазақ күнтізбесі қалыптасқан. Күн, ай, тоқсан, жыл санау есебі мен жұлдыздар қозғалысын білу арқылы жайлауға көшу, күзеу мен қыстауға уақытымен келу, қой қырқу, күйек алу, мал төлдету, шөп шабу, соғым сою, т.б. шаруашылық мезгілдерін белгілеп отырған. Сол секілді ұлан-байтақ кең далада, таулы аймақтарда көшіп-қону, мал бағу, жолаушы жүру, жоқ қарау, аң аулау, қараңғы түнде жұлдызға қарап бағыт-бағдар белгілеп, өткел, суат, қоныс, құдықтарды дәл табуды қазақтар жете білген. Аспан әлемі туралы ғылым біздің ұлтқа таңсық емес еді. Ұлан-ғайыр даламызды мекендеген ежелгі халықтар, жеті қат көктің киесін таныған көне түркілер, данагөй халықтың одан бергі ұрпағының бәрі халықтық астрономияның негізін салды емес пе?

Жұлдыздарды тап басып анықтап, сегіз қиыр шартараптың жұмбағын ашқан, аспанға қарап, күнтізбені, ауа райы мен жағрафиялық орналасуды реттеген, уақытты жұлдыздар қозғалысы бойынша өлшейтін «Тоғыс» есебін жүргізген де – біздің халық. Одан қалды, орта ғасырлық обсерваторияларды да өз ұлыларымыз ашты.

Жақында Алматыда В.Г.Фесенков атындағы астрофизика институтының жанындағы бір метрлік телескоп ұзақ жылғы тоқыраудан кейін қайта іске қосылды. Институт қызметкерлерінің сөзіне қарағанда, мұндай телескоп Қазақстанда бар-жоғы үшеу ғана. Өзге телескоптардан ерекшелігі жаңа іске қосылған аспанды зерттеу құралы автоматты жүйеге көшірілген, яғни оны ғаламтор арқылы кез келген жерден басқара беруге болады. Оның тағы бір тиімділігі онымен студенттер де тәжірибе жүзінде таныса алады. «Бұл телескоп белсенді галактикалық ядроларды, айнымалы, қос жұздыздарды және басқа да аспан денелерін бақылап, зерттеуге арналған. Бұл Қазақстан ғылымындағы озық жетістіктің бірі болып саналады», – дейді институт қызметкерлері. Ғалымдардың айтуынша, ғарыштағы қоқыстардың жиналған жерін әлемдегі екі-ақ мемлекеттің территориясынан анық бақылауға болады. Оның бірі – АҚШ болса, екіншісі – Қазақстанның Алматы қаласы. Бүгінгі күні көптеген дамыған елдер ұшырылған жасанды жер серігінің қоқыстармен соқтығысып қалмауын алдын ала білу үшін біздің көмегімізге жүгінеді. Сондықтан жаңа қондырғының тек Қазақстан үшін емес, әлем мемлекеттері үшін де маңызы өте зор деп айтуға болады. Телескоптың ашылу салтанатына арналған жиында мамандар, бірнеше мәселені ортаға тастады. Ол – ең әуелі оқу орындарында астрономия, астрофизикадан мағлұмат беретін мемлекеттік тілдегі оқулықтардың жетіспеушілігі, екіншіден, ұлттық кадрлардың тапшылығы. Себебі ХХІ ғасырда ғарыш қызметі ұлттық мүддемізге қызмет етуі керек.

Жұлдызды аспан көрінісінің жыл бойындағы өзгеруі

 

Координаттардың экваторлық жүйесі. Жер бетіндегі кез келген елді мекеннің географиялық координаталармен бір мәнді белгіленетіні сияқты, шырақтардың аспан сферасындағы орны экваторлық координаттармен анықталады. Олармен таныспай тұрып, «аспан экваторы» және еңкею дөңгелегі» деген ұғымдарды енгізіп алайық.Аспан сферасының центрі арқылы өтетін және дүние осіне перпендикуляр жазықтық аспан сферасын QWQ1E үлкен дөңгелегі – аспан экваторы бойымен қиып өтеді. Аспан экваторы көкжиекпен шығыс (Е) және батыс (W) нүктелерінде қиылысады. Барлық тәуліктік параллельдер орналасқан.

Дүние полюстері мен бақыланатын шырақ арқылы өтетін аспан сферасының үлкен дөңгелегі шырақтың еңкею дөңгелегі деп аталады.

Аспан экваторының жазықтығынан еңкею дөңгелегі бойымен есептегендегі шырақтың бұрыштыққашықтығы шырақтың еңкеюі деп аталады. Еңкею градуспен, минутпен және секундпен өрнектеледі. Аспан экваторы аспан сферасын солтүстік және оңтүстік жарты шарларына бөледі.

Аспан сферасының тәуліктік айналысы тәуліктік айналысы кезінде аспан экваторына қатысты жұлдыздардың орындары өзгермейді. Сондықтан да экваторлық координаттар (географиялық координаттар сияқы) карталарды, атластарды, каталогтарды (жұлдыздың тізімдерін) жасауға қолданылады.Өздеріңнің жұлдызды карталарыңнан сендер дүниенің солтүстік полюсін (картаның центрін), аспан экваторын, көктемгі күн теңелу нүктесін, жұлдыздардың еңкеюі мен тік көтерілуінің санақ басын таба аласыңдар. Олай болса, осы картаны пайдалана отырып, жұлдыздардың экваторлық координаттарын жуықтап анықтауға болады.Картография объектілері Жер, аспан денелері, жұлдызды аспан және әлем болып табылады. Картографияның неғұрлым танымал түрлері жалпақ карта, рельефтік және көлемді карта, глобус түріндегі кеңістіктің үлгі-белгілік модельдері болып табылады. Олар қатты, жалпақ немесе көлемді материалдар (қағаз, пластик) немесе бейне маниторда бейнелеу түрінде ұсынылуы мүмкін.

Күннің жылдық көрінерлік қозғалысы.

Экваторлық координаттары көптеген айлар бойы, тіпті жылдар бойы өзгеріссіз қалатын жұлдыздармен салыстырғанда альфа мен бетасы жылдам өзгеретін шырақтар да болады.

Күннің жыл бойындаы қозғалысын ежелгі астрономдар сол кездің өзінде-ақ білген. Бірақ бұл бақыланатын құбылысқа Жердің Күнді айнала қозғалатыны анықталғаннан кейін ғана дұрыс түсінік береді. Күннің эклиптика бойымен өтетін көрінерлік қозғалысы – Жердің Күнді айнала шынайы қозғалысының көрінісі.

Күннің жылдық қозғалысы және жұлдызды аспанның көрінісі.

Аспан сферасындағы ұзақ уақыт аралығында тіптен өзгермейтін жұлдыздардың орындары экваторлық координаттар жұбымен бірмәнді анықталады, жұлдызды аспанның көрінісі тәуліктің белгілі бір сәтінде Жердің белгілі бір орнында өзгермегендей болып көрінуі тиіс еді. Бірақ олай емес. Жұлдызды аспанның жылжымалы картасын (ЖАЖК) пайдалана отырып, қай-қайсыларың да жыл бойында жұлдызды аспанның көрінісі үздіксіз өзгеріп отыратынына көз жеткізе аласыңдар. Мысалы: әр мезгілде аспан меридианы тұсынан түн ортасында әр түрлі шоқжұлдыздар бірінен соң бірі өтеді. Осындай бақылаулар Күннің тік көтерілуінің өзгерісі туралы қорытындыға әкелді. Шын мәнінде, түн ортасында, Күн көкжиек астындағы төменгі шарықтау шегінде тұрған жұлдыздардан 12 сағ-қа алшақтайды. Бірақ та жылдың әр түрлі күндерінде түн ортасында әр түрлі жұлдыздар шарықтау шегіне жететіндіктен, мұнан бірден-ақ күннің тік көтерілуі жыл бойында үздіксіз өзгеріп отырады деген қорытындыға келуге болады.

Галактикалар мен жұлдызды жүйелердің эволюциясы

Галактикалардың құрылымы мен пайда болуы туралы зерттейтін космологиямен ғылымымен қатар космогония (грекше: “гонейа” – туылу деген мағынаны білдіреді) – космостық денелер мен олардың жүйелерінің шығу тегі мен дамуын зерттейді (космогонияның планеталық, жұлдыздық, галактикалық түрлері бар). Галактикалар дегеніміз, тек шар тәрізді ғана емес, спираль, эллипс, т. б. тәрізді ортасында ядролары бар жұлдыздар мен олардың жүйелерінің алып жиынтықтары болып саналады. Галактикалар миллиардтап саналады, сондай – ақ олардың әрқайсысында миллиардтаған жұлдыздар бар.

Болжамдар бойынша галактикалар ең ауыр элементарлық бөлшектер - гиперондардан тұрады, кейін жұлдыздар заттардың фрагменттелуі нәтижесінде түзілген. Бұл заттар галактикалардың ядросында әлі де кездеседі деген жорамалдар да бар. Кеңейетін Ғаламның теориясы астрономияның прогресіне себеп болған, бірнеше қиындықтармен кездесті. Үлкен жарылыстан кейін шексіз тығыздығы бар нүктеден ұшып шыққан зат, өзара тартылыс әсерінен бір – бірін тежеп, олардың жылдамдығы төмендеу керек. Бірақ тоқтау үшін бүкіл Ғаламның массасы да жетпейді. Осыған байланысты ғылымда 1939 жылы Ғаламдағы “қара ойықтар” туралы гипотеза пайда болды. Бұл ойықтар көзге көрінбейді, бірақ олар Ғаламның массасының 9/10 бөлігін құрайды.

Сонымен “қара ойықтар” дегеніміз не? Егер кез келген заттың белгілі бір массасы сол массаға шекті болып табылатын аз деңгейге жетсе, онда бұл зат өзінің тартылыс күші әсерінен тығыздала бастайды. Тығыздалу әсерінен затың массасы көбейіп, сәйкесінше заттың тартылыс күші де жоғарылай бастайды. Бұл тартылыс күшін жеңу үшін заттың жылдамдығы жарықтың жылдамдығынан да жоғары болуы тиіс. Сондықтан да “қара ойық” сыртқа ештеңі де шығармай, ешқандай жарықты шағылыстармайды, яғни көзге де көрінбейді. Сондай ақ “қара ойықтың” ішінде кеңістік өз бағытынан ауытқып, уақыт баяулайды. Осы “қара ойықтар” галактикалардың ядросын құрап, өте қуатты энергия көзі болған және олар жұлдыздарға дейінгі зат, яғни олардан жұлдыздар пайда болған деп жорамалданады.

1963 жылы квазарлар (квазижұлдыздық радиосәуле көзі) - ғаламдағы радиосәулелердің аса қуатты қайнар көзі ашылды. Олардың жарығының күші галактикалардың жарығынан жүздеген есе артық, ал көлемі олардан ондаған есе аз. Квазарлар – жаңадан түзілген галактикалардың ядролары болып табылады, яғни галактикалар әлі түзілу үстінде деген болжамдар бар.

Астрономиялық бақылаулар, галактикалардың ядроларынан үздіксіз сутегі бөлінетіндігін көрсетті. Барлық химиялық элементтердің бастапқысы, яғни сутегінің атомы, басқа химиялық элементтердің ішіндегі ең қарапайымы болып табылады – ол оның ядросындағы бір протоннан және орбитасында айналып жүретін электроннан құралған. Нуклеосинтез теориясына сәйкес, сутегіден жұлдыздардың қойнауында атомдық реакциялар нәтижесінде күрделі атомдар түзіледі. Жұлдыздың массасы неғұрлым көп болса, соғұрлым күрделірек атомдар түзіледі. Біздің күніміз кәдімгі жұлдыздар секілді сутегіден тек гелий ғана шығарады (ол галактикалардың ядроларын түзеді), ал аса ірі жұлдыздар тірі заттың негізгі элементін - көміртегін жасап шығарады. Жұлдыздардағы нуклеосинтез теориясы физикалық эволюция мен химиялық элементтердің таралуын, олар алғашқы жұлдыздардың сутегі мен гелийдің қоспасынан тұратын заттардан түзілген деген жорамалмен жақсы түсіндіреді. Ядролық реакцияларды ғаламның космологиялық ұлғаю деңгейі мен осыған байланысты оның температурасының төмендеуіне байланысты қарастырып, қазіргі кезде бақыланып отырған әртүрлі химиялық әлементтер мен изотоптардың қатынасын байқауға болады. Нуклеосинтез теориясына сәйкес, Жер бастапқы заттан емес, жұлдыздарда жүріп өткен нуклеосинтез реакцияларының нәтижесінде түзілген заттан пайда болған. Яғни, барлық элементтердің түгелдей (олардың ішінде ауыр металлдардың да – темір, қорғасын және т.б.) ғаламның алғашқы ұлғаю кезеңімен байланыстыру тіпті қажет те емес. Біздің галактикамызда орналасқан Құс Жолының жас мөлшері жайлы астрономдардың бір бөлігі ол әлі жас және Құс Жолында жұлдыздардың пайда болу үрдістері жүріп жатыр деген пікірді ұстанып отыр. Сондай – ақ Құс жолында айналып жүрген газ бұлттарының болу мүкіндігі жоққа шығарылмайды. Коллапс процесінің нәтижесінде бұлттардан жұлдыздар пайда болады. Осыған сәйкес алуан түрлі жұлдыздық, бұлттық жүйелер де пайда болады. Жас және ескі жұлдыздардың құрамына анализ жасай отырып галактика эволюциясының кезеңдерін анықтауға болады. Ескі жұлдыздар галактика эволюциясының бастапқы кезеңінің құрамын көрсетеді. Жұлдыздардың металдық қасиеттерінің арақатынасы галактикадағы эволюциялық өзгерістер туралы ғана емес, сондай – ақ ғаламның химиялық эволюциясы жайлы да мәлімет береді. Жас жұлдыздарда ескі жұлдыздармен салыстырғанда металдық қасиет басым. Оның себебі, жұлдыздық орта өзіне ауыр элементтерді ескі жұлдыздарда нуклеосинтез процесінің нәтижесінде алып отырады, яғни олар дайын күйінде жаңа түзілген жұлдыздардың құрамына кіреді. Ғалам эволюциясы жұлдыздардың түзілу процестерінің әртүрлілігінің дәлелі. Жұлдыздардың түзілу процестерінің интенсивтілігінің деңгейі әртүрлі болған кезеңдерін бақылауға болады. Бұл процесті жұлдыздар шоғырларының нысандарынан байқай аламыз. Мысалға, орталығы шар тәрізді, линза нысанды жұлдыз шоғыры ұзік - үзік кезеңдерде пайда болған, ал түзілу үрдісі үздіксіз жүргенде эллипс тәрізді галактикалар пайда болған. Галактикада жас және ескі жұлдыздар, оның әртүрлі аймақтарында орналасқан. Сол себепті қозғалу жылдамдықтары мен химиялық қасиеттері бір-бірінен бөлек екі түрлі жүйе қалыптасады.Барлық аспан денелерін энергия бөлетін жұлдыздар және энергия бөлмейтін планеталар, кометалар, метеориттер мен космостық шаң деп бөлуге болады. Жұлдыздар энергиясы олардың қойнауындағы ондаған млн градусқа жететін температурада жүретін ядролық процестер нәтижесінде түзіледі, осы үрдіс кезінде аса күшті сіңетін қасиеті бар ерекше бөлшектер - нейтринолар бөлінеді. Галактикалардың жұлдыздық құрамы алуан түрлі. Қазіргі заманғы көзқарасқа сәйкес, жұлдыздар дегеніміз плазма, яғни аса тығыз, ыстық және үнемі будақтап тұратын газдың жиынтықтары. Дауылдар бұл затты кейде шақырымдық қашықтықа шашыратып тастайды. Олардың бір бөлігі қайтадан түсіп, қалғаны кеңістікте таралып кетеді. Жұлдыздардың пайда болу процесін Күннің пайда болуы моделі арқылы түсіндіруге болады. Күн дегеніміз сары түсті, негізгі қатардағы жұлдыз. Қатардағы деуіміздің себебі, жұлдыздардың түрлері өте көп, мысалға: қызыл алыптар, ақ карликтер, пульсарлар, нейтрондық жұлдыздар, квазарлар, қара ойықтар және т. б. Олардың барлығы да бірдей жолмен пайда бола алады. Галактикалардың әсер ету аймақтарында үнемі жұлдызаралық зат шоғыраланады. Бұл үрдісті қазіргі заманғы бақылау құралдарымен-ақ көруге болады. Олар протожұлдыздық бұлттар деп аталады. Бұндай бұлттар негізінен сутегі мен азғантай гелийдің қоспасы және де ауыр металдар бөліктерінен құралған. Гравитациялық күштер осы бұлттарды сығып, глобула деп аталатын орталық бөлігін қалыптастырады. Глобула пайда бола салғанда сығылудың әсерінен температура көтеріле бастайды. Бұл үрдіс темір, никель және одан да ауыр элементтердің түйіршіктерінің пайда болуымен қатар жүреді. Глобуланың температурасы жоғары болатын қабаттарында кремний, метан, аммиак және жеңіл элементтер түзіледі. Бұл заттар газды дискінің орталығына түсіп, нәтижесінде оның ішінде сақина қалыптастырады. Сақинаның өзі қозғалу барысыныда бөлшектермен соқтығысып, олар бір – бірінен жабысып, содан кейін планеталар түзетін астероидтарды құруы мүмкін.

Жұлдыздарды өзара түсі, жарығы, массасы мен спектрлік сипаттамасы бойынша ажыратады. Спектрі мен жылтырлығы өзгеріп тұратын – өзгермелі жұлдыздар (Тау Кита), стационарлық емес (жас) жұлдыздар, сондай – ақ жасы 10 млн жылдан аспайтын жұлдыздық ассоциациялар болуы мүмкін. Олардан көп мөлшерде жылулық емес сипатта болатын энергия бөлінетін аса жаңа жұлдыздар және тұмандық (газдардың шоғырлануы) түзілуі мүмкін. Бірақ жұлдыздардың құрамы негізінен бірдей болады. Көп жағдайда олар сутегі пен гелийден түзілген. Сонымен қатар ғаламда аса ірі жұлдыздар - қызыл алыптар мен аса ірі алыптар бар. Сонымен бірге көлемі өте аз, бірақ массасы күннің массасына жақын, радиустары күннің радиусының 1/50000 болатын (10-20 км) нейтрондық жұлдыздар да болады. Олардың нейтрондық жұлдыз деп аталуының себебі олар нейтрондардың ірі шоғырынан құралған.

1967 жылы пульсарлар, яғни – Жерге периодтық түрде келіп жететін радио-оптикалық, рентген және гамма сәулелерінің көзі болып табылатын сәулелердің ғарыштық көзі ашылды. Радиопульсарлардың (тез айналатын нейтрондық жұлдыздар) импульстарының периодтары – 0,03-4 сек, жай жұлдыздан нейтрондық жұлдызға заттың барлығы ағып өтетін қосарланған жұлдыздардың рентген пульсарлары – бірнеше және одан да көп секундты құрайды.

Аспан сырт көзге қарағанда үнемі тыныштықта болатын секілді. Ал шынында аспанда үнемі катастрофалар болып, жаңа, жас жұлдыздар түзіліп жатады

Жұлдызды аспан

Шоқжұлдыз дегеніміз не. Бұлтсыз және Айсыз түнде қала жарығынан алыс жерде көз алдымызға жұлдызды аспанның ғаламат көрінісі ашылады. Бір қарағанда жұлдыздар шашырандыын ажыратып білу мүмкін емес сияқты көрінеді. Ал мұны көптеген адамдардың білгісі келеді. Жұлдызды аспанды танып-білу қызық әрі пайдалы. Ол ежелден-ақ адамдардың назарын өзіне аударған. Мыңдаған жылдар бұрын адамдар неғұрлым жарық жұлдыздарды неше түрлі фигураларға (шоқжұлдыздарға) топтап, оларды ежелгі мифтер мен аңыздардың кейіпкерлерінің есімдерімен, жануарлардың немесе заттардың аттарымен атады. Жұлдыздар туралы әр халықтың өз мифі мен аңызы, өздері қойған аттары бар, оған қоса шоқжұлдыздар саны әр түрлі болады.

Бүгінгі аспан шартты түрде қатаң белгілі шекарасы бар 88 бөлікке бөлінген. Бұл бөліктер шоқжұлдыздар деп аталады, ол шоқжұлдызға оның шекарасының ішіндегі барлық жұлдыздар жатады, мысалы, Үлкен Аю шоқжұлдызына «ожауды» елестететін жұлдыздар ғана емес, сонымен бірге көптеген көмескі жұлдыздар да кіреді.

Жұлдыздың қандай да бір шоқжұлдыздарға жататыны Жерде тұрған бақылаушының бұл жұлдыздарды қатар көретіндігімен ғана анықталады. Шын мәнінде бұл «көршілік» шартты көрініс қана, өйткені кеңістіктегі жұлдыздар бір-бірінен аса үлкен қашықтықта орналасқан.

Әрбір шоқжұлдыздардың жұлдызы грек алфавитінің әріптерімен белгіленген. Олардың алғашқысымен әдетте альфа ең жарық жұлдызы белгіленеді, онан кейін бета, гамма, дельта, эпсилон және тағы басқа болып кете береді. Ең жарық жұлдыздардың жеке аттары бар: Века, Сүмбіле және тағы басқалар.

Басты шоқжұлдыздар. Біз алдымызға орта географиялық ендіктерде көрінетін барлық шоқжұлдыздарды танып-білу мәселесін қоймаймыз, олардың кейбіреулерімен ғана шектелеміз. Ол үшін біз сурет пен жұлдызды аспанның картасын пайдаланатын боламыз. әуелі Үлкен Аюдың бета және альфа жұлдыздары арқылы Кіші Аюдың альфа жұлдызын табамыз. Бұл Т Е М І Р Қ А - З Ы Қ, осы жұлдызбен Кіші Аю шоқжұлдызы «ожауының» сабы аяқталады. Темірқазықтың астыңғы тұсында көкжиекте солтүстіктің нүктесі бар. Мұны білу арқылы қай жерде тұрғаныңды, әлемдегі елдерді (солтүстік, оңтүстік, шығыс, батыс) оңай анықтауға болады. Егер де Үлкен Абдың эпсилон жұлдызы арқылы Кіші Аюға қарай кететін сызықты ойша одан әрі жалғастыратын болсақ, онда біз жарық жұлдыздары көзге төңкерілген М әрпін елестететін шоқжұлдызды көреміз. Бұл ҚАРА ҚҰРТ (Кассиопея) шоқжұлдызы. Орта ендіктерде Үлкен Аю, Кіші Аю және Қарақұрт шоқжұлдыздары жыл бойы батпай, батпай көрініп тұрады. Сондықтан да жұлдызды аспанмен біз осы шоқжұлдыздарды іздеуден бастадық.















Жұлдыздар мен шоқжұлдыздар арасында

Қазіргі заман талабына сай оқытудың жаңа әдістерін енгізу оқушыларды соған сәйкес біліммен қаруландыру.Қазіргі журналдардан оқып жүрген жұлдызды жорамалдар әрқайсысының өздерінің шоқжұлдыздары.Олардың қалай пайда болғанын олармен қандай аңыздар байланысты екендігі туралы түсініктер беріп, сабақта қызықты тартымды етіп өткізу әр мұғалімнің басты міндеті деп білеміз.Төменде «Жұлдыздар мен шоқжұлдыздар» тақырыбына өткен сабағымның жоспарын ұсынып отырмын.

Мақсаты:а)эстетикалық талғамды, әдемілікті сезе білуді,адам ойының күштілігін және оның қоршаған ортаны тану қабілетін түйсіне тебілуді де қалыптастыру.

б)оқушылардың білімдерін тексеру логикалық ой өрісін дамыту, шапшаңдыққа бірлесіп жұмыс істеуге баулу.

Көрнекілігі: Зодиак таңбаларының графикалық кескіні. Зодиак таңбалары шоқжұлдыз ЖАЖК, телескоп.

1.Әр шоқжұлдызда ең жарық жұлдыз болады.Мына төмендегі екі бағанның сол жағындағы сондай жұлдыздардың атаулары көрсеткен де, ал оң жағында олар енетін шоқжұлдыздар аталған.

Тапсырма: Осы екі ұғымды дұрыс қосып көріңдер.

  1. Алдебаран Бикеш

  2. Альтаир Үшарқар таразы

  3. Антарес Лира

  4. Арктур Аққу

  5. Бетельгейзе Үлкен аю жетіқарақшы

  6. Вега Егіздер

  7. Денеб Кіші аю

  8. Капелла Торпақ

  9. Дубхе Өгізше

  10. Кастор Бүркіт

  11. Темірқазық Сарышаян

  12. Процион Кіші арлан

  13. Регул Арыстан

  14. Сүмбіле Үлкен арлан

  15. Спика Арбашы

Зодиак таңбаларының графикалық кескіні.

1. тоқты(21 наурыз 20сәуір)

2. торпақ(21сәуір 20 мамыр)

3. егіздер(21 мамыр 20маусым)

4. шаян(21маусым 22шілде)

5. арыстан(23 шілде 23 тамыз)

6. бикеш(24 тамыз 23 қыркүйек)

7. таразы(24 қыркүйек 23 қазан)

8. сарышаян(24 қазан 22қараша)

9. мерген(23 қараша 22 желтоқсан)

10. ешкімүйіз(23 желтоқсан 20қаңтар)

11. суқұйғыш(21қаңтар 19ақпан)

12. балықтар(20ақпан 20наурыз

3.Аңыздар мен зодиак таңбалары

Аспан сферасының негізгі дөңгелегі деп эклиптика алынады. Күннің жылбойғы жүріп өтетін жолының сызығы қабылданған. Оған жуық тұстан біз Айды және планеталарды көреміз. Осы атласта қабылданған аспан меридиандары мен параллельдер жүйесі эклиптикалық деп аталады.Ортасынан өтетін эклиптика аспан сферасының беледеуінде жатқан шоқжұлдыздар зодиакалық деп аталады. Эклиптиканың солтүстік полюсі Айдаһар шоқжұлдызында орналасады.

Тоқты

Бұл аталған шоқжұлдызда бақылауға оңай объектілер жоқ, ал шоқжұлдызды құрап тұрған жұлдыздардың өздері солғын.Тоқты шоқжұлдызы Балықтар шоқжұлдызының шығыс жағында орналасқан және де қарашаның басында түн ортасында шарықтайды.Бұл шоқжұлдыздың жұлдызы Гамаль (арабша «сақа қой») деп аталады. Тоқты жұлдызын айнала қоршап тұрғандар Персей, Торпақ, Кит, Үлкен және Кіші Үшбұрыштар, Балықтар шоқжұлдыздары. Ертеде Тоқты шоқжұлдызы өте құрметтелетін, Египеттің жаңа патшалығының жоғары құдайын Амон Раны басын қойдікіндей етіп кескіндейтін, ал Луксордағы храмына апаратын жол қой сфинкстерден тұратын аллея болатын.Гректер Амон Раны Зевспен теңестіретін. Тоқты шоқжұлдызы алтын руно (терісі) бар тоқтының құриетіне тұжырымдалған деп есептеледі.

Торпақ

Торпақ шоқжұлдызы қыркүйектен бастап мамырға дейін көрініп тұрады.Ол желтоқсанның басында түн ортасында шарықтайды, оның ең жарық α жұлдызы Альбдебаран деп аталады(карта бетінде бұқаның сол жақ көзінде).Оның атауы Альбдебаран, яғни «келесі» (Үркерден кейінгі) деген араб сөздерінен құралған Осы шоқжұлдызда бақылауға мүмкін болатындай жұлдыздардың екі шоғыры бар Үркерлер мен Гиадтар.Торпақ шоқжұлдызын қоршаған шоқжұлдыздар: Персей, Үшарқар,Таразы, Кит және Тоқты. Ертедегі Египетте аспандағы Торпақтың аналогы ретінде, оған Күн түскенде табиғатты жандандыратын киелі бұқа (өгіз) Апис болатын, оған тірісінде тағзым қылатын және мүмиясын керемет табытқа салып, жерлейтін.Әрбір 25 жылда Аписті жаңалайтын.Оны Зевстің қабылдайтын бір бейнесі деп (Европаны ұрлап алған бұқа),Грецияда біздің біліуімізше, өте құрметтелетін.Критте бұқаға тағзым қылатын Минотавр, Элладаның ұлы батырлары (Геракл, Тесей, Ясен) бұқаларды бағындыратын.

Егіздер

Егіздер жарық екі жұлдызы бір біріне өте жақын орналасқан аспанда басқа шоқжұлдыздар жоқ та шығар.Жердің Солтүстік жарты шарында аспанда бұл зодиактік шоқжұлдыз барлығынан да жоғары көтеріледі,ол қаңтардың ортасында түн ортасында шарықтайды.Қазіргі уақытта жазғы күн тоқырау нүктесі сонда. Егіздер шоқжұлдызын мынадай шоқжұлдыздар қоршап тұр: Үшарқар, Сыңармүйіз,Кіші арлан,Шаян.

Өздерінің α және β Егіздерінің атауларын Троян соғысына күнәгер Сұлу Еленаның ағалары, Диоскур аргонавтары Зевс пен Леданың егіз ұлдары Кастор мен Полидевк (Поллукс) құрметіне алған еді. Бұл спартандық батырлардың өзара байланыстылығының күштілігі сондай, олар достықтың қамқоршы құдайы болды.Кастор керемет шебержүргізуші (арбашы),ол жас Гераклді ауыр қаруды игеруге үйреткен. Жұдырықпен күрескер Полидевк болған. Шайқаста Кастор қайтыс болғанда, Зевс Полидевекке өлмейтін қасиет берген, бірақ ол одан бас тартқан,құдайдың бұл сыйлығын ағасымен бөлісуге рұқсат сұрайды. Өтініші қатты толғандырып, әсер еткен Зевс ағайындарды аспанға орналастырып, кезектестіріп, біресе жер асты Аида патшалығында, біресе Олимпте өмір сүруге рұқсат етеді.Мифті бұл егжей тегжейіне дейін айтудың себебі: назар аударып бақылаушы бір күнде таң шапағында Паллуксті көріп қалатын периодттарды байқап қалады.Кемелердің матчталарында Эльма оттарының пайда болуы Егіздерді апайлары Сұлу Еленаның қатынауымен байланыстырады.

Шаян

Шаян зодиактік шоқжұлдыздардың ішіндегі ең бір көзге байқалмайтыны болса керек.Ол Арыстан,Гидра және Егіздер шоқжұлдыздардың арасында орналасқан. Оның орталығында тіпті қарусыз көзге көрінетін және бин окльмен оңай айырылатын жұлдызшоғыры Бесік тұр. Ертеректе Шаян шоқжұлдызында азғы күн тоқырау нүктесі болғанды, сондықтан тропиктердің бірі соның атымен аталады.Түн ортасында ақпанның бірінші жартысында шарықтайды. Шаянның ең жарық жұлдызы Акубенс (арабша Аль Зубанс) «қысқыш аяқ» (Шаянда) деп аталады.

Геракл лернейлік Гидрамен күресіп жатқанда, оған керемет үлкен теңіз шаяны шабуыл жасаған.Батыр оны жаншып жібереді,бірақ Гераклді жек көретін Гера шаянды аспанға орналастырады.



Арыстан

Арыстан ертеде үлкен Арыстан деп аталған болатын.Бұдан көп бұрын Арыстан шоқжұлдызында жазғы күн тоқырау нүктесі болғанды, оңтүстік елдерде ол түсте ыстық қатты көтерілетін, ал Мысырда Ніл өзені жайылатын.Сондықтан өзеннің суын каналдармен егіндікке бұратын шлюздердің қақпақтарын арыстанның басы пішіндес жасайтын. Қазір де біз арыстан бейнесі тұрған фонтандарды көріп қаламыз. Арыстанның ең жарық жұлдызын Регул (латынша «кньяз») деп атайды. Арыстан шоқжұлдызын қоршаған шоқжұлдыздар: Сілеусін, Кіші Арыстан, Бикеш,Тостаған.

Арыстан да Геракл туралы мифтерге қатысады,(Немей және Киферон арыстандары).





Бикеш

Бикешті әдетте кадуцеемен жыландармен оралған Меркурий асатаяғымен және масақпен кескіндейді.Масақ (латынша «Спика») деп шоқжұлдыздың ең жарық жұлдызын атайды. Бикеш оны сол қолымен ұстап тұр.Бикеш шоқжұлдызы аспан экваторында жатыр.Оны қоршап тұрған шоқжұлдыздар:Арыстан,Өгізші, Центавр және Таразы.

Ертедегі мифтерде Бикешті Кроностың әйелі және Зевстің анасы, Реемен бірдей деп санайтын. Содан кейін, Бикеш шоқжұлдызы Зевс пен Фемиданың қызы, тазалық пен күнәсіздіктің кейпі болатын аспанға шығарылған әділеттіліктің құдайы Астрей деп есептеген ең соңғы құдайлардың бірі болып, Жерден жез ғасырында кетті.

Таразы

Таразы шоқжұлдызы Бикеш пен Сары Шаянның аралығында орналасқан. Таразының жарық жұлдызы Зубенэльгенуби (арабша Лль Зубан аль Янубийях («Оңтүстік қысқыш аяқ»)(Шаянда) деп атайды.

Фемида олармен жақсылықпен жамандықты өлшейтін. Бұрын шоқжұлдыз Сарышаян қысқыш аяқтарында ұстап тұрған таразы ретінде кескінделген. Римнің ұлы ақыны Верглий осы шоқжұлдыз белгісінде туған император Августы әділеттілікті орнатушы ретінде мадақтайтын.



Сарышаян

Сарышаян шоқжұлдызы Мерген мен Таразы шоқжұлдыздарының аралығында Садака (Ага) шоқжұлдыздарынан терістікке қарай және жылан бөктергеннен оңтүстікке қарай орналасқан. Оның ашық қызыл түсті басқы α жұлдызы Антарес деп аталады грекше «Ареспен бақталас»(Марспен). Сарышаян шоқжұлдызы жанында сондай ақ Жылан бөктергенмен Бөрі шоқжұлдыздары орналасқан.

Артемедианың сүйіктісі аңшы Үшарқар Таразы бірде кез келген жануарды өлтіре алатынын айтып мақтанды. Оны жек көрген Гера оған Сарышаянды жіберген, оның шаққанынан ол қайтыс болады, содан кейін Сарышаянды аспанға апарып қояды.Қайғылы Артемедиа Зевстан Үшарқар Таразыны да аспанға апаруды өтінді.Тынық мұхитының аралдарының тұрғындарында Сарышаянның құйрығындағы әлсіз екі жұлдызды, Полинезияның басты құдайы Мауидің балық ұстайтын ілгегі деп атайды.Бірде осы ілгектің көмегімен Мауи мұхит түбінен Жаңа Зеландияны аулап алған деседі.

Мерген

Мерген шоқжұлдызының (Кротостың аспандағы бейнесі) шілденің аяғында тамыздың басында түн ортасында шарықтайды.Мерген ең жарық жұлдызы α Р,укбат(«тізе»,арабша Рукбать аль Рами «мергеннің тізесі») деп аталады.Мерген шоқжұлдызында жарық газды тұмандықтар мен жұлдыздар шоғырлары көптеп болады, бұларды бақылау оңай. Мерген шоқжұлдызынан Құс жолы өтеді.Мерген мына шоқжұлдыздармен қоршалған:Ешкімүйіз, Оңтүстік Таж, Сарышаян.

Аспанда екі Кентавр бар. Бірі Кротос пен Филираның ұлы, ертедегі көптеген батырлардың мұғалімі және тәлімгері, дәрігер, ақын және музыкант(біз ол туралы аргонавтар туралы әңгімеден білеміз), дана Хирон.Аңыз бойынша ол алғашқы аспан глобусын құрған,зодиакты шоқжұлдыздарға бөлген, сөйтіп аргонавтарға олардың жүзулеріне көмектескен. Аспан глобусын құрғанда ол өзіне де орын белгілеп қойған еді, бірақ оны тағы әрі қатыгез кентаврдың бірі Кротос немесе Несс,(олардан тіпті сарышаянның өзі қорқатын) жаулап алған екен.Гераклдың уланған жебесімен кездейсоқ жараланған Хирон өзі өліп, ал өлмейтін қасиетін Прометейге сыйлағысы келген кезде, Зевс оны аспанға орналастырғысы келеді.Бірақ зодиакта Хиронға қолайлы орын табылмайды да ,оның аспандағы кескіні Центаврдың оңтүстік шоқжұлдызы болды.



Ешкімүйіз

Ешкімүйіз шоқжұлдызы Мерген, Бүркіт, Суқұйғыш шоқжұлдыздарының аралығында орналасқан және тамыздың аяғында қыркүйектің басында шарықтайды.Ешкімүйіздің α жарық жұлдызын Гиеди не Альгеди деп атаған, арабша (Аль Жали) «маңдай» дегенді білдіреді.

Зевс Иде тауының үңгіріндегі қыстың ең қысқа күнінде туған.Әкесі Кротостың өзінің балаларын жеп қоятын қасиетін білетін шешесі Рея, жаңа туған нәрестені жасырып қояды.Өзінің сүтімен Зевсті ешкі Амальтея асырып шығады, сол үшін оны кейін аспанға Ешкімүйіз шоқжұлдызы ретінде орналастырады, ал оның мүйізінен молшылық мүйізін жасайды.басқа да аңыз бар:екіаяқты және мүйізді ,бақташылардың қамқоршысы ,Герместің ұлы Пан су жағасындаір орманның шетінде көңіл көтеріп жүреді. Бір мезетте Гея мен Тартаранның ұлы жүзбасты құбыжық Тифон оған шапқындық жасайды,үрейден Пан суға секіреді.Бір мезгілде оның артқы аяқтары балықтікіндей құйрыққа айналады.судың құдайы болған соң,пан жерге мол жаңбыр жібереді.

Суқұйғыш

Суқұйғыш шоқжұлдызы Ешкімүйіз, Балықтар және Пегас шоқжұлдыздардың аралығында орналасқан және қыркүйектің ортасында түн ортасында шарықтайды.Онда бет жарықтылығы онша үлкен болмағанднмен, ірі планетарлық тұмандық бар, оны тіпті жақсы телескоппен де көрінерліктей бақылау қиын.Аса жарық α жұлдызының атауы арабша Садальмелик (Са ад аль Малик),ол «әміршінің бақыты» дегенді білдіреді.

Осы жұлдызбен байланысты жалғыз ғана грек мифы бар бүкіл әлемдік су тасқыны, иманды Девкалин және оның әйелі Пирра туралы миф.



Балықтар

Балықтар шоқжұлдызы Тоқты мен Суқұйғыштың шоқжұлдыздарының арасында Андромеда мен Пегас шоқжұлдыздарының оңтүстік жағында орналасқан.Қазіргі кезде күн мен түннің көктемгі теңесу нүктесі сонда.Күн өзінің жылдық қозғалысында аспанның оңтүстік жарты шарынан солтүстікке өткенде сол нүктеден өтеді. Шоқжұлдыз қазанда түн ортасында шарықтайды.Оны құрайтындар бәсең жұлдыздар олардың ең жарығы Аль Риша «жіп», ол Солтүстік және Оңтүстік Балықтардан шығатын таспаның түйінімен байланысқан нүктеде орналасқан.

Зодикалдық шоқжұлдыздар сақинасын Балықтар шоқжұлдызы тұйықтайды. Шоқжұлдыздардың атауы туралы Ешкімүйіз туралы аңыз сияқты гректің версиясы бар. Афродита мен оның ұлы Эрот су жағасымен келе жатқанда, Тифоннан шошып,суға секіреді де, балықтарға айналады.

Ең ең....қызық сұрақ.

Жетіқарақшы (үлкен аю) шөміші тұтқасындағы екінші жұлдызы Мицардың әлсіздеу серігі бар,жарықтығы әлсіз бұл жұлдыз ежелгі уақыттан бері көздің қалыпты көретінін көрмейтінін анықтау эталоны болып келеді. Сол екі жұлдызды да көретін адам бұлтсыз түнде аспаннан 2.5мыңға дейін жұлдыз бақылай алады екен.

Сұрақ: Окулист дәрігерлердің көмекші осы жұлдыз қалай аталады?

Жауабы: Алькор деп аталады. Бұрынғы замандарда бірқатар елдерде жастарды әскер қатарына алғанда көзінің кінәратсыздығы осы жұлдызды көре алуына қарап анықтайды екен.





Қорытынды

Орта мектептi бiтiрушiлерге физика мен математикадан берiлетiн бiлiмдi дәйектейтiн физика және астрономия курсының алдында мынадай мiндеттер қойылып отыр:

Аспан денелерiнiң физикалық табиғатын және олардың жүйелерiн, әлемнiң құрылысы мен эволюциясын зерттеудiң әдiстерi мен нәтижелерi туралы бiлiм негiздерiн беру;

ғылыми-техникалық прогресте дүниенiң қазiргi табиғи ғылыми бейнесiн қалыптастыруда негiз болып табылатын табиғаттың iргелi заңдарын танып бiлудегi астрономияның ролiн көрсету;

әлем туралы бiлiмнiң дамуын аша отырып, ғылыми көз қарасты қалыптастыруға жәрдемдесу.

Осы программаға тән айрықша ерекшелiктер мыналар болады:

-физиканың және астрономияның қазiргi жетiстiктерiн көрсететiн тақырыптардың мазмұны мен курстық астрономияның бағытталуын әрi қарай күшейту. Соңғы жылдардағы қолы жеткен табыстардың нәтижелерi кезiнде ғылым мен халық шаруашылығы үшiн астрофизикалық зерттеулердiң мәнiн анық көрсету;

Қазiргi замандағы ғылыми-техникалық прогрестiң өсуiне байланысты әр бiр азаматтың жан-жақты болуын талап етедi. Сондықтан физика және астрономияның мектепте өтiлетiн курсының көздейтiн мақсаты балаларға негiзiнен жүйелi бiлiм беру, оқушыларға дидактикалық-материалистiк көзқарастың қалыптасуына көмектесу, астрономияның өмiрдегi практикалық маңызымен таныстыру.

Физика және астрономияның қауырт дамуы мен космос игеру мектепте жаңа мәселелердi түсiндiрудi талап етедi. Қазiргi кезде адамзат космосты игерiп, планеталарды автоматты станцияларды, бар модельдердi ұшырып тың мәлiметтерге ие болып отырған кезде мұғалiмнiң оқулық көлемiнде шектелiп қалуына болмайды. Негiзгi ғылыми есептеулер мен заңдылықтарға құралатын оқулықтың әсерi де мұны көрсетпейдi. Бұған дейiн күнделiктi мерзiмдi баспасөз, радио, телехабардан космос кеңiстiгi жөнiнде бiраз хабардар болған оқушыларға қосымша құрал керек болары сөзсiз.
















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
11.04.2018
2420
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11