«Жұлдызды сәт» ойыны
Ойынның
мақсаттары:
1. Оқушыларды қазақ тілінде ауызекі тілде еркін сөйлеуге үйрету;
қазақша байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру; сұрақтарға
тез, дұрыс жауап беруді меңгерту, сөзжұмбақтарды шешу арқылы
оқушылардың білімдерін шыңдап, ой-өрісін
кеңейту;
2. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, ауызша, жазбаша сөздік
қорларын дамыту; монологты сөйлеу шеберліктерін
жетілдіру;
3. Оқушылардың мемлекеттік тілге деген құштарлығын арттыру;
отаншылдыққа, мемлекеттік тілге деген құрметі, көптілді маман
болуға тәрбиелеу,тілдің үштұғырлығын насихаттау.
Сабақтың
көрнекілігі : тапсырмалар жазылған қиықшалар, таблица, эпиграфы
жазылған плакат, сөзжұмбақтар, тестік тапсырмалар,1-ден 5-ке дейін
сандар.
Ойынның
барысы:
1.Кіріспе.
Сәлеметсіздер бе құрметті
Ұстадар, қонақтар, оқушылар,сайсқа қатысушылар! Бүгінгі ойынымызға
қош келдіңіздер!(Қазақстан Республикасы туралы слайд
көрсетіледі)
-Біздің Отанымыз-Қазақстан Республикасы.Қазақстан Республикасының
өз Елтаңбасы,Әнұраны,Туы,төл теңгесі бар.Сонымен қатар Қазақстан
Республикасының Ата Заңы –Конституциясында белгіленген өз
мемлекеттік тілі бар.Ол,әрине,қазақ тілі. Қазақстан Республикасының
әр азаматының парызы-мемлекеттік тілді білу,оны құрметтеу.Биыл
Тәуелсіздігімізге 30 жыл толғалы отыр.Соған орай Қазақ
тілі апталығы аясында өткізіліп отырылған сыныптан тыс іс-
шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Бүгінгі біздің ойынымыздың мақсаты-осы мемлекеттік тіл-қазақ
тілінің білгірін анықтау. «Сайыс» сөзіне синоним тапсақ, «жарыс»,
«турнир» деген мағына береді. Сайысқа 4 оқушы қатысады. Олар Дарена, Альмансур, Мадияр,
Алишер қарсы алыңызар!
Тапсырма саны-4, әр кезең
сайын бір оқушы (аз ұпай жинаған) сайыстан шығады.
Соңғы кезеңге 2 оқушы шығады,солардың
арасынан жеңімпаз анықталады.
Сайыс мынадай кезеңдерден тұрады:
Таблода берілген
тақырыптарды әр қатысушы өзі таңдап,жауап
береді.
1.
«Тәуелсіздікке 30
жыл» Сұраққа жауап бер-5
ұпай;
2. «Грамматика».
-5
ұпай;
3. Қазақ әдебиеті-
5 ұпай;
4. «Әртүрлі
сұрақтар» -5 ұпай;
Көрермендермен
сайыс
3.Сайыстың жүруі:
1-кезең «Тәуелсіздікке-30 жыл».
Сайыскерлердің қолында 1-ден
10-ға дейін жалаушалар сандар. Бұл сандар тізім
бойынша беріледі. Қай сайыскер сан жазылған карточкасын бұрын көтерсе,сол
жауап береді.Тақырыпты әр қатысушы өзі таңдайды Жауабы дұрыс
болмаса, басқа сайыскерлер жауап бере алады.
2-кезең
«Грамматика» бұл кезеңде өткен тақырыптар бойынша грамматиканы еске
түсіреді
3-кезең «қазақ
әдебиеті» бұл кезеңде қазақтың ұлы ақындарын еске түсіру үшін
сұрақтарға жауап береді
4-кезең «Әртүрлі
сұрақтар» бұл кезеңде қатысушы логикалық сұрақтарға жауап
береді
Көрермендерге сұрақ
1.Жылдың төрт мезгілі
қазақша қалай аталады?(күз,қыс,көктем,жаз)
2. Қазақтың ұлы
ғалымы,Отырар қаласында туған өте білімді,өнерлі адам кім?
(Әл-Фараби)
3.
Бір ғасырда қанша жыл бар?
(100)
Ең аз ұпай жиналған
сайыскер ойыннан шығады.
Қалған сайыскерге жұмбақ ұсынылады. Әр тілге 5 ұпайдан,жалпы-15
ұпай беріледі. Ең бай адам-көп тілді еркін меңгерген адам.Ал көп
тілде еркін сөйлейтін адамды-ғылым тілімен «полиглот»
дейміз.Елбасының талабы бойынша,біздің мемлекетімізге көп тілді
білетін жастар керек. Сендердің
араларында полиглоттар бар деп ойлаймын.Оны тексеру үшін сендерге
жұмбақ жасырамын,сендер жауабын табасыңдар.Оны қазақ ,орыс, ағылшын
тілдеріне аударыңдар.
1.Темір тілді,күміс үнді. (қоңырау-звонок-ring)
2.Мамықтай ұлпа,қанттай ақ.
Қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қашады.
Немесе- қыста келген,көктемде
еріген (қар-снег-snow)
3.
Түк білмей барасың,
Тәлім аласың.
Есейіп кетсең де,
Қарыз болып қаласың. ( мектеп-школа-school)
5-кезең.
«Қазақстан» сөзінен сөз
құрулары қажет,ең аз сөз құрған сайыскер
ойыннан шығады. Ойын 5 ұпаймен
есептеледі.
6
–кезең. «Жорға» .Қалған екі сайыскер минут
ішінде берілген сұрақтарға жауап беру арқылы өзара жарысады.Әр
сұрақ 5 ұпаймен бағаланады. Көп ұпай
жинаған оқушы сайыс жеңімпазы болып саналады. Жеңімпаз
«Қазақ тілінің білгірі»
атты мақтау қағазымен
марапатталады.
1-ші сайыскерге қойылатын сұрақтар:
1.Тілдер күні
(22 қыркүйек)
2.«Оқушы» сөзінің синонимы (шәкірт)
3.Республика астаны (Астана қаласы)
4.Еттен дайындалатын ұлттық тағам
(бесбармақ,қазы-қарта,қуырдақ)
5.«Суффикс» сөзінің аудармасы (жұрнақ)
6.Аптаның бірінші күні (дүйсенбі)
7.Кабинет истории (тарих кабинеті)
8.Біздің аудан атауы (Бурабай)
9.Бала оқытатын адам (мұғалім)
10. Мемлекеттік әнұранның авторлары (Жұмекен Нәжімеденов пен
Нұрсұлтан Назарбаев,әні- Шәмші Қалдаяковтікі).
2-ші сайыскерге қойылатын
сұрақтар:
1.Тәуелсіздік күні (16 желтоқсан)
2.«Мұғалім» сөзінің синонимы (ұстаз,оқытушы)
3.Шығыс Қаз-н облысының орталығы (Өскемен
қаласы)
4.Бие сүтінен дайындалатын ұлттық сусын (қымыз)
5.«Корень» сөзінің аудармасы (түбір)
6.Аптаның соңғы күні (жексенбі)
7.«Кабинет русского языка и литературы» (орыс тілі мен әдебиет
кабинеті)
8.Адамды кім емдейді? (дәрігер)
9.Қалаға немен баруға болады?
(пойызбен,автобуспен,машинамен)
10.Мемлекеттік елтаңбаның авторлары (Шота Уәлиханов,Жандарбек
Мәлібеков)
Әділ-қазылар алқасы жеңімпазды анықтағанша (ән «Мен қазақпын»
Осымен қазақ тілі апталығы
аясында өткізіліп отырған «Жұлдызды сәт»
сыныптан тыс іс шарамыз өз
мәресіне жетті
Бүгінгі жеңімпазымызды шың
жүректен құттықтаймыз! Әрі қарай да қазақ тілін жетік
меңгеріп,биіктерден көріне беруіңе шын жүректен
тілекеспіз!
Қалған қатысушыларды
қатысқандары үшін рахмет айтамыз! Кішкене сыйлықтарымызды қабыл
алыңдар
Ойынымыз аяқталды жеңімпаз мадақтама қағазымен марапатталады.