400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жұлдызды сәт" ойыны. Сазды кеш бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Еліміздің жарқын болашағы мен келешегі үшін оқушылардың дарыны мен қабілетінің артуына жол ашып, білімді де өнерлі ұл- қыздарын тәрбиелеу. Міндеті: Шығармашылық ізденісін, есту және есте сақтау қабілетін арттыру. Білім мен дағдысының деңгейін анықтау. Шығарманы тыңдай білуге, әнді мәнерлі, әсем сазды орындауға үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Жұлдызды сәт»

Құлшар атындағы Бейнеу өнер мектебінің

Домбыра сыныбының мұғалімі

Маденова Ақерке Орынбасаровна

Маңғыстау облысы ,Бейнеу ауданы



Мақсаты: Еліміздің жарқын болашағы мен келешегі үшін оқушылардың дарыны мен қабілетінің артуына жол ашып, білімді де өнерлі ұл- қыздарын тәрбиелеу.

Міндеті: Шығармашылық ізденісін, есту және есте сақтау қабілетін арттыру. Білім мен дағдысының деңгейін анықтау. Шығарманы тыңдай білуге, әнді мәнерлі, әсем сазды орындауға үйрету.

Көрнекілігі: Музыка техникасы, комп. экрандық көркемдеу құралдарын кеңінен пайдалану.

Жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, тәрбиешілер және оқушылар!

«Жұлдызды сәт» атты музыкалық сайысқа қош келдіңіздер!

Біздің халық өнерге мол, бай тегі,

Әнші деп те, күйші деп те айт оны.

Әнге сенің қанша икемің бар екен,

Тыңдап алып жалғастырсаң қайтеді.

 

Бүгінгі тәрбиелік іс-шарамыз сайыс түрінде өтеді. Біздің сайысқа қатысатын оқушыларымыз 3 топқа бөлінді.

Бірінші топ – «Көңілді ноталар»

Екінші топ –«Music star»

Үшінші топ – «Тоника»

(Бөлімдермен таныстыру)

Проектордан бөлімдерді жазып көрсету.

1- кезең. «Аспаптар үнін ажырату»

2-кезең. «Әуенді тап»

3-кезең. «Ойна да ойла»

4-кезең. «Сұрақ-жауап»



Әділдікпен баға берер сендерге,

Әділдікпен қара қылды жаруға

Қазір енді қазыларды сайлайық

Алғыр топты ішінен таңдап алуға,

- дей келе қазылар алқасымен таныс болыңыздар....(Мұғалімдер арасынан әділ – өазылар тағайындаймыз)

Ендеше сайысымызды бастайық.





1- кезең. «Аспаптар үнін ажырату»

Біздер бәріміз музыка тыңдағанды жақсы көреміз. Сүйікті әуенді естіген кезде, жақсы досымызға күлімсірегендей күлімсірейміз. Міне соның арқасында әуенге елітетін көптеген музыкалық аспаптарды білесіңдер деп ойлаймын. Қазір сіздерге музыкалық аспаптардың үнін жібереміз, сендер қандай аспап екенін ажыратуларың тиіс. №1фортепиано, №2 қылқобыз, №3 жетіген, №4 домбыра, №5гитара, №6 барабан, №7 сазсырнай. (Слайд арқылы аспаптардың суреттері шығады)

1 – топ «Көңілді ноталар»

2 – тобы «Music star»

3 – тобы «Тоника»

Арайланып әрбір таңымыз,

Арайланып ән мен сәніміз.

Туған жердің төсінде тұрып,

Шырқайық, кәне, бәріміз!

 

2-кезең. «Әуенді тап»

2- кезең бойынша сендер берілген әуенді тыңдап,  табуларыңыз қажет. Дұрыс тапқан топқа 2 ұпайдан беріледі.

1 – топ «Көңілді ноталар» бастайды

2 – топ «Music star»

3 – топ «Тоника»



3- кезең. «Ойна да ойла»

Слайд арқылы берілген тапсырмаларды әр топ кезек-кезек орындайды.



4- кезең. «Сұрақ-жауап»

Осы соңғы кезеңде әр топқа 7 сұрақтан беріледі. 7 сұрақтың бәріне дұрыс жауап берсеңдер 7 ұпай беріледі. Яғни, 1 сұраққа 1 ұпайдан  ала аласыңдар.



«Көңілді ноталар» тобы



1. Тоника нешінші сатыдан құрылады? (1,3,5)

2. А.Жұбанов кім?

3. «Кішкентай» күйі кімдікі?

4. Туған жер туралы мақал айту.

5. А.Құнанбаевтің қандай әндері бар?

6. Құлаққа жағымды саз (мажор)

7. Субдоминанта, доминанта нешінші сатыдан құрылады? (4, 5)





«Music star» тобы



1. Минор сазының неше түрі бар? (шынайы, үйлесімді, сарынды)

2. 1 – желтоқсан қандай мереке?

3. Қазақтың қандай халық әндерін білесіңдер?

4. П.И.Чайковский қай елдің композиторы?

5. Тәттімбеттің қандай күйлері бар?

6. Интервалдарды ата (прима, секунда, терция, кварта, квинта, секста,

септима, октава)

7. «Фигаро» операсының авторы кім? (В.А.Моцарт)





«Тоника» тобы



1. Скрипка немесе .......... (соль)

2. Ана туралы мақал айтып беру

3. Қандай қазақ күйшілерін білесіңдер?

4. Ш.Қалдаяқовтың қандай әндері бар?

5. В.А. Моцарт кім?

6. Д7 нешінші сатыдан құрылады? (5 – саты)

7. Әнұран авторларын ата (Ж.Нәжімеденов, Ш.Қалдаяқов, Н.Назарбаев)





Жарайсыңдар, балалар! Бәріңіз жақсы қатысып, жақсы жауап бердіңдер. Ендеше, әділқазылар өз қортындыларын шығарғанша мектеп өнерпаздарының өнерін тамашалайық. Әділқазыларға сөз беріледі.



























Бейнеу аудандық әкімдігінің

«Құлшар Бақтыбайұлы атындағы Бейнеу өнер мектебі» МКҚК













Сазды кеш

Тақырыбы: «Жұлдызды сәт » (топтық жарыс)





















Мұғалім : А.Маденова

С.Есентурлиева



2017 – 2018 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
534
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі