Жұмбақ жаннан
хат
Мен мектеп өмірінде бастауыш сыныптың өзінде - ақ өнер адамдарына еліктеп, солардай болсам ғой деген арманмен өмір сүрдім. Өсе келе өнерге деген қызығушылығым артпаса кеміген жоқ. Сол себепті домбыра, ән-би өнерлеріне қатысып, көптеген елеулі жетістікке жеттім. Соған қарамастан 11 сыныптың соңғы айларында ата- анам менің аялаған арманыма су септі. Сені біз заң мамандығына оқуға түсіруге келісіп келдік, сен болашақ «Заңгер» болып биіктерге отырасың, айлық жалақың да көп болады. Ішкенің алдыңда, ішпегенің артыңда болады – деп, менің пікіріммен санаспай оқуға түсірді. Ата- ана сөзін аттап кете алмай, оқуға еш қиындықсыз түстім.
Бүгінгі таңда заң факультетінің бірінші курс студентімін. Студенттік күндердің алғашқы сәтінен бастап көптеген қиындыққа кезігіп, ұстаздар тарапынан қатаң ескерту алып жүрмін. Бұл мамандыққа деген қызығушылық мүлде жоқ. Ата - анамның әлі - ақ үйреніп кетесің деген алдамшы сөзі құлағымнан кетер емес. Мен бұл заңгер мамандығын бітіріп шыққанның өзінде менен жақсы, білгір маман иесі шықпас. Менің қолымнан қаншама жазықсыз жандардың тағдыры қиылмасына кім кепіл. Олай дейтінім, сессия, емтиханның барлығын әкем шешіп қойғандай.
Осы уақыт ішінде өнерге деген қызығушылығым артпаса кеміген жоқ, қалада өнер адамдарымен кездесу жиі өтіп тұрады екен, бұны көре тұра жаңадан өмір бастап, өнерге бет бұрғым келеді . Әлі де кеш емес – ау деп ойлаймын. Мен өзім қалаған мамандықтың соңына түсе алмай тұңғиыққа батып бара жатқандаймын. Мені қойшы, мені ойлантатын басты мәселе Қазақстанның түкпір - түкпірінде менің тағдырым сияқты өзге балалардың өмірі ойлантады. Менің жіберген қателігімді ешкім, еш жерде қайталамаса екен. Олай болған жағдайда еліміздің болашағына балта шабылар. Менің осы хатымды оқып ақыл - кеңес беріңіздерші.
Сұрақ
1. Жұмбақ жанға не айтар едіңдер?
2. Әлі де өткен іске өкінбей өзі қалаған мамандық иесі бола алады ма?
3. Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыңдар?
4. Өздеріңнің араларыңда ата-ананың ықпалымен мамандық таңдағандар бар ма?
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жұмбақ жаннан хат
Жұмбақ жаннан хат
Жұмбақ жаннан
хат
Мен мектеп өмірінде бастауыш сыныптың өзінде - ақ өнер адамдарына еліктеп, солардай болсам ғой деген арманмен өмір сүрдім. Өсе келе өнерге деген қызығушылығым артпаса кеміген жоқ. Сол себепті домбыра, ән-би өнерлеріне қатысып, көптеген елеулі жетістікке жеттім. Соған қарамастан 11 сыныптың соңғы айларында ата- анам менің аялаған арманыма су септі. Сені біз заң мамандығына оқуға түсіруге келісіп келдік, сен болашақ «Заңгер» болып биіктерге отырасың, айлық жалақың да көп болады. Ішкенің алдыңда, ішпегенің артыңда болады – деп, менің пікіріммен санаспай оқуға түсірді. Ата- ана сөзін аттап кете алмай, оқуға еш қиындықсыз түстім.
Бүгінгі таңда заң факультетінің бірінші курс студентімін. Студенттік күндердің алғашқы сәтінен бастап көптеген қиындыққа кезігіп, ұстаздар тарапынан қатаң ескерту алып жүрмін. Бұл мамандыққа деген қызығушылық мүлде жоқ. Ата - анамның әлі - ақ үйреніп кетесің деген алдамшы сөзі құлағымнан кетер емес. Мен бұл заңгер мамандығын бітіріп шыққанның өзінде менен жақсы, білгір маман иесі шықпас. Менің қолымнан қаншама жазықсыз жандардың тағдыры қиылмасына кім кепіл. Олай дейтінім, сессия, емтиханның барлығын әкем шешіп қойғандай.
Осы уақыт ішінде өнерге деген қызығушылығым артпаса кеміген жоқ, қалада өнер адамдарымен кездесу жиі өтіп тұрады екен, бұны көре тұра жаңадан өмір бастап, өнерге бет бұрғым келеді . Әлі де кеш емес – ау деп ойлаймын. Мен өзім қалаған мамандықтың соңына түсе алмай тұңғиыққа батып бара жатқандаймын. Мені қойшы, мені ойлантатын басты мәселе Қазақстанның түкпір - түкпірінде менің тағдырым сияқты өзге балалардың өмірі ойлантады. Менің жіберген қателігімді ешкім, еш жерде қайталамаса екен. Олай болған жағдайда еліміздің болашағына балта шабылар. Менің осы хатымды оқып ақыл - кеңес беріңіздерші.
Сұрақ
1. Жұмбақ жанға не айтар едіңдер?
2. Әлі де өткен іске өкінбей өзі қалаған мамандық иесі бола алады ма?
3. Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыңдар?
4. Өздеріңнің араларыңда ата-ананың ықпалымен мамандық таңдағандар бар ма?
шағым қалдыра аласыз













