Материалдар / Жұмбақ сезім
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жұмбақ сезім

Материал туралы қысқаша түсінік
Әңгімелеу арқылы сезимді жеткізу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қаңтар 2019
318
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жұмбақ сезім (әңгіме) Қыстың әдемі күндерінің бірі. Жапалақтап жауған қардан кейін айнала ақ күпіге оранғандай. Күйеуінің ас-суын беріп жұмысқа шығарып салған. Еңлік үй-ішінің күйбең тірлігімен қыбырлап біраз жүрді. Шаруасын жинастырып болып қойып, суреттерді ақтарыстырып ойнап отырған қызының қасына келді. Суреттерге көз салып отырған Еңліктің жүрегін бір жалын шарпып өткендей болды. Шашылып жатқан суреттердің ішінен жылыұшырай кеткен бір бейне көзге оттай басылды. Суреттерді қолына ұстаған күйі отыра берген Еңліктің көз алдынан сол бір күндері тізбектеліп өте берді... Институтта оқып жүрген кезі. Жатақханада тұрады. Бір бөлмеде үш қыз. Құрбылары сондай-ақ көңілді қыздар еді. Үшеуі үнемі көңілді жүретін. Әзілдері жарасқан үшеуінің сыйластығына өзгелер қызыға да қызғана қарайтын. Күздің күңгірт күндерінің бірі еді. Сабақтан шыққан беті жатақханаға даурыға енген бұларды вахтершы кемпір тоқтатты. Көрші бөлмеде тұратын қыздың атына келген хатты бере салуларын өтінді. Хатты жолай бермек болып еді, көрші бөлмеде ешкім болмай шықты. Сөйтіп өз бөлмелеріне келді де, әркім өз ісімен бола берді. Аздан соң хат әңгімесі қайта өрбіді. Конверт сыртындағы жазуды жарыса оқыды. Хат әскердегі борышын өтеп жатқан сарбаздан екен. Солдат хатына қызыққандары сондай, ақыры:-Мен бұл жігітке хат жазам,- деді Еңлік.-Жаза алмайсың,-деді, құрбылары.-Жазамын. Сөйтіп үшеуі бәстесе кетті. Еңлік белгісіз солдатқа хат жазбақ боп мекен-жайын жазып алды. Хатты кешкісін көрші қызға апарып берді. Сөйтіп, сол күні Баку жеріндегі белгісіз солдатқа, Алматыдан бейтаныс бойжеткен хат жолдады. Бірақ, дәл сол сәтте осы бір белгісіз солдаттың өмір бойы өз жүрегінде қалып қоятынын Еңлік сезбеп еді. Екеуі тез танысып кетті. Ол үзбей хат жазып тұрды. Еңлік те жауап беріп жүрді. Сондай күндердің бірінде одан сурет келді. Қазақтың қрапайым қараторы жігітінің бейнесі Еңлікті бірден баурап алды. Осыдан кейін хал-жай сұрасқаннан аспайтын екеуара хаттарының мазмұны да өзгерді. Енді ыстық сезімге толы сырлы хаттар келе бастады. Еңлік алғаш рет сүюдің не екенін сезінді. Осылай жүргенде уақыт зымырап өте шықты. Ол әскери борышын өтеп еліне қайтты. -«Хат, жазып түр, сені қайтсем де іздеп тауып алам»,-деп уәде етті.Еңлік күтумен күн кешті. Алғаш ауылына барғанда жазған хатынан кейін ол хабарсыз кетті. Күндер жылжып өтіп жатты. Арада жылға жуық уақыт өтті. Көп нәрсе өзгергенімен, Еңліктің оған деген сағынышы, сезімі өзгермеді. Алғы күнге үміт артумен жүріп жатты. Қысқы сессия кезі. Кешкі астан соң барлығы сабақ қарап отырған.-Еңлік, сені далада бір жігіт шақырады,-деді есік ашқан қыз.-Кім болды екен?Араласып жүрген таныстар болса бірден бөлмеге келер еді. Ауылдан қатынаған біреу ме әлде?-,деген оймен Еңлік үстіне күртешесін іле сыртқа беттеді. Есік алдына шыққанда анадайда тұрған біреу бұған қарсы жүрді. Еңлік еш шырамыта алмады.-Сіз, сіз бе, Еңлік?,-деді, жақын келген ол:-Иә, мен. Сіз... дей беріп еді.-Саламат па, Еңлік. Танымадың ба? Мен Қайсармын,-деді.-Қайсар?! Еңлік сілейіп тұрып қалды. Жүрегі кеудесін тесіп шығардай, атқақтай соғып кетт. Өзі сағына күткен, бір көрсем, тілдессем деп арман еткен аяулы жан алдында тұр. Еңлік ойыны жиып үлгермеді. Екеуінің құшағы айқаса кетті.Ол ауылына жаңа келіпті. Поезден түскен беті, іздеп келген беті екен. Еңлік қайта кіріп киініп шықты. Сол кеште екеуі ұзақ сырласты. Қайтарында- ол біраз күнге келгенін, бір-екі күнде қайтатынын айтты. Сол күні Еңлік бақытты еді. Оның әрбір қимылын, сөйлеген сөзін қайта-қайта көз алдына елестетіп жатып, таңға жуық көз ілген.Ертеңінде Еңлік сабақтан қалды. Ол айтқан уақытында келді. Екеуі қыдырды, суретке түсті. Ол көп сөйлемейтін, байсалды көрінді. Бұл кездесудің алғышқы да соңғы кездесу екенін Еңлік сол сәттерде ойлап па еді. Кеш бата бастаған. Жұрт күндізгісінен саябырсыған.Екеуі саябақ ішіндегі аллеяны бойлап жүріп келе жатты.Екеуі де үнсіз қалған. Аздан соң кібіртіктей сөз бастаған ол, жайын айтты. Еңлік алғашында ешнәрсеге түсіне алмаған. ---- «Үйлендім. Жақында сәбилі боламын», - деді. Еңлік төбесінен су құйып жібергендей күй кешті. Онан арғы сөздерін естімеді. Екі құлағы тасболып бітеліп, көзі қарауытып кетті. Аяғының әлі құрып, жерге отыра кетті.Мұнан кейін не болғананы есінде жоқ. Оның жалынғанын, ақталған сөздерін естігісі келмеді. Екі көзіне ерік ерік беріп егілген күйі жатақханаға келді. Екеуі атар таңды көзімен атқызды. Оның айтуынша, алған қызының сезімін қорлап қойыған. Сосын еріксіз алдым дейді. Ертеңіне құрбысы екеуі түскі пойызға шығарып салды. Еңлік жігіт адамның көзіне жас алғанын тұңғыш рет көрді. Айрылысыр сәт те туды. Еңлік жер бетінде жалғыз қалып бара жатқандай күй кешті. Екеуі үнсіз жылап қоштасты. Баяу жылжыған пойызбен бірге Еңліктің бақыты да алыстай берді. -Мама, мам қарным ашты , - деген қызының даусынан селт еткен Еңлік, қимас сезінен арылмаған күйі орнынан тұра берді.
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!