Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Жұқпалы аурулар

Материал туралы қысқаша түсінік
Жұқпалы аурулар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 15-16.11.2018ж

Тақырыбы: Жұқпалы аурулар

Мақсаты:

Білімділігі:Оқушылардың вирус құрылысы туралы білетіндерін еске түсіре отырып, тірі организмдерді уландыру жолдары, бактериофаг, вирус арқылы таралатын ауру түрлері туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық: оқытудың беленділігін арттыру,оқу материалдарының мазмұнын өмірмен байланыстыру арқылы оқушылардың білім біліктігін дамыту,

Тәрбиелік: санитарлық – гигиеналық дағдыларын, салауатты өмір сүру әдеттерін тәрбиелеу.

Уақыты: 40мин.

Өткізілетін орны: АӘД бөлмесі.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

                                     

              

   Жаңа сабақты түсіндіру.

Вирустар тудыратын ауру түрлері. Вирус агзаның жасушаларына еніп, тіршілігін бұзады, ауру тудырады. Олар: тумау, балалардың сал ауруы, қызылша, сары ауру, шешек, ұшық, ИТИС (иммунитет тапшылығын иемденген синдром). Бұл ауруларды емдеу өте киын. Вирустарға антибиотик дәрілер әсер етпейді. Көбіне ағзаның иммунитет жүйесі гана ауру туғызатын вирустардың шамадан тыс көбейіп кетуін тежейді.

Иммунитет - ағзаның ауру қоздырғыштарын қабылдамайтын қасиеті. Ағзаның өзтұтастығын және биологиялык даралылығын қорғайтын жасуша иммундық жасуша деп аталады. Ауру тудыратын ұсақ ағзаларды кармап, тіршілігін жою арқылы иммундык жасуша ағзаны кауіпті жұқпадан (инфекциядан) сақтандырады.

Вирустық аурулардың таралу жолдары әртүрлі болуы мүмкін, олардың негізгі жолдары мыналар:

  1. Тамақ арқылы –микроағзалар асқазан – ішек жүйесіне тамақпен, сумен немесе тамақты кір қолымен жеу арқылы түседі. Осылай барлық ішек инфекциялары беріледі.

  2. Ауа тамшылы –қоздырғыш адамнан – адамға ауа арқылы сілекей тамшыларымен түшкіргенде , жөтелгенде, күлгенде , сөйлегенде беріледі.

  3. Жанасу арқылы – науқас адаммен жанасу арқылы беріледі. Осылайша көптеген тері аурулары, кейбір ішек аурулары таралады.

  4. Тасымалдаушы жануар арқылы.

  5. Тазартылмаған медециналық инструменттер арқылы берілетін аурулар.

Вирустық жұқпалардың таралуы, зақымдану жолдары және алдын алу шаралары.

  • Қызылша, Желшешек -Ауалы, бірақ тамшылы жолмен емес жеке бас ережесін сақтау, жұқпалыларға жанаспау, мақта дәкелі таңғыштар.

  • Мидың қабынуы (энцефалит).

Таратушылар – қан сорғыш кенелер. Әсіресе табиғи ошақтарда және қарқынды кезеңде (наурыз – мамыр айларында кененің шағуын болдырмау.

  • Полиомелит- тез таралатын ауру. Полиомелит вирусы тұмау вирусымен салыстырғанда өте кішкентай болады. Бұл ауру әсіресе балалар арасында кең таралған. Оның қоздырғышы-су, тағам және ауа арқылы таралады. Бұл аурудың алдын алу үшін алдын-ала екпе беріледі.

  • Помидор қошқылданып ауруы – сары аурудың бір түрі. Ол көбінесе еліміздің оңтүстік аудандарында таралған. Өсімдіктердің вирустық ауруларына қарсы күрес жолы – сұрыптау немесе селекция әдісі.

  • СПИД-ті тарататын вирусқа 1986 жылы АИВ (адамдағы иммундық  тапшылық вирусы. Оның орысша аты  ВИЧ (вирус  иммунодефицита человека).

АИВ-ына алғаш 1938-1939 жылдары американдық Роберт Галло мен француздық ғалымдар Люк Монтанье сипаттама берді.

  •  1981 жылы АҚШ-ның Калифорния штатында алғаш рет есірткі пайдаланатындардан ЖҚТБ ауруы тіркелді. Американдық ғалымдар бұл аурудың қоздырғышын тарататын вирустарды Африкадағы адамдардан тапты. Дәл осыған ұқсас вирус кейіннен шимпанзе маймылының қанынанда табылды.

ЖҚТБ-жұқтырылған қорғаныш тапшылық белгісі

ЖИТС-жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы

АҚТҚ-адамның қорғаныш тапшылығының  қоздырғышы

СПИД-синдром приобретенного иммунодефицита

ВИЧ-вирус иммунодефицита человека

 

Жаңа сабақты бекіту

1 тапсырма. Вирустарға қатысты төмендегі сөйлемдердің қайсысы дұрыс, қайсысы дұрыс емес екендігін анықтаңыз. (Оқушылар қағазға «Дұрыс», «Дұрыс емес» деп жазып алып мұғалімнің келтірген мәліметтерін анықтап жауап көтереді.).

  • Тұмау - Стерилденбеген маникюрлық және медициналық құрал – жабдықтарды пайдаланғаннан жұғады.( Дұрыс емес)

  • Вирустар – бұл жасушасыз ерекше тіршілік формасы. (Дұрыс)

  • Вирустар – тек ғана жасуша сыртында көбейеді.(Дұрыс емес)

  • Мидың қабынуы (энцефалит) - таратушылар – қан сорғыш кенелер(Дұрыс)

  • Науқас жатқан бөлмені күн сайын ылғалдап тазалау. Еденді жуған кезде жуғыш заттар қосу керек.(Дұрыс)

  • Жанасу арқылы –қоздырғыш адамнан – адамға ауа арқылы сілекей тамшыларымен түшкіргенде , жөтелгенде, күлгенде , сөйлегенде беріледі. (Дұрыс емес).


           «Мен елімді вирустық аурулардан қорғаймын» тақырыбында эссе жазу.

Білімін бағалау.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.01.2019
654
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12