Жүрегіміздесің, жан
апа!
Тәрбие сағатының
мақсаты: Кеңес Одағының Батыры туралы
жан-жақты мәлімет бере отырып, оқушыларды ерлікке, елін, жерін
сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Интербелсенді тақтадан Мәншүк ерліктерін
бейнелейтін бейнеролик көрсетіледі.
Оқушылар Мәншүк апаларының
ерлігін баяндайды.
1-оқушы:
«Мен, Мәметова Мәншүк, 1922
жылы кедей шаруаның отбасында дүниеге келгенмін. Ата-анам қазіргі
уақытта қайтыс болған. Жұмысшы факультетін оқып бітіргенмен, қазір
халкомкеңесте халық комиссарлары кеңесі торағасы орынбасарларының
жеке хатшысы болып қызмет етемін. Өмірбаяным жөнінен қысқаша
мағлұмат бере отырып, сізден ағаларым және апаларымен бірге фашист
қарақшыларын талқандап құрту үшін мені майданға жіберуіңізді
сұрағым келеді. Өйткені, майданға баратындай ағайым да, апайым да
жоқ, сол себептен де өзім сұранамын.
Өтінішімді
қанағаттандыруыңызды сұраймын. 1939 жылдан комсомол мүшесі.
27.08.1941жыл»
2-оқушы:
Бұл – қазақтың қайсар қызы,
Шығыстың жұлдызы атанған қаһарманның бірі – Мәншүк Мәметованың
майданға сұранып жазған сансыз өтініштерінің бірі. Жасы жиырмаға да
толмаған нәзік жанның қанды қасап ортасына түсіп, қайталанбас
ерліктің иесі атануы – таңқаларлық жәйт. Өйткені, жиырма жасар
бойжеткен мен соғыс ұғымы бір жерге тоғыспайды-ақ. Қаршадай қызды
қаһарманға айналдырған ерліктің сырын Мәншүктің өмірімен жақынырақ
таныссаңыз ұға бастайсыз.
3-оқушы:
Мәншүктің шын есімі – Мәнсия.
Оның ата-анасы кейбіреулер ойлағандай Ахмет Мәметов пен Әмина
Сүлейменқызы да емес. Мәншүктің өз әкесі Жеңсікәлі Ахметпен үш
атадан қосылатын немере ағайын болып келеді. Анасының есімі –
Тойылша. Өздері перзент сүймеген Ахмет пен Әмина Мәншүкті бір
көргеннен ұнатып, қоймастан сұрап, 5-6 жасында бауырына
басыпты.
4-оқушы:
Ахмет Мәметов – ғасыр
басындағы қазақ зиялыларының қатарынан орын алған азамат. 1912-1914
жылдары Қазан қаласынан «Ғибрат», «Кеңес» атты атты екі кітап
шығарған ақын Саратов университетінің дәрігерлік факультетін
тәмәмдап, Алматыдағы тері-жыныс аурулары ғылыми-зерттеу институтын
ұйымдастырушы алғашқы директоры болатын. Қазақтың қаймағы «халық
жауы» атанған отызыншы жылдар зобалаңы Ахаңның басына қара бұлт
болып төніп, ақыры жұтып тынған.
Көрініс
Мәншүк
сахнада
Ә. Нұршайықов кіріп келеді
де:
Мәншүктің түсі бұзылып, бірден
орнынан жұлқына атып тұрды.
Ә. Нұршайықов
сасқалақтап:
Мәншүк:
12-оқушы:
Ә. Нұршайықов Мәншүкпен екінші
рет 1943 жылы 5 майда баспасөз күніне арналған үлкен жиналыста
бірге болады. Бригада ол кезде демалыста тұр еді. Жаз шыққан,
жердің бәрі гүлдеген, жайнап тұрған дүние. Жауынгерлік парақша
редакторларын, әскери газет тілшілерін штабқа шақырады. Жиналыста
бригада комиссары баяндама жасап, соғыстың, елдің жағдайына
тоқталады. Мәншүк штабтан батальонға ауысып, пулеметші болыпты.
Жауынгерлер парақшасының редакторы екен. Баспасөзге белсене
араласып жүрген адамдарға бригада командирінің бүйрығымен алғыс
жарияланады. Арасында Мәншүктің де, Әзілхан Нұршайықовтың да
есімдері бар. Штабтан көңілденіп қайтты. Самсаған орман іші.
Қаулаған шөп, соның ортасына таман келгенде Мәншүк сөз
бастады:
Көрініс. Мәншүк
сахнада.
Мәншүк:
Жігіттер, өстіп үндемей жүре бересіңдер ме?
Тоқтандар осы араға, отыра қалып, ән салайық. (Бәрі отырып
«Қараторғай» әнін қосылып айтады. Мылтықтарын домбыра
қылып).
Мәншүк:
Жігіттер, қай
жылғысыздар?
Жігіттер:
1922.
Мәншүк:
«Бәріміз де 1922 жылғы екенбіз. Ойпыр-ай, жан
құрбыларым-ай! Бәріміз де құрдас екенбіз ғой. Аман болсаңдар екен,
ел, Отан аман болса екен. Жауды жеңіп, тезірек елге қайтсаңдар
екен»,- дейді.
Жігіт:
«Жалғыз қызсың ғой, жігіттер туралы пікірің
қалай? Соғыстан кейін кімге тұрмысқа
шығасың?
Мәншүк:
Жігіттер әртүрлі ғой, кейбіреулері мені қыз деп,
қызыл алма деп шайнап жұтып жібергісі келеді. Бірақ мені жұтып
жіберсе, мен солардың ішін тесіп шығам. Ешкімнің дәрежесіне
қарамаймын, қатардағы жауынгер, командир болса да. Егер соғыстан
аман қалсам, кім маған бұрын сөз айтса, соған тұрмысқа шығамын,-
деп күлімсірейді.
5-оқушы:
Мәншүкті бауырына басарда
«оқытамын, өз баламдай тәрбиелеймін»,- деп уәде берген Ахмет өз
сертін орындап та кеткен секілді. Өйткені, ұяда көрген тәрбие,
болашақ батыр қыздың бойына әбден сіңіп, елін сүйген ержүрек,
намысты да жігерлі жан етіп шығарыпты.
6-оқушы:
Мәншүктің майданға баруға неге
сонша ынтық болғаны жөнінде қазір мынадай бір қисынды әңгіме
айтылып жүр. Әкесінің еш жазықсыз, жаламен ұсталып кеткеніне кәміл
сенген Мәншүк оны ақтап алу үшін өзін құрбан етуге даяр болған.
Жоғарыдағы өтініште Ахметті айтпауы түсінікті еді, өйткені «халық
жауының» қызына сенімсіздік көрсетіп,
Майданға жібермей қоюы мүмкін
ғой. Бірақ, Мәншүктің арманы орындалып, әскер қатарына алынған соң
әкесінің жазықсыз екендігін дәлелдеп, Сталинге бірнеше рет хат
жазды.
7-оқушы:
1943 жылдың 7 тамызында Әмина
Сүлейменқызына жазған хатында мынадай жолдар
бар.
Мәншүк: «Әпкетай, мен сізді
өте сағындым, тірі қалсам, соғыстан соң елге аман келсем деп
армандаймын. Менің тағдырым бірақ шатқаяқ, басқаша айтқанда сау
қаламын деу қиын. Мен сізге, әпкетай, ашық жазып отырмын, тек
езіліп қынжылмаңыз. Егер қаза болсам, Отан үшін, әкем үшін және сіз
үшін...»
8-оқушы:
Түсінген адамға бұл есейген,
ересек адамның сөзі, сезімнің емес, салмақты, сау, ақылды адамның
сөзі. Бейбіт кез болса жиырмадағы жас қыздың аузынан осындай сөз
шығар ма еді? Қыз дәуреннің көктемі гүлшешек атып тұрар сәті емес
пе? Әйтсе де өмірдің аты – өмір ғой. Жас жүрек, өмірге іңкәр
жүректің кейбір мезеттік оқиғаларынан Мәншүктің адами, шынайы,
нәзік жаратылысын аңғарып қаламыз.
9-оқушы:
Алматыда құрылған №100 дербес
атқыштар бригадасын тиеген әскери эшелон Орал қаласында сәл
кідіргенде Мәншүк поездан қалып қоя жаздапты деген аңыздай әңгіме
бар. Орнынан қозғалып екпін ала берген поезға жүгіріп жармасып,
вагонға әрең іліккен Мәншүкті құрбылары ортаға
алып:
-
Қайда
жүрсің?- демей
ме.
-
Су
іштім.
-
Су дегенің анау бакта тұр емес
пе?
-
Жоқ, менің ішкенім өзгеше су,
Жайықтың суы!- депті Мәншүк.
10-оқушы:
Батыр қыздың ерлігі туралы
еміс-еміс естіген, әскери бір-екі киімдегі суретін көрген кейінгі
ұрпақ Мәншүкті қабағына қар қатқан, жүрегі мұздай, сезімнен жұрдай,
баһадүр деп қабылдауы мүмкін-ау. Әйтпесе қазір арамызда жүрген
бойжеткен құрбыларымыздың ой-сезімі, жастық шақтың жарқын сәттері
ол кісінің де басында болды ғой.
11-оқушы:
«Әпкетай, бір кішкентай айна
салып жіберерсіз»,- депті бір хатында Мәншүк. Елден келген
Алматының алмасынан ауыз тигеніне соншалық
қуанады.
13-оқушы:
Мәншүктің туған күні қазан
айының 2-сі болатын. Өзінің 21 жасын алғы шепте атап өткен қайсар
қыз арада екі апта уақыт өткенде, 16 қазан күні Невель қаласын азат
ету үшін болған ұрыста қаза тапты. Ұлы Отан соғысы 1418 күнге
созылса, батыр қыздың еншісіне 418 күн
бұйырыпты.
14-оқушы:
Ән «Жойылсын
соғыс».
Мұғалімнің қорытынды
сөзі.