«Абай оқуы» мәнерлеп оқудан байқауы
Жүрегімнің түбіне терең бойла
Байқау мақсаты: Байқау мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ мәдениеті не, тілі мен әдебиетіне деген өзге ұлт өкілдерінің ықыласын арттыру, қазақстандық рухани бірлікті қуаттау,отансүйгіштік сезімді арттыру мақсатын көздейді
Байқау шарттары: « Абай оқулары» байқауына 1-11-сынып оқушылары қатыса алады.Көркем сөз оқу мен ән айту шеберліктерін қатар игерген үміткерлер қатыса алады.
Сахна.Абайдың «Көзімнің қарасы» әні естіліп тұрады.Ортаға Абай рөлін сомдаушы оқушы шығады.
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын,оны да ойла.
Соқтықпалы,соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.
Сахнаға кешті жүргізушілер шығады
1-жүргізуші. Қайырлы күн, құрметті байқауға қатысушылар, ұстаздар, оқушылар!Бүгін осы бір кішкене залда қазақ сахарасының өзіндей алып, өзіндей ұлы ғажайып таланттың иесі,қасиетті де аруақты,әлем әдебиетінің жарық жұлдыздарының бірі- Абай өлеңдерімен сыр шертпекпіз.
2- жүргізуші. Қай елдің болса да тәңірдей табынып, құдайдай мінәжат ететін киелілері болады ғой.Абайдың сөзі- халқымыздың, ұлтымыздың ұраны.Абай –алты алаштың,иісі қазақтың пайғамбары
1-жүргізуші.Жас ұрпақ үшін Абай өнегенің,өнердің,әділеттің,адам гершіліктің адал ұлы бола білудің,халық үшін күресудің үлгісі.
2-жүргізуші. Байқауды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.
1.Әділқазылар алқасының төрайымы: мектебіміздің оқу ісінің меңгерушісі
2. Мүшелері:
Тәрбие ісінің меңгерушісі
Кәсіподақ төрайымы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
1-жүргізуші. Бастау
Қош келдіңіз,талапты дос,дарынды.
«Абай оқуы» дос-патша көрер бәріңді
Жермен келіп,қайтасыңдар көкпенен
Бұл оқу байытады жаныңды.
Құрметті қауым!Дәстүрлі мектепішілік Абай оқуларын бастауға рұқсат етіңіздер.
2-жүргізуші.Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев 1845 жылы Семей облысындағы Шыңғыстаудың бөктерінде дүниеге келген.Абай жас кезінен зерек болған. Оның зеректігін әрі қарай дамытқан екі адамды –әжесі Зерені,анасы-Ұлжанды атауға болады. Абай жас кезінен тағылымды әңгімелеуді,өлең-жырларды тыңдап,олардағы жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп өсті.
Абай –артына мол мұра қалдырған адам. Оның шығармалары күні бүгінге дейін терең мағынасымен,асыл да құнарлы жұртқа жол көрсетіп тұр. Екінші бір Абайдың сөз өнерін сүюіне зор ықпал еткен нәрсе – сол заманның шешендерінің тамаша сөздері.Нағыз ақын,әрі патриот Абай халыққа оның неге қасірет шегетінін түсіндіруге тырысты. Өзінің өлеідерінде ол феодалдық-улық билеп-төстеушілерді аяусыз әшкерелейді және халықты өнер-білімге шақырады. Ол сонымен бірге шетел классиктерінің, орыс ақындарының еңбектерін қазақшаға аударып,қазақ оқырманының жүрегіне терең бойлата білді. Абайдың көркем шығармаларынан өмірдің қиын мәселелеріне жауап табуға болады.
1- жүргізуші. Шәкәрім Құдайбердіұлы 11 шілде 1858жылы туып, 2 қазан 1931жылы қайтыс болады.Ш.Құдайбердіұлы– ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын керебілуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күңке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқидыЖеті жасында әкесінен жетім қалған ол бұдан былайғы кезде Абайдың тікелей тәрбиесінде болады. Өскен ортасының аса бай дәстүрлері мен Абай ағасының төрбиесі табиғатынан зерек Шәкәрімнің жетімдік көрмей өсуіне ғана емес, оның таланты ақын, парасатты ой иесі болуына да зор ықпал жасады.
2- жүргізуші. Байқауды бастамас бұрын «Абай оқулары -2017» байқауының «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша жүлдегер ------------------------ ортаға шақырамыз.
1- жүргізуші.-«Өлең – сөздің патшасы» номинациясы бойынша көркем сөз оқу шеберлігін айқындау. Ортаға «Бүлдіршіндер» тобын шақырамыз. 2-сынып оқушысы 2- жүргізуші. Ортаға 3-сынып оқушысын --------------------шақырамыз
1- жүргізуші. 4-сынып оқушысы--------------------------------------
2- жүргізуші. Келесі болып «Жасөспірім» тобының орта буыны бастаса,жоғары буын оқушылары аяқтайды.
1-жүргізуші. « Көңілім әнді ұғады»- Әншілік қабілетін таныту
Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Жүрекке түрлі ой салар,
Әнді сүйсең ,менше сүй-
деп, «Көңілім әнді ұғады» номинациясын бастаймыз.
2- жүргізуші. 2-сынып оқушысы ---------------------қарсы алыңыздар
1- жүргізуші. Ортада 3-сынып оқушысы-------------------------
2- жүргізуші. 4-сынып оқушысы---------------------шақырамыз
1- жүргізуші. 5-сынып оқушысы---------------------------------
2- жүргізуші. 6-сынып оқушысы------------------------
1- жүргізуші. 7-сынып оқушысы----------------------------
2- жүргізуші. 8 сынып оқушысы-----------------------------------
1- жүргізуші. 9-сынып оқушысы------------------------------------
2-жүргізуші Түбі терең ойымнан,
Сөз жазамын қиыннан
Өлеңімнің барлығы
Өмірімнен алынған.
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша оқушылардың өз шығармашылығына кезек береміз.
1- жүргізуші. Осымен ұлы ақындарымыз Абай мен Шәкәрім шығармашылығына арналған «Абай –Шәкәрім оқулары» байқауымыз өз мәресіне жетті. Келесі сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.
2- жүргізуші. Осымен Ұлы Абайдың құрметіне арналған шарамызды аяқтаймыз.Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
1- жүргізуші. Келесі жүздескенше қош сау болыңыздар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Жүрегімнің түбіне терең бойла " сценарий

шағым қалдыра аласыз