Материалдар / Жүрек-қан тамырлар жүйесінің аурулары

Жүрек-қан тамырлар жүйесінің аурулары

Материал туралы қысқаша түсінік
Биология пәнінен сабақ жосапары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Мамыр 2018
455
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін______________Күні:25.01.18 Сыныбы: 8 «А»Пән мұғалімі: А. БайдушоваСабақтың тақырыбы: Жүрек-қан тамырлар жүйесінің ауруларыСабақтың мақсаты: Жүрек қантамыр жүйесі ауруларымен таныстыру.Сабақтың міндеттері: -жүрек қантамыр жүйесі ауруларымен таныстыру. Зиянды заттардың жүрек қантамыр жүйесіне әсері туралы білімдерін кеңейту.қушылардың қан кету түрлері жүрек қантамырларын ажырата білу, олардың алдын алу, көмек көрсету икемділіктерін дамыту. Ақпараттық оқыту құрылдарымен жұмыс жасау қабілеттерін кеңейту.алауатты өмір - салтына жағымды көзқарас пен оған ұмтылу, өз денсаулығымен бірге өзгелердің денсаулығына деген жауапкершілікке тәрбиелеу.Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: интерактивті тақта, слайд, жгут, дәке, мақта, йод, таңғышСабақтың барысы:1. Ұйымдастыру бөлімі: 3 минутА) Сәлеметсіздер ме ұстаздар!Б) Cood afternoon children! How are you pupils?C) кто дежурный? Who is absent?
  • Психалогиялық ахуал туғызу.
«Мүмкіндік». Ертеде бір жігіт әлемдегі бар жақсылықты өз бойынан көруді армандапты. Бір күні ол таңғажайып түс көріпті. Түсінде Жаратушы базарда сауда жасап тұр екен. Қуанғаннан есі шыққан жігіт бара салып:- Маған бақыт, денсаулық, табыс, атақ, құрмет беріңізші, - депті. Сол кезде Алла тағала оған кішкене ғана қорапты ұсыныпты.-Бара осы-ақ па? – депті жігіт.- Иә, бары – осы. Бұл – «мүмкіндік» деп аталатын тұқым. Бұны «еңбек» деген құнарлы топыраққа отырғызып, «мейірім» деген сумен суарсаң, ыждағаттылық, мақсат қоссаң, қалаған жақсылықтың бәрі сенде болады, - депті. Әр сабақ – сіз бен бізге берілген мүмкіндік. Олай болса, бүгін де сіздер қалғанына қол жеткізеді деп сенемін!3. Үй тапсырмасы 7 минутҚарама –қарсы сұрақтар:1.Адам денесінде қан тарататын тамырлардан қанша тұйық жүйе түзіледі.(екі тұйық жүйе, үлкен және кіші)2.Үлкен қан айналым шеңбері дегеніміз не?(Жүректің сол жақ қарыншасынан басталып, дене жасушаларына қан таратады, жүректің оң жақ жүрекшесімен аяқталады).3.Оттекке қаныққан қан алдымен қайда жеткізіледі?(қолқаға)4.Жасушалардан көмірқышқыл газын, қажетсіз өнімдерді жинақтайтын қан  қалай аталады?(вена-түсі тоқ қызыл болады)5.Вена қаны вена қан тамырларымен  қандай жүрекшеге құяды.(оң жақ жүрекше-кіші қанайналым шеңберіне жатады).6. Жүректің оң жақ қарыншасынан басталып, өкпе, жүректің сол жақ жүрекшесімен аяқталатын қан айналым щеңбері.(Кіші қанайналым шеңбері)7.Қанның үлкен және кіші шеңберінде айналу уақыты?(20-25 секунд)8.Алқызыл түсті қан қандай қан. (артерия)9.Қан қысымын өлшейтін құрал.(тонометр)10.Тербеліс толқыны қабырғаларының ырғақты тербелісі.(тамырдың соғуы )11.Ересек адамдарда жүрек минутына қанша рет соғады(70-75)12.Қан ұйымайтын ауру (гемофиля)4. Жаңа сабақ Мұқағали Мақатаевтың «Жүрек арызы» өлеңі арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.Оу, ием менің,Өзіңнен бұрын жаралғамАлдымен менмінСонан соң – сенсің жаралғанБасың мен миың, ақылың, есің, қимылыңАяқ пен қолың –Барлығы менен нәр алған.Келеді сенің кей - кейде мені мұз еткіңБәріне көндімҚателігіңді түзеттім.Төсек тартқызып, төнгенде қатер басыңаАйнымай соқтым, аялап сені күзеттімЖалындым саған жақыны бол деп баршаныңЖан ием, сенің жақсылығыңды аңсадымӨткіздім сені қаншама қауіп - қатерденАл, енді маған демалыс берші шаршадым.Қақың жоқ сенің дем алуға да, соқпауғаҚарсы барамыз оттарға, әрі шоқтарғаҚақым жоқ менің демалыс саған беругеҚақың жоқ сенің қалдырып мені тоқтауға!-Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы бәріңізге мәлім. Ал жүрек қантамыр жүйесінде ең бастысы – жүрек. Тақтадан жүрек суреті көрсетіледі. Үш тілде айту- жүрек, серца, heart. Сабағымыздың тақырыбы:Жүрек қантамырлары жүйесінің аурулары және олардың алдын алу.Оқушыларды топтастыру (үш тілде санау арқылы)Теориялық білімЖүрек - қантамырлары жүйесінің ауруларыГипертония -қан қысымының жоғарлауы кезінде болатын ауру. Бұл ауруға бүйрек ауруы, күйзеліс, аз қозғалыс себеп болады.Гипотония -қан қысымы төмендеуі кезінде болатын ауру. Жүрек бұлшықеттері, қан тамырларының әлсіздігі, зат алмасудың дұрыс болмауы ауруға шалдықтырады.Белгілері: бас ауруы, жүрек айну, құлақтың шуылдауы, тәбеттің нашарлау, жүрек соғысының жиілеп бірде бәсеңсуі.Жүрек кемістігі- жүрек қақпақшаларының зақымдануынан болады. Жүрек кемістігі 2-ге бөлінеді. Туа пайда болған және жүре пайда болған. Туа пайда болған кемістік-іште жатқанда ұрық жүрегінің дұрыс қалыптаспауынан болады. Жүре пайда болған-жүрек қантамырларының бертін келе ауруы.Жүрек инфаркті- жүрек бұлшықеттерінің қанмен қамтамасыз етілуінің төмендеу, тоқтап қалуы, жүректің бір бөлігінің жансыздануы. Жүре пайда болған кемістік –жұқпалы аурулардың әсерінен де болады. Қаназдық (анемия) – қанда эритроциттер санының азайып, гемоглобиннің кемуінен болатын ауру. Денеден көп қан кету, химиялық заттар, кемік майы, бауыр, көкбауырдың зақымдануы, темір, В12 дәруменінің жетіспеуі салдарынан болады.Аққандылық (лейкемия)- лейкацеиттердің тез көбейіп, қан ағынын толтырып жіберуден пайда болады. грекше "leikas"-ақ, «haima»-қан. Лейкщциттер кеміктегі жілік майын ығыстырып эритроциттердің түзілуіне кедергі жасайды. Бұл ауруды рентген сәулесімен емдейді.Бейнематериал 2 минут 40 сек.Жарнама тақтасы. Рекламные щиты. Advertising board.3 топқа жарнама жасау.«Жедел жәрдем» бөлімі. Скорая помощь. Ambulance.164 беттегі, 96 суретке қарап, мәліметмен танысып, әр топтан қан кеткенде көрсетілетін көмекті көрсету немесе баяндау. Look at the nineteen sixth picture on page one hundrtd fnd sixty four.Биологиялық есеп. Адамның жүрегі минутына 60 - 70 рет жиырылады. Бұл уақытта жүрек өзінен 4 литрден астам қанды айдайды. Жүрек арқылы тәулігіне қанша литр қан өтетінін есептеп шығар.Шешуі: «Буриме» өлең жолдары.1- топ:......................... жатпаңдар......................... тастаңдар......................... жадырап......................... бастаңдар.2- топ:………………баламыз,………………аламыз.………………………………санамыз.3- топ:………………күлеміз,………………жүреміз,……………………………..сүреміз.5. Рефлексия. «Төрт сөйлем» тәсіліСабақ тақырыбын негізге ала отырып («Іші – күміс, сырты - алтын») қорытындылайды.Пікір. Бүгінгі сабақ бойынша өз пікіріңді 1 сөйлеммен жазДәлел. Өз пікіріңді 1 сөйлеммен дәлелде.Мысал. Пікіріңді өмірмен байланыстырып, мысал келтір.Қорытынды. Сабақ бойынша қорытынды жаз.6. Үйге тапсырма:тақырыпты оқу.7. Бағалау.Сабаққа қатысқан оқушыларды пайдалы витаминдермен бағалаймын«5» - апельсин «4» - алма«3» - лимон























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ