Жүрек-қан тамырлары және тыныс алу жүйесі тарауын қайталау.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жүрек-қан тамырлары және тыныс алу жүйесі тарауын қайталау.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар сыни тұрғыдан ойлайды,өз бетінше ізденеді, өз-өздерін ретке келтіре отырып бағалайды, есептерді практикада орындай алады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалім: Зияданова Любовь Саменкановна.

Мектеп: Қарабұлақ орта мектебі.

Сыныбы: 8»А».

Сабақтың тақырыбы: Жүрек-қан тамырлары және тыныс алу жүйесі тарауын қайталау.

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі. Оқушылардың жүрек-қан тамырлар жүйесі және тыныс алу жүйесі тарауында алған білімдерін қорытындылау және тексеру, ғылыми көзқарастарын қалыптастыру, логикалық ойлау, зейінің, есте сақтауын, бақылаушылық, байқампаздық қабілеттерін дамыта отырып қайталау.

    1. Дамытушылығы: Оқытудың жаңа элементтерін пайдаланып, оқушы белсенділігін арттыру. Оқушылардың іс-әрекетін басқару арқылы ой таласын туғызу, оқу материалдарының мазмұнын өмірмен байланыстыру арқылы оқушылардың білім-біліктілігін дамыту.

    2. Тәрбиелілік. Салауатты өмір салтына сай қағидаларды енгізе отырып, өмірге икемделген болашақтың тірегі болатын дені-сау, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Сабақтың көрнектілігі: Суреттер,слайд.

Сабақтың түрі: Қайталау сабақ.

Сабақтың әдісі: Марафон, биологиялық диктант,сандарға анықтама беру, есеп,бес жол.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Түгелдеу, журнал толтыру.

3. Қажетті құралдардың қол астында екенін бір шолып өту.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

I. Қызығушылығын ояту. Марафон сұрақтары.

1. Жүрек ауруларының негізгі себептері неде?

2. Алкоголь мен темекі журек-қан тамырлары жүйесіне қалай әсер етеді?

3. Венада қан кеткенде қандай көмек қөрсету керек?

4. Артериядан қан кетудің қауптілігі неде? Бұны калай анықтауға болады?

5. Тыныс алу мүшелеріне алкоголь мен темекінің зияны туралы айтып беріңдер.

6. Тыныс алу мұшелерінің қандай ауруларын білесіңдер?

II. Ой қозғау. Биологиялық диктант.

Бос орынға қажетті сөзді қойып, сөйлемді аяқтау.

1. Адамның артериялық қысымын... арқылы өлшейді .(танометр)

2. Жүрек және қан тамырлары жұмысына... зор зиян келтіреді.(темекі тарту мен алкогольді ішу)

3. Ұлпалар жансызданып қалмауы үшін жгутті... артық ұстауға болмайды.(2 сағаттан)

4. Адам денсаулығына зор зиян тигізеді....( темекі тарту)

5 Кеуде қуысын құрсақ қуысынаң бөлетін күмбез тәрізді бұлшық ет....(көкет).

6.Тыныштық күйінде ересек адам минутына... тыныс алу қозғалыстарын жасайды.(16-18рет).

Сергіту сәті.

Шартты.

1.Артериялық қан кету болса (сол қол көтеру).

    1. Веналық қан кету болса (оң қол көтеру).

    2. Капиллярлық қан кету болса (денені бұру)

1. Ал қызыл қан ағады.(сол)

2. Қою қызыл түсті қан ағады.(оң)

3. Жарақаттанған жердің айналасы қанайады.(денені бұру)

4. Қан шапшып ағады. (2)

5.Тамырдың лупілін анықтап,қатты басу керек.(1)

6.Терінің беткі қабаты жарақаттанса.(3)

III. Ой толғаныс.

1. Тақтаға ілінген сандарға анықтама беру.

а) 120/80мм, б) 75-76рет,в) 9-13см,г) 16-18рет,д) 5литр,е) 4топ,ж) 50есе,

з)100мың км, и) 500мл, к) 4-9мың.

Анықтама. Қан қысымы, 1мин.жүректін соғысы, кеңірдектің ұзындығы,

тыныштық күйде тыныс алу қозғалыстарының мөлшері, қан мөлшері,қан тобы, қылтамырдың шаштан 50есе жіңішкелігі,қылтамыр ұзындығы,тыныштық күйдегі тыныс алу көлемі,1мм лейкоциттердің саны.

IV. Топпен жұмыс. Есеп шығару.

Адам ағзасындағы қан мөлшерін анықтау.

Қанның меншікті салмағы 1,06 г/см, қанның мөлшеріне дене салмағының 7% сай келеді.Адамның салмағы 60кг.

60-100%

х-7% х=(60*7):100=420\100=4,2

4,2*1,06=4,45 жауабы:қаннын мөлшері-4,45л

V. Бес жол өлең.

1.Зат есім. Темекі

2.Сын есім. Зиянды, улы.

  1. Етістік. Уландырады,қарайтады,түтіндейді.

  2. Сөйлем. Темекі денсаулыққа зиянды.

  3. Синоним. Шылым.

VI. Қорытынды: Мұкағали Мақатаевтың. «Жүрек арызы».

Оу, ием менің,

Өзіңнен бұрын жаралған

Алдымен менмін

Сонан соң-сенсің жаралған.

Басың мен миын, ақылын, есін, қимылын

Аяқ пен қолың-

Барлығы менен нәр алған.

Келеді сенің кей-кейде мені мұз еткін

Бәріне көндім

Қателігінді түзеттім.

Төсек тартқызып, төнгенде қатер басыңа

Айнымай соқтым, аялап сені күзеттім.

VII. Үйге тапсырма. 36-43


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.05.2021
511
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі