Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ ретінде дайындалған. Мектеп мұғалімдеріне көрнекі құрал ретінде қажет. Материалдар жан-жақты іздену үстінде дайындалған. Оқушыларға тапсырмалар дайындалған.Топтық жеке тапсырмалар. Рефлексия, бағалау жасалған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әдебиет

Мұғалім

Уақыты:20.09.2017

Кабинет

Сабақтың атауы

Жүсіпбек Аймауытовтың өмір жолы

Мақсаты

1. Білімділік: Суреткер жазушы Ж. Аймауытовтың өмірбаяны мен шығармашылығын оқытуда оқушыларға жан – жақты білім беру үшін, жазушының азаматтық биік тұлғасы, туған халқына, оның әдебиетіне, мәдениетіне сіңірген еңбегін танып – білуді оқушылардың өздеріне жұмыс істете, іздендіре отырып меңгерту.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабілетін, ауыз – екі сөйлеу тілін дамыту, өз бетінше іздене білуге дағдыландыру, оқуға деген ынтасын арттыру.
3. Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды елін, жерін сүйе білуге баулу. Адамгершілікке, қайырымдылыққа, имандылыққа тәрбиелеу.
Жазушы өмірін үлгі ету. Әдебиетті сүюге баулу.

Көрнекілігі

Әдебиет оқулығы

Топқа бөлу

Тәтті кәмпиттер арқылы топтарға бөлу


Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

«Мейірімділік» тренингі.
- оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады
- сурет салады
өз ойларын ортаға қорғайды

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

1. Ж Жүсіпбек Аймауытов туралы не білесіңдер?
2. Қандай шығармаларымен таныссыңдар?

Мағынаны тану

Қазақ әдебиеті алыптарының бірі – Жүсіпбек Аймауытов. Оның қазақ әдебиетінің жанр жағынан дамытудағы еңбегі орасан зор. Ол – ақын, прозашы, публицист, сыншы, театр режисеры, аудармашы педагог болды. Бір өзі әдебиет пен ғылымның әр саласында еңбек етті. Қазақ әдебиетін проза, драматургия жанры жағынан қалыптастыруды және мектептер мен оқу орындарының оқушыларына арнап бірнеше оқу құралдарын жазуға қатысқан.
Осындай әдебиетіміздің, театрдың, ғылымның дамуына айрықша қызмет еткен қламгердің еңбектері 60 жыл бойы оқушының назарынан тасада қалып келді.
Еліміздегі қайта құрудың нәтижесінде болған өзгерістерден кейін ғана – 1988 жылдан бастап Ж. Аймауытовтың өмірі мен еңбектері және мақалалары жарық көре бастады.
1. Ғылыми – педагогикалық мұрасы
Ғылыми - педагогикалық мұрасы

Тәрбие жетекші
Психология
Жан жүйесі және өнер таңдау
Комплексті оқыту жолдары

2. Поэзиялық туындылары

Сарыарқаның сәлемі
Ах - ха - хау
Көшу
Тұңғиық түпсіз астында
Ұршығым
Жәмила
Әскер марсельезасы
Нұр күйі поэмасы

3. Драмалық жанры

Ескі тәртіппен бала оқыту
Рабиға
Мансапқорлар
Сылаң қыз
Шернияз
Қанапия мен Шәрбану
Ел қорғаны

4. Прозалық жанрлары
1. Романдары: «Қартқожа»1626;«Ақбілек» 1927 - 1928
4. Хикаяттары: « Күнекейдің жазығы» 1928
5. Сын мақалалары: Абайдан соңғы ақындар 1918; Мағжанның ақындығы 1923; Аударма туралы; Сұңқар жыры
6. Әңгімелері: «Бетім – ау, құдай ғой»; Елес 1924; Өмір деген осы ма?; Мысыққа ойын, тышқанға өлім 1923; Әнші 1925; Боранды болжағыш әулие; Көшпелі Көжебай 1925.
- Міне балалар, өздерің жазушы туралы естеліктер мен пікірлерден мысалдар келтіре отырып, оның адамгершілік қасиеттерін, еңбектерін, туған жерге деген сүйіспеншілігін танып білдіңдер. Ендеше, Жүсіпбек әлемі телегей теңіздей екен. Оның нағыз сегіз қырлы, бір сырлы дарын иесі екенін білдіңдер. Оның мол мұрасы – келер ұрпақ үшін мол қазына, асыл мұра. Оның өмірі ұрпаққа өнеге. Енді мына сызба схеманы толтырайық:

Жүсіпбек Аймауытов кім?

Ақын
Жазушы
Драматург
Публицист
Аудармашы
Домбырашы
Ұстаз - ағартушы
Ғалым
Психолог
Актер

А ймауытов Жүсіпбек (1889-1931)— қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы.Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен. Жүсіпбек жастайынан арабша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады. 1911—1914 жж. ауылда мұғалім болып істейді.1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады. Оны 1918 жылы аяқтап шығады.Мұнан соң алашордашылардың істеріне араласып, Семейде «Абай» журналын шығарысып, Қ. Сәтбаевпен, М. Әуезовпен танысады. Кейін Алашордадан бөлініп, Коммунистік партия қатарына өтеді (1919). Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайы съезіне делегат болып қатысып, Қазақ АҚСР Халық ағарту комиссариаты комиссарының орынбасары болып тағайындалады (1920). Мұнан соң Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі (1921), «Қазақ тілі» газетінің редакторы. Қарқаралыда мектеп мұғалімі (1922—1924), Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі (1924—1926), Шымкент педагогикалық техникумының директоры (1926—1929) қызметтерін атқарады. 1929 ж. басталған кеңестік қуғын-сүргін кезінде Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген жаламен тұтқындалып, ұзақ тергеуден кейін 1931 жылы ату жазасына сырттай үкім шығарылған.

Ой толғаныс

Екі жақты күнделік

Shape2 Shape1

Кітапта жазылған

Менің ойым







Бағалау

Бағалау парақшаларымен жұмыс

Үйге тапсырма

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.11.2018
4555
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі