400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жүсіпбек Аймауытұлының "Ақбілек" романындағы ғаламдық мәселелер 10-сынып ҚГБ

Материал туралы қысқаша түсінік
Жүсіпбек Аймауытұлының "Ақбілек" романындағы ғаламдық мәселелер 10-сынып ҚГБ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім: Прозадағы көркем ой

Мектеп:

Күні:

Сынып: 10 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

«Ақбілек» романы және ғаламдық мәселелер.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

10.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстыру;

10.2.4.1 көркем шығармадағы көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы өзіндік пікірін қосып, шығармашылық жұмыс (эссе, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Шығармадағы өзекті мәселелерді анықтау, ғаламдық тақырыптармен байланыстыру;

Көптеген оқушылар: шығарманы ғаламдық тақырыптармен салыстыру, көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс жазу;

Кейбір оқушылар: көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстыру, шығармадағы көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы өзіндік пікірін қосып, шығармашылық жұмыс жазу.

Бағалау критерийлері

  • көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырады;

  • шығармашылық жұмыстарда қолданады.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Оқушылар назарын сабаққа аудару.

Қызығушылықты ояту.

Оқушылар ұсынылған сызбаны талдап, талқылап береді, өз пікірлерін айтады.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.

Оқушыларды түгендеп, назарын сабаққа аудару.




Оқушылар ұсынылған сызбаны талдап, талқылап береді, өз пікірлерін айтады.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.






Қалыптастырушы бағалау.

ҚБ



10-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы

Сабақтың ортасы







Мағынаны тану. Сұрақ:Натурализм дегеніміз не?

Натурализм XVIII ғасырдың ІІ жартысында Францияда пайда болған.Натурализм – талдау,анализ жасау деген сөз,мұнда адамның өмірін сынақтан,эксперименттен өткізу арқылы оның мінез-құлқындағы,ой-санасындағы қайшылықтарды шешу,қалтарыстарын таныту ниеті байқалады.Бұл бағыттың негізін салған – белгілі жазушы Эмиль Золя.

Натурализмнің ерекшеліктері : 1. Кейіпкердің ғұмыры түрлі сынақтан өтеді.Сол сынақтан өту кезіндегі кейіпкердің бойында болатын психологиялық өзгерістерді бақылау идеясы.

2. Өмір мен өлімнің күресі немесе тіршілік үшін күрес. Табиғат аңдылықтары мен қоғам заңдылықтарын қатар суреттеу.


1-тапсырма. «Ақбілек» романынан алынған үзіндідегі әке психологиясын ғаламдық тақырыптағы өзекті

мәселемен байланыстырыңыз. Мәселеге қатысты өз ойыңызды білдіріңіз.

...«Мамырбайдың орыс талқылаған қызын қара!» деп, ақсақалды көзге шұқыған тәрізденді. Енді Ақбілегі әкесіне масыл болды. Бала ұстаған емес, жұртқа тамашалауға маймыл ұстап отырған кісі тәрізденді. Ақбілектің қырсығынан ақсақал масқара боп абыройынан, адамдығынан айырылғандай болды. Міне, ақсақалдың баласына түзу қарай алмай, қашқақтап жүргені сол еді. Қызғаныш, жиреніш, өкініш, аяныш, ыза, қорлық — бәрі ұласып, оның тірі қалып, көзге күйік болғанына бармағын шайнап, зығырланар еді. Бірақ өз қолын өзі кессін бе? Өз ішіне өзі пышақ ұрып, жарылып өлсін бе? У жеген қасқырдай іші алау-жалау боп өртеніп, шықпаған сүлдесін сүйретіп жүр еді...

Үзіндідегі ой

Ғаламдық мәселемен

байланысы

Менің ойым




Дескриптор:

  • үзіндідегі негізгі ойды анықтайды;

  • ғаламдық мәселемен байланыстырады;

  • өз ойын білдіреді.

ҚБ

Тапсырма. «Ақбілек» романындағы қазақ қызының намысты да өжет жан екенін дәлелдеп жазыңыз» тақырыбында шағын эссе жазыңыз. Эсседе шығармада көтерілген ғаламдық тақырыптарға жаңаша көзқараспен сыни тұрғыдан баға беріңіз.

Дескриптор:

  • шығармада көтерілген мәселенің жаңашылдығына пікір білдіреді;

  • шығармадан мысал келтіріп, мәселені талдайды;

  • мәселенің өміршеңдігін қазіргі өмірмен байланыстырады;

  • ғаламдық өзекті тақырыптармен байланыстырады;

  • мәселеге сыни тұрғыдан баға береді.

ҚБ

Натурализм туралы мәлімет алады.









«Ақбілек» романынан алынған үзіндідегі әке психологиясын ғаламдық тақырыптағы өзекті

мәселемен байланыстырыңыз. Мәселеге қатысты өз ойыңызды білдіріңіз.












«Ақбілек» романындағы қазақ қызының намысты да өжет жан екенін дәлелдеп жазыңыз» тақырыбында шағын эссе жазыңыз. Эсседе шығармада көтерілген ғаламдық тақырыптарға жаңаша көзқараспен сыни тұрғыдан баға беріңіз.





























ҚБ






ҚБ






Ж. Аймауытұлы «Ақбілек» романы





Сабақтың соңы

Рефлексия


  • Кері байланыс:«3-2-1»

3 негізгі ақпарат

2 маңызды факті

1 қорытынды













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
10 желтоқсан
180
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі