жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жүзден жүйрік
Сабақтың тақырыбы: Жүзден жүйрік...
Сабақтың мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының білім негізін қалыптастыру, теория мен практиканы ұштастыра отырып, пәндерге деген қызығушылығын ояту, сөздік қорын дамыту, ауызша логикалық ойлауын дағдыландыру.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, сұрақтар жинағы
Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелесу, шеңбер
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, қазақ тілі, математика , дүниетану
Түрі: интеллектуалдық ойын
Ұйымдастыру кезеңі:
«Шаттық шеңбер» ойыны. Ойынның мақсаты: сыныптың үздік және екпінді оқушылары бір –біріне ықыласпен жылы тілек айтып, шеңбер жасап тұрып «жүзден жүйрік...» атануға тілек білдіреді.
-Балалар, бүгін пәнаралық сабақты біз 4 кезеңнен тұратын интеллектуалды ойын түрінде өтеміз. Бұл сабақты берілген сұрақ немесе тапсырмаларға нақты әрі жылдам жауап беруге талпыныңдар. Берілген белгі арқылы, аты аталған оқушы жауап береді. Егер жауап бұрыс болса, келесі оқушы жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі. Сәттілік тілеймін!
Ғылымның сырына ұғына,
Шығыңдар білім шыңына!
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізер сіздей өренді,
Білімнің нәрлі сырына,
Қадамдарың оң болсын.
Қолыңда болса бар билік,
Қапа болып қалмаңыз.
Алдына келсе бітпес дау,
Әділін айтып қорғаңыз.
-Бүгінгі сайыс сабағымыздың әділ қазыларын сайлап алайық.
І кезең «Көкпар» Сайысқа 10 оқушы қатысады
Әдебиеттік оқу:
1.Қазақ халқының ғалымы, тіл білімінің атасы?(А.Байтұрсынұлы)
2. Қазақ даласына алғаш білім жарығын алып келген кім? (Ы.Алтынсарин)
3. Қазақтың ұлттық ойындарын ата. (Бәйге, Көкпар, Қыз қуу, Алтыбақан т.б.)
4. Абайдың әжесі Кім? (Зере)
5. Кедей өлеңінің авторы кім? Қай жылдары өмір сүрген?(Сұлтанмахмұт Торайғыров)
6. Бейімбет Майлин шығармасын ата. Мәтін не жайлы?(Күлпаш, қазақ халқының аштыққа душар болуы туралы)
7. «Ол ақын болар ма еді?..» мәтін кім жайлы? (Қ.Рысқұлбеков)
Математика:
1. 1 метрде неше мм бар? (1000 мм)
2. 100 жыл неге тең? (1 ғасыр)
3. Көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін айт. (Көбейткіштердің орындарын ауыстырғаннан көбейтіндінің мәні өзгермейді)
4. Кез келген санды нөлге көбейткенде не шығады? (Нөл)
5. Сәуле дегеніміз не?
6. Көршілес көбейтінділерді олардың көбейтіндісімен алмастыруға болады.(Бұл-көбейтудің терімділік қасиеті)
7. Әріпті өрнек дегеніміз не? (Құрамында әрпі бар өрнек)
Қазақ тілі:
1.Тіл ғылымы туралы айт. ( Тіл-адам қатынасының маңызды құралы. Адамдар тіл арқылы пікір алмасып, түсініседі, өзара қарым-қатынас жасайды.)
2. Сөйлем неден құралады? (Сөйлем сөздерден , сөздер буыннан, буын дыбыстардан құралады.)
3. Сөйлем мүшелері дегеніміз не? (Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы сөздер)
4. Қимыл, іс-әрекет иесін білдіретін сөзді не дейміз? Сұрақтарын ата. (Бастауыш, Кім? Не? Кімдер? Нелер?)
5. Баяндауыш дегеніміз не? Сұрақтарын ата.(Бастауыштың ісін, қимылын білдіретін сөздер, Не істеді? Неғылды? Қайтті?)
6. Тұрлаусыз мүшелер деген не? (Сөйлемдегі бастауыш, баяндауыштан басқа сөйлем мүшелері)
7. Жайылма сөйлемге мысал келтір. (Айдын сабаққа келді)
Дүниетану:
1.Көру мүшесі? (көз)
2. ҚР –ның тәуелсіздігі қашан жарияланды? (1991.16.12.)
3. Жауын-шашынның түрлері (жаңбыр, қар, бұршақ)
4. Табиғатта су қандай күйде кездеседі? (Сұйық, қатты, газ)
5. Желдің күшін және бағытын анықтайтын құрал- (желбағар)
6. Атмосферадағы ауаның құрамында не болады? (азот, оттегі, көмірқышқыл газы)
7. Жауын, найзағай, кемпірқосақ неге жатады? (табиғат құбылыстарына)
«Көп жасаған білмейді, көп оқыған біледі» демекші ұпай саны аз 5 оқушымен қоштасамыз.
2 кезең «Санды мақалдар» сайысы (5 оқушы)
«Тартыспен түскен, бейнетпен келген іс қана шын мәнінде қымбат табыс деп, тапқыр балаларды анықтаймыз
1.Піл к3ті, піл к3ті емес, тіл к3ті.
2. 6н балдақ қол сәні,
Әшекей кесте т10 сәні.
3. Әкесіз 7м – жарты 7м,
Шешесіз 7м – анық 7м.
4. Ел іші 6н 5ік
5. 7 атасын білмеген –жетесіз
6. 6ау ала болса, ауыздағы кетеді,
4еу түгел болса, төбедегі келеді.
-Ұпай саны аз үш оқушы сайыстан шығады.
3 кезең «Логикалық тарсырмалар» (3 оқушы)
1.Асан мен Үсен шахмат ойнады. Асан екі рет ұтты, Ал Үсен екі рет ұтылды. Олар бір рет тең ойнады. Барлығы неше рет шахмат ойналды? (3рет)
2. Інісі 5 жаста, ал әпкесі 8 жаста. 10 жылдан кейін олар неше жаста болады?
(15 жаста,18 жаста)
3. Шелекке 3 литр су құйғанда ол жартысына дейін толды. Шелекке қанша литр су сияды? (6литр)
4. –Ата жасыңыз нешеде? –деп сұрағанда Қожакең.
-Ең үлкен үш таңбалы саннан 111-ді кемітіп, одан шыққан саннан 800-ді азайтса, менің өтірік жасым шығады оны халық біледі,-депті.-Қожанасырдың жасы нешеде екен?
999-111=888-800=88
4 кезең «Жүзден жүйрік» (2 оқушы)
1.Төртбұрышты, жылтыр, өзіңді көресің? (айна)
2. Қызыл, домалақ, жұмсақ, желінеді. (қызанақ)
3. Ақ,төртбұрышты, іші суық. (
4. Жасыл, жомалақ, тәтті іші қызыл. (қарбыз)
5. Қара төртбұрыш, сөйлейді, көрсетеді. (теледидар)
6. Көп бетті, іші толған білім. (кітап)
7. Қыста тауық бола ма?
8. Асқар келе жатса, шалқасынан өтіп кетіпті.
9. Аңшы сауысқанды атқанда қарға түсіпті.
Қорытындылау.
-Құрметті ұстаздар және оқушылар, осымен «жүзден жүйрік...» интеллектуалдық сайсымыз аяқталды. Енді ойын жеңімпазын құттықтайық.
Адамдардың әлемінде, Туыстығын тілеймін.
Шын достықтың әр елінде, Тым ыстығын тілеймін.
Бақыт, еңбек, береке, Ырыс күнін тілеймін
Күнде думан, мереке, Тыныштығын тілеймін. –деген Сәбит Мұқанов атамыздың сөздерімен қош айтысайық. Қатысқан оқушыларға рахмет! Талаптарыңа нұр жаусын. Әділқазыларға әділ бағасын беріп, көмек көрсеткендіріне алғыс айтамыз. Шуақты күндерде кездескенше!
А.С.Пушкин атындағы орта мектебі
Жүзден жүйрік...
(интеллектуалды сайыс)
Мұғалімі: Б.А.Сейітқасымова
Қаратау қаласы
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген