Материалдар / «Жүзден жүйрік»

«Жүзден жүйрік»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды жан-жақты, білімді болуға үйрету, ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа, шапшаңдылыққа баулу, озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Сәуір 2018
460
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жүзден жүйрік»Мақсаты: балаларды жан-жақты, білімді болуға үйрету, ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа, шапшаңдылыққа баулу, озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу.Жоспары: 1-бөлім: Жедел жауап              2-бөлім: Тіл-өнер              3-бөлім: Сандар сөйлейді            4-бөлім: Мықты болсаң ,тауып көр            5-бөлім: Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы.Барысы: Қайырлы күн,құрметті сайыскерлер,көрермендер!Бүгінгі біздің атты сайысымызға қош келдіңіздер. Сайысқа 2 топ қатысып отыр.1-топ «Алғырлар»Ұраны: Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады»2-топ «Тапқырлар»Ұраны: Пайда ойлама.ар ойла,       Талап қыл артық білуге»Бұл ойында балалар өз білімдерін пайдаланып,санасының өскенін,сөз байлығының молайғандығын көрсетеді.Қазылар орнықтырар әділдікті,Кімдердің жауаптары кәміл шықты.Білім мен тапқырлықтың жарысында,Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, - деп,қазылар алқасымен таныстырып өтейін.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Асипов Аязбай Оқу ісінің меңгерушісі: Түменбаева Сәуле Информатика пәнінің мұғалімі: Дүйсебаева Сандуғаш Ал,кәнекей,келіңдер,Біріңе-бірің еріңдер.Біліміңді тексеріп,Ойынға қатысып көріңдер,-дей келе ойынға қатысушыларға сәт сапар тілеймін.1-бөлім:Жедел жауапБұл бөлімде әр топқа 10сұрақтан қойылады.Әр дұрыс жауапқа 1ұпай беріледі.Оқушы жауап бере алмаған жағдайда келесі ойыншы жауап беруге болады.1-топқа:1. Қазақстан астанасы қай қала? (Астана)2. Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазым? (Президент)3. Кеңес Одағында алғаш ғарышқа ұшқан кім? (Юрий Гагарин)4. Қазақтың атақты күрес шебері кім? (Қажымұқан Мұңайтпасұлы)5. Бірінші маусым қандай мереке? (Балаларды қорғау күні)6. Шығыстың қос шынарын ата. (Әлия мен Мәншүк)7. Қазақтың ұлттық аспабында орындалатын шығарма.(Күй)8. Қазақстан Гимнінің авторлары кімдер? (Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов) 9. Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)10. Ұлы жүздің биі.(Төле би)2-топқа:1. Қазақстан рәміздерін ата.(Гими, ту, елтаңба)2. Қазақ халқы өзінің тұңғыш Президентін қашан сайлады? (1991 жылдың 1 желтоқсан)3. Қазір қай жыл? (Жылқы)4. Алғаш ғарышқа ұшқан қазақ кім? (Тоқтар Әубәкіров, 1991 жылы)5. Қазақтың үш биін ата. (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)6. Қазақстан Тәуелсіздік күні.(16 желтоқсан)7. Қазақстанның атақты суретшісі (Әбілхан Қастеев)8. 6-шілде қандай мереке? (Астана туған күні)9.Сидней Олимпиадасында жеңіске жеткен атақты боксшы кім? (Бекзат Саттарханов) 10. Қазақ даласында мектеп ашқан ұлы ағартушы кім? (Ы.Алтынсарин)

2-бөлім Тіл-өнерМақалдың жалғасын табу керек. Әрбір дұрыс жауапқа 5ұпай беріледі.1-топқа:1. Ең тәтті де тіл, ... (ең ащы да тіл)2. Оқу білім бұлағы, ... (білім өмір шырағы)3. Өнер алды ... (қызыл тіл)4. Ашу –дұшпан, .. (ақыл – дос)5. Тіл қылыштан ... (өткір)6. Отан .. (отбасынан басталады)2-топқа:1. Шебердің қолы ортақ,... (шешеннің сөзі ортақ)2. Отансыз адам ... (ормансыз бұлбұл)3. Ер жігіт елі үшін туады,.. (ел үшін өледі)4. Мектеп кеме,... (білім теңіз)5. Жақсы жолдас жанға серік,..( Жаман жолдас – малға серік)6. Қыз елдің көркі,... (гүл жердің көркі)3-бөлім: Сандар сөйлейді3 - Үш ауыз сөз, жігіттің үш жұрты, үш із, үш ғайып, үш алыс, үш арсыз, үш байлық, үш қазына, үш мақсат, үш үміт, үш қадірлі, үш қадірсіз, үш кемшілік, үш көз, үш тоқтам, үш қасиет, үш талғам, үш жүз, үш тәтті, үш қуат т.б.5- бес арыс, бес асыл іс7- «жеті амал», «жеті қазына», «жеті жоқ», «жеті жұт», «жеті ата»», жеті құбылыс», «жеті жетім», «жеті ғашық», «жеті жарғы» 13 - «Он үште отау иесі» 40- «Ханда қырық кісінің ақылы бар», «Қырық кісі бір жақ – қыңыр кісі бір жақ», «Қырқында – қыры кеткен»,4-бөлім :Мықты болсаң,тауып көр.1-топқа:1. Үй үстінде ұсақ тас,   Алайын десем табылмас. (жұлдыз,звезда)2. Тұмсығымен қозғалар,артында аппақ із қалар.(бор-мель)3. Қабат –қабат қаттама.ақылың болса аттама (кітап- книга)4. Сырты қатты, іші тәтті. (қарбыз –арбуз)2- топқа:1. Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің, ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.(ауа- воздух)2. Айдағаны ... ешкі ,ысқырығы жер жарады.(бес-пять)3. Жоқ өзінде бас та,қас та,   Жазулы тұр ұзындығы бойында.(сызғыш-линейка)4. Жылт-жылт еткен,жырадан өткен.(Су-вода)5. Өзі сөйлей білмейді,салған ізі сөйлейді. (қалам – ручка)5-бөлім «Өлең сөздің патшасы,сөз сарасы».Әр топтың жетекшілері шығып,белгілі бір тақырыпта қазақша өлеңдер оқиды .Бұл кезеңде тілдің тазалығы,мәнерлеп оқуы бағаланады.Қорытынды:                         Білімнің мініп алып тұлпарына,                        Қиналмай шықты білім шыңдарына.                         Бүгінгі сайысымыз аяқталды,                         Сөз кезегі қазылар алқасында.Бүгінгі сайысымызды қорытындылап,жеңімпаз топты анықтау үшін қазылар алқасына сөз берейік.(Жеңімпаздарды марапаттау)Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды. Жарыс болған соң жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді.Жарыста жеңілсек те өмірде жеңіске жете берулеріңе тілектеспін.Келесі кездескенше сау болыңыздар!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ