400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

«Жүзден жүйрік, маңнан тұлпар» спорттық – интеллектуалдық сайыс.

Материал туралы қысқаша түсінік
Спорттық-интеллектуалдық сайыс.
Материалдың қысқаша нұсқасы




«Жүзден жүйрік, маңнан тұлпар» спорттық – интеллектуалдық сайыс.


Сайыстың мақсаты:

- Оқушылардың білімі мен алғырлығын анықтау мақсатында дене шынықтыру пәні бойынша

сұрақтарға жауап алу арқылы білімді, алғыр және үздік сыныпты анықтау.


- Оқушыларды достық пен ұйымшылдыққа және отан сүйгіштікке баулу.

Сайысты өткізу шарты, күні, уақыты:

Сайысқа 7-8 сыныптар арасында 4 оқушы қатысады. 27.01.2017жылы, сағ 1000-де өтеді.

Сайыстың кезеңдері:

1. Қатысушыларды таныстыру.

2. Бәйге.

3. Ғажайып төрттік.

4. Сөз – маржаны.

5. Жорға



1. Кезең Бәйге – Бұл кезеңде 12- сұрақ қойылады, сұраққа әр команда берілген әріптермен жауап

береді. Әрбір дұрыс жауап берген командаға 10- ұпай беріледі.


1) Үш корпусы бар желкенді қайық қалай аталады?

а) Серфинг в) Могул

б) Тримаран г) Траверсир

2) Гимнастика ертедегі қай елдің сөзі?

а) Грек в) АҚШ

б) Түрік г) Неміс

3) Бенди ойыны қанша кезеңнен тұрады?

а) 4 в) 2

б) 1 г) 6

4) 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасының күміс жүлдегері Қазақтың біртуар боксшысы кім?

а) Қонақбаев в) Сәрсекбаев

б) Сәпиев г) Ниязымбетов

5) Эстафеталық жүгіру қай сөреден басталады?

а) Жоғары в) Аралас

б) Орта г) Төменгі

6) Ең алғашқы автомобиль жарысы қай жылы өтті?

а) 1965ж в) 1865ж

б) 1895ж г) 1765ж

7) Хоккей ойынында айып добы қалай аталады№

а) Улит в) Булит

б) Сим г) Хокк

8) Эстафеталық жүгіріске қайсысы жатады?

а) 4х200м,4х400м,4х800м в) 4х60м,4х100м,4х200м

б) 4х100м,4х300м,4х200м г) 4х200м,4х100м,4х60м

9) Футбол Королі кім?

а) Пеле в) Марадонна

б) Месси г) Ранальдо

10) Баскетбол ойыны олимпиадаға енгізілген жыл?

а) 1930ж в) 1935ж

б) 1940ж г) 1835ж

11) Азия ойынының бойтұмарын көрсет?

а) Балық в) Аю

б) Арыстан г) Барыс

12) Армрестлинг қандай спорт түрі?

а) Күрес в) Қазақша күрес

б) Қол күрес г) Дзюдо

1-кезеңді қорытындылау.


2. Ғажайып төрттік – Бұл кезеңнің ерекшелігі – экранда көрсетілген тақырыптар мен ұпай саны

көрсетілен ұяшықтарды таңдап, сұрақтарға жауап береді. Дұрыс жауап

болмаса басқа команда жауап беруге болады.

1. Саңлақтар:

10-ұпай. 30-шы Жазғы олимпиадада Қазақстан спортшыларынан алғашқы

медальді кім алды? (А.Винокуров)

20-ұпай. XXXI жазғы олимпиадасында 48 келіде татами торіне шығып қола

медаль таққан спортшы

(Галбадрах Отгонцэцэг)

30-ұпай. Түркістан қаласының 1500 жылдығына өз жеңісін арнаған спортшы

кім? (Б.Саттарханов)


40-ұпай. Бейне сұрақ. 1968 жылы Мехикода өткен олимпиада ойындарында

ұзындыққа секіруден әлем рекордын жаңартқан спортшы?

(Боб Бимон)


2. Қазақтың ұлттық ойындары:


10-ұпай. Ми жұмысына арналған қазақтың ұлттық ойыны қалай аталады?

(Тоғызқұмалақ)

20-ұпай. Қазақтың жігіті мен қызы ат үстінде ойнайтын ұлттық ойын?

(Қыз Қуу)

30-ұпай. Бейне сұрақ. Тоғызқұмалақ ойынында неше отау, неше қазан, неше

тас болады? (18 отау, 2 қазан, 162 тас)


40-ұпай. Жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алуы керек, ол

үлкен ептілікті, ат құлағында ойнайтын шабандоздық тәжірибені

талап етеді. Сұрақ бұл ойын қалай аталады? (Теңге алу)


3. Спорттық ойындар:


10-ұпай. Тосын сый.

20-ұпай. Қол добы ойынында қақпашы алаңына кімдер кіріп ойнауға

құқылы? (Қақпашы ғана)


30-ұпай. Үлкен футболда оң және сол қаптал сыртынан кеткен допты

ойыншылар қалай ойынға қосады?

(Алаң сызығының сыртынан тұрып екі қолмен бастан асырып

лақтырады)


40-ұпай. Баскетболда бір тайымдағы командалық ескерту саны қанша?

(5)






4. Олимиадалар:


10-ұпай. 2014 жылы футболдан әлем чемпионаты қай мемлекетте өтті?

(Бразилия)

20-ұпай. Лондонда өткен 30-шы жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан

нешінші орынға ие болды? (12-ші орын)


30-ұпай. Азия ойындары алғаш қай жылы болды? (1951жылы)


40-ұпай. XXXI жазғы Олимпиада да еліміздің

көк байрағын ұстап шыққан спортшы кім?

(Руслан Жапаров)

2-кезеңді қорытындысы.


3. Сөз маржаны – Сөз маржаны кезеңінде берілген мақалдардың жартысын тауып айтады.

Дұрыс жауып берген топқа 10 ұпай беріледі.


Бас аманда – мал тәтті,

Бас ауырса, жан тәтті.


Тазалық – саулық негізі,

Саулық – байлық негізі.

Ұйқы – тынықтырады,

Жұмыс шынықтырады.


Сырқат тән жарасы,

Қайғы жан жарасы.


Күлкі – ашылған гүл,

Көңіл – ашылған нұр.

Аурудың жақсысы жоқ,

Дәрінің тәттісі жоқ.


Жүйріктен жүйрік озар

жарысқанда.


Жүйрік болсаң,

Шауып көр.


Ер туса -

елге тыныс.


Бас ауырмағанның,

Құдаймен ісі жоқ.


Тер шықпаған кісіден,

Дерт шықпайды.


Шын ер жеңсе, тасымас,

Жеңілсе, жасымас.

3-кезеңді қорытындылау.





4. Жорға – Бұл кезеңде әр топтан 1 оқушы сұрақтарға жауап береді. 1 минут ішінде 15 сұрақ

оқылады, дұрыс жауапқа 5 ұпай.


А)

1. Әлемге әйгілі қазақ палуаны. (Қажмұқан)

2. Мұздағы би қалай аталады? (Мәнерлеп сырғанау)

3. Футболшы Армандо Диегоның фамилиясы кім? (Марадонна)

4. Лондон олимпиадасында Қазақстан спортшылары неше алтын алды? (7)

5. Ханталапай немен ойналады? (Асықпен)

6. Қол добы ойнында неше ойыншы ойнайды? (7)

7. Ең алғашқы олимпиада ойындары қай елде өтті? (Афина–Грекия)

8. Шахматтың отаны? (Үндістан)

9. Алдыға, артқа домалап түсу спорттың қай түріне жатады? (Гимнастика)

10. Баскетбол ойынында ойыншы допты екі қолмен бірдей ұрып жүре ма? (жоқ)

11. Тур Де Франс қандай жарыс? (Велосепетшілер)

12. Доп пішіні қандай? (дөңгелек)

13. Қысқы Азия ойындары Қазақстанда өтті ма? (ия)

14. Волейбол ойыны кезінде допты аяқпен ұруға бола ма? (ия)

15. Қол добы қай елде пайда болды? (Германия)



Б)

1. Хоккей ойыны қай мемлекетте пайда болды? (Канада)

2. 7-Қысқы Азия ойындары қай қалада өтті? (Астана - Алматы)

3. «Әтештер қақтығысы» қазақтың ұлттық ойынына жата ма? (ия)

4. Екі қадам жасау спорттың қай түрінде қолданылады? (Баскетбол)

5. «Футбол» сөзіндегі «фут» сөзі не мағына білдіреді? (Аяқ)

6. Қол добында ойын барысында ойыншы допты жерге соқпай қанша адым жасайды? (3)

7. «Спорт падишасы» деп қандай спорт түрін айтады? (Жеңіл атлетика)

8. «Ат» бейнесі қай ойында пайдаланылады? (Шахмат)

9. Иықпен тіресіп ойыншыны алаңнан шығарып тастау қаз.ұлт. ойын/ң қай түрі (Әтештер қақ/сы)

10. Азия ойындары неше жылда өтеді? (4 жылда)

11. Бильярд ойынында шарды ұратын таяқ қалай аталады? (Кии)

12. Олимпиада ойындарының логотипі (5 шеңбер)

13. Волейбол ойыны кезінде жалпы алаңда неше ойыншы болады? (12)

14. Баскетбол ойыны неше кезеңнен тұрады? (4)

15. Футбол ойынындағы ескерту карточкасының түсі ? (Сары)
















В)

1. Бокс алаңы қалай аталады? (Ринг)

2. Зіл темір спорттың қай түрі? (Ауыр атлетика)

3. 31-ші жазғы Олимпиада қай қалада өтті? (Рио Де Жанейро)

4. Баскетбол ойынында айып добы неше ұпай болып есептеледі? (1 ұпай)

5. Мұзда сырғанайтын аяқ киім? (Коньки)

6. Марадонна кім? (Футболшы)

7. Қажымұанның фамилиясы? (Мұңайтпасов)

8. Олимпиада сөзінде неше әріп бар? (9)

9. Әлия Юсупова кім? (Гимнастшы)

10. Ринг дзюдо жарысының алаңына жата ма? (Жоқ)

11. Лондон Олимпиадасы қай жылы өтті? (2012)

12. XXXI жазғы олимпиадаға неше спортшы қатысты? (104)

13. «Бұқа тартыс» қазақтың ұлттық ойынына жата ма? (Ия)

14. Футбол ойынында қызыл карточка не мағына білдіреді? (Ойыннан қуылады)

15. Сидней Олимпиадасындағы Қазақстан бокс чемпионы кім? (Б.Саттарханов)



Г)

1. Баскетбол ойынында ойын алаңның қай жерінен басталады? (Ортасынан)

2. Бразилиядағы футболдан әлем чемпионаты қай жылы өтті? (2014)

3. Волейбол алаңының көлемі? (9х18)

4. Бейжің Олимпиадасына Ольга Шишигина қатыстыма? (Жоқ)

5. 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасында грек-рим күресінен алтын алқа таққан кім? (Ж.Үшкемпіров)

6. Медаль металдарын ата? (Алтын, Күміс, Қола)

7. Сопақ доппен ойналатын спорттық ойын қалай аталады? (Регби)

8. Футболда бір тайым уақыты қанша? (45)

9. «Ханталапай» қазақтың ұлттық ойынына жата ма? (Ия)

10. «Бірлік», «Сарт-сұрт», «Қаршу» ойындары қай ойын түріне жатады? (Бестас)

11. Ұзақ қашықтыққа жүгіру қай сөреден басталады? (Жоғары)

12. «Отау», «Қазан» сөздері қай ойын түрінде пайдаланылады? (Тоғызқұмалақ)

13. Футбол ойынының отаны (Англия)

14. 30-шы Жазғы Олимпиада да тұңғыш рет өандай спорт түрі енгізілді? (Әйелдер боксы)

15. «Баскет» ағылшын тілінен аударғанда не мағына білдіреді? (Себет)


Жалпы 4 – кезеңді қорытындылау. Оқушыларды марапаттау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
9 сәуір
1137
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі