Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар"

Материал туралы қысқаша түсінік
математика пәнінен сайыс сабақ, оқушылар екі топқа бөлінеді. сайыс сабақ 6 кезеңнен тұрады, бұл сабақ оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын оятады, бірлесіп жұмыс жасауға баулиды
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы

«Екпінді орталау мектебі»

Коммуналдық мемлекеттік мекемесі







Бекітемін:

Мектеп директоры:

Нұрсәлім А.






«Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар»







Пән мұғалімі: Кистауова Н.А.

























2019ж

Күні: 9 қаңтар

Сыныбы: 5 - 6

«Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар» атты математикалық сайыс

 Мақсаты: оқушылардың математикадан алған білімдерін тереңдету, өткен тақырыптар бойынша білімдерін пысықтау, оқушылардың ой – өрістерін кеңейту, шығармашылық пен өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру.

Сабақтың түрі: топтық сайыс

Барысы:

«Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» — деп Ш. Уәлиханов, «Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, өмір мектебінен өту арқылы ғана оны ірі қайраткер дәрежесіне дейін көтереді» — деп Қ. Сәтбаев айтып кеткендей болашақ тек білімді жастар екені даусыз.

Асыл тастан, өнер жастан, Шығады деп дарынды Халық айтса қалт айтпайды,

Әр қашанда нанымды, — деп Абай атамыз айтқандай 5 -6- сыныптар арасында өткелі отырған сайысымызды бастаймыз.

Жүргізуші:

Математика ғылымдар патшасы деп,

Мойындаған бар ғылым жер шарында

Сол қағида тағы да дәлелденбек,

Бүгінгі кеш бағдарлы жоспарында

Математика 4 амал негізінде

Туындатқан талайдан келбетінде

Жұмбақ әлем болғанмен ей замандас

Меңгерілер еңбек, талап шеңберінде

Математика, математика қандай қиын

Оқымасаң шешілмейді ешбір түйін

Амалдардың тек қана көмегімен

Орындалар сансыз көп байлам түйін

Болашақ білім — ғылым тұтқасында,

Мұны әркім әрқашан ұстасында

Заманның компьютердей кезеңінде

Математика тағы тұр көшбасында

Математикалық сайыстың өтілу тәртібімен таныстырып өтейік.

1-сайыс. Топтардың сәлемдесуі

2-сайыс. Блиц — турнир

3-сайыс. Пингвиндер сайысы.

4-сайыс. Жүйрік болсаң, озып көр.

5-сайыс. Ойымды жалғастыр.

6-сайыс. Көсемдікке ұмтылу

Қорытындылау

Жүргізуші:

Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары әділ шықты.

Білім мен тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты! – демекші, топтардың еңбектеріне баға беруші ұстаздарымызды таныстырып өтейік:

1.     _________________________________________

2.     _________________________________________

3.     _________________________________________

4.     _________________________________________

Жүргізуші:

Көңілді тапқырлар, білгіштер

Бар өнерін алдарыңа салады

Кім білімді, көп оқыған болса егер

Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

Өмірде ойлап тұрсаң бәрі де – есеп

Ауырсаң, іше – тұғын  дәрі де есеп

Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз – ау

Дүниенің бар тұлғасы есеп десек.

Есеппен сайысады қос команда

Алға озар ең мықтысы осы жолда

Көпшілік өнерлерін қызықтамақ

Сұрайық шығуларын жұрт алдына

Шақырамыз келіңдер жарысуға

Күш – өнер, білімменен алысуға

Бар өнерді салайық ортамызға

Ал кәнекей, кім шығады сайысуға

Ортаға 5- 6-сынып оқушыларынан құралған «Барыс» және «Тұлпар» топтарын шақырамыз.

Ал, кәнекей сайысты біз бастайық,

Өзімізді таныстырып тастайық – деп сөз кезегін әр топқа береміз (таныстыру, ұраны)

«Барыс»тобы:

Егеменді Қазақтың біз ұраны!

Өз Туы бар, Елтаңба, Әнұраны!

Үмітін ақтайтын біз ақ – ұрпақтың

Самғайтын биіктерге тау қыраны!

Бабалар рухы өзің қолда!

Жеңіс тек бізде болар осы жолда!

Достар – ау, сендерде бір қолпаштаңдар

Отырған дәл алдында, оң мен солда!

Құны бір құрдас, жаны бір мұңдас

Тілегі бір, жүрегі бір бірге өскен жолдас

Сендерге де бір Сәлем!

Ұраны:  Тартысайық сайыста күш жігермен,

               Айрылысайық қимас бір дос көңілмен!

«Тұлпар»тобы:

Өнер қуған математик жастармыз!

Есебіңді лезде шешіп тастармыз

Командамыз өңшең тапқыр қырандар!

Ерен туған, «Тұлпар» тобы

Сайысымызды бастармыз!

Келешектің үмітіміз талапты

Атақ даңққа бөленеміз қарап тұр!

Сегіз қырлы, өнер асып туғандар,

Оза шығып бәйге атындай жарап тұр!

Бастары компьютердей,

Бойлары бәрі бірдей

Жастықты бірге өткізген

Құрбыларға өрімдей – Сәлем

Ұраны:Бір Аллаға сыйынып.

              Кел, балалар, оқылық!

Жүргізуші:

Мәңгі бақи есте қалар

Қызықты бір жиын болсын!

Білімді шәкірт озар!

Сұрақтары қиын болсын – дей отырып, сайысымыздың екінші бөлімін бастаймыз.

2- сайыс. Блиц – турнир.Ойын шарты, мұнда әр топқа 10 сұрақ беріледі.

(Математикада қолданылатын терминдерді қайталау мақсатында берілген сұрақтар бар). Уақыт, бірлік, ұзындық, салмақ, өлшем бірліктерін және олардың арасындағы байланысты меңгеру үшін сұрақтар алынды.

Тұлпар тобына (6 – сынып)

1.     1метр 1дециметрден неше сантиметр артық (90см)

2.     1минут 1 сағаттан неше минут кем (59 мин)

3.     50 саусақ көріну үшін неше баланың қолы керек? (5 бала)

4.     «Спутник» жер шарын 103 минутта айналып өтті, ол неше сағат, неше минутта айналып өтті (1сағ, 43мин)

5.     Бірлігі мен ондығын қосқанда 2-ге тең болатын екі таңбалы санды ата (11, 20)

6.     Айырмашылығы тек таңбаларында болатын сандар қалай аталады (қарама – қарсы сандар)

7.     Алымы бөлімінен үлкен бөлшек қалай аталады (бұрыс бөлшек)

8.     7 саны жай сан ба, құрама сан бар? ( жай сан)

9.     Екі қатынастың теңдігі (пропорция)

10.                       ¾ — ке кері сан (4/3)

11.                       Таңбалары әр түрлі екі санның көбейтіндісі ( Теріс сан)

12.                        2+2*5-4 (8)

Барыс тобына (5 – сынып)

1.     1сағаттың 1 тәуліктен неше сағаты кем? (24-1=23)

2.     1тоннада неше кг бар (1000 кг)

3.     Түнгі сағат 11-де жауын жауып тұр, ал 24 сағаттан соң күн шығып тұруы мүмкін бе? (жоқ, түнгі 11 сағат)

4.     Үстелде 4 алма жатыр, оның біреуі 2-ге бөлінген, үстелде неше алма жатыр (4 алма)

5.     Алымы бөлімінен кіші бөлшек не деп аталады? (дұрыс бөлшек)

6.     Натурал сандар неше ден басталады (1ден)

7.     43 саны  жай сан ба, құрама сан бар? ( жай сан)

8.     Ең кіші үш таңбалы сан. (100)

9.     Қандай өрнекті әріпті өрнек деп атайды? (құрамында әріпі бар өрнек)

10.                       ½ -ге кері сан (2)

11.                       Алымы бөліміне тең сан: (1)

12.                        1+1*2-2 (1)

Жүргізуші:

Білім деген биік шың

Бақытқа сені жетелер

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер – деп 3-сайысты, яғни «есептер шығару» сайысын бастаймыз.Мұнда тақтада әр топқа есеп 5 есептен беріледі. Әр сайыскер 1 есептен беріледі. Қай топ жылдам есепті шығарып болса, сол топ жеңіске жетеді.

5 – сынып оқушыларына :

  1. Балалар жануарлар көрмесін ұйымдастырды. Оның ішінде 18 процент қой, 40 процент ит және 21 мысық бар. Көрмеде барлығы қанша жануар бар? Жауабы: 50 жануар бар

  2. Ауладағы қаздар мен қояндардың бастарының саны 24, ал аяқтары 66. Аулада неше қаз, неше қоян жайылып жүр? Жауабы: 15 қаз, 9 қоян бар

  3. 9 бен 27 сандарының арасында қанша жұп сан бар? Жауабы: 9 сан

  4. Сандары белгілі бір байланыспен орналасқан.Сандар байланысы ерекшелігін тауып қатарды жалғастыр: 9, 7, 10, 8, 11, 9, 12,.. Жауабы: 10, 13, 11...

  5. Теңдік орындалатындай етіп амал таңбаларын қойып шық (* / - + таңбаларын пайдаланып): 3 3 3 3 3 3=1000 Жауабы: 333*3+3/3=1000


  1. сынып оқушыларына:


  1. Марат командасындағы тізім бойынша алдынан 25 ші және артынан 25ші болса тізімде қанша адам бар? Жауабы: 49

  2. Салмақтары 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 грамм болатын алмаз тастардысалмақтары тең болатындай етіп, төрт сандықшаға қалай орналастыруға болады? Жауабыңды негізде.7 грамнан болуы керек:(1+ 2+ 3+ 4+ 5+ 6 +7):4 =28:4=7 (г) .Былайша орналастыруға болады:7+(1+6)+(2+5)+(3+4). Жауабы: 7 грамнан.

  3. Бір кірпіштің салмағы жарты кірпіш пен 2 килограммға тең. Бір кірпіштің салмағы қандай? Жауабы: 4 килограмм.

  4. Кітапта 240 бет бар және оның 60 парағының қалыңдығы 1 см екендігі белгілі болса, кітаптың қалыңдығы қандай? Жауабы: 2 сантиметр

  5. Теңдік орындалатындай етіп амал таңбаларын қойып шық (* / - + таңбаларын пайдаланып): 4 4 4 4 4 4 4 4=500 Жауабы: 444+44+4+4+4=500

Жүргізуші:

Оймен кәне көк теңізін кешіңдер

Жарқ – жұрқ еткен неше түрлі есімдер

Айтылғанда математикалық есептер

Зейін салып, зердемен шешіңдер

4-сайыс. «Жүйрік болсаң, озып көр»  топ басшылар сайысы. Бұл бөлімде топ басшыларына 10 сұрақ қойылады, әрбір дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.

1-топ басшысы: 5 - сынып

1.     Натурал сан не үшін керек? (санау үшін)

2.     Шаршының қабырғалары қандай болады? (тең)

3.     Бұрышты өлшеу құралы (транспортир)

4.     Тәуліктің төрттен бір бөлігі (6 сағат)

5.     Ең кіші натурал сан (1)

6.     Қандай ыдыстан тамақ ішпейді? (бос ыдыстан)

7.     Математика сөзінде қанша а әрпі бар (3)

8.     Қандай сан 3-ке бөлінеді (цифрларының қосындысы 3-ке бөлінсе)

9.     Ең үлкен екі таңбалы сан (99)

10.                       Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? (0)

2-топ басшысы: 6 - сынып

1.     Екі теріс санның көбейтіндісі (оң сан)

2.     Бөлшектің түрлері (ондық, жай)

3.     Барлық қабырғалары тең тік төртбұрыш (шаршы)

4.     Қарама – қарсы сандардың қосындысы неге тең (0)

5.     Кері екі санның көбейтіндісі неге тең (1)

6.     Жай сандар дегеніміз не? (бірге және өзіне бөлінетін сандар)

7.     Санды нөлге бөлуге бола ма (жоқ)

8.     Ондық бөлшек неше бөліктен тұрады (екі, бүтін бөлігі және бөлшек бөлігі)

9.     Егер көбейткіштердің бірі нөлге тең болса, онда көбейтіндісі неге тең (0)

10.   Теріс сандардың қосындысы неге тең (теріс сан)

Жүргізуші:

 Ойла, ойла тереңнен

Жақсы емес – ау көп бөгелген

Сұрақтарды шешпесең

Өте алмайсың бөгеттен

5-сайыс. «Ойымды жалғастыр». Шарты әр топ бір – біріне санға байланысты мақал – мәтелдерді айтады. Екінші топ жалғастыру керек. Дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.



жалғасы

Жеті жұрттың тілін біл,

жеті түрлі білім біл


Білекті бірді жығар,

білімді мыңды жығар

Досыңды үш күн сынама

үш жыл сына

Бір елі ауызға,

екі елі қақпақ

Жүз сомың болғанша,

жүз досың болсын

Отыз тістен шыққан сөз,

отыз елге тарайды



жалғасы

Білгенің бір тоғыз,

білмегенің тоқсан тоғыз

Бір кісі қазған құдықтан

мың кісі су ішеді

Алты жыл аш болсаңда,

ата салтыңды сақта

Бір күндік жолға шықсаң,

үш күндік азық ал

Алтау ала болса ауыздағы кетеді,

төртеу түгел болса төбедегі келеді

Жеті өлшеп,

бір рет кес


                      

6-сайыс.  «Көсемдікке ұмтылу» . Шарты бойынша төмендегі цифрограммада  математикалық жұмбақ жасырылған. Цифрларды сөйлетіп, көсемдікке ұмтылып көрелік. Ең басты кілт – әр цифрды қазақ альфавитіндегі әріптердің ретімен дұрыс орналастырып шығу керек.

Жұмбақ:

3

38

11

24

1

18

3

37

11















24

37

11

37

15

22

37

11

3

21

16

38

18

5

8

18








17

1

25

8

17

1

25

12

14

1

18

37

27

15

22

1

24

1

7

1

17

6

1

15

27

3

37

10

37

15

3

20

22

14

21

23

38

18

5

8

18






7

27

23

37

24

3

27

23

37

24

1

23

1

16

1

24








20

18

7

37

15

3

20

16

37

22

3

21

16

38

18

5

8

18






 


Бі з санбыз....

Сызықпыз бөлінген

Математиканы ұқпас адамға

Құбыжық боп көрінген

Дұрыс, бұрыс, аралас,

Ондық болып бөлінген   (бөлшек сан)

Қорытындылау.Ең бастысы орын емес жарыста

Терең білім, жеңу шарты сайыста

Тапқырлықпен ізденісте болсаңыз

Өмірде де жетерің хақ, табысқа

Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды. Ал қазір әділ қазылар сөз алады. Сайысымыздың жеңімпаздарын анықтап. Мақтау қағаз тапсырады.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2019
631
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12