«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты көңілді спорттық жарысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты көңілді спорттық жарысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Дене шынықтыру пән мұғалімдеріне көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мойнақ ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №23 орта мектептегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруда «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты көңілді спорттық жарысы


Өтілетін жарыстың мақсаты:

  1. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамдық рухани жаңғырудың ауқымды идеяларын іске асыруда ауыл мектептері арасында жаппай спортпен шұғылдануға тарту, салауатты өмір салтын насихаттау, достық қарым-қатынастар орнату.


Өтілетін жарыс орны:  Спорт алаңы

Қолданылатын құралдар: эстафеталық кедергілер, доп (үлкен,кіші), Обруч, таяқшалар және т.б.

Сайыстың барысы: мектеп спорт залына қатысушылар сапқа тұрады. Ортаға екі жүргізуші шығады.


1. Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті спорт сүйер қауым! Мойнақ ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №23 орта мектебіндегі «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» көңілді спорттық ойыны қош келдіңіздер!!!

2. Жүргізуші: Армысыздар, спорт жанашырлары! Салауатты өмір салтын ұстанған барша қатысушылар! Бүгінгі салтанатты сайсымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

1. Жүргізуші : Жалпы дене шынықтыру шәкірттердің ғана емес. Ересектердің де күш –қуатын өсіріп, олардың денсаулығын шыңдап, қан тамырларының жүйелі жұмыс жасауына ықпал етеді.

2. Жүргізуші : «Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі» деп айтқандай Т. Карлейль

Таза ауа, спорт болсын дәріміз,

Еңбек етіп келгенінше әліміз.

«Алға!»,- деген бір-ақ мақсат ұстанып,

Сайысқа аттанайық бәріміз!

2. Жүргізуші :

Отбасылар отыр сынға түскелі,

Сыналмақшы ептілік пен күштері.

Әрбірінің жігер күші жалындап,

Жеңіс сәтін тағат таппай күткелі.

«Спорт» десе таза біздің арымыз.

Сайысатын отбасылар  бүгінгі,

Қарсы алайық, қошеметпен бәріміз!

І «_____________» тобы - ________________ отбасын қошеметпен қарсы алайық

II «_____________»тобы - __________________ отбасын қошеметпен қарсы алайық



III «____________»тобы - __________________ отбасын қошеметпен қарсы алайық



Үш топ жүріп өтіп, ойын алаңына барып орналасады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимн

1. Жүргізуші: Ал енді, спорт заңы бойынша әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік:

1.      ____________________________________________________________

2.      ____________________________________________________________

3.      ____________________________________________________________

4.      ____________________________________________________________

5. ___________________________________________________________

Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.

2. Жүргізуші;

Уа халқым назар аудар денсаулыққа

Өмірде бақыттысың дені сауда

Денсаулық терең бақыт деген сөзді

Құр айтпаған ұлы Абай данамызда демекші

Ортада «Қазағым ау» әңімен 2 сынып оқушысы Алиханды қарсы алыңыздар.

1. Жүргізуші : «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» спорттық ойынымыз 7 турдан тұрады.

2. Жүргізуші : Құрметті жарысқа түскелі тұрған бәсекелестер,  оқушылар және сайысымыздың қонақтары! Команданың әр мүшесі кезекпен шығып жарысады. Бірінші болып аяқтаған команда жеңіске жетеді)

Әр кезеңнен кейін әділ қазылар өз бағаларын береді.

Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!


Сайысымыздың әр бөлімімен таныстыруға рұқсат етіңіздер. Олар:

1 тур- Командалардың өзін-өзін таныстыруы. Командалар сәлемдеседі және ұрандарын айтып, эмблемаларын қорғайды.

1. Жүргізуші: Құрметті әділқазылар сайыстың бірінші тур бойынша бағаларыңызды беруіңізді сұраймыз.

- Әртүрлі спорттық эстафеталар

2 тур-  Эстафеталық таяқшамен жүгіру. 2. Жүргізуші : Құрметті әділқазылар сайыстың екінші тур бойынша бағаларыңызды беруіңізді сұраймыз.

3 тур-  Кім жылдам (гимнастикалық орындыққа бірінші отыру). 1. Жүргізуші: Құрметті әділқазылар сайыстың үшінші тур бойынша бағаларыңызды беруіңізді сұраймыз.

4 тур- Қаппен секіру.

2. Жүргізуші : Құрметті әділқазылар сайыстың төртінші тур бойынша бағаларыңызды беруіңізді сұраймыз. 5 тур- Әріптерден сөз құрастыру.

1. Жүргізуші: Құрметті әділқазылар сайыстың бесінші тур бойынша бағаларыңызды беруіңізді сұраймыз.

6 тур- Баскетбол добымен эстафета.

2. Жүргізуші : Құрметті әділқазылар сайыстың алтыншы тур бойынша бағаларыңызды беруіңізді сұраймыз.

7 тур- Жұптасып жүгіру.

1. Жүргізуші: Құрметті әділқазылар сайыстың жетінші тур бойынша бағаларыңызды беруіңізді сұраймыз.

8 тур - Капитандар сайысы (жаяу тартыс)

2. Жүргізуші : Құрметті әділқазылар сайыстың сегізінші тур бойынша бағаларыңызды беруіңізді сұраймыз.



1. Жүргізуші: Жарыс заңы ежелден

Жеңімпазды анықтау

Жеңімпаз болу шарты сол

Еңбектену, жалықпау

Біреу озса сайыста,

Біреу арта қалады

Жеңілгендер режімей

Тараса бізге жарады-демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтау үшін, әділқазы алқалары шешім шығарғанша 7 сынып оқушысы Шәрібаев Нұрәли мен 6 сынып оқушысы Зәрутай Темірланның орындауында «Қазақ қызы» әнімен қарсы алыңыздар!

Бәрекелді олай болса марапаттау сөз әділқазыларға беріледі. (Музыка ойнайды)

2. Жүргізуші : 

Құрметті шәкіртіміз!

Бір тілек айтарымыз!

Берекелі заман болсын,

Шәкіртіміз аман болсын!

Жиырма бірінші ғасырда ,

Ашық аспан астында,

Денсаулықтарыңыз мықты болсын!

Жанұяларыңыз қуанышқа толсын!

Бүгінгі көңілді мәре жарысын ,

Осымен аяқтаймыз!

Рахмет, сау болыңыздар!

 



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
22.10.2018
608
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі