Материалдар / Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар (отбасылық сайыс) 8 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар (отбасылық сайыс) 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
портфолияға салуға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Наурыз 2021
709
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Тақырыбы:«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» отбасылық сайыс

Мақсаты:Мектеп-интернат тәрбиеленушілердің ата-аналарының педагогикалық

белсенділіктерін арттыра отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Мектеп, ата-ана және оқушы арасындағы қауымдастықты нығайту.

Сайыс әдісі: Эстафеталық сайыс

Сайыс кезеңдері:


1-кезең. «Секіртпемен секіру» сайысы

2-кезең. «Доппен секіру» сайысы

3-кезең. «Бірлік кемесі» сайысы

4-кезең. «Теңге алу» сайысы

5-кезең. « Арқан тартыс» сайысы

6-кезең «Кенгру» сайысы


Құрал-жабдықтар: доп, секіртпе, қап, кедергілер т.б


Өтілу барысы

Жүргізуші:Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да!


Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында«Біздің болашақ балаларымыз арыстандай айбаттылығымен, жолбарыстай тектілігімен ел тізгінін ұстайды» - деп болашақ жастарға үлкен сенім артады. Салауатты өмір сүру өз қолымызда. Осы мақсатта біз бүгін спорттық сайысты ұйымдастырып отырмыз.Бүгінгі сайысқа қош келдіңіздер!

Әр таңды бақытпенен атырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң
Топтарымызды ортаға шақырамыз.
( Музыка ойнап тұрады, сайысқа қатысушы командаларды шақырамыз)

Топ құрамы:

1 топ. «Жұлдыз» тобы

2 топ. «Сұңқар» тобы

3 топ. «Қыран» тобы

4 топ. « Бірлік» тобы

Көңіл қойып қараңыз,отбасылық сайыста.
Шынығайық бәріміз, отбасылық сайыста жарыста
-дей келе сайысымызды бастамас бұрын мектеп-интернатымыздың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары директоры Алпысова Алия апайға сөз береміз.

(Фанфара ойнатылады) Құрметті сайысқа қатысушылар келесі кезекте біз сайысымыздың кезеңдерімен таныс болсақ. Эстафеталық сайыс 6 кезеңнен тұрады.

1-кезең. «Секіртпемен секіру» сайысы

2-кезең. «Доппен секіру» сайысы

3-кезең. «Бірлік кемесі» сайысы

4-кезең. «Теңге алу» сайысы

5-кезең. « Арқан тартыс» сайысы

6-кезең «Кенгру» сайысы деп аталады

Әр сайыс кезеңі уақыт өлшеміне, шыдамдылыққа, тапқырлыққа, шапшаңдылық пен ептілікке байланысты «5», «4», «3» деген ұпайлармен бағаланатын болады.

Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің бірліктері кәміл шықты
Бүгінгі отбасылар сайысымызда,
Жеңіске жетер дейміз қай отбасы
-дей келе сайысымыздың төрешілерімен таныс болыңыздар:
1. Бастапқы әскери дайындық пән мұғалімі Жұмағұлов Сәбит
2.Бексұлтанұлы Нұрсылтан 10- сынп оқушысы
3.Сәпиулла Рахымжан 10- сынып оқушысы

Ендеше сайысқа қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, біз сайысымызды бастаймыз.

Ал қадірлі халайық,
Зердемізді салайық
Белімізді буып алып,бекініп.
Күшімізді сынайық-деп ептілікті қажет ететін сайысымыздың




1-кезеңі «Секіртпемен секіру » сайысына кезек береміз.

Ойын шарты: Қатысушылар секіртпемен секіру арқылы, мәре сызығынан айналып, келесі ойыншы жалғатыру арқылы ойын жалғасады.

(Ойын барысында: Алға! Керемет! Жарайсындар! сөздері айтылады)

Қане,қане жарысуды,
Айналдырайық әдетке,
Денемізді шынықтыру.
Денсаулыққа қажет те-деп шапшаңдылықты қажет ететін сайысымыздың

2-кезеңі «Доппен секіру » сайысына кезек береміз.

Ойын шарты:Сайыскерлер доп алып,екі аяқ ортасына қыстырып, кедергілерден секіріп өтеді.Сайыс барысы топ мүшелерінің соңына дейін ғана жалғасады.

Жүргізуші: Қатар өскен құрдасқа,
Жарыс ұнап тұрмас па
Қуып жету жақсы ғой,
Озып шығу бір басқа - деп дәлдікті қажет ететін сайысымыздың келесі

3-кезеңі «Бірлік кемесі» сайысына кезек береміз.

Ойын шарты:Әрбір топқа спорттық 2 матрас беріледі.Оларды кезекпен кезек пайдалана отырып, топ мүшелерінің аяғы матрастан шықпай мәре сызығына жетуі қажет.Қай топ аз уақытта мәреге жетсе, сол топ жеңіске жетеді.


4- кезеңі «Теңге алу» сайысына кезек береміз.

Спорт болсын дәріміз.
Еңбек етіп келгенінше әліміз,
«Алға» -деген бір мақсатты ұстанып,
5- кезеңі «Кенгру » сайысына кезек береміз

Ойын шарты: Ойыншылар қапты киіп секіру арқылы, мәре сызығынан айналып, келесі ойыншыға қапты беріп, келесі ойыншы қапты киіп ойын жалғасады.


Келесі отбасылық сайысымыздың соңғы 6- кезеңі «Арқан тартыс» кезеңіне кезек береміз.

Ойын шарты: ойыншылар топқа бөлініп, арқан тартысады.


Жүргізуші:

Жарыс заңы ежелден, жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол, еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста, біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей, түсіністікпен қараса
- деп сөз кезегін әділ-қазыларға береміз.













Топтарды марапаттау кезең

Спорт – көркі өмірдің,

Спорт- досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың - демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік!

Бүгінгі«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға, алғысымды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше сау саламатта болыңыздар!


























Хаттама


Е.Н.Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған № 4 облыстық мектеп – интернатында 22 ақпан күні «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» тақырыбында эстафеталық отбасылық сайыс өткізілді.


Қатысқан ата – ана: 4

Қатысқан оқушы: 20

Өткізілген орны: Спорт зал


Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» тақырыбындағы эстафеталық отбасылық сайыстың

мақсаты мектеп-интернат тәрбиеленушілердің ата-аналарының педагогикалық белсенділіктерін арттыра отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру, мектеп, ата-ана және оқушы арасындағы қауымдастықты нығайту. Эстафеталық отбасылық сайысқа Әділұлы Дінислам анасы Шадаева Айгүл, Мұсахан Мұхтархан анасы Мырзахметова Сандуғаш , Әбдіқалық Әлібек анасы Дильманова Айжан, Қуаныш Аслан анасы Нагметова Жанар мен сынып тәрбиешісі Абдикасова Базаркүл, сынып кураторы Бекжанова Сәуле мен 7Ә – сынып оқушылары қатысты.

Сайыс алты кезеңнен тұрды кезеңдері бірінші «Секіртпемен секіру » сайысы, екінші «Доппен секіру» сайысы, үшінші «Бірлік кемесі» сайысы, төртінші «Теңге алу» сайысы, бесінші «Арқан тартыс» сайысы, алтыншы «Кенгру» сайысы деп аталды.

Сондай – ақ, қатысуышылар топқа бөлінді. Атап айтқанда «Жұлдыздар» тобы топ басшысы Дильманова Айжан топ мүшелері Нұржан Нұрдана, Асылбеков Ербол, Әбдіқалық Әлібек, Батухан Көркем, Ертай Ержан, «Сұңқар» тобын Шадаева Айгүл ата –ата ана бастаған топта Әділұлы Дінислам, Сапарбек Нүркен, Марат Анель, Елемесов Рамазан, Ғани Жанерке, «Қыран» тобын Мырзахметова Сандуған ата – ана бастаған топта Мұсахан Мұхтархан, Сахи Нұрайым, Ақназар Асхат, Мұзаппар Досымжан және сынып тәрбиешісі Абдикасимова Базаркүл, «Бірлік» тобы Нагметова Жанар ата – ана бастаған топта Қуаныш Аслан, Қобыланбекова Диляра, Нақыпбек Нұрасыл, сынып кураторы Бекжанова Сәуле.

Сайыс барысында ойынның шарттарын дұрыс орындамаған топ мүшелерінің ұпайлары шегеріліп отырды,

Бірінші кезең бойынша «Секіртпемен секіру» сайысында өздерінің шапшандығымен «Жұлдыздар» тобы алғашқы болып мәре сызығына келді, екінші кезең «Доппен секіру» сайысында «Сұңқар» тобы жеңіске жетті, үшінші кезеңде «Бірлік кемесі» сайысында «Қыран» тобы, 4 кезеңде «Теңге алу» сайысында «Сұңқар» тобы, бесінші кезең бойынша «Арқан тартыс» сайысында «Бірлік» тобы, алтыншы «Кенгру» сайысында «Сұңқар» тобы жеңісіке жетіп, нәтижесінде: «Бірлік» тобы ІV орын , «» тобы ІІІ орын «Жұлдыздар» тобы, ІІ орын «Қыран» тобы, І орын «Сұңқар» тобы иеленді. Эстафеталық сайыс өз деңгейінде ұйымдастырылды. Төрт командада өздерінің қабілеттерін толық көрсете алды.







Хатшы: Қуаныш Аслан

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!