Материалдар / Жүзден жүйрік сайысы

Жүзден жүйрік сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
“Жүзден жүйрік” — білім деңгейін, шапшаңдық пен логикалық ойлауды тексеретін интеллектуалды сайыс. Мұндай сайыстар әдетте мектептерде, колледждерде немесе жалпы білім беретін шараларда өткізіледі. Мақсаты — оқушылардың білімдерін жинақтап, қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және командалық жұмысқа үйрету.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады





Түркістан облысы Жетісай ауданы Білім бөлімінің «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы»коммуналдық мемлекеттік мекемесі





Тақырыбы: Shape1






«Жас қаламгер»үйірмесінің жетекшісі: Мырзамуратова Р


Жетісай- 2024ж















Сабақтың мерзімі: 05.01.2024ж Сайыстың тақырыбы: «Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар»сайысы Сайыстың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды көпшілік алдында еркін сөйлеуге үйрету арқылы ойлауын, сөйлеу тілдерін жетілдіру. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру. Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, достыққа, білгірлікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: сайыс сабақ Көрнекілігі: интерактивтік тақта, маркерлер, фломастерлер т.б 1. Ұйымдастыру.

1. Үйірме мүшелерімен амандасу.

2. Топтардың таныстырылуы.

3. Әділ қазы алқасын сайлау

Қайырлы күн, құрметті көрермендер, қонақтар, сайыскерлер! «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

«Біз бәріміз бір атаның- қазақ халқының ұрпағымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу: ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар: ол тәуелсіз Қазақстан»- деген болатын елбасымыз Н.Ә.Назарбаев. Олай болатын болса тәуелсіз Қазақстанның жас ұрпақтарынан күтер үміті зор. Ол жас ұрпақ мына сіздерсіздер! Сіздер елбасымыздың, ата- аналарыңыздың, ұстаздарыныздың үмітін ақтайды деген сенім білдіре отырып сайысымызды бастайық. Бұл сайыста сіздер бойларыңызға, ойларыңызға қандай білім, ілім түйгендеріңізді байқатады.

Сайыста әр топ сынға түседі. Әр топтың аты, ұраны болу шарт. Сайысымыз 6 бөлімнен тұрады

І. Таныстыру

ІІ. Жедел жауап

ІІІ. Бәрін білгім келеді

ІV. Мықты болсаң, тауып көр

V. Білімінді шыңда.

VІ. «Қазақстан кеше және бүгін» постер қорғау

І бөлім: «Жедел жауап»

Бұл бөлімде әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Оқушы жауап бере алмаған жағдайда келесі ойыншы жауап беруге мүмкіндігі болады.

І топқа:

1. Қазақстан астанасы қай қала? (Астана)

2. Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазым? (Президент)

3. Кеңес Одағында алғаш ғарышқа ұшқан кім? (Юрий Гагарин)

4. Қазақтың атақты күрес шебері (Қажымұқан Мұңайтпасұлы)

5. 1- маусым қандай мереке? (Балаларды қорғау күні)

6. ССРО- Германия соғысына қатысқан шығыстың қос шынары ( Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова)

7. Қазақтың ұлттық аспабында орындалатын шығарма (Күй)

8. 2012 жылы Лондонда өткен олимпиаданың ауыр атлетикадан чемпиондары (Илья Ильин, Майя Манеза, Светлана Подобедова, Зулфия Чиншанло)

9. Қазақстан Әнұранының авторлары кімдер? (Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев)

10. Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)

ІІ. топқа:

1. Қазақстан рәміздерін ата. (Ту, Елтаңба, Әнұран)

2. Қазақ халқы өзінің тұңғыш Президентін қашан сайлады? (1991 жылы 1- желтоқсан)

3. Бөлудің компоненттерін ата. (бөлінгіш, бөлгіш, бөліндінің мәні)

4. Алғаш ғарышқа ұшқан қазақ? (Тоқтар Әубәкіров, 1991 жылы)

5. Қазақтың үш биін ата. (Төле, Қазыбек, Әйтеке)

6. Қазақстан Тәуелсіздік күні ( 16- желтоқсан)

7. Қазақстанның атақты суретшісі (Әбілхан Қастеев)

8. 6-шілде қандай мереке? (Астана күні)

9. 2012 жылы Лондон олимпиадасының жеңіл атлетикадан чемпионы (Ольга Рыпакова)

10. Қазақ даласында мектеп ашқан ұлы ағартушы кім? (Ыбырай Алтынсарин)

ІІІ топқа.

1. Бір айда неше апта бар? (4 апта) 2. Дыбыстар неше топқа бөлінеді? (дауысты, дауыссыз) 3. Заттың атын білдіретін сөз табы? (зат есім)

4. Азайтудың нәтижесі қалай аталады? (айырманың мәні) 5. Қосудың компоненттерін ата. (қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні) 6. Қосуға кері амалды ата. (азайту) 7. Бір жылда неше күн бар? (365 – 366)

8. Заттың қимылын білдіретін сөз табы. (Етістік)

9. Ұзындықтың өлшем бірліктерін ата. (см, дм, м, км) 10. 12 – сәуір қандай мейрам? (ұшқыштар күні)

ІІ бөлім. «Бәрін білгім келеді»

Бұл бөлімде екі ұяшық берілген: пәндер және тақырыптар. Ұяшықты таңдау үш топтың өз еркінде. Ойынды ұпайы төмен топ бастайды.

4 пәннен 4 сұрақтан, барлығы 16 сұрақ әзірленген. Пәндерді таңдау оқушының өз еркінде.

Қазақ тілі

10. Фонетика нені зерттейді. (Фонетика – тіл дыбыстарын зерттейтін сала)

20. Қазақ тілінде неше септік бар? Қандай? (Атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес)

30. Заттың қимылын білдіретін сөз табы. (Етістік)

40. Сан есімдер құрамына қарай нешеге бөлінеді?Оларды атап бер. (Дара сан есім және күрделі сан есім)

Әдебиеттік оқу

10. Қазақ ауыз әдебиетінің түрлері (ертегілер, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, аңыз-әңгімелер)

20. «Менің атым Қожа» повесінің авторы кім? (Бердібек Соқпақбаев)

30. Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті- басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап, келіп қалды.

Бұл өлең қалай аталады және авторы кім? (Қыс. Абай)

40. Қазақ тіл білімінің, қазақ әліпбиінің негізін салушы, құрастырушы кім? (Ахмет Байтұрсынов)

Жаратылыстану

10. Қазақстанда неше облыс орталығы бар? (14)

20. Жердің нақты үлгісі (Глобус)

30. Көкжиектің неше тұсы бар? (төртеу: оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс)

40.Жер бетінің қағазға кішірейтіліп салынған бейнесі (Карта)

Тақырыптар ұяшығы. Тақырыптарды таңдау оқушының өз еркінде.

Төрт тақырып бойынша берілген ұяшықтағы сұрақтарға дұрыс жауап беру керек.

«Қазақстан»

10 ұпай. Қазақстан Елтаңбасының түсі қандай? (алтын, көгілдір)

20 ұпай. Қазақстанның ұлттық теңгесі қай жылы шықты? (1993)

30 ұпай. Қазақстан халқының саны қанша? (16 млн. астам)

40 ұпай. Қазақстанның «Швейцариясы» қандай аймақ? (Бурабай)

«Грамматикалық ереже»

10 ұпай. Адамдардың есімдері қандай әріппен жазылады? (бас әріп)

20 ұпай. Көптік жалғауларын ата. ( -лар, -лер, -дар, -дер,- тар, -тер)

30 ұпай. Заттың атын білдіретін сөз табы? (зат есім)

40 ұпай. Қарама-қарсы мағынаны білдіретін сөздер (антоним)

«Ұлы адамдар»

10 ұпай. Ұлы жүздің биі (Төле би)

20 ұпай. Қазақтың саяхатшысы, ғалымы. ( Шоқан)

30 ұпай. «Қазақ» газетінің редакторы болған кім? (Ахмет Байтұрсынұлы)

40 ұпай. Абылай ханның шын аты (Әбілмансұр)

«Телехабарлар»

10 ұпай. Тек қазақ тіліндегі телеарна («Қазақстан»)

20 ұпай. Балалар ән- би байқауы. ( «Айгөлек»)

30 ұпай. Жұлдыздар ән байқауы («Екі жұлдыз»)

40 ұпай. «Қазақфильм» киностудиясы кімнің атында? (Шәкен Айманов)

ІІІ бөлім: «Мықты болсаң, тауып көр»

Берілген жұмбақты шешіп, жауабын қазақ, орыс, ағылшын тіліне аудару керек.

І топқа.

1. Үй үстінде алтын тас,

Алайын десе табылмас. (жұлдыз; звезда; star [ста])

2. Тұмсығымен қозғалар,

Артында аппақ із қалар. (бор; мел; chalk [чок])

3. Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама. (кітап; книга; book [бук])

ІІ топқа.

1. Бар ма, жоқ па, оны анық білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің (ауа; воздух; air [эйа])

2. Айдағаны … ешкі,

Ысқырығы жер жарады. (бес; пять; five [файф])

3. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыз; линейка; ruler [руле])

ІІІ топқа.

1. Білімді мыңды жығады,

Білекті … жығады. ( бір; один; one [уан])

2. Сырты тәтті, іші тәтті,

Ортасы сүйек қатты. (алма; яблоко; apple [эйпл])

3. Жылт-жылт етеді,

Жылғадан өтеді. (су; вода; water [уата])

ІV бөлім: «Біліміңді шында» Әр топтың топ мүшелері біріге отырып берілген қисынды сөз есепті шығарып, дұрыс жауабын беру қажет. 1. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? Жауабы: үшеу 2. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын? Шешімі: Жанат - ұзын 3. Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім? Жауабы: Медет 4. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?

Сайыс қорытындысында топты марапаттау

ЖИ арқылы жасау
11 Желтоқсан 2024
241
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі