Жыл басына таласқан хайуанаттар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жыл басына таласқан хайуанаттар

Материал туралы қысқаша түсінік
Жыл басына таласқан хайуанаттар ертегісінің сценариі
Материалдың қысқаша нұсқасы








Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қаракөл ауылы

«Жауқазын» бөбекжай балалар бақшасы

Сақиев Аманқос Далабайұлы саз жетекшісі

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Музыка

Тақырыбы: «Жыл басына таласқан хайуанаттар»

Мақсаты: Балаларға жыл он екі ай атаулары туралы малғұмат беру.

Жыл басына таласқан хайуанаттардың сөздерін рөлге бөліп, диалог түрінде байланыстра сөйлеуге үйрету.

Дамытушылығы:  Балалардың ойлау, қайта жаңғыртып еске түсіру, сөйлеу мәдениетін дамыту.  Қиялдау қабілетін дамытып,тапқырлыққа, шығармашыл болуға баулу.

Тәрбиелігі:   Ертегілер  арқылы балаларды адамгершілікке және  адалдыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Әдіс - тәсілдер: Әңгімелеу, сахналау, сұрақ-жауап, түсіндіру, тынығу сәті, муз. дид.ойын, шаттық шеңбері.

Көрнекілігі:  костюмдер, видео жазба, слайд аспаптар.

Іс - әрекет кезеңдері

Мотивациялық – қозғаушылық

Шаттық шеңбері. Сәлемдесу

Келген қонақпен амандасып, шаттық шеңберін құрып, өлеңді бір айтамыз.

Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң! Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Балалар қазір жылдың қай мезгілі екен? Қазір қыс мезгілі.

* Қыс мезгілінің айларын атаңдаршы? Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

* Желтоқсан айында қандай мерекелер бар? Президент күні, Тәуелсіздік мерекесі, Жаңа жыл.

- Дұрыс, жарайсыңдар.

Балалар, биыл біз қай жылды шығарып салдық,және қай жылды қарсы алдық?

Тышқан жылын шығарып салып, Сиыр жылын күтіп алдық.

Өте тамаша!

Онда осы «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісін әңгімелейік және сөзін жаттайық. Ертегіні балалар рөлге бөліп, орындайды.

Жыл басына таласқан хайуандар

Ең ерте заманда хайуандар жылдың басы болуға таласыпты. Сонда жылқы айтыпты:  — Мен алысты жақын қыламын. Күшімді көреді,

Жыл басына таласқан хайуандар

Ең ерте заманда хайуандар жылдың басы болуға таласыпты Сонда жылқы айтыпты: — Мен алысты жақын қыламын. Күшімді көреді, сүтімді ішеді, қылыма шейін арқан, жіп еседі. Адамға менен пайдалы мал жоқ, жыл ағасы мен боламын, – дейді.

         Түйе айтады: — Сен адамның жұмысын қылсаң, сұлы, шөп асайтын тамағың үшін құл болдың, міне, мен сен көтере алмайтын ауырды көтеріп, неше айшылық алыс жерлерге барамын. Аш болдым деп, арпа, сұлы сұрамаймын. Көде болса, көде, жусан болса, жусан, не кез келсе, соны қорек етіп, табылса, су ішіп, табылмаса, шөлде де жолға жүре беремін. Жыл басы болу маған лайық.

         Сиыр айтады: — Адам егін ексе, менімен егеді, сүтімді ішеді, құрт-май істейді, жыл басы болу маған лайық.

         Қой айтады:  — Мен болмасам, қазақ үйін немен жабар еді. Жүнімді алып, киіз басады, жабағымнан киім тігеді, арқан, жіп еседі. Сүтімнен құрт-май алады, шаруаға менен пайдалыларың жоқ.

Ит айтады:— Мен болмасам, сендердің көбіңді не ұрлап, не қасқыр жеп тауысар еді. Мен сендердің баршаларыңның бақташыңмын, дұшпан көрінсе, үріп, абалап, иеме хабар беремін.

 Тауық айтады:— Мен болмасам, кісі ерте жұмысына бармай, ұйықтап қалар еді. Мен ерте тұрып, таң атты деп шақырып, хабар айтамын. Кеш болса, жатар мезгіл болды деп, тағы шақырамын.

  Тышқан не айтарын білмей тұрады да бір түрлі қулық ойлап, жиылған көпке айтады:— Бұл таластан еш нәрсе өнбес, жылды қарап тұралық та кім бұрын көрсе, сол жыл басы болсын.

хормен

Жылды қарап тұрайық
Ойын-сауық құрайық
Ең бұрын көрген батырды
Жыл басы деп ұғайық!

Жыл басына таласқан хайуанаттар сіздер таң атып, күн шыққанша уақыт көп,ойын сауық құрайық!

Келіңдер сергіп алайық!

Релаксация барлығымыз көзімізді жұмамыз... Балалар жерге жатып музыка ырғағына сәйкес көздерін жұмып ормадағы дыбыстарды елестетеді.

Рисунок 5

(сол кезде күн шығады, ойынның қызығына түскен аңдар мұны байқамай да қалады тек байқаған тышқан болады)

Тышқан:- Алақай, алақай
Күнді көрдім алақай.
Қулығыммен, ақылыммен,
Бәрін жеңдім алақай!

Тышқан күннің көзін көріп, жыл басы болып та үлгереді.

Түйе өз бойына сеніп жыл басынан құр қалыған екен.

Хормен: Тышқан сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңызды санап жаттап біліп қой.

Музыкалық дидактикалық ойын .«Не қалай дыбыстайды»

Шарты музыка жетекшісі аспаппен әр түрлі жануарлардың дыбысын саладыҚандай жануардың дыбысы екенін ажыратады..

Рефлесиялық түзетушілік Соны мен балалар ертегі сендерге ұнады ма
- Жарайсыңдар, барлығыңда жақсы қатыстыңдар. Бүгінгі сабағымыз осымен аяқталды.

Балаларды мақтап, мадақтау.

Біледі: Үй жануарларының  адамға келтірер пайдасын біледі, ертегіні рөлге бөліп, сөйлейді,  мәнерлеп айтуды үйренеді;

Игереді: Коммуникациялық және шығармашылық дағдыларды игереді.

Меңгереді: Өздіктерімен жаңа технологияны қолдана білуді меңгереді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.04.2023
843
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі