Материалдар / "Жыл басына таласқан хайуанаттар" сахналық қойылымы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Жыл басына таласқан хайуанаттар" сахналық қойылымы

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал балабақша тәрбиешілеріне, мектеп оқушыларына қажет. Балалардың ертегі тыңдауға, өздері сахналай алуға, рөлге еніп, образды таныта алуға деген ынтасын, қызығушылығын ояту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қаңтар 2021
1228
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Жайна Құлыншақ» балабақшасы мекемесі



Бекітемін:

«Жайна Құлыншақ» балабақшасы

мекемесінің директоры

Тулегенова.Б.К.

« » « » 2020 жыл





«Жыл басына таласқан хайуанаттар»

Музыкалық сахналық қойылым


«Балдырған» мектепалды даярлық тобы


Тәрбиеші: Сейілова.Г.А.

Әуез жетекшісі: Нұрланқызы.А.



Қызылорда 2021 жыл

«Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегі қойылымы

Мақсаты: Ертегінің мазмұнын түсіндіру, берілген тапсырмаларды көз алдарына елестете отырып орындау және есте сақтау ойлау зейін қабілеттерін дамыту сөздік қорларын молайтып, байланыстыра отырып сөйлеуге үйрету. Ертегі мазмұны арқылы адал достыққа тәрбиелеу. Балаларды қазақша жыл санау ретімен таныстыру.
Автор-Рауана

Түйе-Динара

Қасқыр-Гүлдана

Тышқан-Арсен

Сиыр-Айзере

Барыс-Сағынтай

Қоян-Айым

Ұлу-Кәусар

Жылан-Камиля

Жылқы- Ерасыл

Қой-Алиби

Мешін-Мұхаммедияр

Тауық-Адина

Ит-Диас

Доңыз-Бекнұр


Автор: Ерте, ерте, ертеде орман тұрғындары жыл басына таласып дауласыпты. Әрқайсысы өзінің ерекшеліктерін айтып мақтаныпты. Бұл оқиға былай болған екен.


Қоян ортада билеп жүреді. Жануарлардың барлығы жанына келіп, қосылып билейді. Сағаттың соғылған дыбыс естіледі.


Хормен барлығы бірге: «Жыл басы кім болады?»


Тышқан-Арсен:

Жылды қарап тұрайық,

Ойын – сауық құрайық.

Таңды бұрын көргенді,

Жыл басы деп ұғайық.


Жылқы-Ерасыл:

Алысқа шауып барамын.

Адамның бабын табамын,

Пайдасы мол жылқының.

Жыл басы мен боламын,

Ұлу- Кәусар:

Ұлу деген мықтымын,

Жарқын – жарқын шықты үнім.

Ойым озар өзімнен,

Ақыл, ой бар сөзімде.


Тауық-Адина:

«Қо,қо, қо, қоқ» жыл әлі неге жоқ.

Жыл басы болған жоқ

Жұмыртқамды жеген соң,

Барлық бала болар тоқ


Доңыз-Бекнұр:

Қорс, қорс етемін,

Қорсылдақпын онсы рас,

Жылдың басы мен болмасам,

Сонда өзі кім болмақ?

Ит-Диас:

Абалап үремін,

үйді қарап жүремін ,

Адамның көмекші,

Досының бірімін

Барыс-Сағынтай:

«Ырр, ырр» барыспын, барыспын,

Бәріңе де таныспын.

Күшіме сенемін, бәріңді де жеңемін.

Жыл басы болуға шіреніп келемін

Маймыл-Мұхаммедияр:

Эй, достарым,

Бекер дауды қойыңдар,

Бір шындықты мойында,

Бәрінің ішінен - мен ұқсаймын адамға.


Қой-Алиби:

«Бә,бә,бә» мен қоймын,

көк шөпке тойдым.

Жыл басы болуға кетіп тұр ойым.

Қараңдаршы қандаймын,


Жылан-Камиля:

Жыл басына лайық сұлу жыланмын,

Күштімін де, жылдам десе жылдаммын.

Шағады деп бекер жала жабады,

Адамды мен умен емдей аламын.

Сиыр-Айзере:

 «Мө» деп мөңіредім

Молшылық төңірегім

Көгалда тұрағым

Етіммен, сүтіммен Адамға ұнадым.

Қоян-Айым:

Қардай аппақ қоянмын,

Жазда сұрға бояндым,

Жылды өзім бастайтын боп,

Соған билеп, қуандым.

Түйе-Динара:

Түйе, түйе түйемін,

Жыл басына иемін.

Жан – жағыма қараймын

Күн мен түнді санаймын.

Мен өзімді даланың

Кербезіне балаймын

Әуенмен қасқыр кіріп келеді де, аңдардың ортасына қосылып билейді.


Қасқыр-Гүлдана:

Менің дәмді астарымның барлығы осында жиналып қалған екен ғой. Мұнда не болып жатыр, не шу? Неге сонша дауласып жатсыңдар?


Түйе:

Біз жыл басы болуға таласып жатырмыз. Қасқыр, сенің еш пайдаң жоқ, қане, өз жолыңмен жүре бер.


Қасқыр:

Азулымын мен мықты,

Қасқырдан жыртқыш кім шықты

Алдымнан келгенді асаймын,

Артымнан келгенді аямаймын

Жыл басы болуға мен де лайықтымын.

Хормен барлығы бірге: Жоқ қасқыр сен жолама!


Баяу әуен ойналады.Жарық сөніп, қараңғы түседі. Аңдардың барлығы ұйқыға кетеді. Тышқан түйенің үстіне шығып ұйықтайды. Қасқыр айға қарап ұлиды.


Қасқыр:

Ой, мыналардың барлығы ұйқыға жатты ғой. Сендермен жыл басына таласып, босқа уақытымды өткізбейін, орманыма барып азығымды тауып жеп жатпаймын ба... аууууу


Қасқыр айналып шығып кетеді.

Әуенмен күн шығады. Күнді алғаш болып тышқан көреді.


Тышқан-Арсен:

Пи-пи-пи Алақай, алақай, күнді көрдім алақай.

Қулығыммен, ақылыммен бәрін жеңдім алақай


Сиыр-Айзере:

Мөөө – мөөөө Күнді көрдім


Барыс-Сағынтай:

Ррр-ррр Мен де көрдім күнді


Қоян-Айым:

Күнді көрдім алақай!


Ұлу-Кәусар:

Күнді көрдім, күнді көрдім


Жылан-Камиля:

Ссс-сссс Мен көрдім күнді


Жылқы-Ерасыл:

Иооо-иооо Мен де көрдім күнді


Қой-Алиби:

Бәәә-бәәәә Күннің көзін көрдім


Мешін-Мұхаммедияр:

Ия- ия – ия Күнді, күнді мен көрдім


Тауық-Адина:

Ку-ка-ре-кууу Алақай, күнді көрдім


Ит-Диас:

Ав-ав-ав Күнді мен де көрдім


Доңыз-Бекнұр:

Қорс-қорс Мен де күнді көрдім


Хормен:

Тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой

Мешін, тауық, ит, доңызды санап жаттап біліп қой


Хор: «Әрқашан дос біргеміз»

Әрқашан дос біргеміз

Ажырамыз іргеміз

Ілгері жүріңдер

Достық жырын біліңдер

Ту ғып ұстап бірлікті

Еңбекті сүйіңдер

Қ-сы:

Дос болайық бәріміз

Жарасып тұр әніміз

Тыныштықты сақтаймыз,сақтаймыз

Атсын күліп таңымыз


Автор:

Барлығың да қараңдар,

Енді үйге тараңдар,

Жылды көрген тышқанды

Жыл басы деп санаңдар.

Ал түйе болса аузы ашылып таңырқап, ештеңені түсінбей қала береді. Сөйтіп жыл атауларынан құр алақан қалыпты.


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!