Материалдар / Жыл бойы өткенді қайталау 4-тоқсан
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жыл бойы өткенді қайталау 4-тоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік көмек
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні :

Әдебиеттік оқу

Мұғалімнің аты-жөні


Күні:

30.05.23ж

Сынып:3

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Жыл бойына өткенді қайталау

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

Жыл бойына өткен ортақ бөлімдер бойынша алған білімдерін пысықтау, қайталау

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

кезеңі


Өткен білімді еске түсіру


Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді.

Өткен тақырыпқа шолу «Сұрақ-жауап» әдісімен өтеді:

Үй тапсырмасын сұрау

Психологиялық ахуалға арқылы жаңа сабаққа назар аудару.

Үй тапсырмасын пысықтау



Оқулық


Оқылым, жазылым тапсырмалары


Жаңа білім












Сабақтың ортасы










Сабақтың соңы


Өткенді қайталау Тест үлгісінде ұсынылады

1.Өмірде болған адам туралы айтылатын шығарманың түрін белгіле.

1. Аңыз

2. Ертегі

3. Жұмбақ

4. Шешендік сөз

5. Мысал

2. «Қанжарменен қармасып, Семсерменен серместі. Сөйтіп, ойын ойнасты», – деген жолдары бар жыр қалай аталады?

1. Төрт түлік жырлары

2. Наурыз жыры

3. Батырлар жыры

4. Бесік жыры

5. Тұрмыс-салт жырлары

3. Тәуелсіздік мерекесіне қажетті шығармаларды таңда.

1. Ә. Дүйсенбиев. «Ардақты ана»; Б. Майлин. «Айт күндері».

2. Ш. Құдайбердіұлы. «Бостандық таңы атты»; Ж. Жақыпбаев. «Бейбітшілік болса».

3. Т. Медетбек. «Наурыз келді»;

Қ. Жұмағалиев. «Жеңіс күні».

4. С. Торайғыров. «Айт»; Ә. Шынбатыров. «Қуаныш».

5. С. Торайғыров. «Сүйемін»; Ә. Дүйсенбиев. «Ардақты ана».

Тірек сөздер: Аңыз ертегі мысал әңгіме портрет эпитет

4. «Қарлығаш әулие» атанған кім?

1. Төле би

2. Қазыбек би

3. Әйтеке би

4. Әнет баба

5. Сырым шешен

5. Төле бидің нақыл сөзін аяқта:

«Халқыңа адал бол, жауыңа қатал бол, ...» . 1. Ұзатылған қыз

2. Еритін мұз

3. Артта қалған біз

4. Сыйласқан сіз бен біз

5. Досыңа адал бол!

6. «Осы жұмыс ырғағы, Білезік пен алқаны, Сақинаны, сырғаны Күміс сымнан тартады», – деп келетін өлең жолдарында қандай өнер туралы айтылған?

1. Сөз өнері

2. Ән өнері

3. Зергерлік

4. Шешендік

5. Сәулет өнері

7. Көп нүктенің орнына тиісті сөз тіркесін қой: «Көңіліміздің күйін сөз арқылы жақсылап айта білсек, сол ... ... болады». (А. Байтұрсынұлы)

Тірек сөздер: композиция негізгі ой шығарманың жоспары кейіпкер тіл мерекесі қасиетті тіл

1. Ән өнері

2. Сөз өнері

3. Би өнері

4. Сурет өнері

5. Сәулет өнері

8. «Маса», «Қырық мысал», «Тіл – құрал» еңбектерін жазған кім?

1. Ш. Құдайбердіұлы

2. М. Жұмабаев

3. М. Дулатов

4. А. Байтұрсынұлы

5. Ж. Аймауытов

9. «Қазақтың ұлы ақыны, аудармашы. Жалпы саны 45 қарасөзі бар» деген жолдар кімге қатысты айтылған?

1. Ы. Алтынсаринге

2. А. Құнанбаевқа

3. С. Торайғыровқа

4. А. Байтұрсынұлына

5. Ж. Аймауытовқа

10. «Ақын, аудармашы, драматург. «Құлагер» шығармасын жазған» деген жолдар кімге қатысты?

1. Б. Майлинге

2. І. Жансүгіровке

3. М. Дулатовқа

4. А. Байтұрсынұлына

5. Ж. Аймауытовқа

11. Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым. Осы сөздер қай шығарманы есіңе түсіреді?

1. А. Құнанбаев. «Ғылымға көңіл бөлсеңіз».

2. Ы. Алтынсарин. «Өнер-білім бар жұрттар».

3. А. Байтұрсынұлы. «Оқуға шақыру»

4. І. Жансүгіров. «Күн шыққанда».

5. Ш. Құдайбердіұлы. «Адамдық – борышың».

12. «Бір сөзбен айтсам: өзін жазатын жазушымын. Мінезқұлық жағынан Қожа өзге емес, өзіме ұқсайды». Кім туралы?

1. С. Бегалин

2. М. Иманжанов

3. Ө. Тұрманжанов

4. Б. Соқпақбаев

5. Т. Молдағалиев

13. Кішіпейіл болу туралы қай мақалда айтылған?

1. Әдепті бала – арлы бала.

2. Өтірік өрге баспайды.

3. Ұрлық, ұрлық түбі – қорлық.

4. Ақыл азбайды, білім тозбайды.

5. Адамдықтың белгісі – иіліп сәлем бергені.

14. Батырлық, қаһармандық, ерлік істер мадақталатын халық шығармасын ата.

1. Тұрмыс-салт жырлары

2. Бесік жыры

3. Өтірік өлеңдер

4. Батырлар жыры

5. Бата

15. Көбіне құрметті ақсақалдар, атақты адамдар айтатын тілек білдірудің ұлттық дәстүрі.

1. Тұрмыс-салт жырлары

2. Бесік жыры

3. Өтірік өлеңдер

4. Батырлар жыры

5. Бата

16. Ұйқасы , , , сызбаға құрылған өлең жолдарын тап.

1. Көтеріле аспандай, Көкте сұрша бұлт көшіп.

2. Қымбатты қаламыз, Сымбатты қаламыз. Қызыға қараңыз, Туған үй санаңыз.

3. Шаршы топпен жалғасып, Күмбірлетіп күй салсақ. Он пернені дәл басып, Ойнақтаған он саусақ.

4. Ерлік пенен жыр егіз, Оны жастан білеміз. Біз Тоқтардың есімін Ту ғып ұстап жүреміз.

5. Шырт ұйқыда жатқанда Шырылдайды торғайым. Ұйқыны ашты, оятты.

17. Ертегіні белгіле.

1. Алтын мүйізді киік

2. Алмастың ағашы

3. Шегіртке мен құмырсқа

4. Қобыланды батыр

5. Бесік жыры

18. Сарғылт тартып жапырақ, Алма піскен албырап ... Шөптер қурап қалған. Қай жыл мезгілі суреттелген?

1. Қыс

2. Жаз

3. Күз

4. Көктем

5. Жаздың басы

19. « – Айтсын. Жақсылығы бірге болсын!». Қандай мерекеде айтылады?

1. Жаңа жыл

2. Айт күндері

3. Жеңіс күні

4. Аналар күні

5. Тәуелсіздік күні

20. Мөлдір, тұнық, ағады, ішеді, тазалайды. Нені сипаттайтын сөздер?

1. Ауа

2. Жер

3. Су

4. Орман

5. Тау

ЕҚҚЕО

Тақырып мазмұнына

қатысты сұрақтар мен суреттер беріледі

жеңіс күніне қатысты суреттер ұсыну

Ақпаратпен ықыласпен жұмыс жасайды. Сыныптастарының жауаптарын ықылас қойып тыңдайды. Таным әрекеті үрдісінде қарым-қатынас шеберлігі дамиды.

Кері байланыс арқылы оқушылар өздері пайдалана алатын кері байланыс тілін қалыптастырады.






Тапсырманы орындайды











.






Көмек қажет ететін оқушыларға түсіндіру жұмысымен бірге қосымша уақыт беріледі. Қабілеті жоғары оқушылар кестені өз бетінше жалғастырады

1-10 балл аралығы










Оқылым, жаз жазылым таптапсырмалары




Кері байланыс


Кері байланысты «Менің жетістігім» сөзі арқылы береді

Жыл бойы не білгенін, не үйренгенін айтады.

Тапсырма жазады.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!