Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Жыл мезгілдері табиғаттың маусымдық өзгеруінің өзара әрекеттесу кешені ретінде
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Жыл мезгілдері табиғаттың маусымдық өзгеруінің өзара әрекеттесу кешені ретінде
Бала мектепке дейінгі жылдарда күн сайын өзі үшін жаңа
заттармен, құбылыстармен ұшырасады. Л. Н. Толстой мектепке дейінгі
шақ туралы: «Бәлкім, қазір бойымда бар нәрсенің бәріне мен сол
кезде ие болған шығармын және көп, тез иеленгенім соншалық,қалған
бүкіл өмірімде мен сонық жүзден біріне де ие болмаран шығар мын?
Бес жастағы баладан маған дейін бір адым ғана. Ал жада туған
баладан бес жастағыға дейін ғаламат қашықтық» деп жазды.Алайда
тиісті басшылықсыз білім мен ұғымды жинақтау жүйесіз жүреді:
олар үстіртін, көбінесе жаңсақ болуы мүмкін. Бала «бұлтты —
мақта», ал «жұлдыздарды электр шамдары» деп ойлайды. Айналадағы
өмірді бақылай отырып, ол өзінше тұжырым жасауға тырысады. » К- И.
Чуковскийдің «Екіден беске дейін» деген кітабында бала ақыл- ойының
талапшылдығын дәлелдейтін көптеген балалардың сөйдеген сөздерін
келтіреді.Балалардық білім қорын дәйекті түрде ұлғайту, оларды
ретке келтіру, нақтылау, жүйелеу тәрбиешінің міндеті болып
табылады. Бала төңірегіндегі заттар, олардың қолданылуы, кейбір
сапасы (түрі, көлемі, формасы) және қасиеттері (соғылу, сыну,
үзілу, төгілу және т. б.) жайлы, оның қандай материалдан жасалғаны
туралы айқын түсінік алуы керек. Сондай-ақ ол кейбір табиғат
құбылыстары, олардың өзара байланыстары мен заңдылықтары (жыл
мезгіліне тән белгілері және осы белгілердін өзара байланысы кейбір
хайуанаттардың өздеріне тән ерекшеліктері жане олардың осы
хайуанат-тардын өмір салтымен байланыстылығы) жайлы білім алады.
Өлі табиғат құбылыстарын, өсімдіктердің, жәндіктердің,
хайуанаттардың дамуын бақылау процесінде тәрбиеші балалардың
бойында дүние жайлы ұғымдардың бастамасын қалыптастырады.
Мектепке дейінгі балаларды олар түсіне алатын қоғамдық
құбылыс-тармен жәңе оқиғалармен: еліміздің астансы –Астанамен, ел
басымыз Н.Ә.Назарбаевтің өмірімен, оның атқаратын қызметімен,
елімізде болатын атулы мереке күндерімен таныстырады. Қоғамдық
құбылыстармен, оқиғалармен танысу балалардың бойында еліміздін
қоғамдық өміріне деген қызығушылыкты тәрбиелеуге, Отанға деген
сүйіспенщілік сезімінің және интернационализм негіздерінің
калыптасуына жәрдемдеседі .
Ғалымдар табиғат туралы қарапайым білім беру барысында баланың
дүниетанымын қалыптастырып, акыл-ойын, тілін дамытуға болады дей
отырып, осы мәселені тереңдей зерттеген. Оған дәлел мектеп жасына
дейінгі педагогика тарихына көз жіберетін болсақ, бұл мәселе қай
кезеңде емір сүрген педагогтар болмасыи, олардың тәлім-тәрбиелік
ілімдерінің негізі болғандығын көрсетіп отыр. Тәлімгерлердің
қайсысы болмасын өздерінің оқыту тәрбиелеу жүйесін жасау барысында,
балаға қарапайым табиғат сырын 9ғындырудың қажеттілігін мойындай
отырып, оның мазмұны мен көлемін анықтауға үлес қосқан.
Ғылыми жұмыстарға шолу жасап, табиғатты оқыту мәселесіне тоқталған
кезде, негізінен ТМД елдері ғалымдарының ебегіне жүгінуге тура
келеді. Себебі соңғы жылдарға дейін (1950-60 жылдар) Қазақстанда
тікелей бұл мәселемен шұғылданған ғалымдар болмады. Орыс
балабақшаларының бағдарламаларын аударып, сондағы талап-тілектерді
жүзеге асыру мақсаты ғана орындалып отырғандықтан, әдістемелік
еңбектер де аударма қалпында қалып келді.
Оның бастауы 20-30 жылдардан мектеп жасына дейінгі педагогика
ғылымының мәселелерімен шұғылданған Е. И. Водовозова (1913), Н. К.
Крупская (1917), Е. И. Тихеева (1928), Л. . К. Шлегердің (1930)
педагогикалық еңбектері болған (30-35).
Ол кезеңдегі педагогика ғылымының бет бұрысы тәрбислей отырып оқыту
бағытында болғандықтан, барлық білім балаға табиғат жайында ұғым
беру ісіне негізделген. Ғалымдардың пікірінше, адамды қалыптастыру,
оның қоршаған ортаға, табиғатқа деген көзқарасын, дүниетанымын
дамыту ретінде орын алды.
Осыдан кейін 30-50 жылдарда жүргізілген педагогикалық-психологиялық
зерттеулерде де, мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат жайында
білім беру ісі өзекті мәселеге айналды .
Л. С. Выготский (1935) балабаша бағдарламасының жаңа талап бойынша
қайта қаралып, құрылуына едәуір үлес қосты. Ғалымның тұжырымы
бойынша бағдарлама бастауыш мектеп бағдарламасымен сабақтас болуы
керек, себебі баланың балабақша қабырғасында табиғат жайында алған
алғашқы қарапайым ұғымдары, оның жалпы білім беру орындарында
меңгерген білімімен байланысты болған жағдайда ғана баланың
ақыл-ойының дамуы нәтижелі болатындығын көрсеткен.
Сондай-ақ аса көрнекті педагог В.А. Сухомлинский де өз тәжіри-
бесінде баланы табиғат құбылыстарының құпия сырлары арқылы білім
беру барысында сәбиді жан-жақты дамыту жолдары жайында бағалы
еңбектер қалдырған. Әсіресе, «Балаға жүрек жылуы» атты еңбегінде
педагогкішкентай баланың мектеп табалдырығын түңғыш аттаған күннен
бастап, бастауыш мектепті бітіргенге дейін, өз тәрбиеленушілерін
қоршаған ортаны танып, білу әлеміне ендіріп, ашық аспан аясында
сурет, ана тілі, еңбек сабақтарын жүргізгендігін айтады.
В. А. Сухомлинский «Біз мұғалімдер табиғатты ең нәзік, ең жіңішке,
ең сергек нәрсемен — бала миымен істес боламыз. Егер баланы
табиғаттан бөліп тастаса, оқытудың алғашқы күнінен бастап, тек сөз
арқылы білім берсек, ми клеткалары тез шаршайды. Ми дамуы нығаюы,
күшеюі үшін баланы табиғат әлеміне ендіру қажет»-дейді.
Сол кезеңдегі жүргізілген ғалымдардың педагогикалық-психо- логиялық
зерттеулерінің көбі мектеп жасына дейінгі баланың ақыл-ойын,
танымдық қабілеттерін дамыту үшін қоршаған орта, табиғат жайында
жүйелі ұғым беру қажеттігін атап өтті.
Ақыл-ой тәрбиесі мәселесіне арналған зерттеулер А. В. Запорожец, Л.
С. Выготский, Б. Г. Ананьев, А. А. Люблинская, В. И. Логинова, В.
В. Давыдов.
Психолог ғалымдардың тұжырымы бойынша, ақыл — ой тәрбиесі өте
күрделі және жан-жақты құбылыс. Оның негізгі мектеп жасына дейінгі
кезеңде қаланады. Себебі бала дүниеге келгенде, алғашқы түсетін
ортасы ата-анасынан кейін сәби жасынан бастап үнемі танып білетіні
қоршаған,орта, табиғат, оның заттары мен құбылыстары.
Балаға табиғаттың негізгі ерекшеліктерін, әр жыл мезгіліне
байланысты қоршаған ортада, өсімдіктер мен жануарлар әлемінде болып
жататын сан алуан өзгерістер мен құбылыстарды көрсету, сезіндіру,
байқату барысында баланы дамыту мақсаты көзделеді. Тіпті балалармен
жүргізілетінбарлық педагогикалық процесстер, ақыл — ойын, тілін
дамытуда пайдаланылатын ойындар, жұмбақ-мысалдар, әңгімелер,
қолданылатын көрнекі құралдар мен ойыншықтар болсын, бәрі-бәрі
табиғаттың жемісіекендігін ғалымдар әрқашан
мойындаған.
Күзгі жапырақтар мен гүлдерді қарау. Қыс мезгілінде балаларды табиғатпен таныстыру
Мектеп жасына дейінгі балалар
білуге тиісті қарапайым ғылыми білім негіздерін неғұрлым
тереңірекмеңгерте отырып олардың ой — өрісін, білім дәрежесінің
деңгейін кеңейту, сана — сезім, таным, қабылдау әрекетін дамыту,
білімге қызығушылыққа баулып, баланың өздігінен еңбектену
белсенділігінің қалыптастыру қажеттігін баса айтады ғалымдар.
Дегенмен қазірге кезде балалардың даму деңгейін, білуге, білімге
ынталы екендігін педагогикалық психология саласындағы зерттеулер
дәлелдеп отыр. Сол себепті балалардың теориялық ойлау операцияларын
дамыту, олардың белгілі бір объектінің ішкі сырын ұғынып, оның
себеп-салдарын, заңды байланыстырып таба білуге, қарапайым
логикалық ой-қорытындыларын жасауға үйрету, баланың
психологиялық-физиологиялық мүмкіндіктерін барлық жағыннан дамыту,
сезім, таным, ерік әрекетій жетілдіру мектептегі оқу ісіне, ой
еңбегіне дайындау, тәрбиелей отырып, қарапайым білім негіздерін
меңгерту, дамыта отыру ісіне баса көңіл бөлген.
Ол үшін бала табиғат жайында жүйелі түрде білім алу қажет деген
мәселені А. П. Усова, А. В. Запорожец, Н. Н. Поддъяковтар өздерінің
ғылыми зерттеулерінде көтереді.
Сондай-ақ бүл мәселеге ерекше көңіл бөлгендердің бірі С. А.
Веретенникова, Н. Ф. Виноградовалар болды.
А. П. Усова балаға табиғат туралы ұғым беру ісін екі теорияға бөліп
қарады, біріншісі-қарапайым, яғни балаға білім арнайы оқытусыз
күнделікті ойын, еңбек іс-әрекеттерінде бақылау арқылы жүргізіледі.
Екіншісі — балаға күрделі ұғым тек арнайы ұйымдастырылған оқыту
үрдісінде, сабақ кезінде ғана беріледі және екеуі де бір-бірімен
байланысты жүргізіліуі керек. Бұлайша берілген білім нақты
жүйелендІрілген, бала ұғымына сай келетін табиғат құбылыстарының
ерекшеліктерін, жыл мезгілдеріне байланысты адамдар өмірінде
болатын өзгерістер мен олардыңіс-әрекеті жайында, шынайы түсінікті
қамтыған жағдайда ғана нәтижелі болады деп көрсеткен. «Умственное
воспитание детей в процессе ознакомления с природой» атты еңбегінде
Н. Ф. Виноградова баланың ақыл-ойын, тілін дамыту мәселесіне өте
үлкен мән берген. Ол мектеп жасына дейінгі баланың ойының және
тілінің дамуы қоршаған ортаны табиғатты қабылдауына, бала тілінің
жетілгендігі ақыл-ойдың даму нәтижесінен туындайды және тіл мен ой
байланысты. Сондықтан да балабақшада тіл дамыту ісін табиғатпен
таныстырумен байланыстырып бақылау, серуен, топсеруен кездерінде
жүзеге асыруды ұсынды.
Н.Н.Поддъяковтың психологиялық зерттелуінде баланың логикалық
ойының дамуы заттар мен табиғи құбылыстарды тікелей ұстау, сезіну,
көру әрекетіне байланысты екендігі көрсетілген.
Баланың мектепке жүйелі білім алуға жан-жақты әзір болуы үшін
психолог ғалымдардың пікірінше оның сөздік қоры, сөйлем құру
мүмкіндігі, сапалы ойлау қабілеті дамыған, нақтырақ
айтқандалогикалық ойлану дағдысы жетіле бастаған болуы керек.
Мұндай қабілеттердің біртіндеп қалыптасуына мүмкіндік беретін
жағдайлардың бірі — балалараға өзін қоршаған орта, табиғи заттар
мен құбылыстар туралы ғылыми ұғым беру деп көрсетті: Н.Н.Поддъяков,
Л.А.Венгер, С.Н.Николаева .
Атақты психолог Л.С.Выготский өзінің психологиялық зерттеулерінде
де баланы мектепке даярлау мәселесіне ерекше назар аударған. 5-6
жаста балалар табиғаттағы заттардың қайдан, қалай пайда
болғандығына қызықтай қарап, олардың өсіп, дамуы жөнінде алған
білімдері мен өздігінше бақылағандарын байланыстыра ой
қорытындыларын жасауға тарасады. Себебі бұл шақта баланың
көрнекі-бейнелік ойлау қабілеті жетіліп, логикалық ойдың алғашқы
элементтері қалыптаса бастайды. Бала жеке заттарды және табиғат
құбылыстарын біліп қана қоймай, олардың себептерін түсінуге
тырысып, үлкендерге жиі сұрақтар қояды дейді.
Қазақстан Республикасында мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат
жайында ұғым беру мәселесінің жайына тоқталсақ.
Жоғарыда көрсетілгендей республика көлемнде, мектеп жасына дейінгі
табиғат туралы жүйелі ұғым бару мәселесі түбегейлі зерттелмеген.
Дегенмен де, педагогика және психология ғылымары мәселелерімен
шүғылданушы ғалымдардың қандай да зерттеу жұмыстары болмасын,
табиғат қа көңіл аудармай қойған емес. Бірақ, қазақ балабақшаларына
арналған тыңғылықты әдістемелік-оқу құралдары, бағдарлама болған
жоқ, болса да оның өзі санаулы 60-70 жылдардан бастап — ақ қолға
алынды. Ш.Ахметов пен Қ.Шоназаровтың 1959 жылы жарық көрген «Мектеп
жасына дейінгілерге арналған оқу кітабы» сол кезде қазақ
балабақшалары үшін тиімді құралдардың бірі болды .
Онда мектеп жасына дейінгі балаларды халық ауыз
әдебиетіментаныстыруда қолданылатын үлгі әңгіме, ертегі, санамақ,
ойын негіздері енгізілген. Кітап, «Ыбырай Алтынсарин», «Абай
Құнанбаев», «Спандияр Көбеев», шығармаларымен таныстыру, «Дала
аңдары мен жануарлары», «Жыл мезгілдері» тағы да басқа балаларды
қоршаған дүниемен, табиғатпен таныстыруға арналған бөлімдерінен
тұрады.
Сол кезде, балабақшаларда балаларды табиғатпен таныстырудың негізгі
құралдарының бірі — «Жыл он екі ай» кітабы болды. — «Жыл он екі ай»
кітабы 1965 жылдан бастап, алғаш М. Гумеровтың, сосын А. Асылбеков,
кейін әр түрлі авторлардың құрастыруымен жыл сайын жарық көріп келе
жатқан әдеби күнтізбе. Кітап мектептің төменгі класс оқушыларына
арналған, онда балалар қазақ жазушыларының жаңа әңгімелерімен,
өлең-жырларымен танысады. Жинақталған әңгіме, өлең, ертегі, жұмбақ,
жаңылтпаштар «Қыс», «Көктем», «Жаз», «Күз» атты бөлімдерге
топтастырылған. Талай жылдардан бері жарық көріп келе жатқан бұл
әдеби күнтізбеде табиғат құбылыстары, өсімдіктер мен жануарлар
дүниесі жайында, түсінік қазақ балаларының ақыл-ойын, тілін дамыту
мақсатында сәби қызығарлықтай етіп, кестелі тілмен шешен суреттеліп
жазылған.
Республика көлемінде мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту
мәселелеріне арналған Б.Баймұратова, Ә.Әмірова, Т.Левченко,
М.Сәтімбекова, т.б ғылыми-зерттеу жұмыстары бар. Ғалымдардың бұл
жұмыстарын қалыптас- тырудың көзі табиғат құбылыстары екендігіне
ерекше көңіл бөлгендігін көреміз. Б.Баймұратованың 70 жылдары қазақ
балабақшаларында жаппай қолданылып келген қазақ балалар әдебиетінің
озық туындылары «Біздің кітап» деген атпен шыққан хрестоматиялық
құралы болдығ біріншісі 1974 жылы, екіншісі 1976 жылы, кейін
өнделіп 1984 жылы шықты. «Біздің кітапқа» енген көркем
шығармалардың көлемі шағын, тілі жеңіл, сәбидің түсінігіне лайық,
оларды еңбекке баулу, қоғам табиғат құбылысымен, өсімдіктер мен
жануарлар дүниесімен таныстыру мақсатында берілген.
Табиғат құбылыстарын жыл мезгіліне қарай әр кезеңнің өзіндік
артықшылығын білдіріп, жаз мезгіліне жеміс-жидек, көкөніс, бақша
өсімдіктері, қызыл-жасыл гүлдер өсіп, сан түрлі көбелектер
қалықтайтын, күз кезінде жиын-терін, табиғаттың өзгеруі, сары ала
жапырақтар, еңбек адамдарының қуанышы, молшылық, қыс мезгілінде күн
суытып, айналаны аппақ қар басып, ақ шағала түрге енетінін,
балалардың шаңғы, шашамен ойнайтынын, көктемде күн нүрын төгіп,
жылы жаңбыр жауып, бүкіл тіршілік түгел адамдарды шаттыққа бөлейтін
көріністерін балалардың тілін дамыту, көркем әдебиет сабақтарында
беру жолдарын қарастырылған.
Сол сияқты «Біздің кітапқа», «Күз», «Жаңбыр жауғанда», «Көктемгі
күн», «Жазды күн» т,б балалардың жыл мезгілі жайында алған
білімдерін бекіту мақсатында қолдануға тиімді, қазақ жазушыларының
бір топ өлең-тақпақтары енген.
Сондай-ақ ғылымның «Балалар әдебиетінің хрестоматиясы» атты
еңбегінде балалардың жалпы дамуы мен жас ерекшелігіне сай
енгізілген шығармалар бірте-бірте күрделене түскен. Балалардың
табиғат, қоғам құбылыстары жайындағы түсініктерін әрі қарай
кеңейтіп, тереңдетуді көздегенКітапқа халық ауыз әдебиеті
нүсқалары, табиғат құбылысы мен жыл мезгілдерінің ауысуына
байланысты ауа райының өзгеруін шебер суреттеген Абай өлеңдерінен
бастап, қазіргі авторларды да қамтыған біркатар шығармалар
берілген. Мәселен «жыл басы», «жыл мезгілі», «әтеш пен ит», «аю,
қасқыр» және тағы да басқа көптеген мысалдар мен әңгімелер енген.
Әсіресе Ш.Ахметовтың «Бүл қай кезде болады?» деген өлеңі бхүкіл жыл
мезгілдерін танып, болған соң, оларды бекіту, естеріне берік сақтау
үшін берілетін танымдық мәні бар шығарма. Өзі жұмбақ сияқты
жазылған әр мезгілдің несімен жақсы екенін, ерекшеліктерін көркем
сөз өрнектері арқылы танытады. Балабақша тәрбиешілеріне арналған
«Өзіміз оқып үйренеміз», «Суретті қазақ тілі» атты кітаптарында
балаларға табиғат жайында түсінік беру сабақ жоспарлары, ойын,
жұмбақ-тақпақ, әңгіме үлгілері
берілген.
Балаларды қысқы табиғат туралы білімдерін жүйелі түрде тереңдету
Мектепке дейінгі педагогика
ғылымының мәселелерімен шұғылданушы ғалым А.Меңжанованың зерттеу
жұмыстары мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын дамыту,
адамгершілік сезімдерін қалыптастыру мәселелеріне негізделген .
Балабақша, мектеп сахнасына арналған Ә.Табылдиев, А.Меңжановалардың
«Әрқашан күн сөнбесін», А.Меңжанованың «әдеби музыкалық кеш
ұйымдастыру тәжірибесінен» атты еңбектерінде балаларға табиғат
құбылыстары, өсімдік жануарларға арналған өлең-тақпақ жұмбақтар
берілген.
Ғалымның пікірінше, баланың түйсік, қабылдау, ес, қиял, ой, және
тіл сияқты танымдық психикалық процестерін дамыту ақыл-ой
тәрбиесінің басты міндетінің бірі. Осы міндетті шешудің негізгі
құралы табиғат пен қоғам құбылыстарына бақылауды дүұрыс және жүйелі
ұйымдастыру негізге алуды ұcынады.
«Балаларды көркем шығарма туындылары арқылы адамгершілікке және
тәрбиелеу» атты монографиясында, баланы жақсылыққа баулып,
адамгершілік қасиеттерді игеруге ықпалын тигізетінқұрал — көркем
шығарма туындылары деп қарады. Ал көркем шығарма туындыларының
негізінде, балаларды айнала дүниемен, табиғатпен таныстыру мақсаты
жүзеге асырылады. Табиғат аясында еңбек етуге үйрету үшін жыл
мезгілдеріне байланысты, баланы табиғат құбылыстарының сан алуан
қасиеттерін байқауға, түсінуге, өсімдіктер мен жануарлар әлемін
танып білуге баулу керек. Осылайша жақсы көру, жек көру, аяу,аялау,
қамқор болу сияқты карапайым адамгершілік сезімдері оянады және
дамиды.
Жас бала өміріні біразы табиғат аясында (серуен, ойын, саяхат,
еңбек кезінде) өтеді. Бала табиғатпен еріксіз тілдесіп, оның
таңғажайып сырларын ұғынады. Ол бала үшін зор таным, дүниетанудың
тұңғыш баспалдағы деп карады тәлімгер.
А.Меңжанова мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру
ісін жүйелі ұйымдастыру барысында, баланың дүниетанымын
қалыптастыруға болады, сондықтан да балаларды табиғатпен таныстыру
негізінде көркем әдеби шығармаларды кеңірек қолдануды ұсынады. Тек
түсіндіріп, көрсетіп қою ғана емес, олардың әсемдігін образды
сөздер, теңеулер, салыстырулар арқлы да ұғымын, танымын кеңейту
іске асырылады. Көркем әдебиет шығармаларының барлық жанры түгел
дерлік пайдалынады. Баланың тілін ұстартып, ақыл — ойын,
адамгершілік талғамын дамытуда, әсіресе жұмбақтарды пайдаланудың
мәні ерекше. Жұмбақ — ой гимнастикасы деп қарады. 1970-80 жылдан
бастап ТМД ғалымдары мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат
жайында жүйелі білім беру ісіне арналған ғылыми зерттеу жұмыстарын
жан — жақты жүргізе бастады .
К.В.Назаренко (1974), Л.И.Мыщик (1976), И.С.Фридкина (1973),
Т.В.Зеленцова (1982) балаларға өлі табиғат жайында ұғым беру
мәселесін зерттесе, К.Э.Фабри, С.Н.Николаева, П.Г.Саморукова тірі
табиғат жайында жүйелі білім беру ісімен шұғылданады.
Бұл жұмыстардың барлығы мектепке дейінгі балаларды дамыту жолын
қарастыратын, оқытудың тиімді әдістерін, бағыттарын көрсеткен
зерттеулер. Ғалымдар балаларға табиғат жайында ұғым беру жолын жыл
мезгілдеріне қарай топтастыра отырып, өлі және тірі табиғаттың,
адамдар еңбегінің маусымдық өзгерістердің әсер ететіндігін ерекше
қараған.
Ал С. Н. Николаева балаға тірі табиғат жайында жүйелі білім беру
ісінің негізгі бағыттарын, былайша топтастырды: а) белгілі бір
территорияда өсетін өсімдіктер мен мекендейтін жануарлар жайында
білім жүйесін қалыптастыру;
ә) осы өсімдіктер мен жануарларды сыртқы пішіні мен негізгі
қасиеттеріне байланысты бөліп, топтастырып қарау және олардың өмір
сүретін ортамен сабақтастығы ұғындыру;
б) жыл мезгілдерінің ауысуы өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне
тигізетін әсерін ұғындыру; В. Г. Гербова (1969), А. Ф. Захаревич
(1970), Н. К. Постникова (1968), И. А. Хайдурова (1974), Н. Н.
Кондратьеваның (1985) ғылыми зерттеу жұмыстары мектеп жасына
дейінгілерге өсімдіктер әлемі жайында жүйелі ұғым беру жыл
мезгілдеріне байланысты топтай отырып, балаға өсімдіктің өсуі,
дамуы және оның сыртқы ортамен байланысты жайында түсінікті
меңгертуге болатындығын, оның тиімді жолдарын ұсынған . Сондай-ақ
Г. Ф. Лоза (1970), Е. И. Золотова (1973), С. Н. Николаева (1979),
Е. Ф. Терентьева (1980), 3. П. Плохий (1983), А. М. Федотова
(1986), Л. С. Игнаткинаның (1988) зерттеу жұмыстарында балаларды
жануарлар әлемімен таныстыру арқылы олардың дүниетанымдьщ
көзқарастарының қалыптастыру жолы қарастырылды. Г, Ф. Лозаның
ғылыми зерттеу жұмысында жеті жасар балаларға жәндіктер жайында
жалпылама ұғым беруге болатындығы дәлелденген. Автор балаға ұғымды
өте жеңіл түрде меңгерту жолын қарастырған: алғаш тірі және өлі
табиғат жайында ұғымды меңгертіп, сонан соң тірі табиғат бөлігінің
бірі, жануарлар әлемі екендігін, ал оның бір бөлігі ретінде
жәндіктер туралы түсінік берген. Педагог қорыта келіп, мектеп
жасына дейінгі ересек балаларға жәндіктер жайында жалпылама ұғым
берудің жолын қарастырып, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерді іріктеп
көрсете білген.
Сондай-ақ республикамызда балалардың дүниетанымын қалыптастыру
мәселесіне ерекше көңіл бөлген ғалымдардың бірі Қ. Аймағамбетова
болды.
Тәлімгердің 6 жасар және төменгі сынып балаларына арналған
«Айналадағы дүниемен таныстыру», «Табиғат танудың оқыту және бала
тәрбиесі» және тағы да басқа еңбектерінде сәбиді айналадағы
дүниемен таныстыру, оларға өзін қоршаған табиғат құбылыстары туралы
алғашқы ғылыми ұғым беру жолдарын қарастырған. Әдіскер табиғатпен
таныстыру бағдарлама талабына сай жоспарлап, оныашық аспан аясында
бақылау, сабақ, серуен, саяхат, табиғаттағы еңбек үрдісінде жүзеге
асыруды, түрлі
әдіс-тәсілдерді, әсіресе көрнекіліктерге негізделе отырып жүзеге
асыруды ұсынады. Сонда балалардың сөйлеу тілі дамып, ойлау
қабілеттері ғана артып қана қоймай, көргендерінен қорытындылар
жасау мүмкіндіктері, логикалық ойдың алғашқы элементтері
қалыптасып, адам, табиғат, қоғамның біртұтастығы, өзара байланысы
жайында қарапайым дүниетанымдық көзқарастары кеңейетіндігін
дәлелдейді.
Осы жолда тәрбиешілерге нақтылы көмек көрсететін маңызды сабақ,
серуен, саяхат, ойын, еңбек жүмыстарының үлгі жоспарлары мен
бағдарламалары, көп іздену қорытындысынан туған «Жылдың төрт
мезгілі» (1981) диафильмі құнды құрал.
Сондай-ақ Қ. Аймағамбетованың балалар қарапайым дүние танымдық
білімді мектепке дейінгі кезеңде меңгергенде ғана олардың
«Дүниетаным» окулығын бастауыш сыныпта жеңіл қабылдап, ешқандай
қиындықсыз алып кетуіне мүмкіндік туатынын, оның жолын талдап,
білімді меңгерту формасы мен әдістерін анықтап қарастырғанын,
ғалымның «Бастауыш сыныптарда дүниетанымды оқытудың
ғылыми-әдістемелік негіздері» атты докторлық еңбегінен көре аламыз
.Е. К. Янакиева, Ш. К. Алиева, Г. Б. Карбушева, М. Ш. Сұлтанова, М.
К. Ибрагимова, 3. П. Плохий, И. Л. Комаровалардың жұмыстары
балаларға табиғат жайында ұғым беру, олардың тілін, ақыл-ойын,
дүниетанымын, ғана емес қоршаған ортаға, өсімдіктер мен жануарларға
үлкенадамгершілік сезімін эстетикалық талғамын қалыптастыру
жолдары.
Жаз мезгілінде балаларды табиғатпен таныстыру
Балаларға табиғат жайында үғым маусымдык өзгерістерге
байланысты қаралып өсімдіктер мен жануарлардың мекендеуі,
қоректенуі, оларға камкорлық жасауда адам еңбегіыің рөлі
туралыдүниетанымдық ұғым жүйелі түрде беріліп, бүлдіршіндердің
эстетикалық талғамын, адамгершілік сезімдерін қалыптастыру жолы
талданған.
Зерттеу жұмысымыздың мазмұнына, қойылатын міндеттеріне сәйкес, жас
ұрпаққа, оның ішінде мектепке дейінгі балалардың жыл мезгіліндегі
табиғат құбылыстарымен таныстыру арқылы балалардың қалыптастыру
мәселесіне байланысты педагогикалық, психологиялық, әдістемелік
әдебиеттер мен оқу құралдары, әр кезеңде жүргізілген ғылыми-зерттеу
жұмыстарының нәтижелері мен тұжырымдарын зерделей, талдай отырып,
мынадай қорытындыға келдік.
жас ұрпаққа табиғат құбылыстары арқылы тәрбие беру саласында
жинақталған тәжірибе мол, әрі ол бүгінгі таңда бұл мәселенің
мазмұндық жүйесін жаңарып, қайта қүру ісіне зор үлес қосаалады.
Республикамызда мектепке дейінгі балаларға табиғат жайында ұғым
беру мәселесі ұзақ уақыт қолға алынбай, бүл орайда одақтық
бағдарламалар, оқулықтар мен нүсқаулар пайдаланып келгендігі,
арнаулы мамандардың жетіппеушілігі, нақтылы өлкелік приципке
негізделген, үлттық дәстүрді ендіретін зерттеудің жоқтығы
анықталды. Балабақша тәрбиешілерінің қолданып жүрген (Б.
Баймұратова, А.Меңжанова, Ә. Әмірова, Ф. Жүмабекова ) әдістемелік
құралдарында бір шама табиғат жайында ұғым беру материалдары бар,
бірақ олар балалардың қоршаған дүниеден ғылыми түсінік беру
мақсатын көздемеген, материалдың көлемі мен мазмұны қысқаша пән
аралық байланыста берілген.
Құрал-жабдықтар және оларды өңдеу құралдары
ХХ ғасыр – ғылым мен техниканың даму шыңына жеткен ғасыры десек, ХХІ ғасырдың адам баласына қоятын талабы одан да асып жатыр. Ғылым мен техника небір шыңдарға жеткен сайын, кәсіби салада әр түрлі техникалық мамандықтар пайда болып, қазіргі жастардың мамандық таңдау мүмкіндігі де кеңейіп барады. Бүгінгі білікті маман – жұмыскер өз саласындағы өндірістік міндеттерді жақсы атқарып қана қоймай, оған қоса жобалай білу, дұрыс шешім қабылдап, шығармашылық жұмыстарды да орындай алуы қажет. Себебі, ғылымның қарқынды дамуына және жаңа технологиялардың енуіне байланысты кез келген кәсіптік мамандыққа қойылатын талаптар үнемі өзгеріп отырады. Осыдан келіп әр адамға өмірде 2 – 3 мамандықтан игеру қажеттілігі туындайды. Ал мамандықты дұрыс таңдай білу, өз мүмкіндіктерін бағалай білуде – мектепте берілген білімнің мәні зор. Егер бала техника жағына икемді болып келсе, ол міндетті түрде болашақта техника саласындағы мамандықты таңдайды. Оған – мұғалімнің технология сабақтарын ойдағыдай жүргізуі, сабақта қазіргі заманда тұрмыста, күнделікті өмірде қолданылатын бұйым-жабдықтардың жасалу әдістерін дұрыс түсіндіре алуы, сабақ барысында баланың шеберлігін арттыруы, сабақты қызықты өткізе білу арқылы баланың қол өнеріне деген қызығушылығын оята алуы себеп болады. Қазақ халқы «Баланы жастан» деп айтқанындай, балаға жас кезінде қандай бағыт берілсе, ол өсе келе сол бағытты өзі-ақ алып кетеді. Демек, адам баласының «Оң саусағынан бал тамғандай» етіп тәрбиелеуде технология сабағының мәні зор.
Осы курстық жұмысын жазудағы мақсатым – оқушыларға техникалық еңбек сабақтарының өмірдегі маңыздылығын түсіндіру, онда орындалатын әр түрлі бұйымдардың жасалу әдістерімен таныстыру, шығармашылығын, эстетикалық талғамын шыңдау, қандай іс болсын гигиеналық және қауіпсіздік талаптардың орындалуын талап ететінін түсіндіру әдістерін іздестіру болып табылады. Сонымен қатар, курстық жұмыста нақты сабақ жоспарының берілуі арқылы техникалық еңбек сабақтарын жүргізудің нақты әдіс-тәсілдері қарастырылған.
Бағдарламада қағаз және қатырма қағазбен жұмыс істеу көбірек орын алады. Қағаз бен қатырма қағаздан конструкциясына қарай әр түрлі бұйымдар, құралдар, ойынға керекті жабдықтар, тұрмыстық заттар жасауға болады. Қағазбен, қатырма қағазбен жұмыс істеуді балалар тез үйренеді.
Оқушылар 1-сыныптан бастап қағаз бен басқа материалдарды дұрыс таңдауды үйренеді. Дайындайтын бұйымдардың құрылысы мен дайындау реті алдын ала мұқият қарастырылады. Содан соң мұғалім дайындаған үлгіні балалар өз жұмыстарына пайдаланады. Бірінші сыныптан бастап оқушылар күрделі емес сызба белгілерін оқуға, оларды белгілей білуге және ойлаған бұйымдардың сызбасын сыза білуге үйренеді.
Қағазбен орындалатын жұмысты бастамас бұрын «Қағаздан не құрастырылады?», «Дәптер қалай жасалған?» т.б. тақырыптарға әңгіме өткізіледі. Қағаздың, қатырма қағаздың ерекшеліктері, олардың қандай мақсатқа қолданылатыны жайында қысқаша түснік берілгені жөн. Еңбекке баулу сабақтарында балалардың жұмыс істеуіне ең қолайлы материал – қағаз. Қағаздың түрлі сорттары (жазуға, газет басуға, сурет салуға, зат, цемент салатын қапшық жасауға арналған т.б.) жағдайында мағлұмат беріледі. Мәселен, жазуға пайдаланылатын қағаздың төрт түрі бар: №1, №2, №3 және №0. Бұлардың ең жақсысы – нөлдік қағаз. Сурет салуға арналған қағаз жазу қағаздарына қарағанда қалың, кедір-бұдырлау болса, жазуға пайдаланылатын қағаз да қалыңдау болғанымен, беті тегіс келеді. Осы қағаздан сынып оқушылардың сурет салуына арналған дәптер дайындалады. Жұқа қағаз (калька) тығыз және беріктеу болады. Олар бірнеше дана етіп машинкада басу үшін де қолданылады.
Әшекейлеу жұмыстарында қолданылатын түсті қағаздар жұқа және оның бір беті жылтыр болуы мүмкін. Егер жұқа қағаздың екі беті түрлі түске боялып, беттері кедір-бұдыр болып келсе, оларды шегірен қағаз деп атайды.
Қатырма қағаз – қағазға қарағанда қалың әрі тығыз материал. Қатырма қағаздың ағаш ұнтағынан істелген ақ және қоңыр түстілері, сабаннан, ескі шүберектен дайындалған мықты түрлері болады. Қатырма қағаз өзінің беріктігі мен қалыңдығына қарай желімделсе, ол иіліп қалады. Сондықтан қатырма қағаздың екі бетіне де қағаз желімдейді. Қатырма қағаз отқа тез жанбайды.
Балаларға қағаздың шығу тарихы және қағаз жасайтын машина жайлы түсінік берілуі тиіс. Қағаздың көп қажет болуына байланысты қағаз өндірісі дамыды. Қағаз жасайтын машина жетілдіріліп, өндіріс өнімділігі арттырылды. Бүгінгі таңда қағаз тек кітап, газет шығару үшін ғана емес, сонымен қатар ол электр машиналары, лаборатория жабдықтары, үй жиһаздары үшін де жаратылады. Біздің өмірімізде қағаз пайдаланылмайтын бірде-бір сала жоқ. Тіпті, ғарышты игеру, ғарышта фотосуреттер түсіру үшін де қағаздың арнаулы түрлері жасалады. Электр генераторлары мен конденсаторларында да қағаз қолданылады. Қағазды басқа материалдармен ауыстаруға болмайды. Себебі, оның берік, жұқа, жоғары диэлектрлік сияқты т.б. қасиеттері бар.
Қағаз бен қатырма қағаз жасауға керекті негізгі шикізат әр түрлі ағаш целлюлозаларынан, ағаш ұнтақтарынан және қалдық қағаздардан алынады. Шамалы мөлшерде болса да, қағаз жасау үшін дәнді дақылдар сабағы, ескі шүберек, тігін фабрикасының қалдықтары қолданылады. Қағаз бен қатырма қағаздың кейбір түрлерін жасау үшін шыны талшықтары, асбесті, слюда және жасанды талшықтар пайдаланады. Қағаз бен қатырма қағаз жасаудың негізгі шикізаты – целлюлоза. Одан жасанды жібек тоқылады, кино, фотопленкалар және автомобиль шиналарына корд дайындалады, ал оның негізгі тұтынушысы – қағаз – қатырма қағаз өндірісі.
Қағаз бен қатырма қағазды бір-бірінен қалыңдығына қарай ажыратады. Егер қалыңдығы 0,5 мм-ге дейін болса, оны қағаз деп, ал қалыңдығы 0,5 мм-ден артық болса, қатырма қағаз дейді.
Еңбекке баулу сабақтарында оқушыларды қағаз бен қатырма қағаз жөніндегі осындай деректермен таныстырудан соң қарапайым операцияларды пайдаланып, бұйымдар әзірлеу, үлгі бойынша белгілеу, бүктеп-қаттау және көрсетілген сызық бойымен кесу жұмыстары жүргізіледі. Сызбадағы кесілетін сызық, бүктейтін жер және көмекші сызықтарда таба білумен таныстырудың да мәні зор.
Сонымен бірге, аз да болса, бағдарламада сазбалшықпен, табиғи материалдармен, ермек сазбен, түрлі түсті қағаздармен жасалатын жұмыс түрлері де ұсынылған. Әрине, кез-келген бұйымды жасау үшін оқушылардың жас ерекшелік қасиеттерін есепке алу принципі бірінші орында тұрады. Мысалы, сабақта табиғи материалдармен жұмыс істеуде оқушыларға қазақтың ұлттық бұйымдарын – домбыраны құрастыру, сырмақ, ер тоқым, сәукеле мен камзол, аяққап т.б. жасау ұсынылған. Ал сазбалшық және ермексазбен жұмыс істеу барысында мүсіндеу жұмыстары іске асады. Кез-келген нәрсені мүсіндеуге болады, ал бағдарлама бойынша жеміс-жидек, көкөністерді, жан-жануарларды, аң-құстарды, түрлі көлемдегі моншақтарды мүсіндеу қарастырылған.
Жоғарыда атап өткендей бағдарламаның жартысынан көп бөлігі қағаз, қатырма қағаз, түрлі түсті қағазбен жасалатын жұмыс түрлерімен қамтылған. Оқушыларға қарапайым нәрселерден күрделі заттарды жасау ұсынылған. Мысалы, қағаз тілшелерінен шынжыр немесе гүл дайындау. Қағазбен жасалатын жұмыстың ең қарапайым түрі. Түрлі түсті қағаздан тілшелерді қиып алып, екі ұштарын желімдеу керек. Осылайша біріне бірі кіргізіліп желімделген тілшелерден шынжыр шығады. Одан да басқа көптеген бұйымдарды оқушылардың фантазиясына қарай ұсынуға болады. Мысалы, түрлі түсті қағаздан машина жасайтын сабақта бір түрлі машина жасау шарт емес. Оқушыларға сабақтың тақырыбын хабарлап, әр оқушыға өз қалауына байланысты машина жасату - өте тиімді. Себебі, қазіргі заманда машиналардың алуан түрі шығып жатыр. Мұндай ұсыныс алған оқушылар өздеріне ұнаған машинаның моделін жасауға кіріседі. Оқушылардың идеясы, фантазиясы іске асып қана қоймай, ол жұмысқа қызыға жұмылады. Бірақ, мұндағы ескеретін аса маңызды жай, мұғалім сабақ барысында барлық оқушыларды назарынан тыс қалдырмауы керек. Себебі, тақырып бір болғанымен, сыныпта қанша оқушы болса, сонша адамның фантазиясы іске асады. Мұғалімнің міндеті - әр оқушыға жеке-жеке кеңес, бағыт-бағдар беріп отыру.
Техикалық еңбек сабақтарына жасалған бағдарлама
кез-келген бағдарлама сияқты жүйелілік принципінін негізінде
балалардың жас ерекшелік қасиеттерін есепке ала отырып құрылған.
Бағдарламада оңайдан күрделіге қарай өсу принципі де басым.
Қауіпсіздік техникасы
Сабақ барысында тазалықты
және еңбек қауіпсізідігін сақтау
ережелері.
Жұмыс кезінде оқушылар қауіпсіздік техникасы ережелері мен
тазалық-гигиеналық талаптарды сақтайды. Жұмыс барысында олар
өлшейтін және тексеретін (бақылайтын) құралдарды пайдаланады
(сызғыш, циркуль, үш бұрыш сызғышы т.с.с). Бұйымдар жасағанда олар
қағазды өңдеп, арнайы құралдарды қолданып жұмыс істейді. Мұны
техникалық өңдеуге арналған құралдар дейді (пышақ, қайшы, біз
т.с.с.).
Жұмыс барысында қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтауға, құралдармен дұрыс жұмыс істеуге және практикалық жұмыс кезінде саусақтарға арналған жаттығулар жасалады.
парта /үстел/ үстін қолмен кезек сипау;
кезекпен қолдың саусақтарын ашып, жұмып, парта /үстел/ үстін үру;
екі қолдың шынашағын парта үстіне параллель қойып, әр саусақты кезекпен алақанға үру сияқты жаттығулар алты жасарларға сергіту үшін пайдалы.
Мұғалім сабақта әрбір оқушының қауіпсіздік техникасы ережелерін
сақтап, жұмыс істеулеріне бағыт беріп отырады.
Шамамен мынандай талаптар қойылуы
керек:
-
жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау; -
құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану; -
бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу; -
жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу; -
жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау; -
жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.
Қағазды ағаш желімімен жапсырған жөн, себебі қағаз желімнің ішінде
су көп болғандықтан, қағаздың жылтыр өңі мен бояулы бұзылып, дақ
пайда болады. Қою ағаш желімі қағаз бен қатырма қағаздың қалың,
тығыз түрлерін желімдеуге, сондай-ақ маталарды желімдеу үшін
пайдалануға болады. Қою декстрип желімін немесе аралас желімді
пайдалану жақсы нәтиже береді. Бұйымға жапсырылатын затты
желімдегенде, желімді бұларға жұқалау жағады. Элементтерді өзара
дәл келуі үшін, сапасы бірдей қағаз парақтарын (мысалы, басылған
таблицаларды, географиялық карталарды) қабыстырып желімдегенде,
қағаздың, жабыстыратын екі шетіне де бірдей желім жаққан дұрыс.
Желім жаққанда, қағазды керексіз бір парақ қағаздың үстіне қою
керек. Еңбек сабағында желім тез сүртілетін ақ қаңылтыр немесе
басқа бір материал қағылған тақта болуы керек. Әрқашан кезекті
затқа желім жаққаннан кейін тақта шүберекпен
сүртіледі.
Көрнекі оқу құралдарын, аппликация, үстел үсті ойындарын, басқа материалдар даярлауға олардың ұсақ элементтерін көбінесе түсті және ақ қағаздар арқылы желімдеуге тура келеді. Кейде олар күрделі қисық сызықты болып келеді. Мұндай элементтердің сырт жағын былғап алмай, желімдеу керек. Сондықтан оларды қиып алудан бұрын желімнің жұқа қабатын жағу керек. Желім кепкен соң орнына келтіріліп, таза парақ қағаздың үстіне жұмсақ шүберекпен басып жабыстырады.
Құрастыру жұмыстарындағы маңызды кезең орнын дұрыс ұйымдастыру. Жұмыс орны өңделетін материалға қарай, түрліше жабдықталады. Түрлі материалды өңдеу үшін бұрауыш, гайка, бұрайтын кілт, біз болуға тиіс. «Конструктор» жиынтығынан белгілі бір зат жасау керек болса, оған қажетті бөлшектер ғана алынады.
Мұғалім оқушыларға жұмыс орнын қалай пайдалану керектігін: үстелді қалай дайындау, артық нәрселерді алып қойып, қажетті аспаптарды алу, олардың ақауы жоқтығын тексеру, оң қолға ұстайтынды оң жаққа, сол қолға ұстайтындарды сол жаққа қоюды алғашқы күннен үйретеді. Сонымен қатар, аспаптарды күту тәртібін, материалды үнемдей білуге, жұмыс кезінде жұмыс орнының ретті, таза болуын қадағалау: жұмыстан соң орнын жинап, аспаптарды тиісті орындарына қоюға дағдыландырады. Жұмыс орны реттелген соң, оқушылар практикалық жұмыс істеуге кіріседі. Олар модель бөлшектерін дайын үлгі бойынша белгілейді. Модельдің жақсы болуы белгіленудің дұрыс және дәл болмауына байланысты. Белгі сызығының болар-болмас қате жүргізілуінен модель іске аспай қалуы мүмкін. Сондықтан да белгілеп болған соң, белгі сызығының дұрыс сызылғанын басқа әдіспен де тексеріп алу керек. Белгілеу кезінде қарындаш, үлгі, сызғыш, бүктелетін метр, циркуль сияқты аспаптарды пайдаланады. Қарындашты жұмыстың түріне қарай дұрыс таңдап алу қажет. Қағазды және қатырма қағазды белгілеу үшін таңдап алынған қарындаштың қаттылығы орташа, ал ағаш материалын белгілейтін қарындаш қаттылау болуы керек. Өйикені жұмсақ қарындаштар ағашқа тез мұқталады.
Өңдеу кезінде бүктеу және қаттау операциялары кеңінен пайдаланылады.
Модель айқындау кезінде қатырма қағазды көбірек бүктеуге тура келеді. Қатырма қағаз бірден тура бүктелмейді, сондықтан да бүктелетін жерін алдымен сыртынан тіліп, із салады. Пышақ ізі қатырма қағаз қалыңдығының жартысындай болып түсуі қажет. Сонан соң қатырма қағазды ол тіліктің қарсы жағына қарай бүктейді. Бүктесін сызық әдетте үздік сызықшалармен белгіленеді. Қатырма қағаз мықты болуы үшін тілінген жерге қағаз желімденеді. Механикалық өңдеуде ең көп тараған әдіс – кесу. Өңдірісте кесудің екі жолы бар: жаңқасыз кесу және жаңқалап кесу. Бірінші түріне қағазды кесу, екіншісіне – ағашты пышақпен жоңу жатады. Мұғалім оқушыларға кесу операцияларын кеңінен көрсету мақсатында, мектеп шеберханасына топ-серуен жасайды. Оқушылар слесарьлық шеберханада металды түрлі аспаптармен: қайшымен, арамен, егеумен т.б. кесумен танысады, өңдеу шеберханасында ағашты арамен, сүргімен, қашаумен өңдеуге болатынын көреді. Механикалық шеберханада ағашты сүргілейтінін, тесіктерді станоктармен тесетінін, металды бұрғылау станогында бұрғылап, токарь станогында кесіп, өңдейтінің көреді.
Бірінші сыныпта техникалық модельдеуге пайдаланатын негізгі кесуші аспаптар: пышақ, қайшы. Қайшы, қағаз, қатырма қағаз және жұқа қаңылтырды кесуге пайдаланылады. Қайшының қолданылу орындарына қарай, құрылыстары да түрліше болады. Тігін жұмыстарында қолданылатын қайшының жүздері ұзын, тұтқалары қысқа келеді. Онымен қағаз, қатырма қағаз және жұқа қаңылтырды кеседі. Қалыңдығы 0,5мм-ден 2 мм-ге дейін қаңылдтырды арнаулы қайшымен кеседі. Қайшының тұтқасы ұзын болған сайын, күш аз жұмсалады. Жұмысты дұрыс орындау үшін қайшының ақаусыз, жүздері өткір, дұрыс қайшыласуын қадағалау қажет. Қайшыны пайдаланып, түзу сызық бойымен кескенде қайшы ұшына қарап, сызықтың бойымен туралап отыру, қисық сызық бойымен кескіндеу, қайшыны қозғалтпай, сол қолға ұстаған затты ыңғайына қарай айналдырып отыру керек. Осы айтылған екі жағдайда да қайшыны алғашқы бағытта ұстаған дұрыс. Бұл әдістер қаңылтыр кесуде де қолданылады. Модель дайындауда қағазды, қатырма қағазды және ағашты пышақпен кеседі. Жүздерінің құрылысына қарай, пышақтардың атқаратын қызметтері де түрліше. Модель және скальпель пышақтардың ұштары доғал, жүзінің екі жағы да қайралған болады. Картонаж және етікші пышақтары қысқа, түзу, үшкір, бір жағы ғана қайралған болады. Қағазды, қатырма қағазды түзу кесу үшін пышақ қолданылады. Мұндайда қайшыдан гөрі пышақпен кескен түзу болып шығады, жұмыс тез орындалады. Қағазды бүктелген жерінен кеседі. Ал ағашты сол қолмен пышақтың сырт жағынан ұстап кеседі. Жіңішке кесу аспаптарымен жұмыс істеуден бұрын жаттығулар жүргізіледі: материалды ұстап тұру, әперу, өңдеудегі жұмыс қалпының дұрыстығы; кескіш аспаптарды қайрау және жөндеу кезінде оларды дұрыс ұстау т.б. алғашында оқушылар екі қолға түсетін салмақты дұрыс бөле алмайды. Қайшымен кескенде салмақтың бәрі оң қолға түседі. Соның нәтижесінде кесу сызығы тура болып шықпайды. Пышақпен кесуде де салмақ оң қолға түсіп, сол қол пайдаланылмайды. Кескен кезде сызғыш байқаусызда жылжып кетіп, қажетті сызық шықпайды. Ол үшін оқушыларды екі қолмен бірдей жұмыс істеуге жаттықтыру қажет. Олар жаттығу нәтижесінде оң қолға түсірілетін күшті сол қолға да түсіре білуге үйренеді.
Кескіш аспапты дұрыс ұстаудың үлкен маңызы бар. Оқушылар алғашқы кезде жұмыс құралдарын дұрыс ұстай алмайды. Бұл істің нәтижесіне зиянын тигізеді. Тігін қайшысының құлағынан жоғарғы, ортаңғы саусақты өткізе ұстап, сұқ қолмен төменгі құлағының астынан сүйемелдейді. Қаңылтыр кесетін қайшымен астына ешқандай сүйеніш қоймай, кесу кезінде бас бармақ үстіңгі тұтқаның ортасынан, ал қалған үш саусақ астыңғы тұтқаның астынан қамтылып ұсталады. Қағаз бен қатырма қағаз кескенде, пышақтың сыртқы қырынан сол қолмен басады да, қалған саусақтарымен пышақтың сабынан ұстайды.
Қалың қатырма қағазды кескенде пышақ ұшын тік қадап, сабын уысқа қыса ұстайды. Ағашпен жұмыс істеген кезде де, фанерді кескен кезде де пышақты солай ұстайды. Лобзиктің арасын вертикаль қалыпта бостау ұстап, қолдың білезігіне күш түсірмеген жөн. Қайшымен кескенде, оң қолдың қимылына қарай сол қол да қимылдап, материалды қайшының алқымына дұрыс жеткізіп отыру керек. Пышақпен кескенде, пышақ жүзінің кесетін материалдың бетімен бір қалыпты жылжуын қадағалау керек.
Бөлшектер бір-біріне түрлі әдістермен: жіп, тиек, желім, шеге, болт және гайкамен бекіту, тойтару және дәнекерлеу т.б. арқылы біріктіріледі. Мұғалім оқушыларды біріктірудің аталған әдістерімен және монтаждау, бинт, шплинг, қаптырмамен, құрастыруға арналған құралдармен тістеуік, біз, балға, қылқалам т.б. таныстырады. Бөлшектер ажыратылмайтын болып келуі мүмкін. Ажыратылмайтындарға шеге, желім, дәнекер, тойтарма және кертікпей біріктіріп ұсталғандар жатады. Оқушылар модельдеу сабағында осы екі әдісті де орындай білуге дағдыланады. Балалар ең алдымен желімдеу әдісін үйренеді. Қағаз бен қатырма қағазды клейстер, декстрин, казеин, ағаш желімімен, ағаш бөлшектерін ағаш казеин желімімен, резеңкені резеңке желімімен, керамика және металл бөлшектерін «БФ» желімімен желімдейді. Желім әр уақытта жұқа бөлшекке жағылып, желімделетін жерге көбірек тамызылып, жан-жағына таратылып жағылады. Қатырма қағазды желімдеу үшін оның екі жағы да бірдей желімделініп, ауыр нәрсенің астына бастырылады. Машинаның, станоктың, түрлі бөлшектері болт пен гайка арқылы бекітіледі. «Металл конструкторы» жиынтығында бөлшектерінде болт, гайка арқылы бекітеді. Мұндағы негізгі көмекші құралдар: кілт және бұрағыш. Модельдер конструктивтік ерекшеліктеріне және жылжымалы не жылжымайтын қосылыстарына қарай анықталады.
Осындай ережелерді оқушылар жұмыс істегенде
ескеріп, орындап отырады. Бірінші кластың еңбекке үйрету
сабақтарында мұғалім сабақтың тақырыбы, мақсаты және мазмұнына
байланысты оқушылардың өй-өрістерінің даму дәрежесі мен мектептің
оқу-материалдық базасын ескере отырып сабақ құрылымын
белгілейді.
Әртүрлі материалдармен жұмыс тәртіп туралы түсінік беру
Жалпы еңбек сабағының табиғаты көрнекі құралдарға толы болып келеді. Сабақта балаларға еңбек тәрбиесі беріледі. Педагогикалық тұрғыдан алғанда, еңбек тәрбиесі балаларға белгілі бір құралдардың, үлгілердің көмегімен берілетіні бәрімізге мәлім. Себебі, еңбек тәрбиесі ауызбен айтылып, қағаз бетіне түсіріліп қана қоятын тәрбие түрі емес, баланы еңбекке тәрбиелеу барысында айтылып-түсіндірілетін нәрселер міндетті түрде үлкендердің, ата-аналардың іс әрекеті арқылы үлгі ретінде көрсетілуі керек. Сәби кішкене кезінде ата-аналарының іс-әрекетіне аса назар аударады да, ойын барысында сол әрекеттерді қайталайды. Мысалы, анасының үй сыпырып жүргенін көрген сәби үй ойнағанда үй сыпырады. Мұндағы әрекет сыпырғаш (құрал) арқылы іске асып тұрса, әкесінің машина жөндеп немесе ағашты қағып жатқанын көрген бала да соны қайталайды. Мұндағы құрал – машинаның саймандары және шеге, балта, балға болып табылады. Яғни, кез-келген еңбек құрал-жабдықтардың көмегімен іске асырылады.
Сол сияқты еңбек сабағының арнайы құралдары – кез-келген бұйымды жасауға қажетті құрал-жабдықтар (ине, жіп, қайшы, қағаз, балта, шеге және .б.) болса, қосалқы құралдары болып – бұйымды жасау үшін үлгі ретінде, балалардың зейін, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында қолданылатын құралдар, яғни көрнекі құралдар (бұйымның қалай жасалатыны сатылай көрсетілген сызба, кесте, плакаттар) табылады. Арнайы құралдарды көбінесе жабдықтар деп атайды.
Оқушылар қағаз бен қатырма қағаз жұмыстарында түрлі техникалық операцияларды орындау барысында алғашқы еңбек дағдылары мен іскерліктерін меңгере бастайды. Осындай жұмыстар үшін қандай құралдар қолданылады.
Сызғыш - өлшеу, белгілеу құралы. Өлшеу және есептеу кезінде көру сәулелерінің сызғышқа тура бұрыш жасап түсу керектігі айтылады. Үшбұрышты сызғыштың екі түрі болуы керек. 1) шеңберлі үшкір бұрыштары бірдей; 2) бүйірлері тең емес, бұрыштары үшкір болуы қажет. Қағаз бен қатырма қағаз жұмыстарында диаметрлері әр түрлі дөңгелектер қолданылады. Олар циркуль орнына пайдаланылады. Осындай үлгілер әр түрлі мөлшерде болады. Қарындаштың да дұрыс ұшталып, үшкірленуінің үлкен маңызы бар. Әр техникалық операция арнаулы құралдарды қажет етеді. Қағаз, қатырма қағаз жұмыстарына пайдаланылатын пышақтар ұзындығы 5 – 6 см.-ге дейін қысқартылады. Ол өткір болуы керек.
Қағаз бен қатырма қағазды кесу бірінші сыныпта жүздерінің ұзындығы 7 см. қайшылар пайдаланылады. Балалар өздерін жарақаттап алмауы үшін қайшы, пышақ ұштары өткір болмауы керек. Олар үшкір болып келсе, шарықпен доғалануы керек. Мұғалім балалардың ой-өрісін кеңейту үшін әр түрлі: қағаз, мата кесетін, ал кейінірек қаңылтыр кесетін қайшылар, сым қиятын тістеуіктерді көрсетеді. Материалдар өңдеуге қажетті еңбек құралдарының қасиеттеріне қарай өзгеріп, күрделеніп отыратындығы жөнінде түсінік беріледі. Осыған байланысты әр түрлі құралдар қолданылады. Мысалы, қағаз және іс тігу жұмыстарына қолданылатын қайшылардан екі есе кіші кішкене қайшы керек. Қағаз, қатырма қағазды пышақпен кесу үшін саңылаулы сызғыш пайдаланылады. Бұл кеңсе сызғышына ұқсас. Мұның өзгешелігі – бір жағының ұзын бойына жіңішке етіп жапсырылған темір пластикасы бар. Осы сызғыш түптеу жұмыстарында кітаптың сыртқы қатты беттерін кітаптың ішкі беттерінен артық етіп кесуге қолданылады. Балалар пышақты сызғыш бойымен тура кесуге әдеттендіріледі. Сызғышты пайдалана отырып, техникалық операцияларды дұрыс орындауға үйренеді. Оқу процесі жемісті өту үшін қағаз бен қатырма қағазды сызғыш бойымен дұрыс кесу жолдары жете түсіндірілуі тиіс.
Құрал-жабдықтарды өңдеу
Қағаз бен қатырма қағаз жұмыстарында жиі қолданылатын құралдардың бірі – тескіш, керекті нәрсені ағаш қимасына қойып теседі.
Қағаз бен қатырма қағаз жұмыстарына пайдаланылатын қайшы, пышақ, біз, тескіш сияқты құралдар әр уақытта қайралған, өткір болуы керек. Құралдарды мезгіл-мезгіл тексеріп, қайрауды мұғалімнің өзі атқарады, қажет болса, оқушылардан көмекші алады.
Сабақ барысында бұйымды жасау үшін қолданылатын арнайы құралдардан басқа оқушыларға психологиялық тұрғыдан әсер ету, атап айтқанда шығармашылық және тағы басқа жеке қасиеттерін дамыту, еңбек сабағына деген қызығушылығын арттыру мақсатында көрнекі құралдарды пайдаланудың да мәні зор. Еңбек сабағында жасалатын бұйымдар бірнеше сабаққа бөлініп жасалатын болғандықтан, бірінші сабақтарда үлгі ретінде сызба-нұсқаларды пайдаланып, келесі сабақтарда дайын бұйымның өзін пайдаланған балалардың қызығушылыған әлде қайда арттырады. Мысалы, қазақтың ұлттық ыдысы торсықты қағаз арқылы жасау сабағын қарастырып көрейік. Сабақтың негізгі құралдары – қалың, түсті қағаз, қарындаш, қайшы, желім, желімге арналған қылқалам, ал көрнекі құрал – торсықты жасау әдістері, оған жапсыратын ою-өрнектердің үлгілері сатылай көрсетілген сызба-сурет, дайын торсықтың суреті немесе торсызтың өзі. Бірінші сабақта мұғалім оқушыларға қазақтың ұлттық ыдыстары туралы кішігірім мәлімет береді. Оларды қиып жапсыру әдістерімен таныстырады. Сабақта көрнекі құрал ретінде ыдыстың жасалу әдістері көрсетілген сызба қолданылады. Мұғалім сызбаның көмегімен торсықтың жасалуын сатылай түсіндіру мүмкіндігіне ие болады. Жасалып жатқан бұйым аяқталуға жақындап қалғанда, яғни қорытынды сабақта мұғалім дайын торсықтың суретін іліп қойса немесе нағыз торсықтың өзін алып келіп, балалардың назарына ұсынса, балалар өздері жасаған бұйымды алдарында тұрған суретпен немесе дайын бұйыммен салыстырып, бірін бірі бағалайды. Егер нашар баға алған оқушылар болса, келесі сабақтарда қателерін түзетуге тырысады. Сонымен қатар, деректі көрнекі құралдардың баланың шығармашылық қабілеттерін және жеке қасиеттерін дамытуда маңызы зор. Жасалып жатқан бұйымның түпнұсқасын көрген оқушы, міндетті түрде, өз еңбегін алдында тұрған затпен салыстырады. Сол арқылы өз кемшіліктерін анықтап, оны болашақта болдырмауға тырысады. Яғни, өзі жасаған бұйымнан өз кемшіліктерін таба білген адам, болашақта да қай істе болсын, өз кемшіліктерін, мінез-құлқындағы міндерді таба және мойындай білетін қасиеттерге ие болады. Тағы да айта кететін жағдай, балалар торсықты жасаған кезде ұсынылған ою-өрнектердің орнына өздері басқа оюларды ұсынуы мүмкін, осындай іс әрекеттерден баланың талғамының, идеясының қаншалықты дәрежеде дамығаның және сыншылдығын байқауға болады. Демек, көрнекі құралдарды адамды өмірге дайындайтын құрал ретінде тануға болады. Ғұлама педагог Ушинский: «Көрнекілік принципі сабақты шын өмірмен сабақтастырып, беріліп жатқан білімді оқушыларға меңгертіп қана қоймай, оны көзбен көрсетеді» - деп пікір білдірген болатын. Яғни, жоғарыда айтылғандарды есепке ала отырып, біз оның сөзінің шыншылдығына көзімізі жетті.
Сыныпта ыдыстар мен көрнекі құралдарды және балалардың істеген бұйымдарын сақтайтын шкаф болуы керек. Еңбекке баулу сабағының жемісті болып өтуі үшін құралдар мен жұмысқа лайықталған орындар, қажетті материалдар жеткілікті болуы шарт.
Қолмен істейтін
көрнекіліктер мен құралдар
Біздің заманымыз ғылым мен техниканың шыңына жеткен заманы деп біз
жоғарыда атап өткен болатынбыз. Әр заманның ғылым саласынан адамға
қоярлық өзінше талаптары бар. Біз өмір сүріп жатқан заманның адамға
қоятын талабы ретінде «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады»
деген қазақ халқының көнеден келе жатқан мақалын алғым келіп отыр.
Себебі, бүгін алға шабам дегендер, білімнің бұлағынан нәр алуы,
ғылымның әр саласынан хабардар болу керек. Жан-жақты
ақпараттандырылған адам өмірде өз жолын тауып, мақсаттарына жете
біледі. Бірақ білім-ғылым деп, тәрбиені тыс қалдыруға болмайды.
Бүгінгі таңда мектеп мұғалімдеріне қойылатын талап – баланы оқыта
отырып тәрбиелеу. Осы принципті басшылыққа алған ұстаз оқушысын
білімді, өнегелі әрі мәдениетті етіп шығарады. Осы айтылғандардың
барлығын меңгерген оқушы творчество, техника т.б. салаларында
жан-жақты дамиды.
Қазір мектеп бітіруші жастарды техниканы меңгеріп, оның тетіктерін жетік білетін етіп тәрбиелеу міндеттері қойылып отыр. Адам баласы қандай бағытқа бейім болсын, ең алдымен оның шығармашылығының деңгейі биікте болу керек. Ал шығармашылық кез-келген ғылымның саласын меңгеру барысында дамиды. Сол сияқты техникалық еңбек сабағында балаларға заманымызға сай білім бере отырып, шығармашылық және жеке қасиеттерін дамытудың мәні зор.
Осы бағыттағы істер 1-сыныптан басталуы керек. Еңбекке баулудың алғашқы күндерінен жүйелі білім беруді, олардың ой-өрісін дамытуды, тапсырмаларды орындау жоспары мен жұмысқа қажетті материалды таңдап алатындай етіп ұйымдастыру керек. Олар қарапайым нәрселерді құрастырудан бастап, біртіндеп күрделі өмірде жиі кездесетін машиналарды ажырата білуге үйренеді. Оқу жылының екінші жартысынан бастап, математика сабақтарында кесінділерді және геометриялық фигураларды жолсыз ақ қағазға сызғызу жүргізіледі. Мұғалімнің өзі жасаған кестесі не тақтаға сызған бұйымы мен оның құрылысының бейнесі сызба түрінде берілуі керек. Осы сызба бойынша олар орындалатын бұйымның құрылысын аңғаруға үйренеді. Сонан кейін бұйымның сызбасы және үлгісі, не техникалық суреті салыстырылып, орындалатын жұмыс операциясы белгіленеді. Оқушылар сызбамен жұмыс істеуден бұрын, сызбада берілген бүктеу, кесу, жалғау сиқты шартты белгілерді оқи алу білуге үйрету керек. Оқушылар негізінен бұйымдар мен жұмыстарды үлгі және дайын сызба, нұсқау бойынша белгілі жоспармен үйренеді.
Сызбаны оқу және белгілеу – еңбекке баулу сабағында орындалатын операцияларды алдын ала жоспарлау барысының алғы шарты. Сызба оқылып белгіленгеннен соң, олар жоспарда көрсетілген жұмыстарды орындауға кіріседі. Егер берілген тапсырма бір сағатта орындалатын болса, алғашқы сабақ сызбаны оқуға, белгілеуге арналады. Қалған уақыт материалды өңдеуге, бөлшектерді дайындауға, құрастыруға, әшекейлеуге жұмсалып, оның орындалуын тексеруге бөлінеді. Олар белгілеу тәртібін дұрыс жоспарлап, жете түсінсе ғана еңбек операциялары ойдағыдай орындалады.
Қажетті сызықты жүргізу қарындаштың дұрыс ұшталуына байланысты. Қарындаш кедір-бұдырсыз, теп-тегіс ұшталуы қажет. Сонда жүргізілген сызық дұрыс болып шығады. Түзу сызық сызғанда, қарындашты жылжытатын бағытына қарай аздап көлбете ұстап, үлгінің не сызғыштың қырына тақап сызады. Сызу үшін қалыңырақ ағаш сызғыш, өлшеу үшін металл сызғыш пайдаланылады.
Шеңбер циркульмен сызылады. 1-сынып оқушылары балалар бақшасынан алған дағдылары негізінде мұғалімнің айтқаны, тақтаға сызғандары бойынша жұмыс істеп, шеберлікке үйренеді. Циркульмен дөңгелектер сызып, оларды тең бөліктерге бөлуге төселеді. Оқушылар 1-сыныптан бастап, жоспарлаудың алғашқы элементтерін, графикалық бейнелеуді, сызбаны оқуды және белгілеуді, фигураларды салудың алғашқы элементтерін, сызу жабдықтарымен жұмыс істеуді, сызу тақтасын, қағазды тақтаға дұрыс бекітуді, көмекші сызықтар жүргізуді, қағаздың бүктелетін, кесілетін жерлерін сызықтар арқылы белгілеуді үйренеді.
Жұмыстың ойдағыдай орындалуы үшін 1-сынып оқушыларын өздерін-өздері бақылай білуге үйрету керек. Өзін-өзі бақылау – дайындық кезеңі, негізгі кезең және қорытынды кезең болып бөлінеді. Олар дайындық кензеңінде жұмыс орнын әзірлейді. Бұл жерде тексеріп бақылау іске асырылады. Мұғалім осы кезеңде балалардың назарын материалды зер сала қарап, аспаптардың жұмысқа жарамдығын анықтай білуге аударады.
Оқушыларды, өз жұмыстарын бақылай білуге үйретудің мақсаты – сынап көруге және жіберген қатесін аңғарып, кемшілігін анықтай білуге үйрету, сонда олар жұмыстың я дұрыс я бұрыс орындалғанын байқайды. Сонан соң жұмысты әрі қарай жалғастыру керек пе, жоқ па, соны біледі.
Модель жасау үшін оқушылар материалдар мен аспаптардың қасиеттерін, модельдер технологиясын және олардың атқаратын қызметін жақсы білу керек. Ол жұмыстарды мұғалімнің бақылауымен, көптеген қайталаулардың нәтижесінде меңгереді, соған дайындалады.
Балалар мұғалімнің тапсыруы бойынша кептірген өсімдіктердің және басқа да өздерінің назарын аударған әр түрлі табиғи материалдарды алып келеді. Бұл материалдар балаларды мектеп төңірегіндегі жергілікті жердің табиғатымен нақты таныстыруға көмектеседі.
Мұғалімнің міндеті – бұл материалдарды балалармен бірлесе отырып жүйеге келтіру, мектепке сақтау үшін іріктеп алу. Бұл міндет алғашқы еңбек сабағында орындалуға тиіс. Әр түрлі материалдарды сақтауға папкалар және қорапшалар керек. Сондықтан балаларды сызба, оқу құралдарын, басқа да бұйымдарды салып қоюға арналған қорапшалар, сауыттар жасауға арнап қағаз түтікшелер шиыршықтау әдістеріне үйрету керек.
Бұйымдар жасау үшін әуелі табиғи материалдардың түрлі ерекшеліктерін білу қажет. Мысалы, үлкендігі, пішіні, түсі, қаттылығы, өңдеуге болатындығы, желімделуі т.с.с.
Іскерлік пен дағдылардың белгілі бір жүйесін қалыптастыру үшін бұйымдар өз ретімен жасалуға тиісті. Мұғалімнің белгілі бір бұйымдардың орнына қиындығы бірдей сол тәрізді бұйымдар жасатуына болады.
Қағаз және қатырма қағаздан сан алуан ойыншықтар жасатып үйрету жұмыстарындағы ерекше мән беруге тиіс жұмыс – балаларға шырша ойыншықтарын жасауды үйрету. Мұнда пайдаланылатын басты материалдар: қатырма қағаз, ақ қағаз, түрлі түсті қағаздар, әр түсті бояулар, желім т.б.
Жаңа жылда ұйымдастырылатын шыршаларды безендіретін ойыншықтардың өздері-ақ жасап алады. Ойыншықтарын өздері жасамаған, өздері әшекейлеп безендірмеген шырша балалр үшін онша қызықты болмайды. Бүкіл сынып ұжымшылдыққа, еңбек үстіндегі жолдастық қарым-қатынасқа тәрбиеленеді, олардың шеберлігін, көркемдік-әсемдік талғамдарын дамытуға игі әсерін тигізеді.
Шыршаға арнап қандай ойыншықтар жасату, оны қалай әсемдеу әр мұғалімнің шеберлігі мен талғамына байланысты. Дегенмен, қатырма қағаздан, қағаздан т.б. материалдардан келістіріп жасалған алуан түрлі ойыншықтар, түрлі түсті қағаз тіліктерінен жасалған алуан түрлі шығыршықтар тізбегі, үш бұрыштап, төрт бұрыштап, дөңгелектеп, қошқар мүйіздеп т.б. қиылған алуан түсті қағаз қиындыларынан тізбектер, түрлі түсті басқа да ленталар, қатты қағаздан жасалған әр түрлі фигуралар, түрлі жеміс макеттері, безендірулер шыршаны барынша әсемдей түседі.
Аналар мерекесі – 8 наурыз еңбек сабақтарындағы жұмыстардың біраз түрлеріне тақырып бола алатыны мәлім.
Қағаз бен картонның түрлері және қасиеттері. Қағаздың түсін өзгерту
Балалар еңбек сабағында 8 наурыз мерекесі күні аналарына, апаларына сыйлайтын түрлі бұйымдар жасай алады. Бұл үшін мұғалім тарапынан оларға тиісті ақыл-кеңес берілуі керек. Мұндай жұмыстарда көбіне қағаз, қатырма қағаз, мата т.б. материалдар пайдаланылады. Бұл материалдардан кішігірім бұйымдар дайындауға болады. Мерекелердің еңбек сабағына негіз болуының ұтымдылығы – балалар жасап жатқан бұйымдарын аса бір қызығушылықпен, махаббатпен, сүйіспеншілікпен жасайды. Мысалы, жоғары да аталып өткен 8-наурыз мерекесін алайық. Оқушы анасы, апасы және ұстазына өз қолынан сыйлық жасап беруге асығады. Сыйлықты жасау барысында баланың ойына әр-түрлі идеялар келеді және бала оны жүзеге асыруға тырысады. Тіпті кейбір балалар гүл жасаймын деп, өзі гүлдің бір түрін ойлап табуы мүмкін. Мұндай жағдайларда ата-аналар, ұстаздар тарапынан тәрбиелеудің ынталандыру, мадақтау әдстері іске асып отырғаны жөн. Үлкендердің марапатына ие болған баланың қызығушылығы, еңбекке деген талпынысы арта түседі. Сонымен қатар баланың кемшіліктерін де айтып отыру керек. Кемшіліктерін көре білген бала, болашақта кемшіліктерді, қателіктерді болдырмауға тырысады және өз кемшіліктерін өзі мойындай алатын болады. Яғни, шығармашылықты дамыта отырып тәрбиелеу кезінде баланың жеке қасиеттері дамиды.
Аталған жұмыстарды өңдеу, әр түрлі бұйымдарды жасау барысында баланың эстетикалық талғамы, кеңістіктегі түрлі құбылыстарға деген көзқарастары дамып, эстетикалық және патриоттық тәрбие беруде үлкен әсерін тигізеді. Бұған дәлел ол экскурсия кезінде, туған еліміздің табиғатына сүйсінеді, оны мақтан тұтып, аялай қарайды.
Олар сабаққа керекті табиғи материалдарды жинағанда, өсіп тұрған өсімдіктердің бұтағын сындырмай, жапырағын, піспеген жеміс-жиегін орынсыз жұлмау, тек жерге түскен түсті жапырақтарды, жемістерді жинауға болатындығын түсіндірулері керек.
Щтамп және трафарет.
Қағазды қию, ойып алу тәсілдері
Түрлі түсті қағаздармен
жүргізілетін сабақ жоспары
Сабақтың
тақырыбы: Қағаздан стакан, қалпақ және
ойыншық жасап, оларды ұлттық ою-өрнекпен
әшекейлеу.
Сабақтың
мақсаты: Қағазды бүктеу, қаттау және
қию әдістерін еске түсіру. Қағаздың ою-өрнектерін тиімді қолдану.
Түрлі түсті қағаздың өзара үйлесімін қадағалау. Желіммен жұмыс
істеу әдістерін еске түсіру. Тазалық-гигиеналық талаптарды
орындауға дағдыландыру.
Сабақты
жабдықтау: Түрлі түсті қағаздар,
ысқылауыш, қайшы, желім, желім жағатын қылқалам, қарындаш,
ою-өрнектердің жобалары, көрнекі құрал /үлгілер/.
Сабақтың
мазмұны: Өткенді еске түсіріп, оқушылар
мұғалімнің қойған сұрақтарына толығымен жауап беруге
тырысады.
Өткен сабақты бүгінгімен байланыстыра отырып, тақырып ашылады немесе бірден қағазды бүктеу, қаттау әдістерін көрсетуден бастайды.
Оқушылар сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды парта /үстел/ үстіне түгелдеп шығарып қояды.
Бұдан кейін оқушылар шаршы пішіндес қағазды реттеп бүктеп, қаттап, ысқылауышпен ысқылап стакан жасайды. Стаканды қағаздан жасау жолы: шаршы пішіндегі қағазды үшбұрыш етіп бүктеп, оны қаттаймыз. Қатталған үшбұрыштың екі бұрыштарын қарама-қарсы бүтейміз де, үстіндегі артық екі үшбұрыштарын екі жағына қарата қайырамыз. Стакан дайын.
Енді осы жасалған қазақтың ұлттық оюларымен өрнектеуге болады. Оқушылардың өз ұлтының өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыру үшін ұлттық ою элменттерін жасап үйрену дағдысы керек. Стаканды өрнектеу үшін тік бұрышты қағазды екіге бүктеп, жоба арқылы «сынық мүйіз» оюын сызып, қағазға түсіреміз. Әрі осы сызықтын бойымен қиямыз, міне «сынық мүйіз» оюы пайда болды. Оны қағаздан жасалған стаканға ұқыптап желімдейміз. Сондай-ақ басқа да ою - өрнектерді қиып, желімдеп бұйымдарды өрнектеуге болады.
Осылайша жасалған қағаз стаканнан ойын ұйымдастыруға болады. Ол үшін дайын болған стаканның түбіне 35-40 см. жіп тағып, бос ұшына ермексазды дөңгелектеп жапсырамыз. Бұл ойынның тәртібі: топ-топқа бөлінген балалардың қайсысы осы стаканға ермек саз дөңгелегін көп түсірсе, сол жеңген болады. Ойыншықты ұлттық оюлармен өрнектеп, әсемдейміз.
Біткен бұйымдарды талдап,
жақсы және кемшілік жақтарын айтып, сабақты
аяқтаймыз.
3.2. Сазбалшықпен
жүргізілетін сабақ жоспары
Сабақтың
тақырыбы: Сәбіз, алма және өрікті
мүсіндеу /Жеміс-жидек және
көкөністерді мүсіндеу/.
Сабақтың мақсаты: Геометриялық фигуралар мен денелердің қарапайым
әдістеріне және заттың пішіні өзара шамаластығы
мен түсін айыра білуге үйрету. Материалды үнемдеп
қолдану және тазалық-гигиеналық талаптарды
орындауға дағдыландыру.
Сабақты
жабдықтау: Сазбалшық, ермек саз, пышақша,
мүсіндеу станогы
немесе тақтайша /40х40 см./, су құятын ыдыс, қол
сүртетін шүберек, көрнекі құрал /үлгілер/.
Сабақтың
мазмұны: Өткенді еске түсіріп, жаңа сабақты
өткенмен
байланыстырып жаңа сабақтың тақырыбы
хабарланады.
Оқушылар сабаққа керекті құрал-жабдықтарын парта /үстел/ үстіне дұрыстап қойып, мұғалімді тыңдайды.
Мұғалім сұрақ және жауап әдісі арқылы сабақтың негізгі мақсаты мен мазмұнын /жасалу жолдарын/ түсіндіреді. Оқушылар көкөніс пен жемістерді бір-бірімен салыстыра отырып, олардың ерекшеліктерін, үлкендігін, көлемін және түстерін біледі.
Енді тақтадағы ілініп тұрған көкөністер мен жеміс-жидектердің суреттеріне қарап мүсіндеуге кіріседі. Сәбізді мүсіндегенде оның түсін, үлкендігін, оның қалай өсетіндігін оқушылар жақсы түсінеді.
Енді сәбіз бен алманы, өрікті салыстырып үлкендіктеріне қарап мүсіндейді. Алма үлкен шар болса, өрікті кішкентай шар сияқты етіп мүсіндеп, олардың ерекше бөлшектерін жасап, жұмыстарын бітіреді.
Оқушылар мүсіндеу жұмыстарында тазалық-гигиеналық талаптарды бұлжытпай орындауға дағдыланады, материалдарды үнемдеп қолданып, артық бөлшектерін қорапқа салады. Сабақ қорытылып, көкөніс пен жеміс деген не екенін, олар қайда өсетінін оқушылар жақсы түсінеді.
Сабақ соңында олар тек көкөніс пен жемістерді
біліп қоймай, өздері оларды сазбалшық пен ермек саздан жасап
үйренеді.
Қорытынды
Осы курстық жұмысымды жазу барысында мен көздеген мақсатыма жеттім
деп ойлаймын. Біріншіден, берілген тақырыпты жан-жақты зерттеуге
тырыстым, яғни кіріспе бөлімде техникалық еңбек сабақтарына
арналған бағдарламаға сипаттама бердім. Байқағанымыздай, берілген
бағдарлама басқа пәндерге арналып жасалған бағдарламалар сияқты,
бірізділік, жүйелілік принциптерінің негізінде, балалардың жас
ерекшелік қасиеттерін есепке ала отырып жасалған.
Негізгі бөлімде техникалық еңбек сабақтарын жүргізу барысында сақталатын еңбек қауіпсіздігі мен гигиеналық ережелер туралы мәлімет бердім. Кез-келген еңбектің түріне арналған қауіпсіздік және гигиеналық ережелер болады. Оларды сақтау міндетті. Себебі, берілген ережелер сақталмаған жағдайда адамның өміріне қауіп төнуі мүмкін. Сондықтан, балаларды қауіпсіздік және гигиеналық ережелерді сақтауға бірінші сыныптан бастап дағдыландыру керек.
Біз кез-келген сабақтың әдістемесінен білеміз оқушыға білім беруде көрнекі құралдардың маңызы зор. Бұл орайда еңбек сабағы да тыс қалмаған. Сабақта қолданылатын көрнекі құралдардың көмегімен оқушылардың зейіні қалыптасады, қызығушылығы артады, берілген бұйымның құрылысын көзбен көреді, осыдан келіп оқушының дүниетанымы, эстетикалық талғамы, шығармашылығы дамиды. Бұл туралы негізгі бөлімнің екінші тарауында айтылған.
Үшінші бөлімде техникалық еңбек сабақтарына нақты сабақ жоспарлары берілген. Біріншісі – түрлі түсті қағаздан жасалған қалпақ, стақан және ойыншықтар және оларды ою-өрнектермен әшекейлеу. Екіншісі – сазбалшықтан жеміс-жидектерді мүсіндеу болатын. Осы сабақ жоспарларында еңбек сабағын жүргізудің нақты әдіс-тәсілдері көрсетілген.
Аталған курстық жұмысым теория мен практиканы ұштастыра зерттей отырып жазылған жұмыс. Яғни, курстық жұмысымда жазылған мәліметтердің барлығы тек теориялық тұрғыдан алынған тұжырымдамалар ғана емес, іс жүзінде, тәжірибеде дәледенген ізденістер жиынтығы.
Жақында ғана өткен практика маған өз білімімді, дағдымды бағалай білу жолында үлкен мүмкіндіктер берді. Себебі, колледжде өзін де оқушылар қатарында жүріп біз тек мұғалімнің меңгерткен білімінен нәр аламыз, ал мектепке практикаға барғанда колледж қабырғасында алған білімімізді практика жүзінде пайдалана білу шеберлігін меңгереміз. Онда өзіміз мұғалім боламыз, оқушыға білім береміз, оқытамыз. Яғни, біздің алдымызда үлкен жауапкершіліктер тұрады. Біз бір басымызбен бірнеше баланың болашағына жауап береміз. Сондықтан практикаға барған кезімде, уақытша болсын, өзімнің оқушы екенімді ұмытып, мұғалімнің образына кіруге тура келді. Практика менің жеке мінез-құлқыма, дүниетанымыма әсер етті. Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты қасиеттерін түсінуге жол ашты. Практика кезінде колледж қабырғасында алған теориялық білімімді іс жүзінде іске асыра білдім деп ойлаймын. Себебі сабақ барысында түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы балалардың қызығушылығын ояттым, сабақта әр түрлі бұйымдар жасата отырып, оқушылардың эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілетін, идеясын дамыта алдым деген ойдамын. Демек, мемлекеттік практика біздің мұғалім ретінде шыңдалуымызға, дағдылануымызға жол ашты. Ал курстық жұмысымда жазылған мәліметтер менің практика барысында байқаған, зерттеген ізденістерімнің нәтижесі.
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі:
-
О. Сатқанов. Еңбек сабақтарында қазақ өнеріне баулу. Алматы «Рауан», 1992 ж.
-
О. Сатқанов. Техникалық еңбек. Алматы «Рауан», 1993ж.
-
Шаңырақ (тұрмыстық энциклопедия).
-
Афонина Г. М. Педагогика. Ростов-на –Дону, 2002..
-
Бабаский. Педагогика. Москва, 1983ж.
-
Қоянбаев Ж. Б., Қоянбаев Р. М. Педагогика. Астана, 1998 ж.
-
Лихачев Б. Педагогика. Москва, 1998 ж.
-
Пидкасистый П. И. Педагогика. Москва, 2002ж.
-
Подласый И. П. Педагогика. Москва, 2001ж.
-
«Технология» (ғылыми-әдістемелік журнал). №12, 2005ж.
-
«Технология» (ғылыми-әдістемелік журнал). №8, 2006ж.
-
«Технология» (ғылыми-әдістемелік журнал). №13, 2006ж.
-
Қазақстан мектебі. (ғылыми-педагогикалық журнал) №5, 2003 ж.
-
Қазақстан мектебі. (ғылыми-педагогикалық журнал) №10, 2004 ж.
-
К. Өрсімбетов, О. Сыздықов, Н.Адамқұлов, М.Велижанина, Н. Ниязова, М.Ырсымбетов. Технология. Алматы «Мектеп», 2004ж.