Қостанай аудан әкімдігінің «Білім бөлімі» КМҚК
«Гүлдер» балабақшасы
Ашық оқу қызметі
«Жыл мезгілдеріне
саяхат»
Өткізген тәрбиеші:
Бохай
Затобол кенті
2018ж
Ұйымдастырған ашық оқу қызметі
Тәрбиеші: Бохай Р
Білім
беру саласы: «Коммуникация» «шығармашылық»
Бөлімі: «Сөйлеуді дамыту», «Сурет салу»
Тақырыбы: «Жыл мезгілдері»
Мақсаты: Балалардың ақыл ойын ,ойлау қабілетттерін
дамыту. Суреттер бойынша әңгімелеп ,тақпақ айту барысында
сөздік қорларын молайту. Әр мезгілідің ерекшеліктерін білу.
Дәстүрден
тыс әдіс-тәсілдермен сурет салуды үйрету арқылы шығармашылық
қабілеттерін, қызығушылықтарын арттыру. МНЕМО технологиясы мен ТРИЗ
технологиясын және Дьенщ
текшелерін пайдалану арқылы балалардың ойлау
қабілетін дамыту.
Қажетті құрал-жабдықтар,
көрнекіліктер: Жыл мезгілдерінің суреттері,
Билингвальды компонент: Жыл мезгілдері- времена года.
ұйымдастырған оқу кезеңдері Мотивациялық -қозғаушылық -Ал
балалар тұрайық үлкен шеңбер құрайық!-деп бізге келген қонақтармен
амандасайық.
-Сәлеметсіздер ме?
-Балалар шеңбер бойына тұрып ,бүгінгі күнімізге сәттілік
тілейік.
Жақсы жылы лебіздерімізді айтайық.
Арайлап атқан таңымыз
Қайырлы болсын күніміз.
Шуақты күннің сәулесі,
Жайнасын бүгін жарқырап!
-Жарайсындар ,балалар!
-Балалар ,бүгінгі оқу қызметінде, «Жыл мезгілдері» туралы.
-Балалар, айтыңдаршы, қазыр жылдың қай мезгілі?
-Балалар бір жылда неше жыл мезгілі бар?
Билингвальды компонент: қәне қайталайық.Қыс -Зима,Көктем -
Весна,Жаз – Лето, Күз – Осень.
-Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?
-Қар жауады, аяз болады. боран, мұз қатады. Адамдар жылы
киінеді.
Ұйымдастыру-іздестіру -Айналаға қараңдаршы. Топқа қар ұшып
келіпті
-Балалар, ұшып келген қарды жинайық. (Қардың арасынан сандықша
тауып алады)
-Бұл не екен балалар?Сандықша, кітап?
Бұл сиқыршының кітабы екен,оның ішінде
қараңдаршы суреттер,тапсырма бар екен.
Біздер оларға жауаптарын тапсақ сандықша ашылады екен,сонда
өзімізде сиқыршы боламыз дейді.
-Балалар біздер бұл тапсырмаларды орындау ұшін шығармашылық
орталығымызға баруымыз керек. Ендеше тапсырманы орындап
көрейік.
Ойын : «Текше »
Шарты: Текшені лақтырғанда қай мезгілдің суреті түссе ,сол мезгіл
туралы сүрақтарға жауап береді.
Балаларды төрт топқа бөліп отырғызу.
Күз мезгілі: қолшатырдың суретін аяқта;
суреттерден күз туралы сөйлем құрастыру ;
күз мезгілі туралы тақпақ айту;
Қыс мезгілі: қыс мезгілінде қарсыз түрған ағаштың суретің
аяқта;
суреттерден қыс туралы сөйлем құрастыру ; қыс мезгілі туралы тақпақ
айту;
Көктем мезгілі: көктемде бірінші шығатын гүлі;бастап жасалған гүлді
аяқтау;
көктем мезгілі туралы сөйлем құрастыру;
көктем мезгілі туралы тақпақ айту;
Жаз мезгілі: гүлдің суретін аяқтау;
жаз мезгілі туралы сөйлем құрастыру;
жаз мезгілі туралы тақпақ айту;
-Балалар, бізге сиқыршы сендер өздерің де енді сиқыршылар болдыңдар
дейді.
-Балалар ,қараңдаршы сандығымыз ашылған .
Ішінде не бар екен? Қағаздар
Балалар мына қағаздар умаждалып қалған,оны біз не істейміз?
-Жарайды, онда біздер қазір сиқыр жасаймыз.
-Сендер өздерің сиқыршы екеніндеріңді сезініп тұрсындар ма?
Олай болса ,бұл қағаздарға қазір біздер әдемі сурет саламыз.
Балаларға жұмыс тәсілін көрсету, түсіндіру.
Теледидардан умаждалған қағазға салыңған суреттерді көрсету.
Психологиялық сәт: «Ауа райы» ойыны:
Күн ұйықтады
Күн оянды
Жел тұрды
Бұлт шатырлады
Жаңбыр жауды
Жаңбыр басылды
Күн ашылды.
Балаларға суреттерін аяқтату.
МНЕМО-технологиясы бойынша
суретпен тақпақ айтқызу
Қолшатырдың суретін игровизор
тәсіл арқылы аяқтау;
Күз айы басталды,
Құстар қайта бастады.
Жапырақтар сарғайып,
Жерге түсе бастады.
Ағашқа желім жағып түз себелеп ,қардың түрін жасайды;
Жапалақтап ала қар,
Жауады күнде қайталап.
Қырға шықты балалар,
Шаңғыларын арқалап
-Бәйшешек гүлі.Гүлдің мұсінін аяқтайды;
Көктемде көңілді,
Құстар кеп жатқанда.
Құлпыртып өңірді,
Гүл ектік бақтарға.
Гүлдің суретін аяқтайды.Қиылған уақ шіптермен гүл жапсырады.
Жайқалып
Жапырақ,
Құлпырып қызғалдақ.
Тұратын көз тартып,
Жаз келді күн шуақты
Балалар ойынға қызыға қатысады.
Сандықтың ішіндегі қағаздарды алып ,
алақандарымен ,саусақтарымен оны тегістейді.
Ауа райы ойынын ойнайды.
Рефлексивті-түзетушілік - Қане қай сурет ең әдемі шыққан, өздерің
айтыңдаршы. Балаларға талдату.
-Балалар сендерге сиқыршы болған үнады ма?
-Ендеше айтыңдаршы неше жыл мезгілі бар?
-Жарайсындар ,балалар.
Қонақтармен қоштасайық.
-Сау болыңыздар! Балалар суреттерін қарап әңгімелеседі,
талдайды.
-Ия,үнады.
-Төрт жыл мезгілі бар.
-Сау болыныздар!
Күтілетін нәтиже:
Біледі: жыл мезгілдерін,ерекшеліктерін Дьенщ
ттекшелерімен
Игереді: дәстүрлі емес әдіс-тәсілдермен сурет салуды
ТРИЗ
тех-сы бойынша
Меңгереді: МНЕМО тех-сы
бойынша өлең
арқылы әр жыл мезгіліндегі табиғат құбылыстарын , ұжымдасып жұмыс
жасауды.