Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Жыл құстары және қыстайтын құстар»

Материал туралы қысқаша түсінік
Жыл құстары, күз мезгілінде олардың тіршілігіндегі өзгерістер туралы түсінік беру. Құстардың қыс мезгілінде табиғи жағдайлардағы тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту. Құстарға қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Жаратылыстану

Апталық тақырып:«Құстар біздің досымыз»

ҰОҚ тақырыбы: «Жыл құстары және қыстайтын құстар»

Мақсаты: Жыл құстары, күз мезгілінде олардың тіршілігіндегі өзгерістер туралы түсінік беру. Құстардың қыс мезгілінде табиғи жағдайлардағы тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту. Құстарға қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.

Қажетті құрал жабдықтар: Құстар туралы суреттер,жұмбақтар, слайд ,құстардың дыбысы кеңійту. Құстарға қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: қызығушылығын ояту, сұрақ-жауап,жұмбақ шешу, топтастыру.

Сөздік жұмыс: мамық,зиянкес,орман дәрігері.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық


Шаттық шеңбері 
С
әлем деймін достарға, 
Сәлем деймін құстарға. 
Сәлем деймін құрдасқа, 
Сәлеметсіз бе?- апайлар. 

Тәрбиеші: Егер менің қолыма құс келіп оны мен аялап, мәпелер едім. 

Өте жақсы балалар, сонымен біз құстарды жақсы көреміз.Оларды күтіп баптаймыз,қамқор боламыз. 
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы. «Жыл құстары және қыстайтын құстар» 



Қайталап айтады, іс-қимылын жасайды.



-Мен оны жуындырар едім. 
- Мен оған әдемілеп ұя жасап берер едім 
- Мен оның аузына дәм салар едім 
- Мен оның қанаттарын тазалар едім 
- Мен оны құшағыма қысар едім 
--Мен оған қамқор боламын 
- Мен оны аялаймын 
- Мен оны мәпелеймін 
- Мен оны тамақтандырамын 

Ұйымдастыру-шылық ізденістік

- Қандай құстарды білесіңдер? 
- Құстар не істей алады? 

І. Құстар туралы әңгімелеу 
Балалар біздер сәуір айының алғашқы күні біз нені қарсы аламыз? Құстар –адамға дос. Құстардың еті тамақ болса,мамық қауырсыны киім, көрпе-жастық болады. Құстар орман,жер зиянкестерімен қоректеніп ауыл шаруашылығына пайдасы көп. Құстарды негізге алып, ұшақтар жасады. Сазгерлер құстардың үнін әуенге қосты. 
ІІ. Жұмбақтар шешу 
1. Қызығып әр адам 
Ұстап ап даладан 
Жүнімен жұлып ап 
Бесікке қадаған 
Бұл қай құс? 
2.Қашаудай мықты тұмсығым 
Бәсеке тігем бұл шыным 
Құрт, қоңыз, аулап жарысам 
Орман дәрігері боп табы 
3.Түсі қара мақпалдай 
Төсі ақ сыр жаққандай 
Ұшса оқтай зулайды 
Көктен жұлдыз аққандай 
4.Мұқият тыңда, қандай құс, 
Қонып алып жарға, 
Қарқылдайды ... 
5.Он екі айдың біреуі 
Сірә оның атында 
Өзге ұяға із тастап 
Мен деп жар сап жүреді 
-құстардың қандай пайдасы бар? 
-құстардың ортақ қасиеттері қандай, айырмашылықтары қандай? 
 
- Өздеріне таныс құстарды атаңдар 
- Қыстап қалатын құстарды көк түспен, жыл құстарын қызыл түспен қоршап сызыңдар. 
- Қыстап қалатын құстар суыққа төзімді болады. Қарны ашып, жаураған құстар адамдарға жақын келіп көмек сұрайды. 
- «Орман дәрігері» деп атайды? 
- Тоқылдақтың суретін бояу. 
ІІІ. Құстардың дауысын тыңдайықшы. 
Балалар, құстар туралы не білеміз? 
1.Елімізде 500-ге жуық құстың түрі бар.Олар табиғатты зиянкестерден қорғайды.Сондықтан олар табиғат емшілері. 
2. Олар тіршілік иелері.Олар ұрпақ өрбітеді. Балапандарын қанаттандырып, жауларынан қорғайды. Құстар табиғатқа сән береді.Олардың әуені табиғатты құлпыртып, адамдардың көңіл-күйін көтереді. 
ІҮ.Сергіту сәті. «Балапандар» 
Ү. Топтастыру. 
«Құстарға» тән ерекшеліктерді топтастыру. 

Балалардың жауабы








Зейін қойып тыңдайды.






Үкі





Тоқылдақ




сауысқан




Қарға



Көкек



Тұмсығы, қанаты,екі аяғы, құйрығы, мойны,құлағы бар. Жұмырқалайды,дәнмен, жәндіктермен, 
зиянкес құртармен қоректенеді. 


Балалардың жауабы


Балалар сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындайды.





Тыңдайды.






Сергіту іс-қимылын жасайды.


Топтастырады.

Рефлексиялық-түзетушілік

ҮІ. Зымыран сұрақтар 
1. Құстар қайда ұя салады? 
2. Хат тасушы құс 
3.Қай құста мүлде ұя болмайды 
4. Аң аулайтын құс 
5.Өз атын өзі шақыратын құс?. 
6. Құста не болмайды? 
7.Орман емшісі 
8.Ән салатын құс 
9.Құйрығы айыр құс 
10.Құйрығы ұзын құс 
11. Баласын аппағым дейтін құс 
Дидактикалық ойын: «Қайсысы артық? Неге?» 
Қорытындылау.

Балаларды мадақтау.


-терекке

-көгершін

-көкек

-бүркіт

-көкек

-сүт

-тоқылдақ

-бұлбұл

-қарлығаш

-қарға


Қызығушылықпен қатысады.


Жақсы көңілде болады.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: Құстарды ажырата біледі. 

Игереді: Құстардың ортақ қасиеттерін мен айырмашылықтарын игереді. 

Меңгереді: Суретпен жұмыс жасауды,сұраққа жауап беруді меңгереді. 













Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Жаратылыстану

ҰОҚ тақырыбы: Құстар ауласында.

Мақсаты: Үй құстары туралы түсініктерін нақтылау. Балаларды себеп-салдарлық сипаттағы сұрақтарды қоюға ынталандыру. Үй құстарына күтім жасау туралы түсініктерін кеңейту. Құстарға қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: қызығушылығын ояту, сұрақ-жауап,жаңылтпаштар айту топқа бөлу,мадақтау.

Сөздік жұмыс: шөже,үй құстары,


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық


Шаттық шеңбері 
Психологиялық тренинг « Өзіммен өзім» 
Сендер отбасыларыңмен тау бөктеріне демалуға бардыңдар. Бәрің сондай қуаныштысыңдар, отбасы мүшелерінің барлығы мәз – мейрам. Әдемі түрлі – түсті гүлдер, көбелектер қалықтап жүр. Құстар әсем ән салуда. Сендер өз ата- аналарыңмен қуанып ойнап, шаттанып жүрсіңдер. Қуанышты көңілмен көзімізді ашып, қандай сезімде болғанымызды айталық. 
Сұрақтар: 
-Балалар көзімізді жұмған сәтте, көз алдымызға не елестеді? 
-Біз тау бөктеріне, табиғат аясына кіммен бардық? 
-Сендер қандай сезімде болдыңдар? 
-Балалар көзімізді жұмған сәтте ненің даусын естідік? 
-Құстар туралы не білеміз?  
*топқа бөлу/фишкалар арқылы/
 1-топ/ қызыл/ «Тауық»

2-топ/көк/ «шөже»




Балалар көздерін жұмып, айтылған сөздерді тыңдай отырып, көз алдарына елестетеді. 






Өз ойларын ортаға салады. 
Табиғат,таулар,әдемі гүлдер, көбелектер, 
папа,мамамызбен біргеміз. 
Көңілді, жақсы сезімде болдық 
Құстардың даусын естідік 

Балалар жауабы


Түстер арқылы топқа бөлінеді

 

Ұйымдастыру-шылық ізденістік

Құстар және олардың пайдасы туралы әңгімелеу. Құстар- жан-жануарлардың ең көп және маңызды тобы. Олар мекен ету орнына қарай үй және дала құстары болып бөлінеді. Үй құстарына: әтеш, тауық, қаз, үйрек, күркетауық жатады. Тауық баласы: шөже, қаз баласы: ақүрпек, үйрек баласы: шүрегей және күркетауық балапаны.  Үй құстары адам көмегімен өсіріледі. Адамдар азығын, суын, қорасын дайындайды. Ал, дала құстары азығын өздері тауып тіршілік етеді. 
Олардың еті, сорпасы, жұмыртқасының адам ағзасына өте пайдалы. Мамық жүнінен жастық, көрпеше, күртешелер тігіледі. Адамдар үй құстарына жем, су беріп, қора  дайындап, қамқорлық жасайды.
*Кір жаю әдісі
арқылы дала құстары мен үй құстарын суреттер бойынша ажырату. 

*«Кім жылдам?» құстардың суретін құрастыру.

Сергіту сәті.
Тауық тары жинапты,
Оны ешкімге қимапты.
Бөтекесін толтырып,
Қамбасына құймапты.
Қыста тауық қақылдап,
Тары іздеп жүр тақылдап. 

* Жаңылтпаш айту. Қай топ тез жаттайды?
1.Үйір-үйір үйректі, үйірге кім үйретті, 
Үйір-үйір үйректі, үйірге өзім үйреттім.
2. Әтеш әнге басады, әтеш ұйқы ашады.

* «Сенің ойың» топтар сурет бойынша бір- біріне сұрақ қояды








Зейін қойып тыңдайды.






Дала құстарын үй құстарынан ажыратады.


Суретті құрастырады


Тары теру қимылын жасайды
Қолдарын айқастыру
Бүйірлерін ұстау
Басын шайқау
Тауық сияқты дыбыс шығару
Тауыққа ұқсап жүру.




Балалар жатқа айтады



Балалар сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындайды.


Рефлексиялық-түзетушілік

Р.Өтегеновтың “Құстар” өлеңі
Қоныңдар, құстар қоныңдар,
Бәріңе төрден орын бар,
Қанатты барлық достарға,
Балалар қамқор болыңдар!

Оқу іс- әрекеті барысында балалардың жинаған жұмыртқа пішіндер санымен топтардың белсенді әрекеттерін мадақтау.

Шеңберге жиналып Р.Өтегеновтың “Құстар” өлеңін хормен айтады.






Жақсы көңілде болады.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: Үй құстарын ажырата біледі. 

Игереді: Құстардың ортақ қасиеттерін мен айырмашылықтарын игереді. 

Меңгереді: Суретпен жұмыс жасауды,сұраққа жауап беруді,топпен бірлесе жұмыс жасауды меңгереді. 


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
3527
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі