Материалдар / "Жылдам оқу" вариатив
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Жылдам оқу" вариатив

Материал туралы қысқаша түсінік
2-сыныптағы жүргізілетін «Жылдам оқу» бағдарламасының ерекшелігі балалардың коммуникативтік немесе тілдік дағдылардың алғашқы нышандарын қалыптастыра отырып, сөздік қорын байытуды, байланыстыра және грамматикалық тұрғыдан жүйелі сөйлеуге үйретуді, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Жылдам оқытудың практикалық әдіс-тәсілдерін тиімді пайдаланып, көркем шығармалар түрін мәнеріне келтіре оқиды. Сондай-ақ, ұлттық тәрбие, рухани-мәдени құндылықтар, ана тілі және қазақ халқының салт-дәстүрі негізінде сусындаған жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл бағдарлама адамның ішкі рухани жан дүниесінің байлығын ашуға, адамгершілікке тәрбиелеуге, тілі мен қиялын дамытуға мүмкіндік береді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қазан 2021
1256
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады















2-ші сынып оқушыларына арналған

Жылдам оқу“ таңдаулы курс сабағының жоспары













Бастауыш сынып мұғалімі:

Ахмедова Арай Адильгазиновна















«Семияр орта мектебі» КММ

2021-2022 оқу жылы

Түсінік хат ............................................................................. 2-бет

Өзектілігі. Мақсаты, міндеттері, күтілетін нәтиже ........... 3-бет

Таңдау курсының тақырыптары..........................................4-бет

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ............................................. 6-бет



Түсінік хат


2021-2022 оқу жылындағы 2-ші сынып оқушыларына арналған “Жылдам оқу“ таңдаулы курс сабағының жоспары ұсынылып отыр.

Бұл курс, биылғы оқу жылында 2018 жылдың 10 мамырындағы №199 бұйрығымен оқу бағдарламаларына енгізілген өзгерістер мен облыстық "Оқу шаттығы" әлеуметтік-педагогикалық жобаны басшылыққа ала отырып, білім мазмұнының жаңаруына сай, оқудың төрт дағдылары арқылы функционалды сауатты тұлғаны қалыптастыратын игі мақсаттардан туындап отыр.

Функционалды сауатты адамды қалыптастыру - қазіргі мектептің маңызды міндеттерінің бipi. Функционалды сауаттылықтың негізі бастауыш сыныптарда қаланады.

2-сыныптағы жүргізілетін «Жылдам оқу» бағдарламасының ерекшелігі балалардың коммуникативтік немесе тілдік дағдылардың алғашқы нышандарын қалыптастыра отырып, сөздік қорын байытуды, байланыстыра және грамматикалық тұрғыдан жүйелі сөйлеуге үйретуді, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Жылдам оқытудың практикалық әдіс-тәсілдерін тиімді пайдаланып, көркем шығармалар түрін мәнеріне келтіре оқиды. Сондай-ақ, ұлттық тәрбие, рухани-мәдени құндылықтар, ана тілі және қазақ халқының салт-дәстүрі негізінде сусындаған жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл бағдарлама адамның ішкі рухани жан дүниесінің байлығын ашуға, адамгершілікке тәрбиелеуге, тілі мен қиялын дамытуға мүмкіндік береді.

Әр сабақ сайын бір ертегіден оқып, негізгі сөздерді табады. Сабақ сайын мәтін уақытқа оқылып, талданып отырылады және оқу техникасының динамикасы жасалады.


«Жылдам оқу» курсының мақсаты - бастауыш сынып оқушыларының оқу шапшаңдық дағдыларын калыптастыра отырып, байланыстырып сөйлеуге үйрету, оқырмандық қызығушылығын мен сауаттылығын дамытып, оқырмандық мәдениетке баулу. Аталған мақсатқа төмендегідей міндеттерді шешу арқылы қол жеткізіледі.

Міндеттері:

1.Бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын қалыптастыру және олардың оқырман қызығушылығын арттыру үшін оқыту тәсілінің тиімді әдістерін таңдап алу.

2.Бастауыш сынып оқушыларының түйінді құзіреттіліктерін дамыту, оқырмандық қызығушылығын ояту.

3. «Оқырман клубы» арқылы отбасылық оқуға ықпал жасау, ата- аналарға кітап оқу- келешек ұрпақтың рухани азығы екендігін жеткізу.

4.Оқырмандық және функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың тиімді механизімдерін таңдау арқылы бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын жетілдіру. 2

5. Балалар әдебиетінің, озық үлгідегі шығармаларын жүйелі оқыту, оқушының әдеби сауатын ашу, рухани дүниесін байыту, көркемдік-эстетикалык, талғамын арттыру, ізгілікті- елжанды дара тұлға тәрбиелеу.

6. Оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру;

7.Ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеу тілін дамыту, шығармашылық қабілетін дамыту, көркем шығармаларды оқуға сүйіспеншілігін арттыру;

Өзектілігі:


 Қазіргі кезде мектеп оқушыларының оқу қызығушылығының төмендеп кету себептері;

Оқу дағдысының қалыптаспауы, жалпы білім жетістіктеріне әсер етуі.

1.Бұқаралық ақпарат құралдары ықпалының артуы;

2.Қоғамдық өмірдің күрт өзгеруі;

3.Ересектердің балалармен біріге оқу әрекет ұстанымының өзгеруі;


Проблемалар:

Оқу шапшаңдығын тежейтін қиындықтар мен кедергілер

Оқу шапшаңдығын тежейтін себептер өте көп, олардың ішінен негізгі 7 кедергіні атап өту орынды.

1. 1с-әрекеттің табиғи қарқыны.

2. Регресс.

3. Антиципация.

4. Артикуляция.

5. Көрудің аз кеңістігі.

6. Зейіннің деңгейі.

7. Жады. Аталған себептердің әрқайсысы оқу қарқынына әсер етеді.


Күтілетін нәтиже:

* Бастауыш буын оқушыларының оқырман сауаттылығын және кітап оқу

қызығушылығының деңгейін көтеру. 

* Оқырман белсенділігін арттыру. 

* Бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығы, дағдысы қалыптасады;

* Оқушының өз бетінше оқу ынтасын дамыту. 

* Оқушылардың оқу мәдени деңгейі мен дүниетанымын қалыптасады. 

*Оқу шапшаңдығы жақсы көрсеткіштерге ие болады.

Өнімі:

Жылдам оқудың әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, зерттеу объектісін педагогикалық ізденістермен зерттелген жұмыстарды баспаға ұсыну.





Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

«Жылдам оқу» 2-сынып 34 сағат. (аптасына 1сағат )




Тақырыптар

Сағат саны

Мерзімі

1 тоқсан

1

Ырыс алды-ынтымақ

1


2

Патшаның қызы неге бақытсыз?

1


3

Қасқыр мен кісі

1


4

Еңбек етсең ерінбей...

1


5

Түбір мен қосымша

1


6

Ақылды егінші

1


7

Бір үзім нан

1


8

Соқыр күйші

1


9

Жалқау қоян

1


2 тоқсан

10

Еріншек

1


11

Мұрагер

1


12

Алтын санаған аштан өледі

1


13

Лақтың мүйізі

1


14

Қарттың ұлына өсиеті

1


15

"Өлген қазан"

1


16

Жылтырыған оттың жылуы

1


3 тоқсан

17

Екі шапалақ

1


18

Мысықтың бағасы

1


19

Қу бала

1


20

Торғай мен адам

1


21

«Ырыс» жайлы аныз

1


22

Есіктің қодығы

1


23

Мысық неліктен тышқанды жейді?

1


24

Түлкі, тасбақа және кене

1


25

Мәтінді 3 рет уақытқа оқу, негізгі сөздерді жазу және сөйлемдер құрастыру

1


26

Әр түрлі жұпты белгілеу. Екі қолмен түрлі смайликтер салу. Сөздерге рифма тауып жазу

1


4 тоқсан

27

Мәтінді 3 рет уақытқа оқу, негізгі сөздерді жазу және сөйлемдер құрастыру

1


28

Әр түрлі жұпты белгілеу. Екі қолмен бояу.Сөздергеантоним тауып жазу

1


29

«Үй жиhаздары» тақырыбынасөздер тауып жазу. Тізбекті жалғастыру

1


30

Фигуралар санын жазу. Екі қолмен бояу. Сөздерге синоним тауып жазу

1


31

Мәтінді 3 рет уақытқа оқу, негізгі сөздерді жазу және сөйлемдер құрастыру

1


32

10 айырмашылық тап. Екі қолмен салу. Әріптерге сөздер жазу.

1


33

Мәтінді 3 рет уақытқа оқу, негізгі сөздерді жазу және сөйлемдер құрастыру

1


34

Есептерді шығару.Бірдей қылып салу.Сөздерге рифма тауып жазу

1






Пайдаланған әдебиеттер



  1. Жалпы білім беретін 2-сынып білім алушыларына арналған «Әдебиеттік оқу мен хрестоматиясы» Алматы "Атамұра"-2017

  2. 770 ₸ - Сатып алу

    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!