Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жылдамдық және орташа жылдамдықты есептеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы

« Механикалық қозғалыс»


Мектеп: Шымкент қаласы С.Көбеев атындағы №56 жалпы орта білім беретін мектебі


Күні:


Мұғалімнің аты-жөні: Утелбаева Айнур Калдыбековна

Сабақ

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сынып: 7

Сабақ тақырыбы:

Жылдамдық және орташа жылдамдықты есептеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

7.2.1.4 Қозғалыстағы дененің жылдамдығы мен орташа жылдамдығын есептеу

Сабақ мақсаттары

Барлығы: Қозғалыстың түрлерін ажырата білу

Кейбірі: Қозғалыстағы дененің жылдамдығын анықтайтын формуланы қорытып шығару

Жеке: Қозғалыстың түрлеріне қарай орташа жылдамдықтарды табуды есеп шығаруда қолдану

Бағалау критерийлері:

  1. Қозғалыстың түрлерін ажырата біледі.

  2. Жылдамдыққа сипаттама бере алады.

  3. Қозғалысқа мысалдар келтіре алады.

  4. Жылдамдықтың және орташа жылдамдықтың формуласын,өлшем бірліктерін есеп шығаруда қолдана алады.

Тілдік мақсаттар:

Терминдер:Қозғалыс,жылдамдық,уақыт,жол.

Терминология:

Сөздік

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Қозғалыс

Движения

Of movement

Жылдамдық

Скорость

Speed

Уақыт

Время

Time

Жол

путь

way

Диалог үшін пайдалы дәйекті сөздер:

Әртүрлі қозғалыстар арасындағы айырмашылықты сипаттау .........

Оқиғаның ұзақтығы және тізбектілігін сипаттайтын физиканың негізгі түсінігі.......

Қандай да бір уақыт аралығында дене жүріп өткен траекторияның ұзындығы осы уақыт ішінде жүрілгені......

Құндылықтарды баулу:

Жалпыға бірдей еңбек қоғамына дағдыландыру

Пәнаралық байланыстар:

Математика (арифметикалық ортаны табу)

Информатика (Power Point программасымен жұмыс)

Алдынғы білім

Түзусызықты бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстарды білді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы





Сабақтың басы

І. Ұйымдастыру: Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырып,шаттық шеңберін құрып,бір-біріне ыстық лебіздерін айтқызамын. Топ ережесін еске түсіру

ІІ. Үй жұмысын сұрау :

«Кезбе микрофон»-әдісі

Критерий:Бірқалыпты қозғалыстың және бірқалыпты емес қозғалыстың анықтамасын білу

Бірқалыпты қозғалыстың және бірқалыпты емес қозғалысқа мысал келтіру

Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстарға тәжірибе жасай білу

Тапсырма:

1.Бірқалыпты қозғалысқа анықтама беріңдер

2.Бірқалыпты емес қозғалысқа анықтама беріңдер

3.Бірқалыпты қозғалысқа қандай мысал келтіре аласыңдар

4.Бірқалыпты қозғалысқа ше?

5.Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстарға қандай тәжірибе жасап бақылауға болады?

Дескриптор:

Бірқалыпты қозғалыстың және бірқалыпты емес қозғалыстың анықтамасын білді

Бірқалыпты қозғалыстың және бірқалыпты емес қозғалысқа мысал келтірді

Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстарға тәжірибе жасай білді






Микрофон

Сабақтың ортасы

Сабақтың ортасы

  1. Қозғалыстың түрлерін ажырата біледі.

  2. Жылдамдыққа сипаттама бере алады.

  3. Қозғалысқа мысалдар келтіре алады.

4.Жылдамдықтың және орташа жылдамдықтың формуласын,өлшем бірліктерін есеп шығаруда қолдана алады.

Жаңа сабақ

1.Суреттер арқылы мәлімет беру. (Дағдылар:ойлану,айту,көру,ақпаратты бөлісу,есте сақтау)




2.“Жазу,есте сақтау”- әдісі (тұжырымдамалық органайзер) (Дағдылар:ойлану,айту,көру,ақпаратты бөлісу,есте сақтау)



3.Өмірмен байланыстыра отырып мысалдар келтіру


4.Есептер шығару. (Дағдылар:ойлану,жазу,көру,ақпаратты бөлісу,есте сақтау)

1.Дене бірқалыпты қозғала отырып,20 минутта 6км жол жүрді.Дененің жылдамдығын табыңдар.

2.Автомобилдің жылдамдығы 72км/сағ.10минутта ол қанша жол жүрді.

3.Ұшақ 750км/сағ жылдамдықпен ұшып барады.5 сағат ішінде ол қандай аралықта өтеді?

4.Күннен Жерге дейінгі қашықтық шамамен 150млн км. Жарық жылдамдығы 300000км/с.Жарық Күннен Жерге қанша уақытта жетеді?

Дескриптор:

  1. Қозғалыстың түрлерін ажырата білді.

  2. Жылдамдыққа сипаттама бере алды.

  3. Қозғалысқа мысалдар келтіре алды.

4.Жылдамдықтың және орташа жылдамдықтың формуласын,өлшем бірліктерін есеп шығаруда қолдана алды.



Суреттер


https://go.mail.ru/search_images?q=speed&rf=11956636&fm=1&gp=821272












АКТ,слайд


















АКТ







АКТ



Электронды оқулық



Оқулық 7 сынып.Физика және астрономия.Алматы «Атамұра» 2012.

Сабақтың соңы


Бір сөйлемдік қорытынды”- әдісі оқушы өзінің ойын бір сөйлеммен қорытындылайды.

Үйге тапсырма: Жылдамдық және орташа жылдамдықты есептеу тақырыбын оқу. №113 есеп. №116 есеп. №123 есептер №1 қосымша

Бағалау:“БББ”әдісі арқылы

БББ кестесі (Білемін, Білгім келеді, Білдім)

Б (Мен не білемін?)

Б (Менің не білгім келеді?)

Б (Мен не білдім?)







В.И.Лукашик Физика сұрақтары мен есептерінің жинағы.Алматы «Рауан»2001

Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Қабілеті жоғары оқушыларға күрделілігі жоғары есептер шығарады

Әрбір этап сайын кері байланыс беріледі

Физика кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік / қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



1 қосымша

113 есеп. Трамвай 36 км/сағ жылдамдықпен қозғалып барады.Осы жылдамдықты 1 секундтағы метрмен (м/c) өрнектеңдер.

116 есеп.Қоянның жылдамдығы 15м/с,ал дельфиннің жылдамдығы 72км/сағ.Олардың қайсысы үлкен жылдамдыққа ие болады?

123 есеп.Ағысының жылдамдығы 0,5м/с өзенмен жүзіп келе жатқан сал 15 км қашықтықты қанша уақытта жүріп өтеді?





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2019
905
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12