МКҚК №100 «Тоғжан» бөбекжай-бақшасы
Бекітемін
№100 «Тоғжан» бөбекжай-
бақша меңгерушісі
____________У.Б. Орынбаева
№ 6 «Қиялшылдар» ересек тобының
2023- 2024 оқу жылының жылдық есебі
Тәрбиешілері: Турабаева Э.А.
Игенбаева У.М.
Шымкент 2023-2024 оқу жылы
№6 «Қиялшылдар» ересек тобының 2023-2024 оқу жылының жылдық есебі.
Балалар саны: 26 бала, 14 ұл,12қыз.
Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке баулудың міндеті- сәби шақтан бастап еңбекке қажеттілікті алғышарттарды қалыптастыру. Бұл міндеттер отбасындағы еңбек тәрбиесін жақсартудан бастау алып, ондағы ата-аналардың педогогикалық білімдерін жетілдіруде ең ұйытқы болатыны – балабақша. Бұл тұста ата-аналарға баланы еңбекке баулу бойынша бағыт беріп, ынтымақтастықта әрекет ету тәрбиешілердің үлесіне тиіп отыр. Бала тәрбиесінің алтын бесігі-отбасы. Бұл шағын әлеуметтік тап – бала үшін өмір мектебі.
Жан жақты жетілген бойында ұлттық сана қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру әр отбасының,балабақшаның,барша халықтың міндеті. Біздің мақсатымыз балаларды адалдыққа,әдептілікке, мейірімділікке, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болуға, жаманнан жиреніп жақсыны үйренуге, осы қасиеттерді бойына сіңіруге қалыптастыру барысында тәрбиелік іс-шаралар мен оқу қызметтері өтілді.
Тамыз айында 26 бала «Қиялшылдар» ересек тобына қабылданды.
Оларға балабақшадағы күнделікті қайталанатын гигиеналық шараларға бейімдеуден бастадық. Балалар өздері тамақтануды, беті қолын жууды, үлкендердің көмегінсіз киініп және шешінуді үйренуді бастады. Балалар жылдың соңына өз жас ерекшелігіне сай барлық гигиеналық шараларға толық бейімделді.
Жыл бойына балалармен бірге түрлі сайыстар,байқаулар,ертеңгіліктер,мереке күндерін ата аналармен бірге өткізу,эстафеталар жүргізілді.Ол шаралар балалардың өсіп дамуына тек жақсы әсерін қалдырады. Әр баланың қабілеті жайлы тәрбиешілердің есеп беруі» Мониторингке сүйене отырып балалардың даму картасы бойынша жеткен жетістіктерін атап өту. Бала балабақшадағы білім беру салалары бойынша жасалған ұйымдастыру іс - әрекетіндегі жасаған жұмыстарын жеке де көрген, білгендерін, үйренгендерін ата – аналарына көрсетуге, айтуға, жеткізуге асығады. Жыл бойы жасалған жұмыстар. Туралы әңгіме. Балалардың дамуын диаграмма арқылы көрсету. Өткен жылмен салыстыру. Оған бос уақытты тиімді өткізу,қайырымдылық күндер,ата-аналармен бірге сенбіліктер және шағын жиналыстар өткізілді. Бос уақытты тиімді өткізуге: мейрамдар, ертеңгіліктер, туған күнді атап өту, топтан бөлек экскурсиялар мен серуендер,отбасылық суреттер көрмесін кіргізу болып табылады және республикалық,қалалық конкурстарға қатысып дипломдармен марапатталды. Жеке тоқтала кететін болсақ.
Бекітіліп берілген жоспарға сәйкес «Берекелі Алтын күз» тақырыбында ата-аналарға мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Желтоқсан айында «Тәуелсіздік тұғыры» тақырыбында топта оқу іс-әрекеті ұйымдастырылды.

Қазан айында тәрбиеші Игенбаева У.М. «Ғажайып су асты әлемі» тақырыбында ұйымдастырылған іс әрекет өткізді

Ақпан айында тәрбиеші Турабаева Э.А. «Нан- дастархан байлығы» тақырыбында ұйымдастырылған іс әрекет өткізді

«Жаңа жылдық ертегі » атты ата- аналар қатысуымен жаңа жылдық мереке ұйымдастырылды.

Наурыз айында 8- наурыз аналар мерекесіне орай «Аяулы анашым» атты ертеңгілік ұйымдастырылды.

Қыркүйек айында топтық жиналыс өтті. Ата-аналар комитеті сайланып,балабақшаның жылдық міндеттерімен, жаңа бағдарламамен таныстырылды. «Баланың балабақшаға бейімделуі» тақырыбында пікір алмасты.
Ата-аналар тәрбиешілер жұмысына өз ризашылықтарын білдірді.
Жүйелі жұмыс істеуде балалар ұйымшылдыққа үйреніп,оқу қызметінің дағдыларын меңгеріп,бағдарламаларды игерді.Балалардың жалпы даму көрсеткіші қыркүйек айымен салыстырғанда жарты жылдық нәтижесінің көрсеткіші өзгерген.Түстерді түгел ажыратады, салыстыра алады. Жыл мезгілдері туралы айта алады. Қоршаған орта туралы берілген ақпаратты қабылдап,тәрбиешінің тәрбиешінің қимылын орындай алады. Геометриялық пішіндерді атай алады. Өлең жолдарын тәрбиешімен бірге мәнерлеп жаттай алады. Көмекті қажет ететін балаларға жекелей келу тәрбиеші тарапынан көрсетіледі.
Балалардың сөздік қорлары жақсы. Өз жастарына сай. Өз ойларын жеткізе алады. Сұрақтарға талап бойынша жауап бере алады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жылдық есеп ересек топ

шағым қалдыра аласыз