Мазмұны:
І. Кіріспе.........................................................................................................................3
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 «Түйе сүтінен жасалатын дәмдер».........................................................................4
2.2 Жылмаға қосылатын шөптердің қасиеті...............................................................5
2.3 Жылманы қазіргі заман адамдарына сай жаңғырту...........................................15
ІІІ. Зерттеу бөлімі
Сауалнама жүргізу (күнделік)....................................................................................16
ІҮ. Қорытынды..........................................................................................................17
Ү. Пайдаланған әдебиеттер......................................................................................18
Аннотация
Тақырыбы: : «Жылманың емдік қасеиті»
Зерттеу мақсаты: Жылманың емдік қасиетін таныстырып, қалай жасалу жолдарын айтып, оны күнделікті тұрмыста ересектердің көмегімен қолдана білу жолдарын зерттеу.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Адам баласының тіршілігі сүт өнімдерімен тығыз байланысты. Жылманың емдік қасиеті адам баласына бұрыннан белгілі, оны пайдалану жолдарын зерттеу аса өзекті тақырып болып табылады.
Зерттеудің негізгі кезеңдері: Ғылыми жұмыстың тақырыбы таңдалып, қажетті материалдар мен зерттеулер ізделіп, олар жүйеленді. Баспасөз материалдары және ғылыми еңбектер мен көркем әдебиет материалдары жинақталып, шолу жасалды. Жергілікті өлкетану мұражайына саяхат жасалып, мал ауылдарға барып бақташылармен сұхбаттастық. Жылманы дайындау туралы баяндама, және буклеттер дайындалды.
Жұмыстың нәтижелері мен
қорытындылары: Жылма адам ағзасына қажетті дәруменнің қайнар
көзі. Дүниежүзіндегі барлық дәрілердің өсімдіктерден алынатыны
анықталды. Қазақстан жерінде де көптеп өсетін гүлдер мен
өсімдіктердің тамырларын қосу арқылы жылма дайындау. Дәрілік
өсімдіктерде пайдалы заттар өте көп. Олардың емдік қасиеттері бар,
витаминдер мен минералды заттар да бар. Көп тәжірибенің нәтижесінде
өсімдік қасиеті кейбір өсімдіктің жапырағында, ал кейбіреулердің
тамырында немесе тұқымдарында болатыны анықталды. Қорытындылардың
практикалық тұрғыдан пайдаланылуы: Зерттелген жұмысты биология
сабақтарында, факультативтерде, үйірмелерде, тәрбие сағаттарында
қосымша материал ретінде
қолданылды.
І. Кіріспе
Біздер егеменді қазақ елінің жас жеткеншектеріміз. Мұны біз мақтаныш етеміз.
Біздер жас жеткеншектер, еліміздің ертеңгі болашағымыз. Сол себепті тарихи терең, дәстүрі мығым елімнің ұрпағы да рухани жетілген, бауырмал, бірлігі жарасқан, салауатты, еңбекқор болғанын қалаймыз. Бүгінгі замандастарымызға дәстүріміздің қалыптасу жолында халықтың бірлігі мен татулығына, рухани дамуына пайдасын көрсете отырып жасаған ізденістерімізге назар аударуды ұсынамыз.
«Денсаулық — табиғаттың ең қымбат сыйы» деп, жалпы атаумен аталынған тақырыбымызда «Жылманың емдік қасиеті» туралы айтылады. Жобамыздың мақсаты: «Жылманың емдік қасиетін» айту арқылы халқымызға сонау ертеден келе жатқан түйе сүтінің пайдасы мол екендігін түсіндіру, насихаттау және жастарға үлгі ету.
Жылманың өкпе ауруларына соның ішінде туберкулез, көк жөтел ауруына таптырмайтын ем болып саналатынын бірі білсе, бірі біле бермейді. Біз түйе сүтінен балқаймақ, құрт, шұбат жасалатынын білеміз. Жылма да осы қасиеті түйе малының сүтінен дайындалатын емдік тосап. Жылманың емдік дәрілік тосабы май жылма және су жылма болып екі түрге бөлінеді. Пайдасы жағынан май жылманың құнары мол. Оны жасаудың да жолдары бар. Жылма жасау үшін керекті заттар: 3 л түйенің балғын сүті, 1 кг қойдың құйрық майы қажет. Сонымен қоса ол жылмаға андыз, сарбұға, талшын, мускат, қалампыр, мия, алтын тамыр сияқты 7 түрлі шөп қосылады.
Қазақ халқы 7 санын киелі деп санайды, міне жылманың ерекшелігі осы, 7 түрлі дәрілік шөтпер мен тамырларынын қосып қайнатуында.
Бірінші 3 литр түйе сүтін қайнатып бастаймыз, сүт 4 сағат қоюланғанша қайнайды, оған дейін 1 кг құйрық майды уақтап турап алып, банкаға салып, кастрюлге су құйып жәй отта май ерігенше қайнатамыз. Май толық еріген соң, 4 сағат қайнаған сүтке, қоюланған майды құйып араластырып қайнатамыз. Қоспамыз дайын болуына 1 сағат қалғанда шөптерімізді кофемаркадан уақтап өткізіп алып, дайындап жатқан жылмамызға қосамыз. Осылайша біздің дәрілік қоспамыз дайын болады. Бір ескеретін жәйт түйе сүтін тек күз мезгілінде алып жылмаға пайдаланамыз. Себебі, малдың жейтін шөптері күзде дәндері толық пісіп құнарланады. Сол себепті күздегі сүттің де құнары молаяды. Сондықтан тайлақты түйенің сүтінен жасалатын себебі осы. Бұл дәрілік қоспаға қосылатын әрбір шөптің құрамында 1000 ауруға ем қасиеттері де бар. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жолда іздеп, денсаулыгымызды күтейік жас жеткеншектер.
Дәрілік қоспаны танертен аш қарынға 1 шәй қасық, түскі мезгілде тамаққа дейін 1 шәй қасық, кешкі тағамнан бұрын 1 шәй қасық ішеміз. Дәрілік қоспаның құнарлы болуына орай оны көп мөлшерде тұтынуға болмайды.
ІІ. Негізгі бөлім:
2.1 «Түйе сүтінен жасалатын дәмдер»
Түйеден алынатын өнімдер –
сүт, шұбат, балқаймақ құрт, ірімшік, түйе жүні, терісі және ет, тек
қана өзінің жоғары калориялығымен емес, өзгеше биологиялық
қасиеттерімен әрі адам денсаулығына пайдалылығымен ерекшеленеді.
Тұқымы мен будандарына байланысты бір литр түйе сүтінің құрамында
сүт қанты, белок, кальций, фосфор және әртүрлі витаминдер, басқа да
организмге қажетті және жеткілікті мөлшерде минералдық заттар
бар. Сонымен қатар шұбатта адамның зат алмасу
жағдайларын реттеп отыратын күшті қасиет пен шұбат ашығанда пайда
болатын витаминдер бар. Түйе сүтінің орташа адам организміне
сіңімділігі-
98,6%. Түйе сүтінен жасалатын әртүрлі
тағамдардың (балқаймақ, май, құрт, қаймақ) сапасы өте жоғары.
Түйе сүтінің майлылығы 7%, онда 4-5% белок және қант бар. Қос
өркешті інгеннен гөрі нарлар сүтті келеді. Нарлардың
сүттісі тәулігіне 25-30, өркешті інгендер 10-15 литрден сүт береді.
Малдың сүтінен дайындалатын құрғатылған, кептірілген, кальцийдің
көзі болып табылатын, ұзақ уақыт сақтауға арналған ұлттық тағам-
құрт. Құрт құрамында ақуыз 52,6%. 100 гр сүзбе
227-
ге дейін қуат берсе, құрттан 370,1 қуат алуға
болады. Соның арқасында құнарлы, тоқ тағам болып есептеледі. Жасалу
тәсілдеріне қарай құрттың сықпа құрт, аққұрт, қара құрт, майлы құрт
деген түрлері бар. Қазақ ырымы бойынша кеппеген құртты жеуге, алуға
болмайды. Егер кеуіп үлгермеген құртты алып жесе, жауын жауады
деген ырым бар. Құртты қой, ешкі, сиыр, тіпті түйе сүтінен құрт
жасайды. Соның ішіндегі түйенің ашыған сүтінен жасалатын құрт
Маңғыстау өңірінде жақсы дамыған. Жалпы айтып өткендей
құрт – пісіліп майы алынған айранды қайнатып арнайы дорбада сүзіп
алып тұздап, кептіріп сақтайтын тағам түрі.
Ал түйе сүтінен жасалатын құрт ол түйе шұбатынан
жасалынады. Шұбат - (құрамында Lactobacillus casei және
Streptococcus termophilis) дегеніміз түйенің сүтінен даярланатын,
шипалық қасиеті бар, өте дәмді жоғары каллориялы сусын. Түйе
сүтінің құрамында кальций мен фосфор микроэлементтер кездеседі.
Шұбатта А, В, С дәрумендері, мыс, мырыш, күміс, темір, кремний,
магний, кальций, алюминий микро элементтері бар. Ал шұбат сусынында белок 3,2
грамм, май 3,2-4,5 грамм, көмірсулар 3,3 грамм,
жалпы алғанда қуаттылығы 60 ккал болады.
Ашыған түйенің сүтін, яғни шұбатты сабада жиналып пісілген іркітті
майы
алынғаннан кейін түбіне май жаққан үлкен қазанға құйып қайнатады.
Құрт қайнап жатқан кезде оның түбі күйіп кетпес үшін арнаулы құрт
қайнатқышпен әлсін-әлсін қазанның түбін, ернеуін қырып, араластырып отырады. Әбден
қойылған құртты кенеп қапқа құйып керегеге асып қояды. Сонда оның
қалған суы тағы да ағып, құрғайды. Бұдан кейін қолмен
бөлшектеп,тақшаға қолмен сығып немесе алақанда айналдырып сопақ
пішінге келтіріп, кептіреді. Көгермей, қызбай
бір тегіс кебу үшін оны
оны бірнеше рет аударып
отырады. Дайындаған құрт дәмі қышқыл, түсі қоңыр болып келеді. Ал,
егер тәтті болсын десек
шұбатты сүзіп аламыз. Суы кепкенше қазанға шекермен араластырып,
қоюланғанша қайнатамыз. Мұны да сопақ пішінге келтіріп, жақсылап
кептіреміз.Дайындалған құртымыз түсі ақ болып, дәмі тәтті дәмді
келеді...
Қазақ халқы төрт түліктен алынатын барлық өнімді кәдесіне жаратқан. Тұрмыс-тіршілікте малдың етін, сүтін азық етсе, терісі мен жүнінен мата жасап, киім-кешек тігуге пайдаланған. Жүннен бау-шу, арқан-жіп, киім-кешек, қазақ үйдің киізін, әртүрлі төсеніштер мен қап, шекпен сияқты ең қажетті мүліктер жасалған.
Түйенің сүтінен шұбат, құрт алады және оның жүні әр - түрлі ауруға ем мысалға жүні мен тұзды қосып қайнатып аяқтың ісіген жеріне таңып кояды. Түйенің сүтімен шұбаты адам денсаулығына пайдалы.
Шұбат – түйе сүтінен ашытылады. Бұл әрі сусын,
әрі тағам. Өйткені бие сүтіне қарағанда түйе сүті өте майлы келеді.
Оның емдік қасиеті де бар.
Ғалымдар түйе сүтінен лактоферрин затын алу әдісін
ойлап тапты. Дәргерлер оны қатерлі ісікке қарсы қосалқы ем ретінде
пайдалануға болатынын айтады.
Мамандардың айтуынша, лактоферриннің 1 грамын алу үшін 100 литр сиыр сүті қажет болса, түйе сүтінің 25 литрі жеткілікті екен. Бұл көлемі жағынан ана сүтімен пара-пар, дейді жаңалық жаршылары. Ресей онкологтарының бірер жыл
Бұрын ана сүтінен лактоферрин
алу
әдісі бойынша патент алғанын айтқан мамандар, өздері ашқан әдістің
одан әлдеқайда тиімді әрі арзан екенін алға тартады.
– 25 литр ана сүтін алудың өзі қаншалықты қиын екені
түсінікті. Ал
түйе сүтінен алу тиімдірек. Құрамы жағынан ана сүтіне ұқсас. Оның
үстіне арзан түседі. Биохимиялық сараптау уыздың құрамы 500 есе көп
екенін көрсетті. Сондай-ақ зарарсыздандыру кезінде сапасының сол
қалпында қалатыны анықталды, – дейді ғалымдар
мал шаруашылығы мен өсімдіктер ғылыми зерттеу
институтының технология және мал шаруашылығы бөлімінің ғылыми
қызметкері Мұсатілла Тоханов.
2.2 Жылмаға қосылатын шөптердің қасиеті
Андыз өсімдігінің бірнеше түрлері бар. Қазақстанның барлық аймақтарында кездеседі. Әсіресе көп таралғаны биік андыз және қара андыз. Осы андыз түрлері зерттеліп олардың адам ағзасына емдік қасиетінің бар екендігін ойлап табылып, дәрі дәрмектер жасауда Қазақстанның бірнеше қалаларында жасалып шығарылады.
Андыз өсімдігінің тамырын күз мезгілінде қазып алып 3-4 күн қақтап кептіріп алады. Оны құрғақ жерде сақтайды. Андызды барлық ауруларға ем десек те болады.
Жер бетінде шипалық қасиетке ие алуан түрлі өсімдіктер өседі. Осынау әрқилы географикалық аймақта қоныс тепкен емдік, шипалық қасиеттері алуан түрлі өсімдіктерді адам баласы ерте кезден-ақ өз қажетіне жаратып келеді. Тіпті осыдан 3 мың жыл бұрын кейбір шығыс елдерінде қазіргі қолданылып жүрген дәрілік өсімдіктердің бірсыпырасы белгілі болған.
Ертедегі грек дәрігері Гиппократ өсімдіктің қай бөлігі болса да пайдалы, оларды ауруды емдеу мақсатына кеңінен қолдануға болады деп есептеді.
Андыз(Іnula) – күрделі гүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстандағы шалғынды алқаптарда, өзен, көл жағасында, жазық және таулы жерлердегі ормандарда 12 түрі өседі. Олардың ішінде ең көп тарағандары – биік андыз (I. helenium) және үлкен андыз (I.grandis). Бұлардың биіктігі 10-70 см-ден 2.5 м-ге дейін жетеді. Тік сабағына бүтін жиекті жапырағы кезектесе орналасады. Ашық сары түсті гүлі қалқанша тәрізденіп, бір-бірден не топтанып біткен себет гүл шоғырына жиналады. Маусым-шілде айларында гүлдеп, тамызда жеміс береді. Жемісі цилиндр тәрізді тұқымша. Өсімдіктің тамырында жүрекке әсер ететін, қатыну процесін басатын, құрттар мен микробтарды өлтіретін қантты зат – эфир майы, инулин бар. Сондықтан андыз бағалы дәрі-дәрмек алатын өсімдік ретінде пайдаланылады, сондай-ақ тағам өндірісінде және бояу алу үшін қолданылады.
Қара Андыз (Іnula grandіs) – күрделі гүлділер тұқымдасына, андыз туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның барлық таулы аймақтарындағы дымқыл жерлерде, ормандағы шабындықтардың ішінде, таулардың, тасты жерлердің қара топырақты беткейлерінде өседі. Биіктігі 60 см-ден 2,5 м-ге дейін жетеді. Сабағы тік, қырлы, бұтақтары жуан, жапырақтары ірі, көбінесе түп жағына орналасқандары ұзынша, жиегі ирек, сопақша келеді. Сабағындағы жапырақтары жүрек немесе жұмыртқа тәрізді. Сабағы мен тамырының дәмі ащы, ерекше иісі бар. Гүлдері сары, гүл себетінің диаметрі 7 – 10 см-ге дейін жетеді. Жемісі – цилиндр тәрізді, 4 қырлы, тықыр дәнек. Маусым – шілде айларында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте дән салады. Сабағы мен тамырының құрамында – инулин, инуленин полисахаридтері, сапониндер, аздаған алкалоидтар, Е витамині және эфир майы бар, жапырағында ащы зат болады. Медицинада емдік мақсатта гүлі мен тамыры пайдаланылады. Халық медицинасында тұнбасын тыныс жолдары, асқазан, ішек аурулары кезінде, сондай-ақ өкпе туберкулезіне, ревматизмге қарсы ішеді. Қара Андыз гүлі мен тамырының спиртке ашытылған тұнбасымен безгекті емдейді. Қара Андыздың тұнбасын қақырық түсіру үшін ішеді.
Өт пен асқазанды қуаттандырады, у қайтарып сарай ашады. ауыруды басып, төрелмені тыныштандырады.
Таралуы:ТМД елдерінің Европалық бөлігінің Оңтүстік және Орталық аймақтарында, Кавказда, Батыс Сібірде, Орта Азияда өседі. Қазақстанда Семей, Көкшетау, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Қарағанды, Шымкент маңайларына өседі. Дайыңдау аймақтары – Краснодар, Ставрополь өлкелері мен Қазақстан.
Дайындалуы: Тамырлары мен тамырсабақтарын күзде, жемістері пайда болғаннан бастап үсік жүргенге дейін дайындайды. Өсімдік сабағының маңын 20 см радиусында қазады, одан кейін сабағының түбінен ұстап, тік тартып тамырсабағын тамырларымен бірге тартып шығарады. Топырақтан тазартады, суда тез жуады. Тамырлар мен тамырсабақтарды ұзына бойына, ұзындығы 10-15 см, жуандығы 1-2 см болатындай етіп турайды. Шикізатты 2-3 күн бойына ашық ауада қақтайды. Кептіргіштерде, 40º С – тан артпайтын температурада кептіреді.
Шикізаттың сапалық көрсеткіштері: Тамырсабақтары мен тамырларының ұзындығы 2-ден 20 см-ге дейін, жуандығы 0,5 см-ден 3 см-ге дейін болады. Сынған жері бейтегіс. Сырты сұрғылт-қоңыр, іші сарғылт-ақ түсті, хош иісті, ащы дәмді. Ылғалдығы 13%-дан артпау керек, жалпы күлі 10%-дан артпау керек, солған тамырсабақтар мен тамырлар 5%-дан артпау керек, сынған жерінде қарайған тамырсабақтар мен тамырлар 5%-дан артпау керек. Органикалық қоспалар 0,5%-дан көп болмау керек. Минералдық қоспалар 1% - дан артпау керек.
Қолданылуы: Қақырық түсіретін дәрі ретінде қолданылады. Эфир майының антисептикалық, қабынуға қарсы әсері бар. «Аллонтон» препараты асқазан-ішек жарасын емдегенде қолданылады.
Андыздың адамға пайдасы
Бауыр ағзаның басты сүзгісі. Бауыр шлактанғанда адамдардың жиі басы ауырады,түнгі ұйқысы бұзылады, тәбеті болмайды. Сондай уақытта:
Шайшөп (зверобой продырявленный) шөбі, түй-мешетен (пижма) гүлдері, мыңжапырақ шөбі, дәрі түй-медақ (ромашқа аптечная) гүлдері, шоңайна (лопух большой) тамыры, итмұрын (шиповник) жемістері, шалфей шөбі, андыз (девясил) тамыры, қызылтаспа таран (горец птичий) шөбі, үштармақ итошаған (череда трехраздельная) шөбі. Әрқайсы-сынан 10 г алады. Осы қос-паның 1 ас қасығын 0,5 л қайнаған суда тұндырады. Кү-ніне 3 рет тамақ ішер алдында 30 минут бұрын 1/3-1/2 стақаннан ішеді.
Дәрiлiк өсiмдiк шикiзатын сақтау ерекшелiктерi
Өсiмдiк қосындыларын дәрiлiк заттарды сақтаудың жалпы ережелерiн қолдана отырып сақтайды.
Сонымен қатар жеміс беретін жабайы өсімдіктерге бай, олар: шетен, бөріқарақат, құлпынай, қара барбарис, долана, шырғанақ, итмұрын, қой бүлдірген, құлпынай, таңғурай және дәрілік өсімдіктер: шәйқурай, жұпаргүл, киікоты, уғарғасын, чабрец, жалбыз, мыңжапырақ, семізот, андыз, қара-андыз, тамыры тәтті мия, алтынтамыр, қылша, тамырдәрі, усасыр (папоротник), мақсыр маралтамыры т.б. Күрделі гүлдердің 32 түрі
(7%), бозшөптер 25 түрі(9,2%), шытыргүлдер 17 түрі (6,1), шатыргүлдер 15 түрі (5,5%), бұршақтылар 13түрі (4,8), ерінтүстестер 13 түрі (4,8) құрайды.
Андыздың тамыры Азияның шығыс бөлігінде өсетін андызды Шыңғыс хан тараты деген аңыз бар. Андыздың дәрілік қасиетіне сенген Шыңғысхан атты армияны сақтап қалу үшінәрбәр әскеріне өздерімен бірге андыздың тамырын алып, басып алған жерлеріндегі шалшық сулы, сазды жерлерге егуді бұйырады. Сонда сол жердегі су тазарады, әскер, ат сол жерден таза су ішіп ауру-сырқаудан аман қалады деген түсінік қалыптасқан.
Андыз көне заманнан бері бауыр, буйрек ауруларын емдеуге, жүрек қалыптан тыс соққанда, зәрді жүргізетін дәрі ретінде қолданған. Оның тамыр сығынды шырынын көзге тамызғанда көру мүмкіндігі артып, есте сақтау қабілеті сақталған.
Қан қысымы төмендегенде жарты шай қасық, тамыр үгітіндісін ашылау шыққан бір стакан шайға қосып, ірі жолы 3 ас қасықтан күніне 3 рет ішеді. Бір аптаға жалғастырса нәтижесін көруге болады. Шайға қосатын мөлшерін асырып жібергенде жүрек қағып, кері әсері болуы мүмкін. Одан сақтану керек.
Аллергия барысын жеңілдеті үшін андыздың бір үлкендеу тамырын алып, ұнтақтап,1 литр 40 градустық спиртке салып, 20 күн жылы жерге қояды. Осыдан соң сүзіп астан соң бір шай қасықты бір стакан қайнаған салқын сумен ішеді. Астан сон күніне екі рет. Мұны ішіп жүргенде ет жеуге болмайды.
Есте сақтау қабілетін жақсартып, ерлердің қуатын күшейту үшін андыз тамыр ұнтағын тең мөлшерде балмен араластырып, жарты шай қасықтан ас алдында күніне 3 рет жейді. Бір емделу барысы 15 күн.
Буын ауруларына тамыр ұнтағын ысқылап, сүртіп жылы орайды. Қоғамдық транспортта жүрегі айнып, құсқысы келетін адамдар, сапарды көтере алмай қиналатын жүкті әйелдер андыз тамырынан шайға шағындап салып ішетін болса, жайлы сапар болады.
Асқазан жұмысы бұзылып, ыңғайсыздық туындаса, жарты стакан ақ иогуртқа жарты стакан қайнаған су, бір шай қасықтың төрттен біріндей андыз бен мускат жаңғағының үгітіндісін қосып ішсе, ауру тоқтайды.
Бас ауруынан құтылу үшін бір шай қасық андық тамырының ұнтағын жылы суға араластырып, қоймалжың дәрі жасайды. Осыны екі шекеге, мұрының екі жақтауына, жаймалап жазып қояды. Осы кезде жыбырлатып күйдіргендей болса одан қорқудың қажеті жоқ.
Шиқанның ортасындағы өзегін тартып шығару үшін жарты шай қасық андыз тамырының ұнтағын сондай мөлшердегі куркуммен қосып, қоймалжың дәрі жасайды. Соны шиқан үстіне тартады.
Бұлшық еттердің шаршап, сынып ауыруына 2-3 ас қасық андыз тамырының үнтағын 10 минут шағын суға қайнатып, шоылатын астаудағы суға қосып шомылады. Бұл ауырғанды азайтып жеңілдік әкеледі.
«Халық денсаулығы ол — Қазақстанның өзінің стратегиялық мақсаттарына жетудегі табысының ажырамас құрамдас бөлігі.
Бүгін біз медициналық қызметке нәтижелерге бағдарланған қаржыландыру мен ақы төлеу жүйесін енгізуді дайындаудамыз. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің тиімді жүйесі үшін барлық қажетті базалық жағдайлар жасалып жатыр. Дәрілердің 50%-ы біздің елімізде шығарылатын болады.
Сарбұға астралылар тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанда 59 түрі бар, оның 23-і сирек кездесетін эндемик өсімдіктер болып саналады. Ең көп тарағандары: дәрілік сарбұға. Олар шалғынды, көгалды жерлерде, жол жиегінде, тау бөктерлерінде өседі. Биіктігі 4-30 см-дей, сабағы қуыс, жапырақсыз, тықыр, сүтті шырынды болады. Жапырақтары қауырсын пішіндес, жиегі тегіс, тамыр мойнына айнала шоғырланады. Гүлдері қос жынысты, сары түсті, тостағанша дөңгеленіп сабақ ұшында орналасады. Сәуір — мамыр айларында гүлдейді, мамыр — маусымда жеміс береді. Жемісі — дәнек, ол желмен тарайды. Сарбұғаның тамыры мен сабағы дәрілік мақсатқа қолданылады, сондай-ақ, мал азығына, тағамға пайдаланылады.[1]
Емдік қасиеті
Кәдімгі сарбұға – көктемнің тұңғышы, халық оны атам заманнан қадір тұтып, сүйіспеншілікпен «жер күні», «денсаулық эликсирі» деп атаған. Сарбұғаның емдік қасиетін ежелгі Грецияда ерте білген және оны араб медицинасы кеңінен қолданған. Көптеген елдерде Швейцарияда, Чехияда, Словакияда сарбұға тағамдық өсімдік ретінде өте бағалы, ал Францияда егіп өсіреді. Оның әлі өркендеп жетпеген, француздар «писанли» деп атайтын, жас жапырақтары ерте көктемде витаминді салат үшін пайдаланады. Сарбұғаның жапырақтарында каротиноидтық заттар С және В2 витаминдері бар, ал тез сіңетін кальций, фосфор, темір, магний, марганец тұздарының көптеген жапырықты көкөністердегінен көбіне асып түседі. Жапырақтарынан және гүл сабақшаларынан қант-инозит табылған. Тамырлары мен жапырақтарындағы сүтсымақта шырыш және ащы зат гликозид тараксацин бар. Тамырларында крахмалдың орнына, әсіресе күзде, 25% дейін инулин жиналады. Жапырақтарындағы ашқылтым дәмінен құтылу үшін жапырақтарды әбден ағарғанға дейін сабанмен бүркейді, немесе жапырақтың кесінділерін 30 минут тұзды суда ұстайды, ашқылтым дәмі қайтқанда және қуырғанда кетеді. Тағамға, әсіресе көктем кезінде, маринадталған гүл сабақшаларын да пайдаланады, ал қуырған тамырларын кофе орнына ішеді. Емдік мақсатқа жапырақтары мен тамырларының сөлін тәбет ашатын, асқортуды жақсартатын және қан тазартатын дәрі ретінде пайдаланады. Сарбұғаның тамырынан істелген тағам бауырды жақсартады және зат алмасуды дұрыстайды деген ұйғарым бар. Әр түрлі халықтың медицинасында тамыр мен құрғақ шөптің қайнатпасын асқазанның әр түрлі ауруларына, өт айдайтын, іш босататын, қақырық түсіретін дәрі ретінде, сондай-ақ май толық сіңбегенде қолданады. Атеросклерозды, анемияны емдеуге де болады. Тамырдан істелген ұнтақтар әр түрлі тері ауруларына және пигмент дақтарын кетіруге пайдаланады.[2]
Талшын -қазіргі заманғы медицина бар ескі және қазірдің өзінде тексерілген рецептпен пайдалануға болды. Науқастар табиғи өнімдерді таңдауға тырысуда. Олардың қолдану өте ауқымды. Ол ішкі және сыртқы болуы мүмкін. Талшын ағаштың жемісі, біз табиғи халықтық медицинаға жасалған, оның компоненттері туралы айтар болсақ, онда ол ғана емес, тығыз дөңгелек каштан болып табылады. Қазіргі уақытта, ағаш дәндерінің дәлелденген пайдасы, оның жапырақтары және жасыл жемістері әсіресе мамыр айында көктемгі айы гүлдену кезеңі.
Ағашының қабығы негізінен күзгі айларда жиналған. Осы кезеңде, ол қоректік заттарды бойына максималды мөлшері жинайды. Біз жеміс туралы тікелей айтатын болсақ, онда оларды жаздың аяғында немесе ерте күзде жинайды.
Зауыттарда көптеген ондаған жылдар бұрын халықтық медицинада танымал болды. 18-ші ғасырда бірінші талшын сіріндісі дәстүрлі медицинада қолданылады. Қоңыр жемістер дәрілік қасиеттері ұзақ уақыт бойы көрсетілуі антисептикалық, ұтқыр айығуды, жараларды жылдам қалпына келтіруші әсері бар. Ол сондай-ақ қан тамырларының және жүрек оң әсер етеді. Ол асқазан, ішек және жалпы ас қорыту жүйесіне пайдалы. Талшын шипалы қасиеттері ұшан теңіз. Әсіресі неврологиялық проблемалар және тыныс алу жүйесі ауруларын емдеу үшін кеңінен қолданылатын жеміс. Тері патологиясына да таптырмас ем. Косметология – бұл талшынды өз алдарына бөлек қолданады.
Талшын жеміс емдеу әрдайым дерлік оң нәтиже беріп отырады. Барлық, ол таниндер, витаминдер (әсіресе С) үлкен мөлшерін қамтитын фактісі байланысты гликозидтер (fraksin, esculin, т.б.) кумарин, крахмал, май.
Қоңыр жемістер оларды жүктілік кезінде және босанғаннан кейінгі пайдаланудың еш зияны жоқ..
Өте жиі геморрой және варикозды емдеу үшін каштан (жеміс-жидек ағаштарының) пайдаланылады. Негізгі сапасы жағынан ол қанды сұйылтуға ықпал етеді. Тұнбалары дайындау үшін, сіз дөңгелек қоңыр қоңыр жемісті (5 дана) яғни кептірілген 50 грамм қабылдау қажет.
Жаңа піскен талшын алыңыз және олардың шырынын сығып, нәтижесінде құрамы күнделікті 30 тамшысын алып, тоңазытқышта сақталуы тиіс.
Геморройдан зардап шеккен адам жарасына пайдаланса, онда шаң қабығы каштан ішінегі қиыршықты пайдалануға болады. Мұны таза шүберекке істеу керек. Ұйықтар алдында күн сайын зардап шеккендерге таңып қойды.
Тыныс алу жолдарындағы вирустық және бактериялық зақымданудың таптырмас біоде-бір емі. Талшын (ұрықтың) осындай трахеите, бронхит, тонзиллит, ларингит ретінде ауруларды емдеуге болады. Кейбір жағдайларда, өсімдік, тіпті өкпе туберкулезге көмектеседі. Ағаштың кептірілген қабығы алыңыз және оны кесу керек, салқындатылған суды жеміс үстіне екі стақан құйыңыз және 8 сағат тұрып тұру керек. Осыдан кейін ол сусынды 6 рет күніне 3 ас қасық жұтып ішу керек.
Ревматизм, артрит, қабынуға да талшынның пайдасы көп.. Мұндай жағдайларда, өсімдік ретінде ішкі және сыртын пайдалануға болады. Осы екінің де әсері күшті.
Мускат жаңғағы Белгілі бір жағымды иісі бар танымал дәмдеуіш, хош иісті дәм және пісіруге кеңінен қолданылады. Дегенмен, бұл гайкамен танымал ететін барлық қасиеттерден алыс - медицинада (дәстүрлі және халықтық), косметологиялық және парфюмерияда қолдануға ие болды. Бұл материалда мускат жаңғағын және оның пайдалану ерекшеліктерін егжей-тегжейлі қарастырамыз. Дегенмен, біз бастаймыз, біз жаңғақ қалай өседі және нақты белгілі дәмдеуіштер өндіреді туралы бірнеше фактілер береді.
Мускат жаңғағы - Бұл ылғалды климаттық тропикалық елдерде өсіп келе жатқан мәңгілік Мускат ағашының жемісі. Жемістердің өздері, өрік немесе шабдалыға ұқсайтын көрінісі, тағамдық құндылықты білдірмейді. Алайда олардың хош иісті тұқымы өте пайдалы. Ол кептірілген және ұсақталған - және де бұл дәмдеуіштер шығады.Культиватордың да аспаздық құндылығы бар, бірақ оның дәмдеуіштері қымбатқа түседі.
«Мускат жаңғағы» дәмдеуі бай дәмді дәмі мен хош иісі бар қою қоңыр түсті ұнтақ. Мускат жаңғағының химиялық құрамы
Мускат жаңғағының тұқымында B (B1, B2, B4, B6) тобының дәрумендері, A, C, PP, фолий қышқылы және β-каротин дәрумендері бар. Оның құрамында макронутриенттер (Mg, K, P, Ca, Na) және микроэлементтер (темір, мырыш, мыс, марганец, селен) бар. Саңырауқұлақтың химиялық құрамы эфир майларымен (әсіресе эгенол, терпененол, элемицин, линаул, миристин және т.б.), сондай-ақ сапониндермен, пигменттермен және басқа да элементтермен толықтырылады.
Мускаттың пайдалы қасиеттері
Құрамында мускат жаңғағының бай химиялық құрамы бірнеше дәрілік қасиеттері бар құнды тамақ өнімі болып табылады:
бактерияға қарсы; иммуномодулярлық; қабынуға қарсы; тұтқыш; седативтер;
антиоксидант; тоник
Ұзақ уақыт бойы мускат жаңғағының жемісі дәрілік мақсаттарда қолданылған. Рецепттер емдік майлар, майлар мен мускат жаңғақтары ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Сізге олардың ең жақсысы туралы айтып береміз.
Суық суық. Вирустық жұқпалы және сирек аурулардың алдын-алу тәсілі: 100 мл су қайнаған суға 50 ºС дейін салынады, 1 шай қасық бал мен шай қасық қосыңыз. Жылы жерде 10-15 минут тұрыңыз. Жылу түрінде алыңыз. Тұмаудың алдын-алу және SARS. Дененің қорғанысын нығайту үшін жердің мускат жаңғағын және оны қалай дұрыс қабылдауға болады, терапевтке сұрау керек. Тәулігіне 0,5-1,5 г ұнтақты пайдалану бойынша жалпы ұсынымдар бар. Сіз құрғақ түрінде ішуіңізге немесе тамаққа қосуға болады.Сіз инфузияны дайындауға болады: 0,5 г ұнтақ қайнаған суға құйыңыз, сағатты талап етіңіз, тәулігіне үш-төрт рет алыңыз.
Бас ауруы. Бастада ауырсынудан құтылу үшін, сіз бір ұңғыма жаңғағын және 3 стакан сүтке арналған компрессорды қолдануға тырысыңыз. Алдыңғы аймаққа жағыңыз.
Жадты жақсарту. Cahors екі апталық инфузия және 1 ас қасық мускат жаңғағы, зире және анис тұқымы жадты жақсартуға көмектеседі.
Бұл маңызды! Мускат пайдалы болуы мүмкін, сонымен бірге қолдануға қарсы бірқатар қарама-қайшылықтар бар болғандықтан, оны емдік мақсаттарда пайдаланудан бұрын дәрігермен кеңесу керек.
Асқазан-ішек аурулары. Тамақтанудан 30 минут бұрын 100 мл йогурт немесе йогурт қоспасы, 100 мл қайнаған су, 1/3 шай қасық мускат жаңғағы ұнтағы, ½ шай қасық майдаланған имбирь алыңыз.
Қалампыр кез келген үйдің ас бөлмесінен табылатын дәмдеуіш. Оның жұпар иісі мен күйдіргіш дәмінен бөлек, емдік қасиеті де орасан. Бұл дәмдеуішті ежелден емдік мақсатта бірнеше дертке шипа ретінде қолданылып келеді. Қалампыр А (бета-каротин), С (аскорбин қышқылы), Е (токоферол), К (филлохинон), РР және В (В1, В2, В3, В4, В6, В9) тобындағы дәрумендерге бай. Сонымен қатар калий, кальций, марганец, мыс, күкірт, мырыш, натрий, магний, фосфор және темір элементінің қайнар көзі болып табылады. Одан бөлек, Омега-3 және Омега-6 майлы қышқылын да кездестіруге болады. Осындай пайдалы әрі бағалы заттарының арқасында қалампыр халық емінде кеңінен қолданыста болатын дәрі. Халықтық емінде тұнба, қайнатпа ретінде қолданылады. Тұнба үшін 1 десерт қасық қалампырды 1 литр қайнаған суға салып, тұндырып қоясыз. Шамамен жарты сағат өткен соң тұнбаны сүзіп алып, ем ретінде қолдануға болады. Қайнатпа үшін: 1 шай қасық қалампырды 1 литр суға салып, отқа қоясыз. Қайнауға жеткенде отын бәсеңдетіп, 5 минуттай қайнатасыз. Белгіленген уақыттан соң қайнатпаны сүзіп алып, шыны ыдысқа құю керек. Қандай дертке дауа болады? фото: 24newsarm.ru Ауыз қуысы ауруларын емдеуге қабілетті. Нақтырақ айтқанда, ауыз уылғанда, кариес түскенде, ауыздан жағымсыз иіс шыға бастағанда қалампырдың көмегіне жүгініңіз. Ем үшін 1 тал қалампырды аузыңызға салып, 15 минуттай шайнайсыз. Емді 1-2 рет қайталаған соң-ақ оң нәтиже береді. Тамаққа тәбетіңіз тартпаған кезде де 1-2 дана қалампырды шайнасаңыз, араныңыз ашылып, тәбетіңіз артады. Емді тамақтанудан жарты сағат бұрын жүргізіңіз. Қан қысымыңыз түсіп кетсе аузыңызға дереу қалампырды салыңыз. 1-2 дана қалампырмен 10 минуттың ішінде қан қысымын қалпына келтіресіз. Тамағыңыз ауырып бастағанда, ангина кезінде, бадамша без қабынғанда қалампыр тұнбасының көмегіне жүгініңіз. Күніне 2 рет тамағыңызды шайсаңыз, ауруыңыздан тез-ақ жазыласыз. фото: freepik.com Қалампыр майы денедегі жарақат пен іріңді бөртпенің ізін қалдырмай жаза алады. Ал майды дайындау үшін 100 мл зәйтүн майы мен 10 гр. дәмдеуішті араластырсыз. Оны орташа отқа қойып, қайнауға дейін жеткізіңіз. Дайын болған майды сүзіп алып, шыны ыдысқа құйыңыз. Емдік майды мейлінше тоңазытқышта сақтағаныңыз дұрыс. Буын ауруларын да қалампыр майымен емдеуге болады. Алдымен майды қыздырып аласыз. Сосын ауырған орынға сіңдіріп жағыңыз. Сыртынан жылы орап, 5-10 минуттай тынығып жату керек. Ал сыздауық шығып, жаныңызға батса, онда теріңізді қалампыр тұнбасымен сүртіңіз. Бұл дәріханадағы қымбат дәрілеріңізден әлде-қайда пайдалы әрі тез нәтиже береді. Қант диабетімен ауыратындарға қалампыр тұнбасын ішуге кеңес береміз. Бұл да өз кезегінде дертіңізге дауа болып, саулығыңызды сақтай алады. Қалампырдың құрттан да құтқаратын қасиеті бар. Ол үшін күн сайын шым-шым қалампырды ішке қабылдайсыз. Ескеріңіз! Қалампырдың мөлшерін күн сайын көбейтіп отыру керек. Алғашқы күні шым-шым, екінші күні шай қасықтың ұшымен қабылдайсыз. Емді айға жалғастырасыз 1 айға дейін 1 ас қасыққа жеткізу керек.
Мия тамыры: сипаттамасы және емдік қасиеттері
Қызылмия, мия тамыры, тәтті тамыр, хунчир – ежелгі дәуірден бастап азық-түлік және емдік дәрі ретінде жоғары бағаланды.
Жалаң мия – бұл бұршақ отбасынан шыққан, тамыры терең топыраққа бойлап өсетін, жуан ағаш тамырсабақты көпжылдық шөптесін өсімдік. Оның ұзындығы 1,5 метрге жетеді. Жапырағы – күрделі, кезекті, қысқа шыбықты және ол жабысқақ желімтекті болып кедеді. Қызылмияның өзі маусым және тамыз айларында гүлдейді. Ал жемістер тамыз-қыркүйек айында піседі. Қараша немесе наурыз айларында 4-жылдық жалаң мия тамыры медициналық мақсаттарда жиналады. Жерден қазып алынған тамырларды топырағын түсіру үшін жылдам суық сумен жуып, қабығынан тазартып, күннің астында немесе жақсы желдетілетін бөлмеде кептіру қажет. Ескере кетейік, тамыр сары түсті болғанша кебуі тиіс, және ол жақсы сынғанымен, үгітілмеуі керек. Ал, мия тамырының әсері 10 жылға дейін сақталады.
Қызылмия несімен пайдалы және оның қолданылуы
Қызылмия ауатамыр (бронх)
шырышының бөлінуін арттырып, осылайша жөтелге әсер етеді. Мия
пневмония кезінде құрғақ жөтелді емдеуге, бронх қабынуынан
туындаған жөтелде, жамбас, тонзиллит, туберкулез, көмейдің қабынуы
кезінде дауысты қалыпқа келтіруге көмектеседі. Мия қабынуға қарсы
әсерге ие. Ол жинау кезінде басқа шөптердің әсерін күшейтеді.
Қызылмия тамыры бүкіл тыныс алу жүйесін тазартуға өте жақсы
көмектеседі. Себебі, мия тамырында қақырықты түсіргіш тазарту
қасиеттерінен басқа, вирусқа қарсы және антипротозой белсенділігі
бар. Сондай-ақ, қызылмия қалтырау, тынышсыз жағдайларда жақсы
көмектеседі. Ол тегіс бұлшықеттер түйілген кезде де қолданылады.
Жалпы қызылмия гипотония кезінде жүрек-қантамыр жүйесінің жұмысын
қалыпта ұстауға және қалқанша безі ауруларымен күресу кезінде
көмектеседі. Бұл өсімдік 2-типтегі қант диабеті кезінде ұйқы
безінің жақсаруына ықпал ететін инсулиннің өндірілуін арттырады.
Және мия тамырының тәтті дәмі тамақтануда қантты алмастыра
алады.
Ерте кезде қызылмияның ағзаға түскен токсиндерді бейтараптандыру
үшін қолданылуы мүмкін екені белгілі болды. Себебі, оның құрамына
кіретін глицирризин көптеген улардың әсерін бейтараптандырады. Әсер
етуі бойынша ол бүйрекүсті бездерінің гормондарына ұқсас. Сол
қасиет мияның дерматит, есекжем, теңге қотыр, бронх демікпесі,
жүйелі қызыл жегі, жедел есекжем, диатез секілді аллергиялық
ауруларды емдеуіне ықпал етеді. Әсіресе осы мақсаттарға глицирам
препараты бөлінген болатын, ол аллергиялық реакцияларды, қандағы
эозинофилдердің санын азайта отырып, бронхтардың жиырылуын,
балаларды емдеуде кеңінен қолданылады.
Қызылмия онкологиялық ауруларды емдеуде, әсіресе химия курстарынан кейін өте маңызды болатын онкологиялық жасушалардың өсуін тежейді. Сондай-ақ, күрделі жинақтардағы мия тамырын қуықалды без аденомасы, бүйрек және зәр шығару жолдарының аурулары, асқазан-ішек жолдарының аурулары, омыртқа мен буын аурулары, артрит, ревматизм, коксарттроз, омыртқа және басқа буындардағы диск жарығын, остеохондроз, онкологияда қолданатын сәулелік терапиядан кейін және ағза радиацияның әсеріне ұшыраған кезде қолданады. Мия тамыры адамтамыр сияқты антидепрессантты қасиеттерге ие. Бұл жағдайда ол созылмалы шаршау кезінде орталық жүйке жүйесінің сергектігін сәтті көтереді.
Жапонияда қызылмия тамыры
темекіге деген тәуелділікті емдеу үшін азық-түлік қоспасы түрінде
қолданылады. Ол
иммунитетті, дененің жалпы қарсылығын жақсартады. Сонымен қатар,
қызылмия шамалы іш жүргізетін әсерге ие, оны із айдататын
құралдардың құрамына қосады.
Мия тамырымен жасалған өнімдерді асқазан-ішек жолдарының ауруларын,
қыжылды басу үшін, тағамды жақсы қорыту үшін, қандағы қант деңгейін
төмендету, холестеринді қалыпқа келтіру және атеросклероздың алдын
алу үшін қолданған жақсы. Мияның әсері кейбір гиполипидемиялық
препараттардан да асып түседі. Мысалы, глицирризин холестеринмен
байланысады да, оны ағзадан шығарып тастайды. Бұл әсіресе, біздің
заманда қажетті қасиет болмақ. Ал қызылмия тамырына
жібітілген алманы үнемі тұтына отырып, етеккір келетін кездегі
синдром белгілерінен, күйзелістен құтылуға болады және ол ас қорыту
процестерін қалыпқа келтіріп, тісжегі мен ауыз уылуының алдын
алады. Ежелгі уақытта қызылмия тамыры бала көтертпейтін дәрілер
құралы ретінде қолданылған. Кейінірек зерттеулер мия тамырының фракциясының
жоғары эстрогендік белсенділігін растады.
Мия тамырының пайдасы қандай?
Мия тамыры ол ең алдымен асқазан-ішек жолдарын емдеу қабілетімен танымал. Оның құрамында глицирризин (мия тамырындағы белсенді қосылыс бар), қатерлі ісік қаупін және қабынуды азайтатын қосылыс бар.
Мия тамыры ондағы басқа маңызды биоактивті қосылыстар мидың жұмысын жақсартуға және қант диабетін емдеуге көмектеседі.
Нәтижесінде;
Мия тамыры денсаулыққа маңызды пайдасы бар өсімдік. Бұл емдік тамыр әдетте ас қорыту және жүйке жүйелеріне және теріге байланысты ауруларды емдеу үшін қолданылады.
Алтын тамыр — ірі әрі жуан тамыры бар, жасаңшөп тұқымдасының семізот туысына жататын көп жылдық, шөп тектес, өте бағалы дәрілік өсімдік. Кейбір тамырының салмағы 900 грамға дейін жетеді. Тамырының сырт жағы алтын түстес сары да, ішкі жағы ақ түсті, кепкен кезде тамырының сынған жері ашық қызыл түсті болады. Тамырының сыртқы қабығын пышақпен ептеп аршыса мұрынға аңқыған хош иіс келеді, ал сыртқы қабықтан кейінгі қабық лимон сияқты сары түсті болады. Бұл - тек алтын тамырға ғана тән қасиет.
Ал емдік қасиетіне тоқталар болсақ, Алтын тамыр 400 жылдан астам уақыттан бері халық медицинасында қолданылып келеді. Ол, әсіресе, қытай медицинасында ертеден белгілі болған. Онда бұл өсімдіктің тамырын тауып келу үшін арнаулы экспедициялар ұйымдастырып отырған.
– Құрамында глюкозид, илік заттар, флавоноидтер, крахмал, органик, қышқылдар, эфир майы бар. Халық медицинасында бұл өсімдіктің тамырынан жасалған дәрілерді адамның еңбек ету қабілетін күшейтетін, шаршағанды басатын дәрі ретінде пайдаланады.
– Асқазан мен жүйке ауруларын емдеуге де, жатырдан кеткен қанды тоқтату үшін де кеңінен қолданады.
– Өсімдікті қайнатып трахоманы да емдейді.
– Фармакологиялық зерттеулер бұл өсімдік тамырының денеге қуат беретін қасиетін толық анықтады. Әсіресе, ой еңбегімен айналысып, шаршаған адамдардың еңбек ету қабілетін едәуір арттыратыны белгілі болды.
Жүргізілген зерттеу жұмыстары алтын тамырдың дәрілік қасиеттері маралшөп тамырының дәрілік қасиетінен анағұрлым күштірек екенін көрсетті. Алтын тамырдың табиғи ареалы жылдан-жылға азайып барады. Қазіргі кезде Алматы, Алтай ботаникалық бақтарында қолдан жер сіндірілуде. Алтын тамыр өте сирек кездесетін түр болғаңдықтан Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.
Қытай қазақтары алтын тамырдың орысша «Радиола розовая» дейтін атауын «Қызғылт семізөт» деп атайды. Әрине, қазақ емшілері алтын тамырдың химиялық құрамының қандай екенін білмесе де, оның ерекше қасиетінен жақсы хабардар болып, дәрілік шөптің атын құпия ұстаған. Құпия ұстағаны соншалық, орыстар бұл шөпті 1930 жылы ғана танып білген. «Кірпияздығына орай кез келген жерде өсе бермейтін алтын тамырды ерте замандардан бері көп жағдайларда патшалар мен жоғары билік басындағылар жөнін тауып алдырып, пайдаланып келген» деген дерек бар. Осыған орай, алтын тамыр патшалардың дәрісі немесе «өлместің шөбі» деген атау алған.
Сол сияқты мынандай деректер де келтірілген: алтын тамыр орналасқан аймағына байланысты гектарынан 40-1400 келіге дейін өнім береді екен. Алтын тамырды жаппай жинаса, ол араға 15-20 жыл салып барып қана қалпына келеді.
Алтын тамыр – жасаңшөп тұқымдасының семізөт туысына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Биіктігі 20-30 сантиметрдей, тамыры жуан, хош иісті. Тік, бұтақтанған сабағына қалың, сопақша жапырақтар кезектесіп орналасады. Сабағының биіктігі 40-50 см., бұтақшалары болмайды. Жапырақтары тікелей сабағына жабысқан. Ұсақ, сары түсті гүлдері қалың гүл шоғырына топтасқан. Мамыр-маусым айларында гүлдейді. Шілдеде тұқым бере бастайды. Өз тұқымынан және вегетативті жолмен көбейеді. Алтын тамыр құрамында глюкозид, илік заттар, флавоноидтер, крахмал, органик, қышқылдар, эфир майы бар. Сондықтан өте бағалы дәрілік өсімдік.
Тамырының қабығы алтын түстес сарғыш, іші ақ, кепкен кезде ашық қызыл түске айналады. Жаңа қазып алынған тамырды пышақпен кескенде күшті хош иісі шығады. Халық медицинасында алтын тамыр шаршағанда, қан аздықта, асқазан дертіне, суық тигенде, ұйқысыздық басқанда, бел әлсіздігіне, баспа, бас ауруына, жүйке дертіне ем ретінде пайдаланған. Алтай тауларынан әрі-бері көшкен малшы ағайындар қатты қажығанда алтын тамырды ұнтақтап шай етіп ішіп, көздері шырадай жанып, күшейіп шыға келген. Тамырды ұсақтап, 1 литр суға оның бір шай қасыққа жетер-жетпес бөлігін (5 грамм) шығарып ішкен. Дәрілік шикізат ретінде тамыры жиналады. Дұрыс сақталса, екі-үш жылға дейін шипалық қасиетін жоймайды. Алтын тамырдың құрамындағы экстракт ағзаның шыдамдылығын арттырады, жүрек-қан тамырлары жүйесін жақсартады, жоғарғы жүйке жүйесінің ырғағына жағымды әсер етеді, қан қысымын реттейді. Бірақ та оны орнымен қолданбаса, кейбір адамдардың қан қысымын арттырып та жіберетінін ұмытпау керек.
Алтын тамырдың емге қолданылатын негізгі бөлігі – тамыры. Ұқыптылықпен қазып алғаннан кейін суға шайып байқасаңыз, тамырының алтын түстес жылтыраған сары қоңыр қабықпен қапталғанын көресіз. Тегі, өсімдіктің алтын тамыр аталуы тамырының алтындай жарқырап тұруынан болса керек.
2.3 Жылманы қазіргі заман адамдарына сай жаңғырту
Түйе сүті – жоғары бактерицидтік қасиетімен ерекшеленетін бірегей сүт өнімі. Түйе сүтін ішек-қарын жолдары мен жүрек-қан тамыр жүйесі аурулары кезінде емдік-профилактикалық емдеуде қолданылатын бірден-бір емдік диеталық өнім болып есептеледі. Өкпе ауруын бақылау және алдын алу орталығының зерттеу мәліметтері бойынша, дүниежүзінде бір тәулік ішінде өкпе ауруынан 144 адам, бір жыл ішінде 52560 адам о дүниелік болатындығы мәлім болды. Өкпе ауруының асқынуы нәтижесінде қан-тамыр аурулары: инфаркт, инсульттан жыл сайын 5 млн. адам қайтыс болады. Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша 2050 жылдары, дүниеде әрбір екінші адам өкпе ауруына шалдығуы ықтимал. Осы тұста түйе сүтінен жасалған жылма өнімдерін, атап айтқанда туберкулез ауруының алдын алуға мүмкіндік беретін табиғи өнімдерін өндіру бойынша Қазақстан болашақта алдыңғы қатардағы ел болатындығы айқын. Қазақстан жағдайында шұбаттың емдік қасиетін және шұбатты дайындау технологиясын жетілдіру бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу маңызды болып табылады. Әрі-беріден соң түйе – қазақтың төрт түлігінің бірі, оның сүтінің емдік қасиетін халқымыз баяғыдан білген. Енді оны ғалымдар дәлелдеп отыр. Соңғы жылдары осы замандағы емі табылмай отырған екі кеселге – сусамыр (қант диабеті) мен обырға (рак) қарсы дәрі-дәрмек түйе сүт өнімдерінен ойлап тауып, қант диабетіне қарсы емдік қасиетті табиғи өнімдер технологиясын өндіріске бүгін ендіруге дайын. Обырға қарсы дәріні бірнеше жыл клиникалық сынақтан өткізу қажет.
Түйенің өркеш майының өзі де таптырмас ем. Қасиеті-тəтті дəмді, қанды жүргізеді, ісікті қайтарады. Басты ем болатын аурулары: тері жарылғаннан, ішкі ағзаның əлсіреуінен, жел ауруға жəне жарақаттарға жағуға. Қарттардың əлсіреп арықтап, тəбеті азайғанда, 150 гр. түйенің ерітілген өркешіне сүт араластырып тосап қайнатып күніне 100 мл.ішкізеді. Ағза қуаттанып оңалады екен. Түйе сүтiнiң құрамында кальций, фосфор, темiр, күкiрт сияқты ағзаға пайдалы микроэлементтер жетiп-артылады, ол – демiкпе, сусамыр, өкпе, асқазан, бауыр ауруларына бiрден-бiр шипа. Қазақ арасында ұлттық сусын ретінде ықылым заманнан үзбей пайдаланылып келе жатқан жылманың емдік қасиетін қазір бірі білсе бірі білмей отыр. Жылманы көптеген ауруларды, атап айтқанда рак, Альцгеймер дерті, сары ауру, өкпе ауруларына шалдыққандарды емдеуге пайдалануға болатындығы, қан айналу жүйесіндегі қан тамырларының жұмсақтығы мен беріктігін қамтамасыз ететіні, ағзада жүретін зат алмасу процестерін жақсартып, жалпы иммунитетті күшейтетіні анықталған. Қазақ халқының дәстүрлі сусындарының бірі жылма – шипалы ем, нәрлі сусын. Халық оның қоректік, емдік қасиеттерін алуан түрлі ауруға ем ретінде де пайдаланып келген, сусын адам ағзасында жеңіл қорытылады. Қарын сөлінің қорытқыш қасиетін күшейтіп, ішектің қызметін жақсартады. Біреудің қаңсығын таңсық көрмей өзіміздің құнарлы витамин мен микроэлементке бай тағамдарымыздың қадірін білейік.
ІҮ.Қорытынды:
«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында: «Жаңғырту атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірбие мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, заман сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғыртудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет.»- деп айтқандай жылманы бүгінгі заманға сай жаңғырту біздің қолымызда, әрі біздің парызымыз.
Жылманың емдік қасиеті көп екенін бәрі біле бермейді. Сондықтан үлкен әжелеріміз жастарға үнемі оның емдік қасиетін, қалай жасалатындығын айтып отырса бұл жылма да әрі қарай жалғасын табады деген үміттеміз. «Жылма» жасауды жаңғырту болашақ ұрпағынан зор үміт күтіп отырған халқымыз үшін маңызды. Жылма табиғи шырынын жыл бойы үздіксіз қамтамасыз ету. Әдебиеттермен танысып, интернет желісінен мәліметтер жинадым. Таныса келе керекті құрал – жабдықтар қол жетімді екенін анықтадым. Жылма дәруменді тосап адам ағзасына орасан зор пайдасы бар. 100% таза табиғи тосап. Ауырмаудың жолын іздеген болсаңыз – жылманы тамақтану күн тәртібіңе қосуға кеңес берер едім. Ешқандай зиянсыз, химиялық қоспасыз, таза табиғи дәруменді тосап. Маған бұл жұмысым өте қызықты және нәтижелі бола түсті. Жылма дайындау да ешқандай кедергілер болған жоқ. Жылманы - қыс уақытындағы суық тию ауруларында, имунитетті көтеру және көктемгі, күзгі авитаминоз кезінде дәрумендерге бай табиғи тосабын ішуге кеңесімді беремін.
Өз жұмысымды аяқтай келе
мынадай шешімге келдім. Жылма табиғи дәруменге бай тосаптың
болашағы зор. Адамның ағзасына керекті барлық дәрумендерді тапқыңыз
келсе, жылма табиғи тосабын ішуді ұсынамын. Құрал – жабдықтары
қолжетімді, ең негізгісі жылма тосабымен жыл бойы үй жағдайында
қамтамасыз етуге болады. Жылманың – адам денсаулығына қажетті құндылық
екеніне көз жеткіздім. Бұл тосаптың емдік, тұрмыстық пайдасы
бар.
Қазіргі заманда жастардың көбі осы тосапты,
оның денсаулыққа пайдалы екенін білмейді. Өз сыныптастарымнан жылма
туралы не білетіндерін сұрастырғанда, жылма туралы еш нәрсе
білмейтіндер көп болып шықты. Дүниетану сабағында
сыныптастарыма жобаммен таныстырдым. Оларға жылманың өте маңызды
тағам екенін түсіндіре алдым деп
ойлаймын.
Өз отбасым да, құрбыларым да осыған көз
жеткізді.
Біздің ойымызша, жылма Отанымыздың ұлттық
бренді мәртебесіне лайық. Жылма әлем нарығына шығып қана, өз
еліміздің балалары осы тосаптың пайдасын көре алады деп ойлаймын.
Себебі, қазір жылманы тек қазақ халқы біледі, ал егер осы тосап
ұлттық бренд болса, оны тек шетелдер ғана емес, өз еліміздің барлық
тұрғыны дәмін татып, бағалайды. Қорыта айтқанда, қазақтың ұлттық
тосабы адам денсаулығына қажетті тағам. Біз, Қазақстанның жастары
осы құнды тосаптың жойылуына жол бермеуіміз
керек.
Пайдаланған әдебиеттер
1.Дүниетану
оқулығы 4 сыныпқа арналған
«Алматыкітап»
2008ж.
2.Қазақтың ұлттық
тағамдары
Алматы 2000ж
3.Қазақ энциклопедиясы
Алматы 2002ж
4. Ғаламтор
-
Қазақ халқының салт – дәстүрлері Алматы «Рауан» 1994
-
Қазақстан тарихы 7 – сынып Алматы 2010ж
-
Қазақстан тарихы 9 – сынып Атамұра 2009 ж
-
Дүниетану оқулығы 2 сыныпқа арналған «Алматыкітап» 2008 ж
-
Қазақ Энциклопедиясы 1 – том Алматы 2002 ж
-
Қазақ энциклопедиясы 3 – том Алматы 2002 ж
-
Дүниетану оқулығы Алматы «Атамұра» 2003 ж
-
Қазақтың мақал – мәтелдері ҚКӘБ. 1951 ж
-
Марғұлан Ә.Х. «Ежелгі жыр аңыздар» Алматы, «Жазушы», 1985 ж
-
Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, «Ана тілі», 1991.
-
Кенжеахметұлы С. «Қазақтың дарқан дастарқаны», Алматыкітап 2007 ж.
16. Анфимова Н. А., Татарская Л. Л. «Аспазшылық», Просвещение 2002 ж.
17.Ермакова В. И. «Аспазшылық», Просвещение 1993 ж.
18. Матюхин З. П. «Тамақтану, гигиена және физиология негіздері», Просвещение 1999 ж
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы
Зерек мектебінің
-сынып оқушысы
«Жылманың емдік қасиеті» тақырыбындағы зерттеу жұмысына
Пікір
Жас ізденуші ғылыми жобасында жылма туралы еңбегіндегі қаншама ауруға ем екендігін дәлелдеген.
Шығармашылық жұмысын зерттеу барысында шығармашылық қабілеттері дамып, логикалық ойлауы, ой-өрісі кеңейді.
Оқушының жұмысы талапқа сай орындалған, ғылыми жетекші ретінде жоба өз жас ерекшелігіне сай «жақсы» дайындалған.

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы
Зерек мектебінің 4 -сынып оқушылары
Мұқаш Амина мен Мирумқызы Айдайдың

Жас зерттеушілер зерттеу жобасында қазақ халқының сонау замандардан келе жатқан түйе сүтінен дайындалатын тосап, яғни «Жылманың емдік қасиетін» ғылыми тұрғыдан дәлелдеген.
Зерттеу жұмысында жылма сонау ата-бабаларымыздың қолданып, ауруларынан сауғып кетуіне таптырмас ем екендігін қаперден тыс қалдырумауға тырысқан.
Жас зерттеушінің дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алатындығын көрсетті. Зерттеу барысында түрлі материалдарды қолданды. Елге танылған апа-ағалармен, журналист, мәдениет саласындағы мамандармен кездесіп, сұқбат алды. Ауыл тұрғындарымен байланыс жасады.
Жоба аясында Амина мен Айдай ізденімпаздық жолында өз пікірін дәлелдеп, жоғары дәрежеде жұмысын таныстырады деп сенемін.
Мұнайлы ауданы
«Зерек» мектебі
Тақырыбы:
«Жылманың емдік
қасиеті»
Секциясы:
Медицина
Жоба
авторы:
Жетекшісі: Домбаева
Айкен
2023 жыл
22
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жылманың емдік қасиеті

шағым қалдыра аласыз