жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Жылқы-ер қанаты" 7-сынып
|
Мектеп: №113 Әл-Фараби атындағы ЖОМ |
||||||||||||||
|
Ұзақ мерзімді жоспар Бөлім:9. «Төрт түлік мал мен егіншілік –елдің берекесі» Сабақ тақырыбы: Жылқы – ер қанаты |
||||||||||||||
|
Күні: 27.04.2018 |
Мұғалімнің есімі: Нарқулова Н.А |
|||||||||||||
|
Сынып: 7 сынып |
Қатысқандар саны |
Қатыспағандар саны
|
||||||||||||
|
Сабаққа негізделген оқу мақсаты
|
7.1.2.1- тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау. 7.3.5.1- қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде ұсыну. 7.4.4.1-тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, таныстырылым түрінде ұсыну. 7.5.1.7-септеулік шылаулардың қызметін білу, ауызша және жазбаша жұмыстарда орынды қолдану. |
|||||||||||||
|
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушылар: Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді. Септеулік шылаулардың қызметін біледі және оларды қатыстырып сөйлем құрай алады. Оқушылардың басым бөлігі: Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді жинақтап, кесте, диаграмма түрінде қолдана алады. Септеулік шылауларды тапсырмалар орындау барысында ажырата алады. Кейбір оқушылар: Ақпараттың өзектілігін анықтап, мәліметтерді жинақтайды, таныстырылым түрінде ұсына алады. Септеулік шылауларды ауызша және жазбаша жұмыстарда орынды қолдана алады. |
|||||||||||||
|
Бағалау критерийлері: (жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)
|
-Тындалған мәтіннің мазмұнын түсінеді және ақпараттың өзектілігін анықтайды. -Септеулік шылауларды ауызша және жазбаша жұмыстарда орынды қолданады. -Қосымша мәліметтерді кесте, диаграммаларды таныстырылым түрінде ұсынады. |
|||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Тілдік дағдылар: Тыңдалым, оқылым, жазылым. |
|||||||||||||
|
Терминология: Киелі жануар, атбегі, ел қорғаған, жан серігі, реңк, ажырату, жүйрік. |
||||||||||||||
|
Сөз тіркестері: Келетіні туралы, теңге алу сияқты ойындар. |
||||||||||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Жалпыға бірдей еңбек қоғамын дарыту: Саналы да ерікті еңбек адамды бақытқа кеңелтеді деген ойды санасына сіңіру. |
|||||||||||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Биология: Үй жануарлары. Геометрия. Көру аймағы |
|||||||||||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
АКТ,Таныстырылым |
|||||||||||||
|
Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім |
Төрт түлік мал мен жылқының адамға пайдасы туралы біледі. |
|||||||||||||
|
Жоспар |
||||||||||||||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар |
Ресурстар |
||||||||||||
|
Басталуы 4 минут 8 минут |
Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық ахуалды реттеу. «Сәлемдесу» тренингін ұйымдастырамын.Қимыл тез жасалуы керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр тыңдаушы әртүрлі амандасасыңдар. Мысалы, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен. Топтастыру
Сурет қиындылары пазлды жинақтау /төрт түлік мал бейнеленген/ арқылы «Зеңгі баба», «Қамбар ата», «Шопан ата» және «Сексек ата» деген топтарға топтастыру. Суреттерге қарап тақырыпты болжау.
Үй тапсырмасын бекіту «Ыстық орындық» әдісі арқылы үй тапсырмасын пысықтау.
Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады. 1.Төрт түлік деп нені айтамыз? 2.Төрт түлікке қандай жануарлар жатады? 3.Не себепті олар «төрт түлік» деп аталады? Дескриптор:
Кері байланыс Қ.Б «Үш шапалақ» әдісі арқылы оқушылардың жауаптарына сай бағалап отырамын.
|
Пазл
«Ыстық орындық» әдісі
|
||||||||||||
|
Ортасы 20 минут |
Жаңа сабақ «Зымыран сұрақтар» әдісі арқылы ой түрткі сұрақтар қойып жаңа сабақты бастаймын. 1.Жылқыны қазақ халқы қалай дәріптейді? 2.Жылқының қандай пайдасы бар? 3.Қазақ халқында жылқының қатысуымен қандай ойындар өтеді? Дескриптор:
Кері байланыс: ҚБ Ауызша мадақтау (Бәрекелді! Жарайсың!) деген сияқты ауызша мадақтаумен оқушылардың сабаққа деген ынтасын одан да арттыра түсіремін. Сабақтың тақырыбын, мақсатын,бағалау критерийлерін таныстырамын. Тыңдалым. Оқылым. 4-тапсырма «Джигсо» әдісі. Топтық жұмыс. Топтарға мәтін бөлігі таратылады. Мәтін бөлігін оқып, өз топтарында талқылайды.Талқылауға аз ғана уақыт беріледі. Бастапқы топқа қайта келіп, қолдарындағы мәтін бөліктерін құрастырады. Топтарға мәтіннің толық нұсқасы таратылады. Толық мәтін мазмұнымен танысып, мәтін желісін топ мүшелері бірлесіп отырып аяқтайды.
Қазақ халқы жылқыны «киелі жануар» деп есептейді. Жылқы – кисе, киім, мінсе, көлік, жесе, тамақ, ішсе сусын болатын киелі түліктің бірі. Жылқының жасы мен денсаулық жағдайын атбегілер тісіне қарап ажыратады. Ата – бабаларымыздан қалған «Жақсы аттың тісін қарамас болған...» деген нақыл соған байланысты туындаған болар. Қазақ халқы жылқыны, ең алдымен, «ел қорғаған ердің жан серігі» деп дәріптеген. Біздің аңыз – ертегілерімізде, батырлық жырларымызда иесі қысылғанда ақылды, күшті тұлпарлар көмекке бірінші болып келетіні туралы көп айтылады. Мысалы, Қобыландының Тайбұрылы, Алпамыстың Байшұбары, Ер Төстіктің Шалқұйрығы, Қамбардың Қарақасқасы иелерімен бірге жыр-аңызға айналып, ел құрметіне бөленген. Басқа жануарларға қарағанда жылқы айналасын түрлі – түсті реңкте көреді. Бірақ қызыл мен көк түсті ажырата алмайды. Тағы бір қызығы, - жылқының көру аймағы 360 градус. Яғни, жылқы бір бағытқа қарап тұрғанда тек алдын ғана емес, арт жағын да толық көре алады. Сондай – ақ жылқының көзі түн ішінде де өте жақсы көреді. Қазақ халқында жылқының қатысуымен болатын түрлі жарыстар мен ойындар бар. Жылқының жүйріктігін сынайтын тай жарыс, құнан бәйге, бәйге, аламан бәйге сияқты сайыс түрлері халқымызбен бірге жасасып келеді. Ал көкпар, аударыспақ, ат үстіндегі тартыс, жамбы ату, қыз қуу, теңге ілу сияқты ойындар жылқының да, оған мінген жігіттің де мықты- лығын анықтаған. Дескриптор:
Кері байланыс: ҚБ «Қошемет» әдісі Оқушылардың берген жауаптарына қарай қол соғып, қошеметтеп отырамын.
Жазылым. Оқылым. 8-тапсырма «Қане, қайтала!» әдісі Жұптық жұмыс. Мәтінді оқып шыққаннан кейін жұп болып қолдарына қалам мен қағаз алып, сұрақтар құрастырады. Сұрақтарын өз іштерінен сайланған жүргізушіге өткізеді. Барлықтары сұрақ құрастырып болған соң, жүргізушіден кез келген парақты алып, жауабын ойластырады. Жауаптарын талдағаннан кейін, мәтін тәртібі бойынша орналастырады. Содан кейін өздерінің жауаптары бойынша құрастырылған мәтінді мазмұндап береді. Ойын соңында өз мәтіндерін берілген үзіндімен салыстырады. Ойын қорытындысы бойынша ең белсенді оқушы анықталады. Дескриптор:
Кері байланыс: ҚБ «Смайликтер» әдісі Күлегештер арқылы сұраққа жақсы жауап берген оқушыларды бағалаймын.
Жазылым . 9-тапсырма. «Кластер» әдісі Топтық жұмыс. Жылқы малының бойындағы қасиеттерді таныстырылым
түрінде ұсынады.
Дескриптор:
- Септеулік шылауларды қатыстырып , өз ойын түйіндейді.
Кері байланыс: ҚБ «Бағдаршам» әдісі Сыныптағы топтардың жасаған таныстырылымдарын бағдаршам түстерінің көмегімен бағалаймын.
|
«Зымыран сұрақтар» әдісі
Оқулық Қазақ тілі 7-сынып Алматы 2017 (Көкжиек – Горизонт)
«Джигсо» әдісі.
https://massaget.kz/mangilik_el/41464
«Қане, қайтала!» әдісі
«Кластер» әдісі
таныстырылым |
||||||||||||
|
Аяқталуы 8 минут |
Сабақты қорыту. Топтық жұмыс. «Аяқталмаған сөйлем» әдісі. «Мұғалімге жеделхат» тақтасына оқушылар стикер жапсыру арқылы орындалады. Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады және қорытынды жасайды. Әр топтан тапсырманы орындауға жетекшілік жасай білген, қамқоршы бола білген, ынталанған оқушыларды атап, қорытынды қалыптастырушы бағалау.
Дескриптор:
Кері байланыс: ҚБ «Қол белгісі» әдісі Мен оқушылардан тақырыпты түсінгендігін я түсінбегендігін қол белгілері арқылы көрсетуді сұраймын.Осы белгілерге сүйеніп сабақтың қай деңгейде өткенін анықтайды.
Рефлексия: «Сабақ мазмұны бойынша ойыңды білдір»
Үйге тапсырма: 5-тапсырма. 57-бет. Сөздер мен сөз тіркестерін мағынасына қарай сәйкестендір. |
«Аяқталмаған сөйлем» әдісі |
||||||||||||
|
Қосымша ақпарат
|
||||||||||||||
|
Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз? |
Әр топтан тапсырманы орындауға жетекшілік жасай білген; қамқоршы бола білген, ынталанған оқушыларды атап, қорытынды қалыптастырушы бағалау. Жақын арадағы даму аймағы (ЖАДА) әңгімелесудің түрі арқылы көмек көрсетуді жоспарлаймын. Қабілеті жоғары оқушыларға да осыны міндет етіп қоямын. |
|||||||||||||
|
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз? |
Бағалау : Қалыптастырушы бағалау: «Үш шапалақ», «Қошемет», «Смайликтер», «Бағдаршам», «Қол белгісі» әдістері және ауызша мадақтау арқылы оқушылар бағаланады. |
|||||||||||||
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
Сабақтың оқу мақсаты шынайы, себебі сабақ тақырыбы жаңартылған бағдарламаға сүйене жоспарланып өтілуде. Оқушылар төрт түлік мал, әсіресе жылқы туралы толық мәлімет пен оның адамға болған пайдасы туралы білді. Саралау шаралары тиімді болды. Сабақ барысында тапсырмаларды оқушылардың қабілетіне қарай күрделендіріп отырдым. Берілген уақытты ұтымды пайдаланып, алдыма қойған мақсатыма жеттім. Сабақ жоспарыма ешқандай түзетулер енгізмедім. |
|||||||||||||
|
Қорытынды бағамдау |
||||||||||||||
|
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. Оқушыларды топтарға біріктіргенім. 2. Тапсырмаларды топтық жұмыс жасау барысында тиімділігі артты. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. Сабақта қолданған әдіс-тәсілдер 2. Топтық жұмыс, АКТ-ны тиімді пайдалану Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек? 1. Сабақ барысында менің байқағаным келесі сабақтарымда ашық сұрақтарды және оқушылардың айтуынша диалогтік қарым-қатынасты еркін меңгерулері үшін түрлі әдістерді қолдану жақсы көмектесетінін білдім. 2. Терминологияға және оқушылардың деңгеіне лайықты тапсырмалар беруге көңіл бөлемін. |
||||||||||||||
шағым қалдыра аласыз














Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген