Материалдар / Жылқы малы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жылқы малы

Материал туралы қысқаша түсінік
ғылыми шығармашылықпен айналысып жүрген мұғалімдерге көмегі тиеді деп ойлаймын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2018
819
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



ЖылқыЖылқы атасы Қамбар ата. Дүние жүзіндегі жиырма үш ұлт жылқыны киелі жануар деп есептейді. Соның бірі қазақ халқы. Қазақ халқының өмірін ешқашанда жылқысыз елестету мүмкін емес. Жылқының бес мүшесі өте жақсы дамыған. Олар құлағы, көзі, аузы мен мұрыны және сезім түйсігі. Жылқы өз иесінің көңіл күйінің қандай екенін бірден сезіп қояды. Сондай-ақ оның құлағы өте сақ, көзі көреген, мұрыны иіс сезгіш, аузы кез-келген дәмді ажырата алады. Басқа көптеген жануарларға қарағанда жалқы айналасын түрлі-түсті реңде көреді, бірақ қызыл мен көк түсті ажырата алмайды. Сондай-ақ жылқының көзі түнде жақсы көреді. Жылқы дегенді білдіретін ең қысқа сөз қай халықта екенін білесіңдер ме? Білмесеңдер біліп алыңдар! Ол «ат» деген сөз. Ал ат деген сөздің қазақтікі екенініне ешкім таласа алмасы анық. Ал жылқы дегенді білдіретін ең ұзақ сөз перуен тайпасының үндістерінде екен. Олар жылқыны «Оквила упара кламару коалу накланата» деп атайды. Жылқылар жалпы жиырма бес – отыз жас өмір сүреді. Англияда өмір сүрген бір ат «Кара Билли» аталған. Бір ат алпыс бір жасында өлген. Жылқының еті де, сүті де, майы да пайдалы. Жылқы терісінің пайдасы мол. Одан әртүрлі бұйымдар, әбзелдер, түрлі ыдыстар жасалады. Өмілдірік, ошынқиысқан, тізгін, ноқта, қамшы, шылбыр, жүген өреміз. Торсық пен саба қымыз құятын ыдыстар болып табылады. Торсық дегеніміз жылқының терісінен ыстап жасалады.. Сиымдылығы он, отыз, қырық литр теріқап саба. Төрт бұрышты түбі және ұзын мойны бар.

Құлын жылқының жас төлі. Жабағы алты айдан асқан құлын. Тай бір жаста. Байтал бір-екі жастағы. Құнажын үш жаста. Дүнежін төрт жаста. Бесті бес жаста. Қасабалы биі жеті-сегіз жас. Қартамыс биі он бір - он төрт жас. Жасаған биі жиырма жас.

Сүті.Жылқының сүті саумал. Саумалды ашытып қымыз жасайды. Қымыз халқымыздың ең сүйікті сусындарының бірі. Жылқыны күніне үш мезгіл сауады. Жылқыдан күніне бес, он литр сүт шығады. Саумал мен қымыздың денсаулыққа пайдасы көп.Адамдар ем үшін ішеді. Еті. Жылқы еті өте бағалы, жоғарғы сапалы тамақ. Ал қазысының тағамдықта емдікте қасиеті көп. Қазы, шұжық, қарта, жал-жая сияқты жылқы етіне істелген тағамның дәмі тіл үйіреді.ТерісіЕр-тұрманның барлық жабдықтары жылқының терісінен жасалады. Жалы мен құйрығы көшпенді тұрмысқа аса қажетті арқан-жіптен бастап, киіз үйдің бау-шуына дейін пайдаланылады. Құлын мен тай терісінен қазақтың ең бағалы, асыл киімдері – жарғақ пен тайжақы тігілген. Х.Арғынбаев жарғақтарды екі түрге бөледі. Тақыр жарғақ және құлын жарғақ. Жылқының терісінен тон жасалады.



Жарғақ – тай терісінен иленіп, сырты кестеленіп тігіледі.Құлын жарғақтар – жүні сыртына қаратылып, көбінесе қара түсті құлын терілерінен, жалы жонына келтіріліп, астына астар салып тігіледі. Жарғақтар ХІХ ғасырдың соңында-ақ қазақ өмірінен жоғала бастаған. Жоғарыдағы зерттеулерде жылқы терісінен жасалған киімдер жай аталып қана кетсе, орыс шенеуніктерінің құжаттарында бұл киімдердің қалай жасалып, тігілетіні және бағасы нақты берілген: «Иленген құлын терісінің жүні ешқашан сыдырылмайды, терілер тек қана қазақтардың өздері киетін тоны – жарғаққа пайдаланылады, 1 айдан 4 айға дейінгі теріні құлын жарғақ деп, одан жоғары 7 айға дейін жабағы терісі немесе тай терісі деп аталады. Көшпенділердің әлемдік өркениетке қосқан үлесі – етік пен шалбарды ойлап табуы, екеуі де атқа салт міну қажеттілігінен туған. Көшпенділердің көне кебіс-мәсі мен саптама етік үлгілері қазақтарда әлі күнге дейін сақталған.Кебіс-мәсі – әйелдердің аяқ киімі, саптама – ерлердікі. Мәсі жұқа былғарыдан тігіледі, әйел адамның аяғына киілетін былғары байпақ деуге болады. Кебіс – жылқының көк сауыр деп аталатын көн терісінен тігіледі, өкшесі биік, өкшеге күміс тіреме батқы қағылады, әшекейлеп безендіріледі. Кебісті мәсінің сыртынан киеді. Енді бір аяққа неге екі аяқ киім киіледі деген сұраққа келсек, әйел адам алғаш атқа мінгенде балтырын қажамас үшін жұқа былғарыдан мәсіні ойлап тапқан. Ал мәсінің алдында қонышы ұзын жүн байпақ киген, одан соң былғары байпақ, соңында мәсіге айналған. Аяқ киімдердің осылайша ауысуына ұзақ уақыт эволюциялық даму керек болды. Енді үзеңгі пайда болғанда аяқты ауыртпай, нық ұстау үшін, мәсінің басына қатты аяқ киім – кебіс ойлап табылды.Талыс – жылқының бітеу сойылған бас терісінен және жон берісінен жасалатын дорба, құрал-сайман салуға арналды. Шынықап – көшкенде шыны, кеселерді алып жүруге арналған, жылқының көн терісінен жасалады, екі жағы екі жарты шар сияқты, жабылғанда бастырмамен өрнек салады. Керегенің көзіне, қабырғаға іліп қойғанда әдемі көрінеді.Дәріқалта – бие құлындағанда, құлын алда-жалда шығын болса, терісін сойып алып, құлын жарғаққа пайдаланады. Ал бас терісін бітеу сойып, екі құлағын алып тастап, мұрны, көзі, ауыз қуыстарын ішіне жымдастырып тігіп, аударып түгін сыртына қаратады. Сүйегі



Қыс бойы соғымға сойылған мал сүйектерін тастамай жинап отырған. Қыс аяқталып, ел көктемге көшерде шеберлер қыстау-қыстауды аралап жүріп, иелерімен келісе отырып, жылқы мен түйнің қабырға, жақ, жауырын сүйектерін жинаған. Шеберлер сүйектерді қайнатып, майынан арылтқан соң піспек, кір оқтау, асадал, адалбақан, сандық, кебеже сияқты үй жиһаздарын әшекейлеуге пайдаланған. Сүйекті тесік қазанға салып астына от жағып күйдіру нәтижесінде ағызып алынған иісі бар қара майды арбаның дөңгелегін майлауға, не күлмен қосып қайнатып, сабын жасауға дайындаған.Жауырын сүйегінен жасалған, өте сирек кездесетін көне заттардың бірі – қож немесе қалақ. Қожды жауырынның ортасындағы қыр сүйекті ізін де қалдырмай шауып тастап, бас жағынан қайыстан бау тағып жасаған. Мәлімет берушілердің айтуы бойынша Іле өзенінің жағасындағы қазақтар жылқының қос жауырынын бір білеу ағаштың екі басына бекітіп, ескек ретінде қолданған.Ертеде Жайық, Атырау қазақтары су үстіне мұз ойып, қармақ, ау салғанда шананың үстіне жылқының үрген қарнын байлап қоятын. Аяқ астынан мұз жарылып кеткен жағдайда, үрген қарын шананы суға батырмайды.



Тұяғы



Тұяқтақа – аяқ киімге байлап алатын таулы-тасты, лайсаң сазды жерде жүруге арналған, жылқының тұяғынан жасалатын тақа. Жаңа сойылған жылқының төрт аяғын кесіп алып, ішіндегі шеміршек мүйіздерінен аршиды да, алдыңғы аяқтың тұяғы мен артқы аяқтың тұяқтарын бірнеше жерінен тесіп, қайыстан бау өткізеді.







Жылқы қылы

Күнделікті тұрмыс-тіршілкте кеңінен пайдаланылған. Жылқы қылы құйрық және жал қылы болып екіге бөлінеді. Құйрық қылына қой, түйе жүндерін араластыра отырып арқан, қыл арқан, қыл шылбыр, құрық бау есіп шығарған. Далаға түнегенде адам өзін айналдыра қыл шылбырмен қоршап тастаса, жылан, т.б. жәндіктер жоламайды деген бар. Қобыздың ішегіне тек жылқының құйрық қылы ғана пайдаланылған.Елгезер – дөңгелек қылып қатырған, қайыңның қабығына ұстатылған, жылқы қылынан жасалған ұн елейтін елеуіш Алматы облысы Кеген ауданынан табылды. Маса, шыбын-шіркейден қорғану үшін жылқының құйрығын бітеу сойып алып, кептіріп тобылғыдан, ырғайдан сап орнатып, сапты жезбен орап, кейде күміс шаптырып, әшекейлеп жасалған желпуіштер болған. Жылқы тезегі

Жылқы тезегі сиырдың, түйенің, қойдың қиына қарағанда отқа жағуға жарағанмен, қызусыз болады. Ойындар.Қазақ халқында жылқының қатысуымен болатын әртүрлі жарыстар мен ойындар баршылық. Жылқының жүйріктігін сынайтын тай жарыс, құнан бәйге, аламн бәйге, бәйге, жорға жарыс сияқты бәйге түрлері халқымызбен бірге жасасып келеді. Ал көкпар, аударыспақ, ат омырауластыру, ат үстіндегі тартыс, жамбы ату, қыз қуу, теңге ілу, салма ілу сияқты ойындар жылқыныңда, оған мінген жігіттіңде мықтылығын анықтаған. Қорыта келе, қазақ халқында жылқы туралы мақалдар аз емес. Мақалдар:Жылқы малдың патшасы.Түйе малдың қасқасы.Теңге тиыннан өсер,Жылқы құлыннан өсер.Ер қанаты ат.Түйе байлық,Жылқы мырзалық.Жылқыда өт жоқ,Өсер малда өлім жоқ.
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!