жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жылу мөлшері
Сабақ жоспары
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 8.1 А. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Мамырқұлов Б. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сынып: 8 |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Жылу мөлшері. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
8.3.2.5 – жылу алмасу процесі кезінде алған немесе берген жылу мөлшерін анықтау; 8.3.2.6 – заттың меншікті жылу сыйымдылығының мағынасын түсіндіру |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың мақсаты |
– заттың меншікті жылу сыйымдылығының мағынасын және жылу мөлшерінің формуласын түсіндіру; – жылу алмасу процесі кезінде алған немесе берген жылу мөлшерін анықтау; – заттың меншікті жылу сыйымдылығының мағынасын анықтау |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Бағалау критерийлері |
– заттың меншікті жылу сыйымдылығының мағынасын түсіндіреді – жылу алмасу процесі кезінде алған жылу мөлшерін анықтайды; – жылу алмасу процесі кезінде берген жылу мөлшерін анықтайды;
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Ойлау дағдыларының деңгейлері |
Білу, түсіну, қолдану |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар
|
Жылу мөлшері, заттың меншікті жылу сыйымдылығына ауызша және жазбаша түсініктеме береді |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Пәндік лексика және терминология |
Температура, Цельсий, Кельвин, жылу алмасу, жылу мөлшері, калория, меншікті жылу сыйымдылық
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Құндылықтарға баулу
|
Еңбек және шығармашылық, өмір бойы білім алуға дарытамын |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Диалогқа және жазуға қажет сөз тіркестері |
Жылу алмасу процесін сипаттайтын физикалық шама ...........болып табылады. Жылу мөлшері ...........,..........,.......... тәуелді. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Математика: тура және кері пропорционал тәуелділігі Информатика: АКТ |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Алдыңғы білім |
Жылулық қозғалыс, температура, ішкі энергия, жылу алмасу түрлері. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ барысы |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы (12 мин) |
Ұйымдастыру кезеңі 1. Сәлемдесу, түгендеу. 2. Алдыңғы білімді еске түсіру Қолдарындағы парақшаға сағат 3-те, 6-да, 9-да және 12-де кіммен кездесетіндерін белгілейді. «Сағат 3 болды» дегенде сол оқушымен кездесіп тақырып бойынша термин айтады. «Сағат 6 болды» дегенде өзі белгілеген оқушымен кездесіп тақырып бойынша бір сөйлем айтады. «Сағат 9 болды» дегенде өзі белгілеген оқушымен кездесіп тақырып бойынша сұрақ айтады. «Сағат 12 болды» дегенде өзі белгілеген оқушымен кездесіп бір тілек айтады. «Жылуөткізгіштік», «Конвекция», «Сәулелену» суреттері арқылы оқушылармен жаңа тақырыпты және оқу мақсатын анықтаймыз. Оқушылардың өздері түсіндіріп кеткен жылу алмасу кезіндегі дененің ішкі энергиясының сандық шамасын, табуға болатыны айтылады. Мұнда оқушылар нені білетіні және нені әлі білу керек екендігін айта отырып оқу мақсатын анықтаймыз. |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы (22 мин) |
«Эвристикалық әңгіме» әдісі, яғни жаңа тақырыпты сұрақ-жауап арқылы оқушылардың өзіне меңгерту. «Эвристикалық әңгіме» әдісі арқылы ақыл-ой жұмысы күшейеді, оқушы білімді өзінің танымдық іс-әрекеті арқылы алады. Мұғалім алғаш ашық сұрақтар қоюдан бастап, оқушылардың жауаптарына сүйене отырып демонстрациялық тәжірибелер көрсетеді және сұрақтар қояды. Мұғалім: 1-тәжірибе. Бірінші стаканда жылы су, екінші стаканда қайнаған су көрсетіледі. Сұрақ: Суды жылытуға қарағанда қайнатуға көп жылу беріледі. Себебін түсіндір. Оқушы: Жылу мөлшері температураға тәуелді болатынын түсіндіреді. Мұғалім: 2-тәжірибе. 3 л ыстық су және 1 л ыстық су көрсетеді. Сұрақ: 1 л суды қыздыруға қарағанда 3 л суды қыздыруға көп жылу кетеді. Себебін түсіндір. Оқушы: Жылу мөлшері массаға тәуелді болатынын түсіндіреді.
Мұғалім: 3-тәжірибе. 1 л қайнаған сүт және 1 л қайнаған су көрсетіледі. Сұрақ: 1 литр сүтті қыздыруға қарағанда 1 литр суды қыздыруға көп жылу кетеді. Себебін түсіндір. Оқушы: Жылу мөлшері заттың тегіне тәуелді болатынын түсіндіреді. Оқушылар өздерінің жауаптары арқылы жылу мөлшерінің формуласын шығарады.
Тапсырма: Кесте толтыр.
Дескриптор: –жылу мөлшерінің формуласын жазады; –меншікті жылу сыйымдылығының формуласын жазады; –массаның формуласын жазады; –температура өзгерісінің формуласын жазады;
Саралау тапсырмалары. Мұғалім оқушыларға саралау тапсырмаларын таратады. Оқушы қажеттігіне қарай тапсырманы орындайды. Орындай алмай жатқан жағдайда бағыттаушы сұрақтар қою арқылы қолдау көрсетіледі. Берілген есептерді анағұрлым ерте шығаратын оқушыларға «Қарқын» тәсіліне тапсырма дайындалады. Жұптағы оқушылар «Көршіңмен бөліс» әдісі бойынша есептерді бір-біріне көмектесу арқылы шығарады.
№1 Жездің меншікті жылу сыйымдылығы 380 Дж/кг0С. Бұл нені білдіреді?
Дескриптор: – есептің шартын жазады; –меншікті жылу сыйымдылығының белгіленуін жазады; – 380 Дж/кг0С мағынасын түсіндіреді
№2 Массасы 50 г, температурасы 25 0С алюминий қасықты температурасы 75 0С ыстық суға салса, қасық қанша жылу мөлшерін алады?
Дескриптор: – есептің шартын жазады; – жылу мөлшерінің формуласын жазады; – жылу алмасу процесі кезінде қасықтың алған жылу мөлшерін есептейді; –жылу мөлшерінің өлшем бірлігін жазады
№3 Дене температурасының жылу мөлшеріне тәуелділік графигінен заттың неден жасалғанын табыңдар. Дененің массасы 4 кг.
40 30 20 10
20 30 40 50 60 70 80 Q, кДж
Дескриптор: – есептің шартын жазады; –дене температурасының жылу мөлшеріне тәуелділік графигінен температура мен жылу мөлшерінің мәнін жазады; – жылу мөлшерінің формуласын жазады; –формуланы түрлендіреді; – заттың меншікті жылу сыйымдылығының сандық мәнін есептейді; – заттың меншікті жылу сыйымдылығының өлшем бірлігін жазады Қосымша сұрақтар: 1. Жылу мөлшері қандай шамаларға тәуелді? 2. Жылу мөлшерінің формуласы қандай? Жазs4sp. 3. Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі қандай?
№4 (қосымша тапсырма) Петр өзінің ескі үйін жөндеп жатыр. Ол көлігінің жүк бөлігінде суы бар бөтелке, бірнеше шегелер мен ағаш кесінділерін қалдырып кетті. Көлік күннің астында 3 сағат тұрған соң, оның ішіндегі температура 40 0С-ге жетті. Көліктің ішіндегі заттар қандай күйге ұшырайды.
Дескриптор: –жылу алмасу процесін сипаттайды; – заттың меншікті жылу сыйымдылығының мағынасын түсіндіреді
Бағалау түрі: мұғалімнің бағалауы Әдісі: үлгі арқылы
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы |
Сабақты қорытындылау. «Стикердегі сұрақтар» әдісі. Оқушылар стикерге сұрақтар жазады. Стикерді жұптармен ауыстырады, сол сұрақтарға жауап жазады. Сабақ соңындағы оқушылардың рефлексиясы: «Бестармақ- Синквейн» 1-жол:1 зат есім жазады 2-жол: 2 сын есім жазады 3-жол: 3 етістік жазады 4-жол: 4 осы тақырып бойынша өз пікірін білдіретін сөздер 5-жол: 1 қанатты сөз Үйге тапсырма: Жылу мөлшері. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы. Массасы 300 г алюминийден жасалған ыдыстата көлемі 5 л, температурасы 200С су бар. Судың температурасын 100 0С-ге көтеру үшін қанша жылу мөлшері қажет? |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалдыи игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік
техникасын сақтау |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
«Эвристикалық әңгіме» әдісі арқылы оқушылар тапсырмаларды орындау барысында бір-біріне қолдау көрсетеді. Саралаудың «Тапсырма» тәсілдерімен үлкен қолдауға мұқтаж оқушыларды саралаймын. Берілген есептерді анағұрлым ерте шығаратын оқушыларды «Қарқын» тәсілі арқылы саралаймын.
|
Қалыптастырушы бағалау
|
Сабақ барысында оқушы қауіпсіздік техникасы ережелерін бақылап отырамын. Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қол жетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? |
Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1.Бұл сабақ жоспарым білім сапасын арттырады.
2. Қолданған әдіс-тәсілдерім оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырады.
3.Тиімді сабақ жоспары
4.сабақ барысында қолдануға болады. 5.құрметті әріптестер сабақ барысында қажет болар.6. керек болып жатса қолданыңдар. 7. Сабақ жоспары ұнайтын шығар 8..Сабақ білім сапасын арттырады. 9 .қажетті болып қалар. 10. Жаңарған білім мазмүнына сәйкес жазылған.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген