Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Жылу өткізгіштік, конвекция, сәуле шығару

Материал туралы қысқаша түсінік
физика пәні мұғалімдеріне көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:8.1А. Жылу құбылыстары

Ауданы: Т.Рысқұлов

Мектеп: Жамбыл атындағы орта мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Жантасова Б.Д.

Сынып: 8А

Сабақтың тақырыбы

Жылуөткізгіштік, конвекция, сәуле шығару

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.2.2. жылу берілудің түрлерін салыстыру

Сабақтың мақсаты

- жылу берілу түрлеріне анықтау және салыстыру;

- жылу берілу түрлеріне мысалдар келтіру;

- жылу берілу түрлерін тұрмыста пайдалануын түсіндіру;

Бағалау критерийлері

  • жылу берілу түрлерін анықтайды ;

  • жылу берілу түрлеріне мысалдар келтіреді;

  • жылу берілу түрлерін салыстырады;

  • жылу берілу түрлерін тұрмыста пайдалануын түсіндіреді;








Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу және түсіну, қолдану

Тілдік мақсаттар

Жылуөткізгіштік, конвекция және сәуле шығаруға ауызша және жазбаша түсінік береді.

Физиканың жаңа терминдері: жылуөткізгіштік, конвекция, сәуле шығару

Диалогқа/ жазуға қажетті сөз тіркестері:


Ішкі энергияның дененің көбірек қыздырылған бөлігінен дененің басқа азырақ қыздырылған бөлігіне тікелей немесе аралық денелер арқылы берілу құбылысы .... .... деп аталады.

... ... дегеніміз – сұйықтың немесе газдың ағысы арқылы энергияның тасымалдануы барысында жылу алмасу процесі.

... .... деп электромагниттік толқындар көмегімен бір денеден екінші денеге энергияның берілу процесін айтамыз.

Құндылықтарға баулу

Еңбек және шығармашылық ынтымақтастық өмір бойы білім алуға жұптық, топтық жұмыс арқылы дарытамын.

Пәнаралық байланыс

География: Атмосферадағы ауаның алмасуы. Ауа ағындары.

Алдыңғы білім

Дененің ішкі энергиясы, жылулық процестер, жылу берілу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы 6-8 минут

1.Сәлемдесу, түгендеу

Білім алушыларды мозайка тәсілі, жылу берілу тәсілдерінің суреттері арқылы топқа бөлемін.

1-топ жылуөткізгіштік

2-топ конвекция

3-топ сәуле шығару

Топ ережесін сақтауды сұраймын.


Білім алушыларға оқу мақсатын хабарлаймын. Бағалау критерийін білім алушылармен бірге анықтаймын:

- жылу берілу түрлерін анықтайды ;

  • жылу берілу түрлеріне мысалдар келтіреді;

  • жылу берілу түрлерін салыстырады;

  • жылу берілу түрлерін тұрмыста пайдалануын түсіндіреді;



2. Алдыңғы білімдерін еске түсіру

«Пазл тәсілі»

Әр топқа 4 стикерге дененің ішкі энергиясы, жылулық процестерге және жылу берілу туралы 4 сұрақ, 4 жауабын жеке-жеке жазу ұсынылады. Жазып болған соң топтар бір-бірінің сұрақтарын жауабымен сәйкестендіріп, пазлды құрастырады. Топтар бір-бірін өзара ауызша бағалайды.

Мүмкін сұрақтар мен жауаптар:

  1. Дененің ішкі энергиясы дегеніміз не?

Жауабы: Дененің ішкі энергиясы деп денені құрайтын бөлшектердің ретсіз қозғалысының энергиясы мен олардың өзара әрекеттесу энергиясын айтады.

  1. Ішкі энергия қандай жағдайда өзгереді?

Жауабы: Дене молекулаларының қозғалыс жылдамдығы өзгергенде, дене мен дененің температурасы өзгергенде оның ішкі энергиясы өзгереді.

  1. Жылулық процестер дегеніміз не?

Жауабы: Зат температурасының өзгеруіне байланысты туындайтын процестер жылулық процестер деп аталады.

  1. Жылу берілу дегеніміз не?

Жауабы: Денемен жұмыс істелмей немесе дененің өзі жұмыс істемей тұрғандағы ішкі энергияның өзгеру процесі жылу берілу деп аталады.

Бағалау: білім алушылар бір-бірін өзара ауызша бағалап, дұрыс жасаған топқа «от шашу» жасайды.

Түрлі-түсті стикерлер

Жылу берілу процестерінің суреттері.

Сабақтың ортасы

20-24 минут

Сабақ мақсатына жету үшін мәтінмен жұмыс

«Денотатты граф әдісі»

  1. Ақпараттағы негізгі ұғым түйінді сөз арқылы белгіленеді.

  2. Түйінді сөзді және оның қасиеттерін, белгілерін, ерекшеліктерін сипаттайтын етістіктер анықталады.

  3. Бастапқы түйінді сөз тармақтарға жіктеледі.

  4. Тармақтар мен түйінді сөз сәйкестендіріледі.


Мүмкін жауап


Жылу берілу


Көп қызған бөлігінен аз қызған бөлігіне қарай


Газдың немесе сұйықтың ағынымен


Бір денеден екінші денеге энергияның








тікелей берілу таралуы берілуі



Жылуөткізгіштік Конвекция Сәуле шығару

Білім алушылар топта жасаған жұмыстарын ортаға шығып қорғайды.

Кері байланыс: «Бағдаршам» әдісімен топтар бірін – бірі бағалайды

Жасыл карточка көтерген оқушылар – барлығын түсіндім.

Сары - жартылай түсіндім

Қызыл - әлі оқитыным бар

Овал 5 Овал 8 Овал 12

және мұғалімнің бағалауы.

Білім алушылардың білімді игергенін жетелеуші сұрақтар қою арқылы қолдау көрсетемін:

1. Жылуөткізгіштікке мысал келтіріңіз?

2. Конвекция кұбылысы қандай ортада таралады? Неліктен?

3. Cәуле шығару құбылысына мысал келтіріңіз?

Қосымша «1» Плакаттар, түрлі-түсті маркирлер
































Топтық жұмыс

1-тапсырма

Эксперименттік тапсырма

Металл мен шынының жылу өткізгіштігін салыстыру. Бір қолдарыңа жуан металл таяқша (мыс, темір, алюминий), екінші қолдарыңа жуан шыны таяқшаны алыңдар. Екеуінің де ұзындығы мен диаметрі бірдей болсын. Олардың ұштарын жанарғының жалынына ұстаңдар. Біраз уақыттан соң нені сезесіңдер? Болған құбылысты түсіндіріңдер.

Дескриптор Білім алушы

- ол таяқшаларды техника қауіпсіздігін сақтай отырып от жалынына ұстайды;

- ол таяқшалардың қайсысы тезірек қызатынын сезеді;

- эксперимент нәтижесін түсіндіреді.


2-тапсырма

Үйдің ауасын тазартып тұратын терезенің ашпалы көзі неліктен оның жоғарғы жағына, ал жылу батареясы терезенің төменгі жағына орналастырылады?

Дескриптор Білім алушы

- жылы ауа ағындары үнемі жоғары жақта жүретіндігін түсінеді;

- салқын ауа ағындары үнемі төменгі жақта жүретіндігін түсінеді;

- оны Архимед заңы арқылы түсіндіреді.


3-тапсырма

Климаты суық жерлерде тұрғын үй салу үшін жылу шығынын азайтатын шараларды ескеру керек. Жылу берілудің қандай түрлері бұл шығынға себеп болады? Оларды азайтуға арналған қандай ұсыныстарың бар?


Дескриптор Білім алушы

- жылу берілудің түрлерін сипаттайды;

- үй салғанда жылуөткізгіштігі төмен материалдарды қолдану керектігін айтады;

- жылу берілудің түрлерін салыстырады;

-болашақта салатын экологиялық үйінің жобасын ұсынады.


Білім алушылар бір-бірін басбармақпен бағалайды.


Жеке жұмыс.

Зерттеу тапсырмасы:

1.Термос ыстықты ыстық, суықты суық күйінде сақтайды. Термостың құпиясы неде?

Дескриптор

  1. Термостың құрылысын сипаттайды.

  2. Термостағы жылу берілу түрлерін жазады.

  3. Конвекция құбылысының болмайтындығын айтады.

  4. Жылуөткізгіштік құбылысы вакуумда болмайтындығын түсіндіреді.

  5. Сәуле шығару құбылысы боялған түсіне байланысты жылу берілудің азаятындығын дәлелдейді.

Қалыптастырушы бағалау түрі:өзін-өзі бағалау

Тәсілі: үлгіге қарап бағалау

Оқу түрі: жұптық жұмыс

Тапсырманы орындай алмаған үлкен қолдауға мұқтаж оқушыларға сурет беріп бағыттаушы сұрақтармен қолдау көрсетемін. Тапсырма: Суретке қарап, жылу берілудің қай түріне жататынын суреттеп беріңіз? (үлкен қолдауға мұқтаж оқушыларға арналған)

Дескриптор:

1. Жылу берілу түрлерін біледі

2.жылу берілу түрлерін бір-бірімен салыстыра алады.

Қосымша тапсырма: Сурет бойынша тәжірибе ойлап, қандай құбылысты бақылап отырғаныңды түсіндір


2. Жеке жұмыс.

«Plikers» АКТ әдісі арқылы оқушы білімін тексеру.

1.Жылу берілу құбылысына жатпайтыны?

А. Жылу өткізгіштік

В. Сәуле шығару

С. Броундық қозғалыс.

Д. Конвекция

2.Жылуөткізгіштік дегеніміз не?

A – қызған сұйықтықтың немесе газдың ұлғаюы және көтерілуі

B – қызған денеден инфрақызыл сәулелердің бөлінуі

C – көршілес молекулалар немесе атомдар арасында жылу энергиясының берілуі

D – кездейсоқ қозғалыс арқылы бөлшектердің таралуы

3.Конвекция дегеніміз не?

A – қызған сұйықтықтың немесе газдың ұлғаюы және көтерілуі

B – қызған денеден инфрақызыл сәулелердің бөлінуі

C – көршілес молекулалар немесе атомдар арасында жылу энергиясының берілуі

D – кездейсоқ қозғалыс арқылы бөлшектердің таралуы

4.Екі дене арасындағы тікелей жылу берілу әдісі қалай аталады?

A – жылуөткізгіштік

B – диффузия

C – конвекция

D – сәулелену

5. Мыналардың қайсысы жақсы жылу өткізгіш бола алады?

A – ағаш

B – шыны

C – темір

D – резеңке

6.Денелер әдетте қандай жағдайда жылу бөледі?

A – олар жоғары жылдамдықта қозғалғанда

B – олар қызған денелермен байланыста болған кезде

C – олар басқа денелермен соқтығысқанда

D – олар қоршаған ортасынан ыстығырақ болған кезде

7.Жылулық сәлелену дегеніміз не?

A – қызған сұйықтықтың немесе газдың ұлғаюы және көтерілуі

B – қызған денеден инфрақызыл сәулелердің бөлінуі

C – көршілес молекулалар немесе атомдар арасында жылу энергиясының берілуі

D – кездейсоқ қозғалыс арқылы бөлшектердің таралуы

8.Инфрақызыл сәлелер Күннен бізге жете ала ма?

A – иә, себебі ол ғарыштық вакуум арқылы тарала алады

B – жоқ, себебі ол вакуум арқылы тарала алмайды

C – жоқ, себебі ол бөлшектерден құралмаған

D – иә, бірақ тек ғарышта конвекция жүретіндіктен


Тест қорытындысы интерактивті тақтадан көрсетіледі.

Кері байланыс: Мадақтау, от шашу арқылы

Металл таяқшалар, шыны таяқшалар, спирт шамы



















































Термостың құрылысы көрсетілген сурет
















«Plikers» карточкалары

Сабақтың соңы

10-12 минут

Кері байланыс: «Құнды дерек»

...... туралы көп білдім.

Мен бұған таң қалдым, себебі .....

Мен .... .... сездім.

Мен .... .... қарадым.


Рефлексиялық пирамида


Үйге тапсырма:

1. Неліктен бір бөлменің тас едені ағаш еденге қарағанда суығырақ болып көрінеді?

2. Жаздыгүні күндіз қалың орман ішінде жерге қарағанда ағаштар арасында ауа жылырақ, ал түнде, керісінше ауа жер бетінде жылырақ болады?

3. Неге проекциялық аппараттардың, үлкен электр шамдардың, киноаппараттардың корпустарының жоғарғы және төменгі жақтарынан тесіктер жасайды?



Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті Оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз Оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

І.Саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» және «Қорытынды нәтиже» тәсіліне:

  • Дескриптор және жетелеуші сұрақтар сәйкес келеді.

ІІ. Саралаудың «Тапсырма» тәсіліне:

  • Топтық жұмыс

сәйкес келеді.

ІІІ. Саралаудың «Бағалау» тәсіліне:

  • «Басбармақ» «Бағдаршам» әдістері сәйкес келеді.

Осы тақырыпты оқушылардың сабақ кезінде нені үйренгендерін бағалау үшін пайдаланған әдістерім:

  1. БОвал 1 Овал 2 Овал 3 ағдаршам





  1. Оқушының өзін-өзі бағалуы

  2. Дескриптор

  3. Бас бармақ

  4. Бағалау критерийі

арқылы кері байланыс жүргізіледі.




Партада оқушылардың дұрыс отыруына, сынып тазалығына, интербелсенді тақтамен жұмыс жасауда және спирт шамымен жұмыс жасауда қауіпсіздік ережесіне көңіл бөлу.

Сабақ бойынша рефлексия





Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген Оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?


Қосымша 1

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар



Бағалау критерий

Тапсырма

Дескриптор

Иә

+

Жоқ

-

жылу берілу түрлерін анықтайды және салыстырады;






жылу берілу түрлеріне мысалдар келтіреді





жылу берілу түрлерін құрылыста және тұрмыста пайдалануын түсіндіреді;















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2019
5492
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12