жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жылу құбылыстардың тірі ағзалардың тіршілігінде алатын рөлі.
Қысқа мерзімді жоспар
|
Бөлімі: 8.1. Жылу құбылыстары Күні: Сынып: |
Мектеп: Жамбыл атындағы орта мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Жантасова Б.Д. Қатысқандар саны: Қатыспағандар: |
||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Жылу құбылыстардың тірі ағзалардың тіршілігінде алатын рөлі. |
||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сәйкес) |
8.3.2.4-әр түрлі температураларда тірі ағзалардың бейімделуіне мысалдар келтіру. |
||||
|
Сабақтың мақсаты |
Табиғат әлемінің температураға тәуелділігін ажырата алады. Тірі ағзалар мен өсімдіктердің температураларының өзгерісі кезіндегі қасиеттерін түсіндіреді. Климаттық жағдайға байланысты тірі организмдердің бейімділігін өмірмен байланыстыра алады. |
||||
|
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Білу және түсіну. |
||||
|
Бағалау критерийі |
Жылу құбылыстары туралы біледі.Жылу құбылыстарының тірі ағзада атқаратын рөлін түсіндіре алады. Тірі ағзалардағы қан айналым процестерінің орны мен пайдасын ажырата алады. Жылу алмасудың тірі ағзалар мен қоршаған ортаға әсерінің маңызын айта алады. |
||||
|
Тілдік мақсаттар |
Температураның тірі ағзаларға және қоршаған ортаға маңыздылығын айта алады. |
||||
|
Лексика және терминология |
температура, жылу алмасу, ауа қабаттары терминдерін диалогта және жазуда еркін қолдана алады. |
||||
|
Диалогқа жазуға қажетті сөз тіркестері |
дененің жылулық күйін сипаттайтын шама-...................................... Географиялық жағдайына қарай қалыптасқан ауа райының көпжылдық режімі-------- ......................тірі ағзаларда жылулық тепе-теңдікті қалыпқа келтіретін қабат |
||||
|
Құндылықтарға баулу |
Құрмет,ынтымақтастық, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке топтық, жұптық жқмыс арқылы дарытамын. |
||||
|
Пәнаралық байланыс |
Биология. Зат алмасу процестерінің тірі ағзалар үшін маңызы География .Жер шарының климаттық ерекшеліктері. Жаратылыстану. Адам және табиғат. |
||||
|
Алдыңғы білім |
жылу берілу түрлері, температура ұғымы,тірі ағзалардың табиғи ерекшеліктерін түсіндіре алады. |
||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс әрекеттер |
Ресурстар |
|||
|
Сабақ басы 5-8 мин |
1.Сәлемдесу. 2. Сыныпты түгелдеу 2. «Алақаннан-алақанға» әдісі арқылы сыныпта ынтымақтастық ахуалды қалыптастырамын. «Суретіне қарап таны» әдісі арқылы топтарға бөлемін.
І топ «Климат» ІІ топ «Температура» ІІІ топ «Ағза»
3."Миға шабуыл" әдісі 1.Ауа массаларының қозғалысындағы конвекция мен сәулеленудің рөлі қандай? . Дескриптор: Сұйықтар мен газдардағы ауа массалары қозғалысының рөлін айтады. 2.Қазақстандағы жылыжайлар мен көшетханалардың маңызы неде? Дескриптор: Төменгі температураларға төзімсіз өсімдіктерді өсіру үшін қолданылатынын айтады. 3.Оқукабинетіндегі жылу батареясы төмен, керісінше салқындатқыштар жоғары орнатылған себебін түсіндіріңіз. Дескриптор:Оқу кабинетіндегі жылу алмасу процесі туралы түсіндіріп береді.
"От шашу" әдісі арқылы бағаланады. |
|
|||
|
Сабақтың ортасы 20-25 мин |
«Дереккөздер» әдісі. І топ Адам ағзасы тоңғанда қандай реакция болады. Дескриптор: Температура төмендегенде адам ағзасында болатын өзгерістерді айтады. ІІ топ Пингвин -70°С-та жұмыртқалайды ,ал шөл тасбақасы +80°С құм бетімен еркін жүре алады.Неліктен деп ойлайсыз? Дескриптор: Әртүрлі температураларда тірі ағзалардың бейімділігін айтады. ІІІ топ Эксперименттік тапсырма. Бөлме температурасында матадан тігілген қолғапты киіп,бір қолды суға батырып аламыз.Температура өзгерісін сездіңіз бе? Түсіндіріп көріңіз. Дескриптор: Өз ағзаларындағы температура өзгерісін анықтайды. "Бағдаршам" әдісі арқылы бағаланады. "Кейс стади" әдісі бойынша топтық жұмыс орындалады. І топ.Неге аяқ киім тар болса аяқ тоңады? Дескриптор: Аяқ киім тар болса аяқ тоңатынын өмірмен байланыстыра алады. ІІ топ. Қыста бұтақта қонақтаған торғай мамығын қомпайтып тұратынын түсіндір Дескриптор: Ауа көлемін арттыру себебін түсіндіріп береді.. ІІІ топ. Анабиоз ұғымын қалай түсінесің? Ол қандай жануарларға тән? Дескриптор: Анабиоз ұғымының анықтамасын айта алады. Кейбір ағзалардағы тіршілік процестерінің өзгерісі туралы баяндайды. |
Оқулық Физика 8-сынып Оқуға қажетті құралдар қолданады ? (Дәйеккөз.ВВС prior com@mail.ru)
Ұялы байланыс.Google Экспериментке қажетті құралдар (қолғап, ыдыс, жылы су)
«Басбармақ" әдісімен топтар арасында бағалау
|
|||
|
Сабақтың соңы 5-7 мин |
Кері байланыс: Үш минуттық эссе. Білім алушылар топтар арасында өзара сұрақ-жауап алмастыру арқылы оқиды. Топ ішінде талқылайды. Дәптермен жұмыс. Оқушылар алмастырған сұрақтың жауаптарын дәптерге жазып алады. І топ «Жылулық құбылыстың тіршіліктегі ролі туралы түсінік» Дескриптор: Жылулық құбылыстардың тірі ағзалалардағы алатын орнын айта алады. ІІ топ « Фотосинтез туралы түсінік» Дескриптор: Фотосинтезді оқығанын айта алады ІІІ топ «Климат пен ауа райы туралы түсінік». Дескриптор: Климат пен ауа райының географиялық жағдайға байланысты болатынын түсіндіре алады. Рефлексия: «ББҮ» әдісі бойынша түсінгендігін анықтадым.
Үй тапсырмасы : Іздену жұмысы:Цитрус өсімдіктерін Қазақстанда өсіру үшін қандай нысандар тұрғызуға болады..(Эссе жазу) Бағалау критерийлерін оқушылар өздері құрастырады. Білімділер сайты. |
|
|||
|
Саралау - Сіз қандай тәсілмен қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз? |
Бағалау Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік ережесін сақтау |
|||
|
Бүгінгі сабақта саралап оқытудың мына тәсілдері қолданылды: Қабілетті оқушыларға 1.Үй тапсырмасын сұрауда: "Миға шабуыл" әдісі бойынша сұраймын. "Дереккөздер" әдісі топтық жұмыс. Әртүрлі температурада тірі ағзалардың бейімділігі туралы оқып білуге дереккөздерге нұсқау беріледі. Оқушылар тиісті ресурстар арқылы оқиды, топ ішінде талқылайды. 2.«Кей стади» әдісі. Әр топ өмірмен байланыстырылған тапсырмаларға жауап тауып, өзара талдау жасайды "Кері байланыс Үш минуттық эссе "әдісі Жеке және топпен жұмыс жүргізіледі.Әр оқушыдан бастап әр топқа дейін жауап алмасу арқылы оқиды бірін-бірі оқытады. |
Сабақта қалыптастырушы бағалау жүргізілді: Басбармақ, бағдаршам, от шашу арқылы бірін-бірі бағалайды, оқушылар өзін-өзі бағалауы, мұғалімнің мадақтауы. Осы бағалау арқылы мен оқушыларға кері байланыс бере отырып, өз қателіктерін түзетуге мүмкіндік беремін. |
Оқушылар сабақта сергек отыру үшін алдын ала бөлме терезелерін ашып, желдетіп,ауасы тазартылады. |
|||
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? |
Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланaмыз, сол бағандағы өзіңіз маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||
|
Мен бүгінгі сабаққа қойған мақсатыма қол жеткізе алдым деп ойлаймын. Өйткені, бағалау криитерийлеріне оқушылар дескрипторлар арқылы шықты. Әр оқушылар өздерінің деңгейлерін біле отырып, келесі сабақтарда талпына бастайды деп ойлаймын. Саралау өте тиімді жүргізілді. Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландым. Сабақ жоспарында ауытқулар болмады. |
|||||
|
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)«Дереккөздер» әдісі бойынша түрлі ресурстармен жұмыс жақсы жүзеге асырылады. 2. «Сен маған-мен саған» осы әдіс менің сабағымда тиімді болады.Оқушылар өзгені оқыту арқылы өзі оқиды. Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді ( оқыту мен оқуға қатысты )?
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? 1. Келешектегі сабағымда көптеген белсенді әдіс –тәсілдерді, саралау тәсілдерін тиімді пайдаланамын. |
|||||
Қосымша 1
Бағалау
парағы
|
№ |
Бағалау критерийі |
Тапсырмалар |
Дескриптор |
Ия |
Жоқ |
|
1 |
Жылу берілу мен жылу алмасудың . тіршілік үшін алатын рөлін түсіндіре алады. |
1 |
1 Сұйықтар мен газдардағы ауа массалары қозғалысының рөлін айтады. 2.Төменгі температураларға төзімсіз өсімдіктерді өсіру үшін қолданылатынын айтады. 3.Оқу кабинетіндегі жылу алмасу процесі туралы түсіндіріп береді. . |
|
|
|
2 |
Әртүрлі ағзалардың температураға байланысты климатқа бейімділігін түсіндіре алады. |
2 |
1.Температура төмендегенде адам ағзасында болатын өзгерістерді айта алады. 2.Әртүрлі температураларда тірі ағзалардың бейімділігін айтады. 3.Өз ағзаларындағы температура өзгерісін анықтайды. |
|
|
|
3 |
Тірі ағзалардың биологиялық өзгерісін өмірмен байланыстыра талдайды |
3 |
1 Тар аяқ киімнен аяқтың тоңу себебін біледі 2.Құстың қыста мамығын қомпайту әдетін түсіндіреді. 3.Алған білімдерін өмірмен байланыстыра талдайды. |
|
|

шағым қалдыра аласыз







Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген