Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Жылуалмастырғыш аппараттарды жөндеу жұмыстарын орындау
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі
Сабақ жоспары
Сабақ тақырыбы: Жылуалмастырғыш аппараттарды жөндеу жұмыстарын орындау
Модуль/пән атауы:« Өндірістік оқу практикасы»
Дайындаған педагог:Титумбаева Назира
20_жылғы «03» 12
1.Жалпы Мәліметтер
Курс, оқу жылы, топ 3-курс, 2020/2021, 133-топ
Cабақ типі:Тәжирібе
2. Мақсаты, міндеттер
2.1 Оқу сабақтар барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі
3. Сабақты жабдықтау
3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар,анықтамалық әдебиеттер
3.2 Техникалық құралдар, материалдар
4. Сабақтың барысы
Қаптама құбырлы жылу алмастырғыш аппараттар жылуалмас-тырғыштар, тоңазытқыштар, конденсаторлар және буландырғыштар ретінде қолданылуы мүмкін. Жылуалмастырғыштар жылыту және салқындату үшін, ал тоңазытқыштар – сұйық және газ күйіндегі орталарды салқындату үшін (сумен немесе басқа уытты емес, өрт- және жарылысқауіпті емес тоңазытқыш агентпен) қолданылады. МСТ 15120–79 және МСТ 15122–79 бойынша қаптама құбырлы жылуалмастырғыштар мен тоңазытқыштар екі типті: Н – құбырлы торы қозғалыссыз болатын және К – қаптамасы мен құбырларының температуралық ұзаруы бірдей емес болатын линзалы конденсаторы бар болады. Н типті аппараттар үшін қаптама мен құбырлардың небары үлкен рұқсат етілген температураларының айырмасы, қаптама мен құбырлардың материалына, қаптамадағы қысымға және аппарат диаметріне байланысты 20–60 градус болуы мүмкін. Жылуалмастырғыштар мен тоңазытқыштар горизонталды немесе вертикалды орнатылуы мүмкін және құбыр кеңістігі бойынша бір-, екі-, төртжәне алтыжолды болуы мүмкін. Конструкциясының құбырлары, қаптамасы және басқа да элементтері көміртекті немесе тот баспайтын болаттан, ал тоңазытқыштардың құбырлары жезден жасалуы мүмкін. Жылуалмастырғыштар түрлері.Абсорбция, ректификация және т.б. масса және жылу алмасу процестерін жүзеге асыратын химиялық өнеркәсіпте қолданылатын жылуалмастыру аппараттары қолданылуы, жылу беру тәсілдері, жылу тасымалдағыштардың жылжу тәртіптері және т.б. сипаттамалары бойынша жіктеледі. 1) Қолданылуы бойынша: - жылытқыштар; - тоңазытқыштар; - конденсаторлар; - буландырғыштар; - дестиляторлар. 2) Жылуды беру тәсілі бойынша: - беттік жылу алмастырғыштар – жылумен алмасатын орталар арасында жылу қабырға арқылы беріледі (қапатма құбырлы, құбыр ішіндегі құбыр); - араластыру жылу алмастырғыштары жылу бір ортадан екінші ортаға олар тура жанасқанда беріледі; - батырылатын жылу алмастырғыштар диаметрі 15-75 мм болатын жыланшалар сұйықтың көп мөлшеріне батырылған. 3) Жылу тасымалдағыштардың жылжу схемасы бойынша: - тура ағын, екі жылу алмастырғыш параллель бір бағытта жұмыс істейді; - қарсы ағын, екі жылу алмастырғыш параллель қарсы бағытта жұмыс істейді; - айқасқан ағын, жылу тасымалдағыштар перпендикулярлы жылжиды; - аралас ағын; қарсы және тура ағын бірге қолданылады. 4) Жылу тасымалдағыштардың жолдары бойынша біржолды және көпжолды болады. Жылу алмастырғышта бір жылу тасымалдағыш құбырға, екіншісі құбыр аралық кеңістікке беріледі. 5) Жұмыс істеу принципі бойынша: - үздіксіз; - мерзімді. 6) Жылу алмасу бетінің түрі бойынша: - құбырлы (тура, U-тәрізді, спираль, жыланша); - пластиналы. Төменде химиялық өнеркәсіпте маңызды жылуалмастырғыш аппараттарының кейбір өкілдері келтірілген: 1) Қаптама құбырлы жылуалмастырғыш. Жылу алмастырғыш қаптамадан, құбырлардан, құбыр торларынан тұрады. Құбырлар торларына құбырлар шоғы орнатылған (пісірілген). Құбыр торларына қақпақтар бекітіледі. Бұл біржолды жылу алмастырғыш. Қаптама құбырлы жылу алмастырғышта жылумен алмасатын орталардың бірінші құбырлар ішінде жылжиды, ал екінші құбырлық кеңістікте жылжиды және орталар қарамақарсы бағытта жылжуы керек. Жылытылатын орта жоғары қарай, ал жылу беретін орта төмен бағытта жылжиды. Сұйық шығындары төмен болғанда жылу алмастырғыштар жылдамдығы төмендейді, сондықтан жылу беру коэфициенті төмендейді. Бұл көрсеткіштерді жоғарлату үшін құбырлар диаметрі кішірейту қажет және құбырлар ұзындықтарын ұлғайту қажет. Бірақ мұндай жылу алмастырғыштарды монтаждау қиын. Бөлмелері биік болуы тиіс және металдар көп қажет, сондықтан көпжолды жылу алмастырғыштар корпус құбырлар, тор, қақпақ, біржолды жылу алмастырғыштардағыдай. Артықшылығы: қақпақтарда көлденең арабөлгіштер бар. Олар құбырларды секцияларға бөледі. Бұл секцияларда құбырлық кеңістіктегі зат жылжиды. Көпжолды жылу алмастырғышта құбырлық кеңістіктегі жылу тасымалдағыштың жылдамдығы жолдар санына байланысты артады. Құбыр аралық кеңістіктегі ортаның жылдамдығымен жылжу жолын ұзарту үшін сигментті арабөлгіштер орнатылады. Бір және көпжолды жылу алмастырғыштар вертикалды және горизонталды болады. Вертикалды жылу алмастырғыштарды эксплуатациялау қарапайым және аз өндірістік ауданды алады. Горизонталды жылу алмастырғыштар әдетте көпжолды және жоғары жылдамдықпен істейді. Қаптама және құбырлар арасындағы температуралар айырмасы үлкен болғанда, құбырлар ұзын болғанда және құбырлар мен қаптамалар материалдары әртүрлі болғанда температуралық деформациялар болуы мүмкін. Оны болдырмау үшін линзалар компенсаторлары бар. Қаптама құбырлы жылу алмастырғыштар қолданылады. Қысым 6 атмосферадан артық болғанда қолданылады. Егер құбырлар мен қаптаманың бір-біріне қатынасты көп орын ауыстыруы бақыланса, онда қозғалтқыш басы бар жылу алмастырғыш қолданылады. Төменгі құбырлар торы қозғалтқыш болады. Сондықтан құбырлар шоғы аппарат корпусына тәуелсіз қозғалады. U тәрізді құбырлары бар қаптама құбырлы аппарат конструкциясы қарапайым және жеңіл. Себебі құбырлар торы біреу. Тазалау жеңіл. Жылу алмасу интенсивті жүреді. Кемшіліктері: Құбырлардың ішін тазалау қиын. Тордан көп құбырлар орналастыру мүмкіншілігі жоқ 2) Құбыр ішіндегі құбыр жылу алмастырғыштар. Бір-біріне жалғанған құбыр элементтерден тұрады. Бір жылу тасымалдағыш ішкі құбырмен екінші құбырмен жылжиды немесе ішкі және сыртқы құбырлар арасындағы кеңістікпен жылжиды. Ішкі құбырлар диаметрі 57-108 мм қалаштармен жалғанады. Сыртқы құбырлар диаметрі 76-159 мм құбыршалармен жалғанады. Құбырлық және құбыр аралық кеңістіктер диаметрлері кішкентай болғандықтан, бұл жылу алмастырғыштарда жылдамдық жоғары (1-1,5 м/с). Артықшылықтары: жылу беру коэффиценті жоғары; аппараттың массасына бірлігіне түсетін жылу жүктемелері жоғары; ластанулар аз болғандықтан, жылу тасымалдағыштар жылдамдықтары жоғары. Кемшіліктері: үлкен; көп металдар қажет етеді. 3) Батырылған жылу алмастырғыштар. Батырылған жыланшалы жылу алмастырғыш тамшылы сұйық газ немесе бу диаметрі 15-75 мм болғандықтан, иректелген жыланшаның ішінде жылжиды. Ол аппарат корпусы сұйыққа батырылған. Жыланша орналасқан корпус көлемі үлкен болғандықтан, корпус ішіндегі сұйық жылдамдығы төмен. Сондықтан жыланша сыртындағы жылу беру коэффициенті төмен. Оны жоғарлату үшін корпус ішіне стакан орнатылады. Жыланша арнайы конструкциямен бекітіледі. 4) Суланатын (оросительный) жылу алмастырғыш. Бір-бірінің үстінде орналасқан құбырлар қалаштар арқылы жалғанады. Құбырлар параллель вертикалды секциялардан тұрады. Салқындатқыш су жалпы коллектордан беріледі. Жыланшалар үстінен сумен суланады. Су тамшылар немесе ағыстар ретінде бірқалыпты ағуы үшін шеттері ирек болатын, арнайы астау көмегімен беріледі. Жыланшалар астында қолданылған суды жинап алуға арналған астаушалар орналасқан. Бұл жылу алмастырғыштар конденсатор және тоңазытқыштар ретінде қолданылады. Артылықшы-лықтары: су шығыны төмен; конструкциясы қарапайым; құбырлардың сыртқы бетін тазалау жеңіл. Кемшіліктері: үлкен; құбырлардың сыртқы бетінің сулануы бірқалыпты емес; құбырлардың төменгі бөлімдері сумен аз суланады. Сондықтан жылу алмасу процесіне аз қатысады; коррозияға ұшырайды және су тамшылары жан-жаққа шашырайды. 5) Пластиналы жылу алмастырғыш. Гафрирленген параллель пластинадан тұрады. Олар қабырғалары иректелген жіңішке каналдар (3-6 мм) түзеді. Жылу тасымалдағыш сұйықтар көршілес пластиналар арасында жылжиды да, әрбір пластинаның қарсы қабырғасына жылуды береді немесе қабылдайды. Сұйық штуцер арқылы беріледі. Тақ каналдармен жылжиды және штуцер арқылы шығарылады. Сұйық штуцер арқылы беріледі. Жұп каналдармен жылжиды және штуцер арқылы шығарылады.
5. Сабақ бойынша рефлексия
6. Үй тапсырмасы
1. Қаптама құбырлы жылу алмастырғыш аппараттар турал түсінік?
2. Конструкциясының құбырлары тралы?
3. Жылуалмастырғыш аппараттары туралы түсінік?
7. Бағалау
Сураққа жауап берген студенттер ЕДУС арқылы бағаланады.