Жыр. «Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жырдың» композициялық құрылымы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жыр. «Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жырдың» композициялық құрылымы

Материал туралы қысқаша түсінік
8-сыныптарға арналған қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша қысқа мерзімді жоспар. Бұл "Атамұра" баспасы бойынша жасалған 1-тоқсан материалдар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Қазақ әдебиеті

2-сабақ


Бөлім:

1-бөлім: «Дананың сөзі- ақылдың көзі»

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты :

Күні:

Сынып: 8

Қатысушылар саны:


Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы

Жыр. «Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жырдың» композициялық құрылымы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.1.1.1 – әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау;

8.2.1.1 – композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау.

Сабақтың мақсаты

Әдеби шығарманың сюжеттік желілерін, эпилог, прологтерін анықтайды;

Шығарма композициясын тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдай алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Білім алушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың

басталуы

5 минут



























Сабақтың

ортасы

15 минут





5 минут


















5 минут

















5 минут





































5 минут















5 минут





Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу. Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру;

Психологиялық ахуал

«Өзіңізге тілегенді басқаларға тілеңіз!»

Ой шақыру

«Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ

туралы жырдың» сюжеті халық ауыз әдебиетіндегі қандай батырлар жырымен ұқсас?

Қадым замандарда ислам діні

Қыпшақ даласына келгенге дейінгі дәуірлерде айтыла бастаған жыр. Жырдың сюжеті «Алпамыс батыр» жырына өте жақын. Бұл жырда қазақ

қауымына тән салт-сана, әдет-ғұрып басым болып келеді.

Мәселен, жаңа туған ұл (Бамсы-

Байрақ) мен қызды (Бану-Шешек) бесікте жатқан кезінде атастырып қою – қазақтардың көне дәуірден келе жатқан

салты. Бұл салтты оғыздар да,

қыпшақтар да берік ұстанған.


1-тапсырма

Жигсо әдісімен «Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жырды оқу

1-топ: 16-бет

2-топ: 17-бет

3-топ: 18-бет

4-топ: 19-бет

2-тапсырма

Жұптық жұмыс

«Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жырдың композициялық құрылымына талдау

Жырдың композициялық құрылымын жазыңыз.

Оқиғаның басталуы ____________

Оқиғаның дамуы __________

Оқиғаның байланысуы ____________

Оқиғаның шиеленісуі _____________

Оқиғаның шарықтау шегі _________

Оқиғаның шешімі _______________

3-тапсырма

1) Берілген үзінді арқылы автордың әке мен баланың бойында болуға тиісті қандай қасиеттерді басты мақсат еткенін талдаңыз.

Сол кезде көпестер келіп,

бастарын иіп, Байбөріге сәлем берді. Қараса, баяғы жауды жеңіп,

қан төккен жігіт Байбөрінің оң жағында отыр екен. Көпестер балаға жақындап келіп, оның қолынан сүйді. Бұған Байбөрі бек шамданып:

«Иттен туған құрбандыққа жарамас» деген. Әкесінің қасында отырған баланың қолынан сүю көргенсіздік болады», – деді.

2) Шығарма сюжетіндегі мына үзінді шығарманың қай бөлігінде кездесті? Онда қандай салт-дәстүр туралы айтылады?

Сюжет

Түсіндірме

Қорқыт: «Мен сенің аспанмен таласқан қара тауыңның басына шықсам деп келдім, суы гүрілдеп аққан мөлдір суыңнан өтсем деп келдім, мен сенің кең етегіңнен еніп, тар қолтығыңа сыйсам деп келдім. Көктің бұйрығы, тәңірдің жолы деп, мен сенің айдан ақ, күннен сұлу қарындасың Бану Шешекті Бәмсі Байраққа алып кетсем деп келдім»



4-тапсырма (оқулықтан)

Үзіндіні оқи отырып, жалғасын өз ойларыңмен қорытындылаңдар. «Күндерден күн өтіп, тәңірі Байбөріге ұл, Байбіжанға қыз берді. Мұны есіткенде бүкіл оғыз елі қуанып, той жасады. Байбөрі бек өзінің саудагерлерін шақырып алып, бұйрық берді: «О, саудагерлерім, тәңірі мені жарылқап ұл берді. Балам өскенше Рум еліне барып, соған жақсы қару-жарақ әкеліңдер», – деді. Саудагерлер жол шегіп, Стамбұлға келді. Бағалы бұйымдар, оған жақсы тартулар сатып алды. Олар Байбөрі баласына бір теңіз айғырын (су жылқысын), бір емен садақ, бір күрзі (шоқпар) сатып алды. Сөйтіп, еліне қайта тартты. Бұл уақытта Байбөрінің баласы бес жасқа толып еді. Одан соң ол онға, он беске толды. Өзі сұлу, жақсы жігіт болып өсті».

ЕББҚ оқушыға тапсырма

«Синквейн» стратегиясын қолданып, Бамсы Байрақ образына бесжолды өлең құрастырыңдар.

Бірінші жол – тақырып бір сөзбен беріледі (зат есім)

Екінші жол – тақырыпты екі сөзбен сипаттау (сын есім)

Үшінші жол – тақырыпқа қатысты қимыл атауынан үш сөз жазу (етістік) Төртінші жол – төрт сөзден тұратын бір сөйлем.

Бесінші жол – тақырып мәнін ашатын бір синоним сөз.

Қорытындылау

«Пирамидалық кесте» бойынша «Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жырды талдау.

1. Тақырып -

2. Кейіпкер бейнесі –

3. Оқиға орны -

4. Оқиға барысында

туған қиыншылықтар-

5. Тақырыпты ашатын бірінші

оқиға –

6. Екінші оқиға -

7. Үшінші оқиға –

8.Тақырыптың шешімі –


Үйге тапсырма: 4-тапсырма


Рефлексия




Психологиялық ахуал

«Өзіңізге тілегенді басқаларға тілеңіз!»

Әр оқушыға 10-15 секунд уақыт аралығында ішінде өзіне бір немесе бірнеше ізгі тілек тілеу тапсырылады. Содан кейін қатысушылар жұпқа бөлініп, бір-бірінің қолынан алып, жаңағы өзіне тілегенді жұптасына айту керек. Мұғалімнің да бұл іске қатысқаны дұрыс. Тілектерді бір-біріне топ ішінде де айтуға болады.




Топтарға мәтін бөлігі таратылады. Мәтін бөлігін оқып, өз топтарында талқылайды. Талқылауға аз ғана уақыт беріледі. Бастапқы топқа қайта келіп, қолдарындағы мәтін бөліктерін құрастырады. Топтарға мәтіннің толық нұсқасы таратылады. Толық мәтін мазмұнымен танысып, мәтін желісін топ мүшелері бірлесіп отырып аяқтайды.



«Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жырды оқып, жырдың композициялық құрылымына талдау жасайды.


Оқиғаның басталуы: Баяндүр ханның той жасауы.

Оқиғаның байланысуы: Байбөрі мен Байбіжанның әлі дүниеге келмеген балаларын атастырып қоюы. Байбөрі бектің перзентті болуы

Оқиғаның дамуы: Байбөрі бектің саудагерлерді Рум еліне жұмсауы

Бамсының өсіп ержетуі.

Оқиғаның шиеленісуі: Судагерлердің гәуірлердің қолына тұтқынға түсуі

Оқиғаның шарықтау шегі:

Байбөрінің баласы тұтқынға түскен саудагерлерді құтқаруы

Оқиғаның шешімі: Қорқыттың балаға ат қоюы.

Оғыз елі бектерінің берген батасы



Үзінді арқылы автордың әке мен баланың бойында болуға тиісті қандай қасиеттерді басты мақсат еткенін талдайды.




Шығарма сюжетіндегі берілген үзінді шығарманың қай бөлігінде кездескендігін, қандй-салт дәстүр туралы айтылатындығын анықтайды.











Үзіндіні оқи отырып, жалғасын өз ойларымен қорытындылайды.












«Синквейн» стратегиясын қолданып, Бамсы Байрақ образына бесжолды өлең құрастырады.









«Пирамидалық кесте» әдісі

1. Тақырып - батырлық

2. Кейіпкер бейнесі – ақылды, батыл

3. Оқиға орны - оғыз-қыпшақ тайпалары арасында

4. Оқиға барысында

туған қиыншылықтар –

Баяндүр хан тойында Байбөрі бектің перзентті болмағанына қамығып, қайғыруы, қара гәуірлердің саудагерлерді Оник қамалында тұтқындап алуы

5. Тақырыпты ашатын бірінші оқиға – Байбөрі бектің перзентті болуы

6. Екінші оқиға - Байбөрі бектің саудагерлерді Рум еліне жұмсауы.

7. Үшінші оқиға – Тұтқынға түскен саудагерлерді Бамсының құтқаруы

8.Тақырыптың шешімі –

Байбөрі барлық оғыз елінің бектерін шақырып, той қылуы, Қорқыттың балаға ат қоюы.


Оқушылар бүгін сабақтан өтілген тақырып бойынша идеяларды жинақтап, не түсінбегенін анықтап, рефлексия жасайды.




Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Тамаша! Керемет!








Дескриптор

Білім алушы

-жырдың композициялық құрылымын талдайды,

-шығарма сюжетіндегі салт-дәстүрлер туралы айтады,

-шығарма үзіндісіндегі ойды талдайды,

-әке мен бала бойында болуға тиісті қасиеттерді атап көрсетеді.






Бағалау




Дескриптор

Білім алушы

-үзінді бойынша автор мақсатына талдау жасайды,

-үзіндідегі салт-дәстүр түрін анықтайды,



Дескриптор

Білім алушы

-үзіндінің негізгі ойын түсіндіреді,

-үзіндінің жалғасын өз ойларымен қорытындылайды.












Дескриптор

Білім алушы

-тақырыпты анықтайды,

-кейіпкер бейнесін сипаттайды,

-оқиға орнын анықтайды,

-оқиға барысында туған қиыншылықтарды сипаттайды,

-оқиғаны ашатын оқиғаларды баяндайды,

-тақырыптың шешімін айқындайды.

Оқулық

8-сынып

«Атамұра» баспасы

2018жыл







Оқытуда

ғы жаңа әдіс-тәсілдер қоржынынан Есбосын Нағиша Қожаққызы


     






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2024
261
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі