400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жыраулар поэзиясы. Доспамбет жыраудың толғаулары

Материал туралы қысқаша түсінік
Жыраулар поэзиясы. Доспамбет жыраудың толғаулары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім: ХV-ХVIII ғасырлардағы жыраулар поэзиясы

Мектеп: Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 ОМЛ


Күні: 11.12.2018

Мұғалімнің аты-жөні: Садуақасова А.Д


Сынып: 9 «А»

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:


Сабақтың

тақырыбы:

Жыраулар поэзиясы. Доспамбет жыраудың толғаулары



Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары:

  1. 15 ғасырдағы тарихи- саяси жағдай, жырау, толғау туралы түсініктерін кеңейту;

  2. Доспамбет жыраудың өмірі , шығармашылығы туралы мәліметтер беру және толғаулары арқылы ақын ойын, оның өмірлік мақсаттары мен рухани әлемін, көзқарасын білуге жетелеу;

  3. Толғауларының тілдік көркемдік ерекшеліктерін таныту;


Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: Оқулықтағы және қосымша мәліметтерді түсінеді. Сұрақтарға жауап береді.


Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды.


Кейбір оқушылар орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. Толғаулардың идеялық мазмұнын ашып айтады



Бағалау критерийлері:


Дескриптор


  1. Мәтіннен қажетті ақпаратты табады, зерттеу жүргізіп, мәселе бойынша ойын тұжырымдайды

  2. Жырау толғауларының идеясын анықтап, дәлелдер келтіреді

  3. Толғаулардағы көріктеуіш құралдарды табады, қолданысын талдайды


Тілдік мақсаттар

Жыр-Жыр (көне түркі тілінде - иыр). 1) кең мағынада, поэзиялық шығармалардың жалпы атауы. Көне түркі тіліндегі "иыр" сөзі де қазіргі "поэзия" терминінің мағынасында қолданылған.

Жыршы-Жыршы – жыр айтушы, таратушы. Қазақ ауыз әдебиетінде өлең, жыр шығаратын, қисса, толғау, дастан айтатын адамдар “жырау”, “жыршы”, “ақын”, “өлеңші” “термеші” деп аталған

«Жырау — өз жанынан шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі, «жырау» атауы «жыр» сөзінен туындайды» деген түсінік жырауға...

Жырау- жырлау, жыр айту, жырламақ сөзінен келіп шыққан.

Рапсодия[1] (грек. rhapsodіa — ән айту немесе эпик. поэманы әндетіп тақпақ түрінде айту) — халық жырлары тақырыптарында жазылған музыкалық шығарма. Барлық далалық жырлар қобыздың сүйемелдеуімен тақпақтап айтылады деп көрсеткен. Ол халық әуендері (ән мен би) негізінде, вокалдық немесе аспаптық формада орындалады.Ш.Уәлиханов («Қазақ халық поэзиясының түрлері жөнінде»)



Толғау- жыраулар поэзиясында кездесетін жанр. Толғау жанры ауызша жеткен. Толғауда терең азаматтық әуен, ірі қоғамдық- әлеуметтік мәселелер, жақсылық пен жамандық ақыл-өсиет, насихат түрінде жырланады.


Азау- Азов теңізі

Азау қаласы- Ресей Астрахань маңы

Ақ Жайық- Ресей федерациясы мен Қазақстан республикасы жеріндегі өзен.

Тұжырымдамалық карта» әдісі арқылы түсінбейтін сөздердің мағынасын табады.

Бұлан - үлкен мүйізді,аша тұяқты,бұғы тектес ірі аң.

Ақ балта - ақ түсті болаттан жасалған,сабына күміс жалатқан айбалтаның түрі;соғыс қаруы.

Сайгез оқ - сайгез деген топ-тобымен ұшатын құс.Бұл жерде; сол құсқа ұқсас деген мағынада

Масақ - 1)дақылдардың атызда қалған дәнді басы.Бұл жерде 2)көне зат:садақ оғының ұшы,үшкір жағы.

Күдері - жұмсақ етіп иленген қайыс. Күдері белбеу, күдері қамшы, күдері шылбыр деген сөздермен бірге қолданылады.

Кіреуке - ескілікті сырт киімнің бір түрі


ҚБ: «Бетерброд» бірінші жағымды түсініктеме беріп, кейін құрылымды сын айтып, соңынан тағы да жағымды пікір білдіреді.


5-тапсырмаС. Талқылауға арналған сұрақтар1.Ақынның арманы қандай болды?2.Ақынның арманы қазіргі таңда орындалды ма?3.Толғауда ақынның қандай көңіл-күйі берілген? Неліктен?

ҚБ. ЖҚБА Жақсы... Қызықты... Бөгет жасады... Алып кетер едім... Әр оқушы мүмкіндігіне қарай бұл сұрақтарға шынайы жауап береді.


Ойлау дағдыларының деңгейі

Талдау, бағалау


Құндылықтарға баулу

Тарихтың, мәдениет пен тілдің, әдебиеттің біртұтастығы құндылықтары бойынша оқушылардың бойына ата –бабаларымыздың ұлы істерін дәріптеу, тарих пен мәдениетті қастерлеу сезімдерін дарыту.


Пəнаралық байланыс

Қазақстан тарихы, география


Алдыңғы білім

Асан қайғы толғаулары


АКТ

Интербелсенді тақта


Сабақ барысы:



Сабақ кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар



Сабақтың басы:

5 минут


Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,оқушыларды түгендеу

Психологиялық ахуал орнату- өлең оқу

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер.

«Сабаққа кіру» билетін тарату Доспамбет жыраудың толғаулары арқылы топқа бөлу:

  1. «Айнала бұлақ басы- Тең»- Зерттеушілер

  2. «Айналайын, Ақ Жайық»- Тарихшылар

  3. «Қоғалы көлдер, қом сулар»- Әдебиетшілер

  4. «Тоғай, тоғай, тоғай су»- Жыраулар

Үй тапсырмасын тексеру:

Сұрақтар дайындау(оқушылардың мәтін бойынша дайындаған сұрақтары)

«Жадымда жыр жолдары» жаттаған толғауларын сұраймын:

  1. «Еділ бол да, жайық бол»

  2. «Есті көрсең, кем деме»

  3. Бұл заманда не ғаріп?


«Бір сөйлем» стратегиясы арқылы үй тапсырмасын сұрап қорытындылаймын.

(жаңа сабақ)


Қызығушылығын ояту: «Зерделі сұрақ- ойлы жауап»сұрақ- жауап арқылы

  1. Тарихи- саяси жағдай әдебиетте көрініс таба ма? (оқушылардың жауабы).

XV ғасырдағы тарихи жағдай. XV ғасырда қалыптасқан саяси-тарихи жағдайлар қазақ халқының ұлттық мемлекет болып құрылуына елеулі ықпал етті

  1. Жырау деп кімдерді айтамыз?

Жырау – өз жанынан жыр шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі. Қазақтың көне дәстүрлі қоғамында халықтың рухани көсемі, қоғамдық пікір қалыптастырып, ұлт пен ұлысты ұйыстыруға ұйытқы болатын қайраткер ролін жыраулар атқарған. Сондықтан да олармен хандар, сұлтандар, хан кеңесінің мүшелері, т.б. санасып, ақыл-кеңесін тыңдап отырған. Жыраулар жаугершілік заманда жорықтарға қатысып, ел қорғау, жерді сақтау жолында қолына қылыш ұстап, қарына найза ілгендері де бар тарихта. Ал олардың елдік пен азаматтық тақырыптарға арналған өлең-жырлары адам көңілін аулар әсерлілігімен, мірдің оғындай өткірлігімен, аз сөзге көп мағына сыйғызған нақтылығымен, қиыннан қиыстырған көркемдігі және қуатты серпінділігімен ерекшеленеді.

  1. Жыраулар поэзиясын қызыға зерттеп,жыраулар туралы пікір білдірген кімдер?(М.Әуезов, Е.Ысмаилов, Ш.Уәлихановтар)

Осы сұрақтарға жауап алғаннан кейін сыныпты төрт топқа бөлемін

1)«Зерттеушілер»

2)«Жыраулар»

3)«Тарихшылар»

3)«Әдебиетшілер»



«Бір сөйлем» әдісі

ҚБ: мұғалмнің қолдау, мадақтау сөздері


Сабақтың ортасы:

30 минут

«Тақырыпты ашу» Доспамбет жырау туралы бейнеролик көрсетіледі.

  • Бейнероликте кім туралы айтылды?

  • Доспамбет жыраудың қандай толғауы орындалды?(«Айнала бұлақ басы- Тең»)

  • Қазіргі уақытта жыраулық, жыршылық дәстүрді жалғастырып жүргендер бар ма? Рапсодия –Ш.Уәлиханов грек термині «ән айту немесе эпик. поэманы әндетіп тақпақ түрінде айту) —»)

Сабақтың мақсатын таныстыру:

  1. 15 ғасырдағы тарихи- саяси жағдай, жырау, толғау туралы түсініктерін кеңейту;

  2. Доспамбет жыраудың өмірі , шығармашылығы туралы мәліметтер беру және толғаулары арқылы ақын ойын, оның өмірлік мақсаттары мен рухани әлемін, көзқарасын білуге жетелеу;

  3. Толғауларының тілдік көркемдік ерекшеліктерін таныту;

Мұғалімнің жаңа тақырыпқа кіріспе сөзі: Доспамбет(1490-1523жж) – жырау, қолбасшы, батыр. Ол 1490 жылы Дон»(Тең, Тан, Тана, Дөң, Дон- бәрі бір өзен Азау теңізіне құяды) өзені бойындағы Азау қаласында дүниеге келіп, 1523 жылы қаза тапқан. Доспамбет жырау – қазақ халқының ұлы тұлғаларының бірі.Оның 6 толғауы, 160- қа жуық жыр жолдары жеткен. Ноғай ордасында әскери қолбасшы болған. Дешті Қыпшақты көп аралаған, Бақшасарай мен Стамбұлда болған. Доспамбет жырау толғауларында оның мұрат-мақсаты айқын көрініс тапқан. Отан қорғау, туған жерге деген сүйіспеншілік – оның жырларының негізгі тақырыбы. Доспамбет жырларында түркілік тұтастық идеясы(өкінбеу философиясы, аңсау сезімі) бар. Қырым хандығы, Ноғай ұлысы және қазақ халқын бірлікке, іргесі бүтін, ешкімге бас имейтін ел болуға шақырады. (тапсырманы орындау барысында көз жеткізесіздер деген ойдамын.)

«Мағынаны тану»

Топтық жұмыс.

«Джиксо» әдісі бойынша топтарға тапсырмалар беріледі.

1)«Зерттеушілер» - («Айнала бұлақ басы- Тең»

«Арғымаққа оқ тиді»)

Доспамбет- жырау, қолбасшы, батыр

--Толғаулары негізінде жырау өмірін суретте


2)«Жыраулар»- («Тоғай, тоғай, тоғай су»)


Толғауларын оқып, мазмұнына талдау жасайды


3)«Тарихшылар»- («Айналайын, Ақ Жайық»)


--Доспамбетті «Айналайын Ақ Жайық») Ақтамберді жыраудың («Күлдір- күлдір кісінетіп» екі өлеңін салыстырып, ақындардың «аңсау сезімін» бүгінгі күнмен байланыстыра талдау.( Тәуелсіз Еліміздің жарқын болашағы- жастар. )


4)«Әдебиетшілер» -(«Қоғалы көлдер, қом сулар »)

--Толғауларының тақырыбы мен идеясын анықтау

--Толғаулардағы көріктеуіш құралдарды табады.

ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек»


Ассонанс(французша assonance, латынша assono – үйлесім) – өлең сөзде дауысты дыбыстардың үндесе қайталануы. Ассонанс сөздің интонация-музыка мәнін, экспрессивтік-эмоционалдық бояуын күшейтіп

Аллитерация (лат. allittera-дыбыстас) - дауыссыз дыбыстардың қайталануы арқылы әдеби тілді ажарлап, сөздің реңін келтіре түсетін көркемдік тәсіл. Мысалы Қ.Аманжоловтың "Иран

Анафора (қатысты дейксис) - сөйлеудің əр параллельді элементінің бастапқы сөзін қайталаудан құралатын сөйлеу пішіні (орысша Клянусь я первым днем творенья, Клянусь его последним днем. Клянусь

Эпифора - өлең тармақтарының соңында бір сөздің тіркесінің бірнеше қайталанып келуі. Бұл қажетті бір ойға, құбылысқа ерекше назар аударып, сөз әсерін арттыру үшін қолданылады. Қазақ өлеңінде эпифора сөздің кезекті қайталау үлгісіне жатады.























ИБ тақтада слайд














Слайд

























ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек»



Сабақтың соңы:

5 минут

Рефлексия
«Аяқталмаған сөйлем» бойынша әр топ өзара сабақты қорытындылайды.




Бүгінгі сабақ барысында сіз үшін қызық, қиын, құнды болған тұстарды, ұсыныстарды жазып, ой қорытады.

Үйге тапсырма:

  1. 177-бет 1-тапсырма.

  2. Толғаулардағы түсініксіз сөздердің мағынасын тұжырым картасына жазып келу



Қосымша ақпарат






Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жопарлайсыз?

  1. Ерекше назардағы оқушыға :


--15-18 ғасырдағы қандай жырауларды білесің?

(Қайсар)


  1. Орта деңгейдегі оқушыға-------------------------------------


  1. Ізденімпаз оқушыға\зерек\ -


-- Бүгінгі таңда жыраулар поэзиясының құндылығы неде деп ойлайсың?

(Олжас)

--Бүгінгі таңда жырау болсаң, қандай тақырыпта толғау жазар едің?

(Елназар)




Бағалау- Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай текеруді жоспарлап отырсыз?

«Бір сөйлем» әдісі

«Ойлан. Жұптас. Бөліс»

ҚБ эмоциялармен бағалайды

Дескриптормен бағалайды

ҚБ көңіл-күй одағайларымен

--

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері, АКТ-мен байланыс.

Пәнаралық байланыстар, Құндылықтардағы байланыс






Рефлексия :

«Сөйлемдерді жалғастыр»

Бүгін мен... білдім

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.


Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.


- Сабақ/оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

- Бүгін оқушылар не білді?

- Сыныптағы ахуал қандай болды?

- Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

- Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

- Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?



Қорытынды бағамдау:

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе(оқыту мен оқуға қатысты)?

1.



2.



Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді(оқыту мен оқуғға қатысты)?

1.




2.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
2132
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі