Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Қазақ әдебиеті
3-сабақ
|
Бөлім: |
1-бөлім: «Дананың сөзі- ақылдың көзі» |
|
|
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
||
|
Күні: |
||
|
Сынып: 8 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
Сабақтың тақырыбы |
Жырдың көркемдік-идеялық құндылығы |
|
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
8.1.2.1 - әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу; 8.2.3.1 - шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау. |
|
|
Сабақтың мақсаты |
Шығарма идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады; Көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдап, автор стилін анықтай алады. |
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Білім алушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||||||||||||
|
Сабақтың басталуы 3 минут Сабақтың ортасы 5 минут 5 минут
10 минут 10 минут 7 минут Сабақтың соңы 5 минут |
Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу. Психологиялық ахуал «Жақсылық тамшысы» Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру; Миға шабуыл 1. «Қорқыт Ата» кітабы неше жырдан тұрады? 2.Жырдың идеясы неде? 3.Байбөрі Бек неге жылай ды? 4. Байбөрі Бек көпестерін қандай мақсатпен сапарға жібереді? 3.Жырда қандай ұлттық сал-дәстүрлер айтылады? 1-тапсырма Бамсы Байраққа қандай қасиеттер тән? «Топтастыру» стратегиясы арқылы көрсет.
Бамсы Байрақ
2-тапсырма Жұптық жұмыс 1-жұп
Сонда бүкіл оғыз елінің тірегі, Баяндүр ханның күйеу баласы Қазан-Салор тізерлеп отырып, Байбөрі бекке үңіле қарады да: «О, Байбөрі бек, мұнша неге қайғырасың?» – деп сұрады. «Хан Қазан, қалай жылап, қайғырмаспын? Басына менің тәжімді киер ұл жоқ. Өкшемді басар іні жоқ. Мен құдайдың қарғысына ұшыраған жан болдым. О, бектерім, мен өзімнің тәжім мен тағымның қамын жеп қайғырып отырмын. Күнім жетсе, бір күні өлемін. Өле қалсам, орныма, үйіме кім ие болмақ?» – деді Байбөрі. «Бар тілегің сол ма?» – деді Қазан. Байбөрі оған: «Иә, бар тілегім сол, менің де ұлым болып, ол Баяндүр ханның алдында қызмет істеп тұрса, соны көріп мен де қуанышты болар едім, қайғым кетіп, мақтанар едім», – деді. Бұл сөзді есіткенде барлық оғыз елінің бектері қолдарын жайып, жүздерін көкке жая жалбарынып, «Тәңірі саған ұл берсін», – депті. Ол заманда бектердің алғысы да, қарғысы да қате кетпей, дұғасы қабыл болушы еді. Сол кезде перзентсіз Байбіжан орнынан тұрып: «Бектер, маған да бір тілек бата беріңдер, тәңірі маған да бір қыз берсе екен», – деді. Барлық оғыз елі қол жайып, оған да дұға оқыды. «Тәңірі жарылқаса, сен де қызды боларсың», – десті. «О, бектер, егер Көк Тәңірі маған қыз беретін болса, оны мен Байбөрінің баласына бесікте жатқанда қоссам деймін, осыған сіздер куәлік етіңіздер», – деді.
2-жұп. Үзіндіден көркемдегіш құралдарды тауып, қолданысын талдаңыз Мысалы: Баяндүр хан - тұрақты эпитет. Осы тұрақты эпитет арқылы Баяндүрдің ел басқарған, хан екенін танытады
3-жұп. Жырдан мысал келтіре отырып, Қорқыт ата жырының батамен аяқталу себебін түсіндіріңдер.
3-тапсырма Жырдан көркемдегіш құралдарды тауып, қолданысын талдаңыз. Автордың стилін ажыратыңыз Үлгі:
4-тапсырма «Броундық қозғалыс» әдісі Сынып ішінде поэмада өздеріңе мағынасы беймәлім сөздер мен олардың анықтамалары орналасқан. Сол сөздердің анықтамасын іздеп, ақпарат жинаңдар. Сөздікпен жұмыс Бек – үстем тап өкілі, ру басы, ел билеуші Дұға- амандық, сау-саламаттықты тілейтін Құранның қысқа аяттары. Жұрымын (көне түркі сөзі) – өмірін Кәпір – бұрын дінге сенетін адам өзі мойындаған құдайды ғана ойлап, басқа діндегілерді құдайсыз деп санаған. Ал ғылымда атеист деп ешқандай құдайды мойындамайтын адамдарды атайды. Көпес – меншігінде сауда жасайтын кәсіпорны бар бай саудагер. Күрзі – салмақты болу үшін, бір басына қорғасын құйып жасалған сабы қысқа шоқпар. Кіріс – садақтың керме бауы. Кертпе бесік – айттыратын ұл-қызға күні бұрын бесіктің арқалығын кертіп, үкі тағып, белгі салу. Тәңір – қазақ, жалпы түркі халықтары ислам дінін қабылдағанға дейін көк аспанға, Тәңірге табынды. Тәңір деген сөздің түбірі – таң, яғни, халқымыз әр таңнан, әр күннен жақсылық күткен үміті сақталған. Ұзан – ежелгі түрік жырауы. Жәдігер – а)жақсының көзі, тұяғы ә) ескерткіш, ғимарат, мұра
Үйге тапсырма: 4-тапсырма Рефлексия
|
Психологиялық ахуал «Жақсылық тамшысы» Әр бала тамшыға өзі жасаған жақсы істерін немесе өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін стикерге жазып жеткізеді. Іліп жатқанда әрқайсысы өзгелерге, айналасына өзі жасаған жақсылықтарын, қасиеттерін жария етеді.
Сұрақтарға жауап береді
«Топтастыру» стратегиясы арқылы Бамсы Байраққа қандай қасиеттер тән екенін көрсетеді.
Үзінді идеясының ұлттық ерекшелігін талдап жазады. Жырдан мысал келтіре отырып, Қорқыт ата жырының батамен аяқталу себебін түсіндіреді.
«Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жырдан көркемдегіш құралдарды табады, қолданысын талдайды. Автордың стилін ажыратады.
Сынып ішіне тақырыпқа қатысты сөздер мен оның анықтамалары орналастырылады. Оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп, берілген тақырып бойынша ақпарат жинайды.
«СМС» арқылы төмендегі сөздердің біреуін алып, рефлексия жасайды.
1. Сабақтан бірақ ақпарат алдым. Мен үшін пайдалы болды. 2. Мен толық түсінбедім. Сұрақтарым бар. 3.Мен мүлде түсінбедім. Көмек қажет.
|
Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Тамаша! Керемет!
Дескриптор Білім алушы -шығарманың идеясын ашады -ұлттық мүдде тұрғысынан талдайды; - ойын жүйелі жазады -көркемдегіш құралдарды табады. -қолданысына талдау жасайды -автор стилін ажыратады. -жырдың батамен аяқталу себебін түсіндіреді.
Медальон арқылы бағалау
Дескриптор Білім алушы -көркемдегіш құралдарды анықтайды, -шығармадан мысал келтіреді, -автор стилін ажыратады.
Дескриптор: - сөздердің анықтамасын іздейді, -а қпарат жинақтайды. |
Оқулық 8-сынып «Атамұра» баспасы 2018жыл
Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер қоржынынан Есбосын Нағиша Қожаққызы

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жырдың көркемдік-идеялық құндылығы

шағым қалдыра аласыз