«Жырлайды жүрек » Мұқағали Мақатаевқа арналған поэзия кеші
Мақсаты:Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірімен таныстыру, поэзия құдіретін ұғындыру,
Барысы:
1 жүргізуші:
-Армысыздар, ұстаздар мен студенттер! Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» атты поэзия кешімізге қош келдіңіздер!
- Қалқам ,
Мен Лермонов та , Пушкин де емен
Есенинмін демедім ешкімге мен.
Қазақтың қара өлеңі- құдіретім,
Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген.
...Қазақтың қара өлеңі, айналайын,
Қазақтың дәл қөзіндей
қарапайым!-деп,қара өлеңмен, поэзиямен егіз жаратылған Мұқағали
туралы бейнебаянды
тамашалайық!
Мәнерлеп оқу
Поэзия! менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім.
Сені іздедім кездескен адамдардан,
Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан.
Шырақтардан, оттардан, жалаулардан,
Сені іздедім жоғалған замандардан.
Сені іздедім досымнан, қасымнан да,
Ақша бұлттан іздедім, жасыннан да,
Сен бе дедім ақ нөсер ашылғанда,
Қызыл - жасыл шұғыла шашылғанда,
Көкжиек пен көкжиек қосылғанда.
Махаббаттан іздедім, сағыныштан,
Арманымнан іздедім алып ұшқан!
Сәттерімнен іздедім жаңылысқан,
Сені іздедім жадырау, жабығыстан.
Сені іздедім зеңбірек гүрсілінен,
Күннен, түннен, гүлдердің бүршігінен.
Қуаныштан, түршігу - күрсінуден,
Жүректердің іздедім дүрсілінен.
Сені іздедім сезімге у шараптан да,
Минуттерден іздедім, сағаттан да,
Сені іздедім.
Іздеймін тағат бар ма?
Сені маған егіз ғып жаратқан ба?!
2 жүргізуші:
-
Мұқағали – ғажайып аұын.Саф алтындай поэзиясын бір елдің мұрасындай етіп қалдыра білген ақынның өлеңдері өзі айтқандай, талай болашақтарға көшеді.
Мәнерлеп оқу:
«Арыз жазып кетейін» өлеңі
Бүгін менің туған күнім.
Ой, бәле-ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай.
Мына дүние неге жатыр үндемей?!
Алаулатып тойдың шоғын үрлемей.
Құшақ-құшақ гүл шоқтарын лақтырып,
«Мынау - шапан,
Мынау - атың, мін»,- демей.
Мына жұртқа жақпады ма әлденем?!
Бекер өмір сүргенмін бе, әлде мен?
Халқым,
Сенің қасиетіңді білем деп,
Босқа өмірім өтті ме екен әуремен?!
Айтамын деп қуанышың, мұңынды,
Басқа арнаға бұрдым ба әлде жырымды?!
Мен, бәрібір, өзіңменен бір болам,
Өзегіне тепсең-дағы ұлыңды.
...Тойланбаса тойланбасын,
He етейін.
Той көрмей-ақ, сый көрмей-ақ өтейін.
Қаламымды берші маған, бәйбіше,
Болашаққа арыз жазып кетейін...
Мәнерлеп оқу: «Кереметі –ай, мына жарық сәуленің», «Өмірім менің», «Жарық дүние -ай»
Ән: «Жарығым-ай»
1 жүргізуші:
Мұқағали шығармалары оқырман жүрегіне сәуле түсіреді. Ақын туған жерін, тілін, халқын жанындай сұйді.
Мәнерлеп оқу: «Елім барда», «Қазақстан», «Қазақ жері»
Ақынның өз даусымен оқыған өлеңдеріне кезек берейік!
2
жүргізуші
«Алауыртқан таңдардан сені іздедім, Қарауытқан таулардан сені
іздедім», - деп тіршіліктің жұрт көзіне көріне бермес сәттерінің
бәрінен сезімге толып, шарқ ұрған ақын кім?
Өмірлік мақсаты, жырларының құдіреті жайында, туындаған сауалдарға
жауапты оның жүрек лүпілі мен сезім құдіретінен құйылған қанық
бояулы жырларынан
іздестіреміз.
... Махаббат бүгін және
қарамады,
Қарамады...
Жанымды жаралады.
Шәміл-ау,
Білесіңбе?
Шын махаббат –
Осылай қарамаудан жаралады! Иә, нәзік жанды ақынның жүрегінің
шынайы іңкәрлік сезімі махаббатқа
ұласады.
«Ғашықпын» өлеңі
оқылады.
1
жүргізуші
Жапырақ – жүрек, жас қайың,
Жанымды айырбастайын.
Сен адам бола бастасаң,
Мен қайың бола бастайын.
Келісесің бе, жас қайың? – деп, ақ қайыңмен тілдескен ақын
ана-табиғаттың жұпар иісін аңқытып, сұлулық әлеміне
бойлайды.
«Жас қайың» өлеңі оқылады\
2 жүргізуші
Ақын жүрегі нәзік, сезімтал ғой. Өзінің сұйеніші, тірегі- анасы мен әжесіне де көптеген жырлар арнаған.
Көрініс: «Жүрегімде жүргені –ай бір қауіптің»
1
жүргізуші
Поэзия деген құдіретті өнерді бағалап жүрген студенттердің шығарған
жыр шумақтарына кезек берейік.
... Мұхаңдар жоқ,
Махандардың сарқыты –
Мұқағали Мақатаев бар мұнда
Мұқағалиқазынасы - өлең, досы да өлең. Олай болса, келесі кезекті ақынның жырларына берейік.
«Отан»
«Үш бақытым»
«Соғыстың соңғы көктемі »
2
жүргізуші
Қарасаз, қарашалғын өлеңде өстім.
Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев
Өлтіре алмайды, алайда өлеңді
ешкім.
1жүргізуші
Сен қазақтың қазақтығын жырладың,
Ашып айттың қазағымның мұң-зарын.
Сол даңқыңды ұрпағыңа жеткізген
Қара өлеңнің – жалындаған жырларың.
Зулап күндер, жылдар аунап барады,
Жырларыңнан қазақ бақыт табады.
Қадіріңді сәл кешірек білсек те,
Мәңгі есімің жадымызда қалады.
«Есіңе мені алғайсың» әнін
орындау.
2жүргізуші
Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік, болашақ ұрпақтың еншісі,
қастерлеп қадірлейтін қазынасы.
1жүргізуші
Осымен, ақиық ақын Мұқағали
Мақатаевқа арналған «Жырлайды жүрек » атты поэзия кешімізді
аяқтаймыз. Әрқашан жүректеріңізді ән әуелеп, жандарыңызды жыр
тербесін!
хор «Саржайлау»
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз