400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

"Жырлайды жүрек" Мұқағали Мақатаев

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімдері үшін көмегі бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жырлайды жүрек

(Әдеби-сазды кеш)


Мақсаты:

-XX ғасырдың  таңғажайып ақыны Мұқағали Мақатаевтың жырларын өлең сүйер қауымға кеңінен насихаттау,

-ақынның өмірін, өлеңдерінің өзіндік табиғатын даралай, саралай отырып өзгешелігіне көңіл бөлу, өлеңді мәнерлеп оқуға дағдыландыру, отаншылдыққа, сүйіспеншілікке, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу, ақынның  парасатты поэзиясы арқылы адамгершілікке тәрбиелеу .

Көрнекілігі:

Акт залын шарлармен безендіру. Ақынның портреті, интербелсенді тақта, видеокөрсетілімдер,үнтаспа, қанатты сөздер, шағын көрме, буклет, автордың кітаптары, мақала қиындылары т.б.

Кештің ашылуы : Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өз даусымен оқылған «Пай,пай, өмір!...» атты өлеңі /интербелсенді тақтадан видеоролик көрсетіледі/

Кіріспе сөз. 

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, жұртым оған елеңдестің.
Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім! – деп ақынның өзі жырлағандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де өшпей, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Олай болса, біз бүгін өздеріңізбен бірге қазақтың қара өлеңінің құдіретін ұғынған, «поэзия» атты тұңғиық теңізде еркін жүзген, жауһар жырларын қазақ жастары жанына жақын балаған, мәңгілік жырдың марғасқасы Мұқағали Мақатаевтың әлеміне сапар шеккелі отырмыз. Ендеше мектепішілік оқушылар арасында өткізілгелі отырған « Жырлайды жүрек» 
атты ән- жыр кешімізге қош келдіңіздер!

Ақын өзінің аз ғана ғұмырында өшпес із, жалынды жырларын қалдырды. Оқырманды тәнті еткен «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек», «Моцарт» «Алтай – Атырау» атты дастандары бар.Олай болса сол дастандардың бірін тыңдап көрелік . «Алтай – Атырау» орындаушылар 6 «а» сынып оқушылары. /интербелсенді тақтада видеоролик көрсетіліп тұрады/

  1. Оқушы : Елнұр

О, Жетісу!
Сандық тау, сандал белім,
Шоқтығы есіп, жал бітіп, жанданды елің.
Күнім туды көгінде самғар менің,
Алатаудан биікпін демеуші едім,
Әттең шіркін, ғарышпен жалғар ма едім!
Жетісуым - жеті құт, ырыс маған,
Барша халық баурында тыныстаған.
Араласып әрбір ұлт достасып жүр,
Аралассын, Адамдар туыс маған,
Алакөз боп, құстана ұрыспаған.
Байлықты айтып несіне мақтанамын,
Балақ, қойнын несіне ақтарамын,
Жетісудың байлығын білмек болсаң,
Бір уыс топырағын ап қарағын.


2-оқушы: Нұрсұлтан

Уа, Шығыс!
Жеріңде емес, көгіңде мен,
Үңіліп Бұқтармаңа көңілденем.
Аспаныңа жыр сызып, өтіп барам,
Құс болып сенен ұшқан темірменен,
Керемет, керемет қой өмір деген!!!
Самға, ұшқыш!
Ертістің ағынымен,
Екі жағы, Ертістің бауыры кең,
Айдын Ертіс, ақ Ертіс асырауда
Айналасын өзінің сауырымен.

3-оқушы: Жансерік

Айқай, заман!
Арқаның даласын-ай
Даласына қаласы жарасуы-ай!
Павлодар - Арқаның ағасындай,
Бұғып қалған жаутаңкөз - Жасыбайы,
Бабалардың құт құйған сабасындай.
Қайтіп, Ертіс, арнаңда ағасың жәй?
Сұрапылды сапырып, аласұрмай?!
Асау Ертіс ноқта ілді, тағаланды,
Сусындатпақ шөлдерді, далаларды

4-оқушы: Бекжан

Анау жатыр атақты Семей деген,
Семей десе, бүлкілдер көмейде өлең.
Сырласқандай баяғы Шыңғыстау тұр,
Жатақпенен, жалшымен, кедейменен.
...Босқа үңіліп қайтейіи өткеніңе,
Өткені де өткеннің, кеткені де.
Арман қалып барады жүрегімде
Оқи алмай Абайдын, мектебінде...
Текке үңіліп қайтейін өткеніңе,
Қуанамын бұл күнге жеткеніңе.
Абай-далам, көңілің жабықпасын.
Мұхтар болып даңқыңды анықтасын.
Жаңа заман бұлбұлы Бибігүлің,
Биігінде шарықтасын,
Сайрауынан бұлбұлың жалықпасын!


5-оқушы: Еркебұлан

Бара алмай қалдым талай ауылдарға
Қиыр шетте Қызылжар қалып қойды,
Дұғай-дұғай сәлем де бауырларға.
Аяулым, Ақмолаға құсыңды бұр,
Мұрсат бер жерде біраз дамылдауға!
Айналып Ақмоланы, қимай барам,
Аман бол, айналайын мидай далам!
Атамның әжіміндей жолдар, жолдар.
Маңдайын Ақмоланың шимайлаған.
Қобалжып, өзіме-өзім симай барам,
Аман бол, айналайын, мидай далам!


6-оқушы: Гамзат

...О, ғажап!
Өзіңбісің Көкше деген?!
Тастарын жиған жүктей текшелеген.
Бурабай Оқжетпесті екшелеген,
О, ғажап!
Өзіңбісің Көкше деген?!
Бұлттарың - Ақын айтқан кешпелі өлең,
Біржан ба, тасқа барып өскен емен?!
Көлкіген сынаптайын көлдерің бе?
Сәкеннің аққулары кестелеген.
Ақаның ардақ еді өскен ерен,
Біржайың алмас еді кеспе-берен.
Көкшетау - ән отауы, жыр отауы,
Алтайдан Атырауға көшкен өлең.


7-оқушы: Юсуф

Армысың, Атырауым, бозаң далам!
Каспий менен Жайықтан кез алмағам,
Ұмыттың ба сонау бір кездеріңді?
Құлан жортса, құмыңды кезе алмаған.
Жылан жайлап, аптапқа төзе алмаған,
Армысың, Атырауым, бозаң далам!
Қайда кеткен сағымың көз алдаған?!
Арманменен, елеспен ажарланған?
Амансың ба, от далам, ожар далам!


8-оқушы: Әлішер

Мына теңіз - қазақтың Шардарасы,
Көні кепкен кешегі сардаласы.
Шөлді кезіп, осында шөккен шығар,
Шөлдеп өткен Асанның, аруанасы.
Қызыл құмның қойнында қазына бар,
Кісі болса, болғаны қазып алар.
Шертілмеген осында шежіре бар,
Тек иесі табылсын жазып алар!


9-оқушы: Мағжан

Кентауым, Қазығұртым, Қаратауым,
Әулиеата - әйгілі ақ отауың,
Тойға шашу жіберіп, торқа жауып,
Әлдилеп жатыр бәрі Алатауын.
Арыма, Оңтүстігім бақ Отаным
Басынан Қаратаудың көш келмейді,
Қаратау енді ешкімге дес бермейді,
Мөлтілдеп қара көзден жас келмейді,
Қара көз қарындасым сескенбейді.
Қаратау енді ешкімге дес бермейді.



Мұзтаудың мұзбалақ ақыны Мұқағалидың дастандарынан басқа әндері де бар екені баршамызға мәлім . Солардың бірі «Есіңе мені алғайсың» өлеңі. Сол өлеңнің шығу тарихын біріміз білсек, біріміз білмейтініміз айдан анық.

1975 жылы композитор Нұрғиса Тілендиев пен ақын Мұқағали Мақатаев бірігіп жұмыс істей бастады. Сол уақыттары Мұқағали бір айдай Нұрғисаның үйінде тұрады.Сол күндер ішінде екеуі бірталай ән шығарады.Солардың көбісі елге танымал болды.Мұқағали бауыр ауруымен ұзақ ауырып, 1976 жылы 45 жасында дүниеден озады.Оған Нұрғиса қатты күйзеліп, екі айға жуық ауруханада жатады. Арада екі ай өткен соң жұмысқа киетін бешпенттің қалтасынан хат шықты.

Мұқағалидың жазуы... «Аға, мен ғой...дертім қозып барады, не боларын білмеймін...мынаған назар аударып көрерсіз» соңында «Есіңе мені алғайсың» деп жазылған екен. Олай болса 6 «а» сынып оқушылары Мағжан мен Мерейдің орындауындағы сол әнді тыңдап көрелік...

« Есіңе мені алғайсың!» әні

1-жүргізуші:

  • Ақын жалындап өткен 45 жыл ғұмырында алдындағы арманда өткен Ахмет,Мағжан ,Ілияс,Мұхтар,Қасым секілді қазақ тілі үшін күресіп, қара топырақ қойнына кіргенше ана тілі үшін айқасып қазақ тілінің қайтадан алып жұлдыз-Алтын Күнге айналуына өз үлесін қосқан ақын Халқы мен Отанынан кем санамай ,осы өмірдегі бірегей үш Бақытының біріне балайды.Оған куә «Үш бақытым» өлеңі. Жатқа оқитын 6 «А» сынып оқушысы Жалғасова Сабина


Ең бірінші бақытым – Халқым менің, 
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен. 

Түтін түтет,
Өс, өрбі, көгере бер,
Немерелер көбейсін, шөберелер.
Жадыңда ұста :
Жақсылық күтпегейсің!
От емес, оқ сұрасаң менен егер!

Үш бірдей бақытым бар алақанда,
(Мені мұндай бақытты жаратар ма?! )
Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,
Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға !!!


2-жүргізуші :

Қалқам ,

Мен Лермонтов, Пушкин де емес,
Есенинмін демедім ешкімге мен,
Қазақтың қара өлеңі - құдіретім,
Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген.
Ақынмын деп қалай мен айта аламын,
Халқымның өзі айтқанын қайталадым.
...Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып, өзіне қайтарамын...

Мұқағали – ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Ол бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан сезім алатын жұмбақ ақын.


Келесі кезекті мектебіміздің жыр сүйер қауымына берсек . Ендеше, бүгінгі қатысушыларымызды қошеметпен ортаға шақырайық. Олар :

1 «а» сынып оқушысы – Қарасай Арнұр

2 «а» сынып оқушысы – Аманжол Толқын

3 «а» сынып оқушысы – Жалғас Азамат

4 «а» сынып оқушысы –

5 «а» сынып оқушысы – Аманжол Торғын

6 «а» сынып оқушылары – Мернібек Мерей, Жумабаев Мағжан, Жалғасова Сабина, Мернібек Жарқынай

9 «а» сынып оқушысы – Екпендиев Еламан


10 «а» сынып оқушысы – Даулетхан Ділназ

10 «б» сынып оқушысы – Нуриддин Камила


Сіздерге бүгінгі аламан сайыста тек сәттілік тілейміз!

Бүгінгі жыр додасына әділдік жүргізетін сарапшы әділ-қазыларды таныстырып өтейін.

1.

2.

3.

4.

Оқушылар өлеңдерін айтып болған соң, әділ қазы мүшелері оқушылардың жүйріктігін анықтап , жүлделі орындармен марапаттайды.

2-жүргізуші: Міне, бүгінгі кешке қатысқан тыңдарман қауым, Мұқағалидың сырлы, әуенді, мұңды жырларына қанық болдыңыздар деп ойлаймыз.
1-жүргізуші: Жылдар тізіліп өткен сайын Мұқағали ақынның бейнесі тұлғалана, биіктей түседі. Оның рухани қазынасын ұлт игілігіне асыратын 21-ші ғасырдың жастары - сендерсіңдер!
2-жүргізуші: «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан-жылға, ғасырдан ғасырға жалғаса бермек! Мұқағали мәңгілік өмір.


Кеш соңы мектебіміздің басшысына сөз кезегін берсек








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 наурыз
1086
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі