"Жырлайды жүрек" сценарий. Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жырлайды жүрек" сценарий. Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақиық ақын М.Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай ұйымдастырылған әдеби-сазды кеш. Ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу, әндерін орындау, ақын өмірінен көрініс және ақынға арнап шығарылған оқушылардың жыр-шумақтары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:Жырлайды жүрек

Мақсаты: Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, поэзия құдіретін таныту, ақынның өлеңдеріне арнап салынған қылқалам туындыларымен таныстыру. Ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
 

Көрнекілігі: презентация, видеоролик

Барысы:

Фанфар

Видеоролик Мұқағалидың өз дауысы

Жүргізуші: Тату-тәтті бармысыңдар,

Армысыңдар, адамдар!

Әлем дархан саялаңдар,

Бәріңе де орын бар.

Қорған емес салтанатты сәнді сарай соғыңдар,

Ей, адамдар, сендер тату, сендер тату болыңдар!

Армысыздар оқуға жаны құмар жаңа дәуір ұланы және қадірлі ұстаздар!

Биыл барша Алаш жұрты арда тұтып қадірлеген, аяулы ұлдарының бірі ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 95жылдық мерей тойы. Халқының жүрегіне мәңгі өшпес мұра, өлең жырларын қалдырған Мұқағалидай ақынның біз үшін орны ерекше. Шындықтан туған шынайы поэзияның иесі, Қазақтың қара өлеңіне ешкімге ұқсамайтын өзгеше рең, өшпес бояу беріп, қайталанбас құбылысқа айналған мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған «Жырлайды жүрек» атты ән-жыр әдеби кешіне қош келдіңіздер!

Айтулы кеште ақынның албырт жырлары арқылы оның өмірі мен шығармашылығы туралы білетін боламыз. Бүгінгі кеш үш кезеңнен тұрады.

І кезең: «Әр өлеңі – бір әлем» Мұқағали Мақатаевтың өлең-жырларын оқушылар мәнерлеп нақышына келтіре орындайды.

ІІ кезең: «Әлі талай жыр болып жазыларсың» Оқушылар ақынға арналған жыр жауһарларын оқиды.

ІІІ кезең: «Жырлайды жүрек» Ақынның өлеңдеріне жазылған әуезді әндерін тыңдайтын боламыз.

Осы кезеңдерде өнерімен, талантымен ерекшеленген оқушылар кеш соңында арнайы дипломдармен марапатталады. Әділ шешімін айтар әділқазы мүшелерімен таныс болыңыздар.

1.

2.

3.

Жүргізуші:

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам оған жұртым елеңдестің.

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім,- деп ақынның өзі жырлағандай Мұқағали өлгенімен жез қылыштай жырлары өлгені жоқ

Олай болса ортаға ақынның жыр- шумақтарын оқуға оқушыларымызды шақырамыз.

  1. Бахиева Аяна 6- сынып оқушысы «Шеше, сен бақыттысың»

  2. Қуанышбай Сая 9 «Г» сынып оқушысы «Фариза, Фаризажан, Фариза қыз»

  3. Қожалиев Нұрислам 6 «Д» сынып оқушысы «Дос болам десең»

  4. Базарқұл Мөлдір 9 «Г» сынып оқушысы «Маған, құрбым, кектенбе»

  5. Сапарғалиқызы Дильяра 9 «В» сынып оқушысы «Күрсінбеші»

  6. Жақанша Айару 6 «В» сынып оқушысы «Шыда»

  7. Дарханұлы Дарын 6 «Ә» сынып оқушысы «Өмір жайлы сұрай берме сен менен»

  8. Сәбитқызы Інжу 5 «Е» сынып оқушысы «Бақыт деген не өзі?»

Ән: «Бақыт деген»

Орындайтын: Төребекова Айару, Бақытжан Нұрай

Жүргізуші: Артық едің аға, сен асылдардан,

Өзің жайлы шертеді сыр ғасыр маған.

Астыңа ат мінгізе алмасамда

Өлеңіммен жасай алам бір той саған.

Олай болса, кезекті бүгінгі толқындардың Мұқағалидай заңғар аталарына арнаған жыр-шумақтарына береміз!

1. 7 «Ә» сынып оқушысы Болатбек Айкөркем

2. 10 «Ә» сынып оқушысы Жаппасбай Салтанат

Ән: «Есіңе мені алғайсың»

Орындайтын: Жарасов Еркебұлан

Жүргізуші:

Иә, ақиық ақын 45 жылдық ғұмырында сан ғасырға азық болардай мол қазына қалдырды. Ол табиғатпен, тағдырмен адал сырласты. Оның өлеңдері шаршағанға ән, шөлдегенге нәр, сүйгенге сырлас, мұңайғанға мұңдас болып адалдық пен татулықтың бесігін тербетті. Азаматтық пен адамгершілікті асқақ мұраты санаған ақынның жүрек сырлары, шынайы болмыса ақиқаттың алдында аласармауымен қымбат та құнды. Мұқағалидың өлеңі шын шабыттың, қиын күйзеліс пен шын қуаныштан, сары сағыныштан туған. Ақын өлеңдерін нақышына келтіріп орындау үшін ортаға оқушыларды шақырамыз.

1. Кенжебек Айару 8 «Б» сынып оқушысы «Мен таулықпын»

2. Сейтқасым Қызғалдақ 8 «Б» сынып оқушысы «Отан»

3. Асылбай Нұрымжан 8 «Б» сынып оқушысы «Елім барда»

4. Жарқынбек Бекмұхамбет «Бақ мекен»


Жүргізуші: Ақын өнерпаз халық үшін туады. Ал, оның жазған шығармалары жұрттың рухани мәдинетіне қызмет етеді. Мұқағали поэзиясы сырлы да мұңды әлем. Ал, оның сөзінде жазылған әндер жүректі тербететін, тыңдаушының жан дүниесін әлдилейтін ғажайып әуендер галериясы.

Ән: «Туған өлке»

Орындайтын: Нұрлыбай Жанайым

Жүргізуші: - Поэзия, менімен егіз бе едің?

Сен мені сезесің бе, неге іздедім?

Алауыртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таулардан сені іздедім,-

деп жырлап, саф алтындай поэзиясын бір елдің мұрасындай етіп қалдыра білген ақынның өлеңдері өз айтқандай талай болашақтарға көшеді. Ендеше, сол бір мәңгілік көштің сырлы әуеніне, жадымызды жаңғырған жыр жолдарына тағы бір мәрте құлақ түрелік.

1. Дарханқызы Ақжан 9- сынып оқушысы «Аққулар ұйықтағанда»

2. Жарылқапова Гүлім 10- сынып оқушысы «Аққулар ұйықтағанда

Видеоролик

Көрініс: 9- сынып оқушылары

Жүргізуші: Болмаса егер ақиқаттан бөтені,

Айтылған сөз арлы адамға жетеді.

Туындысы дана менен дараның

Жүректе екен жайғасатын мекені.

Жырыменен жүректерді тербеген,

Жан жарасын талайлардың емдеген.

Мөрі болған жиырмасыншы ғасырдың

Мұқағали сынды ақындар кемде кем.

Ән: «Сен көріктісің»

Орындайтын: Дарханұлы Дарын

Жүргізуші: Поэзия – сәулелі сезімнің сыңғырлы үні, жүрек дүрсілі һәм қоңырауы.Ол жаңару мен түрленудің, нәр берудің құралы. Ақын қалам тартпаған тақырып жоқ. Жыр сүйер қауымның Мұқағали поэзиясына деген құштарлығы толастаған емес. Бүгінде Мұқағали ақынның 13 кітабы бойынша 1834 өлең, 19 поэмасы бар екені анықталып отыр. Мұқағалидың өлеңдерін жыр сүйер қауым іздеп жүріп оқитын болды. Ақын өлеңдеріне 100 –ден астам әндер жазылды. Мұқағали-мәңгілік өмір! Ақын мұрасы,маржан поэзиясы-мәңгілік,болашақ ұрпақтың еншісі,қастерлеп қадірлейтін мұрасы, ақын көкірегінен буырқана ағылған жыр жанартаулары өлең құмар халыққа таусылмайтын сый, мол қазына болып қала бермек. Ақынның сөзі өлмесе, өзі де өлмегені. Біз бүгін ақын шығармашылығының бір бөлігін ғана тыңдап, өлеңдерін жүрекке тоқыдық.

Ән: «Сарыжайлау»

Орындайтын: Сейдалиева Айым

Қорытынды:

Марапаттау.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі