2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Журналист болғым келеді

Журналист болғым келеді

Материал туралы қысқаша түсінік
"Журналист болғым келеді" дайын эссе
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Эссе

Журналист болғым келеді

Егер сіздің мақсатыңыз—әлемді өзгерту болса, онда журналистика—бұл үшін ең тиімді және ықпалды қару болады.

Том Стоппард, британдық драматург, режиссер

Неге мен журналист болғым келеді? Бұл өте маңызды сұрақ және жауабы да әр қилы. Яғни, мен бұл шешімге бірден келген жоқпын. Көптеген жағдайлар, (әлемдегі,отбасымдағы не күнделікті) осы мамандықты таңдауыма әсер етті.  "Кездейсоқтықтар кездейсоқ болмайды" деген рас болса керек. 

Мен, бала кезімнен, әйел қауымының ортасында өстім: анам, екі үлкен әпкем,әжем және тәтелерімнің жанында. Мүмкін, бұл менің феминист болуыма ықпал еткен шығар. Себебі, мен әйел адамдарды өте құрметтеймін, қастерлеймін және де болашақта олардың бұзылып жатқан құқықтары үшін күрескім келеді. Мені ер адамдардың қас жауы деп ойлап қалмаңыздар. «Феминист» деген сөзді естісе, адамдардың көпшілігі теріс ойлап қалады. Келешекте мен осы қате пікірді өзгерткім келеді. «Қалай?» деп сұрақ қойсаңыздар, мен «журналист болу арқылы» деп жауап қайтарамын. Тілшінің қолында үлкен күш және де басқа мамандықтардан бір артықшылығы бар. Адамдардың 50%-ы көргенді емес, естігенге я оқығанға сенеді. Медицина жағынан да дәлелденген, адам оқыған ақпаратты жақсырақ қабылдайды және де көпке дейін есінде сақтайды. Мысалы,біз бір оқыған кітаптың толық мазмұны есімізде болмаса да, оқиға кейіпкерлері мен қысқаша мазмұны ойымызда қалады. Яғни,менің айтқым келгені, тілші болу арқылы,мен адамдарға дұрыс ақпаратты жеткізгім келеді. Сол ақпаратты жеткізе отырып, нақтылай түсіндіргім келеді, барлық жанымды сала отырып,адамдардың санасына ғана емес,жүрегіне әсер еткім келеді. Бұл өте «қарабайыр»(банально) естілсе де,-шындық. XXI ғасыр адамдарының жүрегі мұз болып кеткен дегенге сенбеймін. Себебі сол жүрек соғылуы үшін ештеңе жасалып жатқан жоқ. Жүректің соғылуы үшін «ыстық» және «ағысы қатты» қан керек. Сонда ғана мұз жарылады. Мен сондай «қан» болғым келеді.

Әйел адамдардың мәселесіне келсек, менің айтарым көп,казір емес, әрине,болашақта. Себебі мен қазір осы жайтқа байланысты мақала жазсам,қоғам мені дұрыс қабылдамайды. Мың түрлі аргумент келтірсем де,шындықты ғана жазсам да, адамдардың айтатын сыны табылады. «Сен әлі жассың» немесе «әлі өмірді көрген жоқсың, есейген соң түсінесің». Нені түсінемін? Әйелдердің көпшілігі үйінде қорланып жатқанын ба? Ер адамдардың әйел адамды әлі күнге дейін тең көрмейтінін бе?Осының барлығы неге айтылмайды? Айтылса да, неге шындықтың көбісі жасырылады?Қазір патриархат немесе матриархат кезеңі емес. Бұл заман-теңдік заманы болуы қажет. Осы теңдікті орнатуға мен өз үлесімді қосқым келеді. Бір жақсысы,басқа мемлекеттерге қарағанда,Қазақстанда осы мәселеге байланысты арнайы әкімшілік жазалар қарастырылған. Бірақ бұл заңға кім қарап жатыр дейсіз... Қарап жатса, осындай статистика болушы ма еді: Қазақстанда әрбір бесінші әйел соққыға жығылады және елімізде тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан жылына 400-ге жуық әйел көз жұмады. (https://kaz.tengrinews.kz/ ақпараты бойынша).Тіпті менің ауылымда, ағалары сіңлілерін үйге сыйдырмай,күнде ұрып,тезірек тұрмысқа беруі жиі кездеседі. Менің көкемнің қызы да, құқықбұзушылықпен кездескен.Оны өз еркінсіз алып қашқан,қыз көнгісі келмеген,бірақ оны «көндірген». Қалай көндіргенін өздеріңіз де біліп тұрған шығарсыздар... Осы статистикадағы сандардың азаюы үшін мен көп жұмыс жасайтыныма нық сенімдімін. Болашақта қорлық көрген немесе басқа жағымсыз оқиғалардың әсерінен қолдаусыз қалған әйелдер үшін арнайы орталық ашқым келеді. Әрине, мұндай орталықтар әр елде бар. Бірақ олар жеткілікті көмек беретіне сенімді емеспін. Себебі жаралы құстың қанатын-су мен нан ғана беріп,емдей алмайсың. Менің мақсаттарым аспан сиякты қол жетерліксіз көрінсе де, мен берілмеймін. Адамның қанаты болмаса да,ол аспан мен ғарышты бағындырды. Армандарымның орындалуына қолым неге келмеске? Әйелдердің орны ас үй ғана емес. «Ана-бір қолыммен бесікті тербетсе, екінші қолыммен бүкіл әлемді тербейді»,-деп бекер айтпаған.Осы ақиқатты адамдардың санасына жеткізу үшін, көп еңбек ету керек екенін білемін.Барлық адам ескіше ойламайды, бірақ әлі де «тас ғасырында» өмір сүріп жатқан жандар бар. «Неге мұның барлығын айтып жатыр?» деп ойлайтын шығарсыздар. Себебі, мен журналист болуымның мақсаттарын айқындап жатырмын. Менің журналист мамандығын таңдауыма, теңдік мәселесі ғана әсер еткен жоқ. Әлемдегі жемқорлық,әділетсізділік, екіжүзділік саясат-мұның барлығы да көзқарасымды қалыптастырды. Әлемді қалаған кезде өзгертуге болмайтынын білем, бірақ өзіңнен бастасаң, қасыңдағы адамдар да өзгереді.Мысалы, егер сен алма ағашын отырғызсаң,кейін соның жемісін көрсең,басқа адамдар саған қызығып,оларда алма ағашын отырғыза бастайды. Осылайша адамның қоғамға психологиялық тәуелділігін жақсы жақта пайдалануға болады.Адам жақсы нәрселерді оқыса, санасы дұрыс қалыптаса бастайды. Осы «жақсы нәрселер» жазылуы үшін, мен журналист болғым келеді. Шындық көп айтыла бермейді,себебі одан барлығы қорқады. Сөз бостандығы әлі де жоқ,себебі цензура бар. Цензура тек дөрекі немесе қисынсыз жазылған мақалалар мен кітаптарды ғана емес, шындықты да алып тастайды. Халық әрқашан шындықтың жағында, теріс пен оңды айыра алатын адамдар көп.Ал бұл кітаптың шығарылмауының себебі бар. Бұл,әрине, саясаттың қараңғы жақтары. «Ел-Арна» телеканалының жабылуы да сөз бостандығының жоқтығын дәлелдейді.Бұл телеканалдағы «Ошақтың отын өшірмей", "Қара өлең", "Заң мен заман", "Дін мен діл", "Мың бір мақал", "Қазақтар", "Ой көкпар", "Қарапайым қағидалар" сияқты хабарлар елді елең еткізер мәселелерді қозғаған үшін жабылды ма? Бұл да түсініксіз... Журналист болудың қауіпті жақтары бар. Бірақ,мен бұл қауіпке дайынмын. Себебі ақиқат әрқашанда жарық бетіне шығады.

Халықтың жанында жүрген,халықты қолдаған адам-ешқашан қателеспейді.Сондықтан да,мен халық үшін жұмыс жасағым келеді.Бұл –журналистиканы таңдағанымның ең басты себебі.

Мен көркем, «әдеби» тілде жаза алмасам да, шындықты жазамын. «Тәтті өтіріктен, ащы шындық жақсы» деп бекерге айтпайды. Қазір жастар көбінесе орыс тілде сөйлейтіні бәріне мәлім. Олар көркем әдеби,бәріне бірдей түсінікті емес тілде мақала оқығысы келетіне сенімдісіздер ме? Одан қайта жалпыға ортақ, халық тілінде сөйлеген артық, әрине грамматикалық нормаларды сақтай отырып. Менің ойымша мақала түсінікті,тез қабылдайтындай,мылжың емес болуы қажет. Сонда ғана адам сол мақаланы кызығушылықпен оқиды. Себебі қысқа да, әрі нұсқа. Ал көркем тілде жазуды мен әлі жоғарғы оқу орнында да үйренемін.

Әрбір адамның ойы құнды да,маңызды. Осы сайысты ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. Себебі біздің, жастардың, көзқарастарымыз маңызды екені сезіледі. Егер жастар өз ойын ешқандай қысылусыз айтатын болса,өз дегенінде тұратын болса,олардың ойлары мен көзқарастары маңызды екенін сезінсе, Республикамызды көркейтетін нағыз азаматтар көбейеді.



Жариялаған:
Карина
19 Ақпан 2025
71
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі