Эссе
Журналистика жүрегімнің қалауы
Журналистика-үлкен жауапкершілікті талап ететін мамандық.Мен үшін журналистика тек қана мамандық қана емес,арманға жетелейтін сала.Журналистика мамандығына түсу екінің бірінің қолынан келе бермейді.Осы тұжырымға байланысты журналистика қиындығы да,қызығы да бірге жүретін мамандық.Журналистика мамандығын таңдау мені көп ойландырды.Уақыт өте келе,бұл салада өзімді болашақ маман ретінде көре алатыныма сендім.Журналистика-қоғаммен байланысынды жетілдіріп қана қоймай,тұлға ретінде қалыптастыратын сала.Әр адам өз жүрегіндегі қалауы бар мамандықты тандайды.Сол мамандықтың бірі-журналистика.Бұл салада жұмыс істеу үшін тек тіл байлығы ғана емес,сонымен қатар сыни ойлау,шынайылық,әділеттілік қажет.Әрбір журналист қоғамдағы болып жатқан күрделі мәселелерді көтеріп,халыққа дұрыс ақпарат ұсынуы тиіс.Себебі жаңа ақпараттар-қоғамның дамуының күштерінің бірі.Сол себепті бұл мамандықты таңдаған адамдар өз білімдерін жетілдіріп қана қоймай,мақсат-мұраттарына жақын қадам жасайды.
Журналистика мамандығын таңдауымның бірнеше себептері бар.Біріншіден,бұл мамандық жүрегімнің қалауы болды.Себебі,журналистика мамандығы болашақ жетістіктерге жетелейтін сала.Мәселен,Қазақстанымыздағы мықты-мықты журналистерімізге қарап,қызығушылығым одан әрі артты.Мысалы,еліміздің мақтан тұтатын журналистеріміздің бірі-қоғам қайраткері Бейсен Абайұлы Құранбек.Бейсен ағамыз Қазақстан мемлекетінің үлгі тұтарлық журналсисттерінің бірі.Болашақ ұрппаққа өзінің елеулі ізің қалдырған қоғам қайраткері.Өмірінің әр сағатын,әр минутын пайдалы іске жұмсауға тырысты.Ол кісі өмірдің мәнің тереңінен түсінді.Өзінің шеберлігі арқылы,қоғамның дамуына үлес қосты.Өмірінің соңына дейін еліміздің рухани мәдениетін қалыптастырып қана қоймай,ұлттық құндылықтарды сақтауға ықпал етті.Бейсен Абайұлының шығармашылығы арқылы журналистиға деген қызығушылығым одан әрі артты.Екіншіден,журналистика мамандығын таңдау бала күнгі арманым болды.Кішкентай кезімнен теледидардағы бағдарламаларды көріп қызығушылығым артты.Мысалы,Таңшолпан бағдарламасы.Әр күн сайын таңертен үзбей тамашалайтынмын.Бағдарламаны жүргізетін журналистерге тамсана қарап отыратынмын.Олардың әр сөйлеген тіл байлықтарына,адамдардан белгілі бір ақпарат алып жатқан кезде өздерін қалай ұстайтындарына ерекше мән бердім.Осы бағдарламаны қарау арқылы өзіме ерекше әсер алғаным сөзсіз.Таңшолпан бағдарламасын тамашалау арқылы,журналистика-болашақ мамандығым болатының тереңінен түсіндім.Үшіншіден,Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетіндегі шығармашылықтары мол журналист студенттерге қарап ерекше қызықтым.Мәселен,олардың журналистика саласындағы жеткен жетістіктеріне қарап қызығушылығым артты.Ұлттық университеттің мәдени құндылығын сақтап қана қоймай,өздерінің бойындағы қасиеттерін таныта алады.Мысалы,студенттік журналист декандар.Олар өздерінің үйренген шығармашылық қабілеттерін болашақ журналист студенттерге үйретеді.Ізбасарларына кеңес беру арқылы,өздерінің қабілеттіліктеріне ерекше пайда алып келеді.Журналист студенттердің өздеріне,журналистика саласындағы еңбектеріне қарап,болашақ журналист маманы ретінде үлгі аламын.
Қорытындылай келе,болашақ маман ретінде,мемлекетіміздің журналистика саласындағы қабілеттілігін одан әрі дамытқым келеді.Елімізде журналистика мамандығына байланысты көптеген бағдарламалар ашуды ұсынатын едім.Тек қана Қазақстанда ғана емес,өзге мемлекеттерге де журналистика саласасын кеңінен танытқым келеді.Мемлекетімізде көптеген пайдалы бағдарламалар ашу арқылы,еліміздің саяси дамуына үлес қосатыныма сенімдімін.Журналистика-айқын мақсатқа жеткізетін мамандық.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз