400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Журналистика: "Уақыт шектеулі, оянайық!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Журналистика факультетін таңдап отырған болашақ түлектің бүгінгінің табиғат зардабтарымен таныстырып, уақыт барда әрекет жасауға шақырамын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Уақыт шектеулі, оянайық!

Жер – күн жүйесіндегі ең әдемі ғаламшар, басқа галактикалармен салыстырмағанда. Басқа ғаламшарлардың иелігінде жоқ маңызды нәрселер, Жерде бар, олар: Су және Тіршілік. Біз адамзат дүниесі, басқа да тіршілік иелерімен, кішісі болсын, үлкені болсын осы өмірді сүріп келеміз. Жер біздің ата-анамыздай, тамақтандырып, киім-кешегімізді бүтін қылып, бізге баспана болып, бар талаптарымызды жіті орындауда. Ал біз ше, біз не бітірдік, адамзат не жасады Жерге қайтарым ретінде?

Бұрындағы табиғат көрінісін еске түсірсек, жасыл үлпекке жайылған. Көз тартарлық ағаштар мен гүлдер ормандарды толықтырып тұратын. Бұл ормандар көптеген жануарлар мен құстарға үй бола білген. Таудан сарқырап аққан өзендер. Өзендердердің сондай мөлдір болғаны соншалық, сонда жүзіп жүрген балықтар аңық көрінетін. Біздің ғаламшарымыз пәк болатын, біздің жеріміз таза болатын, біздің жеріміз...

Бірақ халық әлеуметтік-экономикалық дамуында, табиғат өз сұлулығынан айырылуда. Адамдар инфекция тәріздес. Бейкүнә Жер Ана жан жүрегімен бізге сыйға тартқан жерін біз адамдар қара жүректерімізбен таптаудамыз.

Қалалар мен күнделікті өміріміз өрістегеннен бері, бәрі өзгерді.

Бүгін, қоршаған ортамыз үлкен қауіпте, және оның себепкірлері тілге тартпасамда түсінікті. Кең көлеммен қарастырсақ, біз қолымызда бар табиғи ресурстарымыздан айырылып бара жатырмыз.

Адамдардың Жерімізге кері әсерлері:

  1. Орман мәселесі

Жер бетінің 30% ормандардан тұрады. Адам жасаған ең ауыр қылмыстардың бірі осы ормандарды жою шығар. Бұл қылмыстың үй салу, күнделікті өмірге қажетті заттар үшін жасалуын айтпағанда негізгі мақсаты ормандардың орнына завод, фермалар не қалаларды соғу болып табылады.

Соңғы 25 жылдан бері адамзат жабайы табиғатты құртып келеді, егер осылай жалғаса берсе келесі ғасырға аман қалуы бірталай.

  1. Ғаламдық жылу

Күннің өз мөлшерінен тым тез ысуы адамдар әсерінен. Байқайдыңыздар ма? Әр жыл сайын жаз ыстық болып барады. Оның себебі ормандардың орнына бой көтерген заводдардың түтіндері ғаламшарымыздың озон қабатын жұқартқаннан, Күннің сәулесі Жерге тікелей түсуінен. Және де күннің күрт ысуынан Солтүстік мұзды мұхиттағы мұздықтар жаппай еруде, ал мұздықтар жылдам еруін тоқтатпаса, әлемде су тасқыны болуы ғажап емес. Міне, бұл жағдайда да бәрін бастап тұрған адамдардың жауыздығы.

  1. Су ластануы

Мұнайдың төгілуі мен ағуы мұхиттарымыз бен теңіздерімізді одан әрі ластауда. Көптеген балықтар судың ластануынан қырылуда. Өндіріс орындарының химиялық қалдықтары көлдер мен өзендерге төгіліп, суды жарамсыз етуде. Өнеркәсіптік қалдықтардың барлығы осы суды тұтынатын тіршілік формалары үшін улы болып келеді. Барлық негізгі өнеркәсіп көздерінен алынатын ағынды сулардың жалпы көлемі 83 048 мид құрайды, оның ішінде жылу электр станцияларында өндірілетін салқындатқыш судың 66 700 милдін құрайды. Сонымен қатар, тазартылмаған ағынды сулар су объектілеріне ағып, оларды ластауда. Зерттеуге сәйкес, Үндістанның жер үсті суларының 80% ластанған.

  1. Түрлердің жойылуы

Жылдар бойы аңдарды, құстарды қинап, өлтіріп келеміз. Соңғы 40 жылда біз түрлердің алуандылығын жоғалттық және бұл біздің кінәміз. Соңғы 200 000 жылда адамдар өмір сүріп келіп жануарлардың 1000 түрі жойылып кетті. Бұл жоғалтудың қозғаушы күштеріне климаттың өзгеріс, ормандардың кесілуі, тіршілік ету ортасының нашарлауы және аң аулау жатады (бәрі адам әрекетінен туындаған). Аңшылық біреулер үшін құмарлық болса, басқалары үшін қажеттілік болды. Жануарларды аулайды, олардың азу тістері, мүйіздері сияқты дене мүшелері рекреациялық мақсатта контрабандалық жолмен тасымалданады. Ормандардың жойылуы көптеген жануарлардың үйлерінен айырылуына әкеледі. Мұндай кезде бұл дәрменсіз жануарлар үй мен азық-түлік іздеп адам тұратын жерлерге жетеді. Адамдар өздерін қорғау үшін бұл жануарларды өлтіруге мәжбүр болады. Кейбір жануарларды медициналық мақсатта ұстап алып, азаптайды. Өсімдіктер мен жануарлардың 20 000-ға жуық түрі жойылып кету қаупі жоғары және тенденциялар жалғаса берсе, Жер бірнеше ғасырлар ішінде тағы бір жаппай жойылу оқиғасын көруі мүмкін.

Шешу жолдары:

Бақытымызға орай, біз адамдар қазір қателігімізді түсініп, жерді қорғауға қадам жасап жатырмыз. Жерге қиянат жасауды тоқтату үшін бірнеше жоспарлар әзірленді. Бірақ біз тек үкіметке немесе билікке ғана сене алмаймыз. Жеке деңгейде біз хабардарлықты таратудан бастай аламыз. Біз қауымдастық мүшелерін ағаш отырғызуға шақыра аламыз. Біз ормандарды сақтау үшін петицияларды бастауға болады. Солай біз қоршаған ортаны ластауға үлес қоспайтынымызға сенімді бола аламыз. Қайта өңделетін және экологиялық таза заттарға көшу арқылы біз энергияны үнемдей аламыз және қалдықтарды азайта аламыз. Егер біз әрекет жасап, Жер-Ананы қорғамасақ, келер ұрпақ оны көре алмауы да мүмкін. Жер қымбат, оны жойылудан сақтайық.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31 қаңтар
374
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі