«Жыры нұрлы-Нұрпейіс»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Жыры нұрлы-Нұрпейіс»

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімділік: халық ақыны - Нұрпейіс Байғанин жыраудың өмірімен шығармашылығымен таныстыру; Дамытушылық: танымдық-шығармашылық қабілеттерін дамыту Тәрбиелік:адамгершілігі жоғары, Отанын сүйетін азамат болып өсуге баулу;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Cабақтың тақырыбы: «Жыры нұрлы-Нұрпейіс»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: халық ақыны - Нұрпейіс Байғанин жыраудың өмірімен шығармашылығымен таныстыру;
Дамытушылық: танымдық-шығармашылық қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік:адамгершілігі жоғары, Отанын сүйетін азамат болып өсуге баулу;

Көрнекіліктер:сурет, шар, интерактивті тақта, карта

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ауызша баяндау, топпен,жеке жұмыс, ойын.

Жоспар:
1. Үй тапсырмасы«Пазл әдісі»
https://learningapps.org/display?v=p5jcnuj0t25

арқылы ашық сабақ тақырыбы шығады.

2.Нұрпейіс Байғаниннің өмірбаяны бейнеролик
3. Тұлғаңды таныстыр» постер қорғау

4.https://www.baamboozle.com/game/3014630 топтық жұмыс сұрақ-жауап

5. «Сергіту» би орындалады
6. «Музыкалық қалпақ» әдісі сұрақ- жауап

7. Қорытынды

Сергіту «Сәлемдесу» бейнеролик

Топқа бөлу: ұлттық құндылықтар бойынша асық түстері арқылы топқа бөлінеді.

Үй тапсырмасы «Пазл» әдісі сұрақтары:

1. Тахауи Ахтанов кім? ( жазушы аудамашы драматург)
2. Дүниеге келген жылы ? (1923-1994)

3.Әлімұлы тайпасының  қай руынан(Шекті)

4. Тахауи Ахтанов қай ауданда дүниеге келді? ( Шалқар ауданы )

5.Баспасөз бетінде алғаш жарық көрген әңгімесі –("Күй аңызы")

6.Ақтөбе қаласындағы драма театрына жазушының есімі қай жылы берілді?(1997)

Жаңа сабақ:

Бейнеролик өмірбаяны
Нұрпейіс Байғанин (20 маусым 1860, қазіргі Байғанин ауданыАқтөбе облысы — 9 сәуір 1945Ақтөбе) — халық ақыны, жырау. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1939). КішіЖүздің ӘлімұлыШектінің Шүрен руынан. Әкесі Байғана жоқшылықты көп көрген. Анасы Үміт әнші, домбырашы әрі ақын болыпты, айтыстарға қатысқан.Ол ақындық өнерді ең алғаш анасынан үйренген. 16 – 17 жасынан-ақ “бала жыршы” атанады. Кейіннен АбылШерниязНұрымҚашағанАқтанҚазақбайСабыр тәрізді белгілі ақындардан үлгі алып, бірқатарымен айтысқа түседі, батырлық жырларды үйренеді. Байғанин Нұрпейіс негізінен батырлықты, адамгершілік пен адалдықты, әділдік пен ізгілікті дәріптейтін, халық сүйіп тыңдайтын “Құбығұл”, “Төрехан”, “Қобыланды”, “Ер Тарғын”, 1938 жылдан бастап Байғанин Нұрпейіске әдеби хатшы белгіленіп, ақын шығармаларын М. Хакімжанова, Қ. Шаңғытбаев, Е. Ахметов, тағы басқа ақындар ұқыпты түрде дер кезінде қағазға түсіріп отырды. Байғанин Нұрпейіснің өмірі мен шығарм. Е. Ысмайыловтың, О. Нұрмағамбетованың, К. Сейдехановтың зерттеулерінде қарастырылған.
 
Ақтөбе облысында Байғанин ауданы бар. Ақтөбе және басқа қалалардағы көшелер мен мектептерге ақын аты берілген. Байғанин Нұрпейіс “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған.

Нұрпейіс Байғаниннің үлкен ұлы Ғалым заңгер болған. Оның үш ұлы және екі қызы болды. Нұрпейістің тағы бір ұлы Момын — педагог-музыкант, А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыка колледжінде оқытушы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік педагогика институтында профессор болып қызмет етті. Кезінде Ақтөбедегі пединститут мұғалімдер институты болғанда Н.Байғанин атында болған екен. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің бір ғимаратына Н.Байғанин аты берілді. Марқұм Момын Нұрпейісұлы атақты күйші-домбырашы еді, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері болды. Оның төрт ұлы, бір қызы бар.

3.«Тұлғаңды таныстыр» постер қорғау

4.https://www.baamboozle.com/game/3014630 топтық жұмыс сұрақ-жауап
1.Нұрпейіс Байғанин қай жылы дүниеге келді?
а) 1850
б) 1860
в) 1870
г) 1880
Дұрыс жауап: б) 1860
2.Нұрпейіс Байғанин қай жерде туған?
а) Алматы облысы
б) Шымкент облысы
в) Ақтөбе облысы
г) Атырау облысы
Дұрыс жауап: в) Ақтөбе облысы
3.Нұрпейіс Байғанинге қандай атақ берілген?

а) Халық әртісі

б) Еңбек Ері

в) Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері

г) Ғылым докторы

Дұрыс жауап: в) Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері

4.Ақындық өнерді алғаш кімнен үйренген?

а) Әкесі

б) Ағасы

в) Анасы

г) Ұстазы

Дұрыс жауап: в) Анасы

5.Нұрпейіс Байғанин жырлаған батырлық жырлардың бірі:

а) Едіге

б) Қамбар батыр

в) Қобыланды батыр

г) Ер Сайын

Дұрыс жауап: в) Қобыланды батыр

6."Нарқыз" дастанында қандай тақырып қозғалған?

а) Махаббат

б) Достық

в) Әйелдердің бостандығы

г) Табиғат сұлулығы

Дұрыс жауап: в) Әйелдердің бостандығы

7.Нұрпейіс Байғанин кімнің мерейтойына арнап жыр шығарған?

а) Абай Құнанбаев

б) Мұхтар Әуезов

в) Жамбыл Жабаев

г) Шоқан Уәлиханов

Дұрыс жауап: в) Жамбыл Жабаев

8.Нұрпейіс Байғаниннің қандай шығармасы кеңестік батырларға арналған?

а) Ер Тарғын

б) Жиырма бес

в) Алпамыс

г) Қыз Жібек

Дұрыс жауап: б) Жиырма бес

9.Нұрпейіс Байғаниннің шығармаларын кімдер жазып алған?

а) Мұхтар Әуезов

б) М. Хакімжанова, Қ. Шаңғытбаев

в) Шерхан Мұртаза

г) Сәкен Сейфуллин

Дұрыс жауап: б) М. Хакімжанова, Қ. Шаңғытбаев

10.Ақынға қандай орден берілді?

а) Алтын жұлдыз

б) Халық қаһарманы

в) Құрмет белгісі

г) Еңбек Қызыл Ту

Дұрыс жауап: в) Құрмет белгісі

11.Нұрпейіс Байғанин қай жылы қайтыс болды?

а) 1940
б) 1943

в) 1945

г) 1947

Дұрыс жауап: в) 1945

12.Ақын қай руға жатады?

а) Арғын

б) Дулат

в) Шүрен

г) Найман

Дұрыс жауап: в) Шүрен

13.Нұрпейіс Байғаниннің қандай шығармасы қазақ әйелдерінің тағдыры туралы?

а) Қобыланды

б) Ақкенже

в) Ер Тарғын

г) Қыз Жібек

Дұрыс жауап: б) Ақкенже

14.Нұрпейіс Байғанин шығармаларының тілдік ерекшелігі:

а) Шетел сөздерін көп қолданған

б) Шешендік сөздерге, мақал-мәтелдерге толы

в) Ғылыми терминдерге негізделген

г) Қарапайым күнделікті сөздерге бай

Дұрыс жауап: б) Шешендік сөздерге, мақал-мәтелдерге толы

15.Нұрпейіс Байғаниннің атында не бар?

а) Университет

б) Мәдениет сарайы

в) Аудан

г) Әуежай

Дұрыс жауап: в) Аудан

5. «Сергіту» би орындалады
6. «Музыкалық қалпақ» әдісі музыка қосылып тұрған кезде бір-біріне қалпақты кигізіп, топта кімде қалпақ қалса сұрақ- жауапты оқушыға мұғалім қояды. 1.Нұрпейіс Байғанин атындағы балалар кітапханасы қай көшеде орналасқан? (Ж.Кереев көшесі)
2.
Нұрпейіс Байғанин ескерткіші  қай көшеде орнатылған қай жылы?
(Әбілқайыр хан даңғылы1999жылы)
3. 16 – 17 жасынан-ақ қандай атақ алды?( бала жыршы атанады.)
4.
Ақын қанша жырды жатқа білген (40-50 жыр)
5.Н.Байғаниннің әкесі мен анасының есімі?(Әкесі- Байғана Анасы –Үміт)
6. Байғанин ауданында (Қарауылкелдіде) қай жылы ақынның ескерткіші ашылды?(
1976жылы)
Кері байланыс: Смартфон әдісі қолданылады, Түсіндім ,Түсінбедім ,Қиындықтар кездесті деп білімін бағалайды.
Қорытындылау.Нұрпейіс ақынның үлкен жүрегі соғуын 1945 жылы 9 сәуірде Қызылорда қаласында тоқтатты..Көрнекті ақын-жырау Нұрпейіс Байғаниннің аты қазақ әдебиетінде Жамбыл Жабаевпен қатар тұр, оның тамаша шығармалары қазақпоэзиясының алтын қорынан орын алды.Сабағымыз аяқталды, балалар рахмет, сау болыңыздар!






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.05.2025
65
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі