Материалдар / Кабельдік байланыс құбырлары.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кабельдік байланыс құбырлары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Кабельдік байланыс құбырлары. ашық сабағы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қаңтар 2023
327
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1-топ студенттері

Сабақтың тақырыбы: Кабельдік байланыс құбырлары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Студенттерді өндірісте пайдаланылатын кабель түрлерімен таныстырып, кабельдердің ерекшеліктерін меңгерту, оралған жұптар негізіндегі кабельдерді коннектормен қысуды үйрету, жаңа термин сөздерді меңгерту, жоспарлы әңгімелеу.
Тәрбиелік: Студенттерге қазақтың ұлттық ойындары арқылы сенімділік күшін, батылдық мен мақсаттылық қабілеттерін ояту, өз беттерімен жұмыс жасауға, үйрету, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, жүйелілікке, білімділікке, ұқыптылыққа, уақытты тиімді пайдалануға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Студенттерді өз бетімен ізденуге, ойын тұжырымдауға, өз көзқарасын айта білуге баулу. Шапшаңдық пен тапқырлық, танымдық және шығармашылық қабілеттерін және жылдам ой қорыту қасиеттерін жан - жақты дамыту.
Пәнаралық байланыс: математика, бейнелеу өнері, ағылшын тілі
Сабақтың түрі: Бекіту сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, баяндау
Сабақтың көрнекілігі: MS Power Point бағдарламасында дайындалған слайдтар, интерактивті тақта, AD Tester бағдарламасында дайындалған тест тапсырмалары, сәйкестендіру тесті, бейнеролик.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру 2 мин
2. Қайталау, еске түсіру кезеңі «Қимақ» ойыны 7 мин
3. «Жамбы ату» ойыны 6 мин
4. Тақырыпқа сай бейнеролик тамашалау ( ағымдағы нұсқаулық) 13 мин
5. «Ақ сүйек» ойыны 5 мин
6. Бекіту «Ақ серек, көк серек» ойыны 5 мин
7. Қорытындылау. «Теңге алу» ойыны 3 мин
8. Бағалау 2 мин
9. Үй тапсырмасын беру 2 мин
1. Ұйымдастыру бөлімі: - Амандасу, кабинетті ретке келтіру, сабаққа қатысушылықты тексеру.
2. Қайталау, еске түсіру кезеңі
Сабақ ойын түрінде өтеді. Сабақты төмендегі ойын сатыларымен бекітіп, қорытындылаймын:
1. Қимақ
2. Жамбы ату
3. Ақ сүйек
4. Ақ серек, көк серек
5. Теңге алу
«Қимақ» ойыны.
Бұл ойынды жіп керіп, сол керілген жіпке әр түрлі ұзындықта сан алуан заттар байлап қояды. Мынадай заттар: Қалам, өшіргіш, кәмпит, кітап, әр түрлі ойыншықтар және ойын көңілді болу үшін бос қағазды да қомақтап орап қояды. Ойынның шарты: бір адамның көзін байлап, ойын бастаушы оның қолына қайшы ұстатып, осы заттан «бар да, қалағаныңды қиып ал», - дейді. Ол адам қиған затын алады. Егер бірінші мәрте қия алмаса, екінші рет әрекеттенуіне болмайды.
Осы «қимақ» ойынын біз былай ойнаймыз. Слайдта жіпке керілген заттарды таңдап, қиып аламыз. Әр заттың суретіне төмендегі сұрақтар жасырылған. Бір сұраққа жауап берсе, бір ұпай алады.

1. Өндірісте пайдаланылатын кабельдердің түрлерін атаңыз. (Оралған жұп негізіндегі кабель, коаксиалды кабель және талшықты – оптикалық кабель)
2. Оралған жұп негізіндегі кабельдердің қандай түрлері бар? (экрандалған және экрандалмаған)
3. Оралған жұптардың жалғануы үшін қолданылатын коннектордың типін ата. (RJ - 45)
4. Изоляцияланған мыс сымдардың бір диэлектрлік жамылғымен оралған бірнеше жұптары қалай аталады? (оралған жұп негізіндегі кабель)
5. Бір – бірімен диэлектрлік қабатымен бөлінген және жалпы сыртқы жамылғыға орналасқан орталық сым мен металдық қорғаннан құралған электрлік кабель. (коаксиалды кабель)
6. Коаксиалды кабельдің қандай түрлері бар? (жуан thik, жіңішке (then) кабель)
7. Жіңішке коаксиалды кабельдің диаметрі нешеге тең? (0, 5 см)
8. Жуан коаксиалды кабельдің диаметрі қаншаға тең? (1 см)
9. Оптикалық диэлектрлік толқын енгізушілер бойынша ақпарат тасымалданатын тасымалдау жүйесінің түрі (талшықты – оптикалық кабель)
10. Талшықты – оптикалық кабельдердің қандай түрлері болады? (көп модалы және бір модалы)
11. Көпмодалы кабельдің рұқсат етілген ұзындығы қаншаға тең? (2 - 10 км)
12. Талшықты – оптикалық кабельдер қандай желі топологияларында қолданылады? (тек «жұлдызша» және «сақина»).

3. «Жамбы ату» ойыны
Күні бұрын жамбы ілініп, оны ататын жер тағайындалады. Жамбының дорбаға салынған алтын не күміс биіктігі 4 – 5 метрдей ағашты басына ұзындығы 3 – 4 қарыс аттың қылынан қабатталып есілген жіппен байлап салбыратып іледі. Ойнаушылар жамбыдан қашықтығы 50 – 60 адымдай жерде тұрып кезектесіп садақпен атады. Ал біз осы ойынды былайша ойнап көрелік. Қатар компьютерлерде (1, 2, 3) отырған студенттер үшеуден топтасып, мына сұрақтарға жауап береді. Әр студенттің алған ұпай сандары слайдта көрсетіліп тұрады. Яғни, садақтың жебесі нысанаға (жамбыға) тиген кезде ұпай саны пайда болады.

1. Коаксиалды кабельдердің ерекшеліктерін сипаттаңдар.
2. Оралған жұп негізіндегі кабельдердің ерекшеліктерін сипаттаңдар.
3. Талшықты – оптикалық кабельдердің ерекшеліктерін сипаттаңдар.

4. Тақырыпқа сай бейнеролик тамашалау ( ағымдағы нұсқаулық)
Студенттер тақырыпқа сай бейнероликті тамашалағаннан кейін, оралған жұп негізіндегі кабель тіндерінің орналасу ретін дәптерге түртіп алады. Жұмыс орнын дайындап, ағымдағы нұсқаулық беріледі.

1. Құрал – саймандарды үстел үстіне ыңғайлы орналастырамыз.
2. Жұмысқа кірісер алдында құрал – саймандармен жұмыс жасау ретін білуіміз қажет. Кабель контактілерін жамылғыдан шығарған кезде кескіш пышақпен жұмыс жасағанда абай болу керек.
3. Қысқыштың кабельді қиятын жағын өзімізге қарай бағыттап ұстаймыз. Кабельді коннектормен қысатын кезде қысқыштың коннекторға арналған орнына коннекторды дұрыс орналастыру қажет. Яғни, коннектор контактілері қысқыш тістерінде орнықты орналасуы керек.
4. Кабельді қысар алдында контактілердің реттілігін мұқият тексеру керек. Себебі, қысылған коннектор екінші тер пайдалануға жарамсыз.
5. Кабельді қысқышпен біркелкі қысу қажет. Басқаша жағдайда, коннектор контактілері тегіс орналаспай қалуы мүмкін.
5. «Ақсүйек» ойыны
Ең алдымен, ойыншылар өзара келісіп, жеңген топ үшін жүлде тағайындайды да, екі топқа бөлінеді. Топ басқарушылар ақсүйекті кімнің лақтыратынын шешіп алу үшін кезектесіп таяқ ұстайды, таяқтың басына кімнің қолы бұрын шықса, сол ақсүйекті құлашы жеткенше лақтырады. Ақсүйек жерге түскеннен кейін ғана ойыншылар іздеуге шығады. Көмбеде топ басқарушылардан басқа ешкім қалмайды. Ақсүйекті тапқан ойыншы ешкімге білдірмей, көмбеге қашуға әрекет жасайды да, ал қарсыластары біліп қалса, қолма – қол тартып алуға тырысады. Сондықтан ақсүйекті алдымен тауып алған топтың ойыншылары біріне – бірі лақтырып, көмбеге қай топтың адамы бұрын жеткізсе, сол топтың ұтқаны болады да, жүлдегер атанады. Келесі жолы ақсүйекті екінші топ лақтырады, сөйтіп ойын кезектесіп отырады.
Біз бұл ойынды былай түрлендірейік. Қатар компьютерлерде (1, 2, 3) отырған студенттер үшеуден топтасып, бейнероликтен көргендей оралған жұп негізіндегі кабельді RJ – 45 типті коннектормен қысуды тәжірибе жүзінде орындайды.

6. Бекіту
«Ақ серек, көк серек» ойыны
Тесттен алған ұпай саныңызды бағалау парағына енгізіңіз.

7. Қорытындылау
«Теңге алу» ойыны
Сабақты студенттер «теңге алу» ойынымен қорытындылайды. Студенттер интерактивті тақтада коаксиалды кабельдің құрылысы бойынша дайындалған сәйкестендіру тестін орындайды. Тақтаға шығып, дұрыс жауап берген студентке 1 ұпай беріледі.

8. Бағалау
Студенттерге бағалау парағын алдын – ала таратып қоямын. Олар әр саты бойынша жинаған ұпай сандарын белгілеп отырады. Жалпы ұпай саны бойынша төмендегіше бағалаймын: 9 – 11 ұпай – «3», 12 – 14 ұпай – «4», 15 – 17 ұпай – «5».

9. Үй тапсырмасын беру

Бейнеу политехникалық колледжінің
информатика пәнінің мұғалімі
Ахмедова Мафтуна Закиржановна

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!